Материалдар / Бояу сыры
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бояу сыры

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып үшін қазақ тілі пəнінен жазған сабақ жоспары. Оқушылар ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтайды, мəтін бойынша сұрақтар құрастырады. Мұғалімдер сабақты өтудің əдіс-тәсілдерін меңгереді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2018
1201
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Алимбекова Патима Сейтханқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласы

Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназия

Тел: 8-777-930-32-62



























Сынып:

8

Қазақ тілі

Күні:

Сабақтың

тақырыбы

Бояу сыры

Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдарламасынан

сілтеме)

8.Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау.

8.2.5.1 – перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

Сабақтың мақсаты

  • Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, перифразаның түрлі тәсілдерін қолданады;

  • Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтайды, перифразаның түрлі тәсілдерін қолданады;

  • Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтайды, перифразаның түрлі тәсілдерін қолданып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.

Бағалау

критерийі

  • Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтайды;

  • Перифразаның түрлі тәсілдерін қолданып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.

Тілдік мақсаттар

Көнерген сөздер, архаизм, историзм, неологизмдер.

Құндылықтар

Құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық.

АКТ дағдысын қолдану

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, 5-сынып.

Алдыңғы білім

Инженер болғың келе ме?

Сабақ барысы

Жоспарлан-ған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер


ресурстар

Сабақтың басы


10 мин.

Күнделікті шаралар:

  1. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  2. Оқу құралдарын тексеру.

  3. Түсті қағаздар арқылы 3 топқа бөлу.

Ширату жаттығуы:

«Сыйлық» әдісі. А4 парағына үй тапсырмасы бойынша сұрақтар жазып, ортасына сыйлықтар салу. Жауап берген бала сыйлыққа ие болады.

1. Инженер болу үшін қандай қасиеттер қажет?

2. Инженер болу үшін мектепте қай пәндерді жақсы игеру қажет деп ойлайсыңдар?

3. Диалект сөздер дегеніміз не?

4. Жаргон сөздер деп қандай сөздерді айтады?

Ой шақыру.

Суреттер арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Түсті қағаздар.




А4 парағы.

Сыйлықтар түрі.







Слайдтар

Сабақтың ортасы

10 мин

Оқылым мәтінімен жұмыс. Топтық жұмыс.

«Қорап ішіндегі сұрақ» (әр топ мәтін бойынша 2 сұрақтан қағазға жазып, қорапқа салады. Перифраза тәсілдерін қолданып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырады. Өзге топтар қораптағы сұрақты алып, жауап береді. Әңгіменің табиғатқа қатысты екеніне дәлел келтіреді).

Дескриптор:

- перифраза тәсілдерін қолданып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырады;

- әңгіменің табиғатқа қатысты екеніне дәлел келтіреді;

Өзара бағалау. Сұрақ қойған топтар берілген жауаптың дұрыс, бұрыстығына қарай ауызша кері байланыс береді.


Қорапқа салынған сұрақтар.

Сабақтың ортасы






15 мин









Топтық жұмыс. «Айналмалы бекет» әдісі

1-топ: архаизм сөздер

2-топ: тарихи сөздер

3-топ: неологизмдер

Дескриптор:

- архаизм , тарихи сөздер және неологизмдердің ережесін түсіндіре алады;

- мысалдар арқылы дәлелдей алады.

Әр топ өздеріне қайтып келген кестелеріндегі ескертпелерді оқи отырып, өзін-өзі бағалайды.

4-тапсырма. Ә. Қастеевтің суреттеріне қарай отырып, «Төрт сөйлем» тәсілімен пікір, дәлел, мысал, қорытынды жазу (топта ақылдаса отырып, дәптерге пікірлерін жеке жазады).

Дескриптор:

-«Төрт сөйлем» тәсілімен пікір, дәлел, мысал, қорытынды жазады;

-жұмыстарын топта кеңесе отырып, ең үздік жазбаны оқиды.

Мұғалім тарапынан ауызша кері байланыс және мұғалімнің бағалауы жүреді.

ttps://www.youtube.com/watch?v=7fqpEiK3gBM





флипчарт, маркерлер, суреттер


Сабақтың соңы

5 минут

«Кері байланыс»

  1. Менің білгенім

  2. Менің қолымнан келді.

  1. Мен үшін қиын болғаны.

  2. Маған ұнаған іс-әрекет.

Сабақта саралау тапсырмалары болды ма? Қалайша қолдау көрсете аламын? Қабілетті оқушыларды оқытуда алдыма қандай міндеттер қоямын?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс.

Денсаулық және қауіпсіздік; АКТ-мен байланыс; құндылықтармен байланыс(тәрбие элементі)

«Қорап ішіндегі сұрақ» әдісі кезінде топтық жұмыс жүреді.

Барлығы: қабілеті төмен оқушыға топта қолдау жасалады.

Басым бөлігі: топ мүшелеріне сөз тіркестерін ұсыну арқылы мұғалім қолдау жасайды.

Кейбіреуі: бағыттаушы сұрақтар арқылы мұғалім қолдау жасайды.

Диалог және қолдау көрсету бойынша саралау жүреді.

«Айналмалы бекет» әдісі кезінде барлық оқушылар тартылады,қателескен оқушыға сөз тіркестерін ұсыну арқылы қолдау көрсетемін. Оқыту ортасы бойынша саралау жүреді.

«Төрт сөйлем» әдісі кезінде топтық, жеке жұмыс жүргізіледі. Жетелеуші сұрақтар ұсыну арқылы қолдау көрсетемін. Бұл жерде сабақтағы жылдамдық бойынша саралау жүреді.

«Қорап ішіндегі сұрақ» әдісі кезінде топтар бір-бірін дескриптор арқылы бағалайды.

«Айналмалы бекет» әдісі кезінде топтар өзін-өзі бағалайды.

«Төрт сөйлем» тәсілі кезінде мұғалім тарапынан ауызша кері байланыс және мұғалімнің бағалауы жүреді.





1. Оқу құралдарының қауіпсіздік ерекшелігі туралы ескерту.

2. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының 3-ші құндылығы.

Зайырлы қоғам және жоғары руханият: өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!