Материалдар / боулинг оның күресу жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

боулинг оның күресу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қырқүйек 2024
149
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аты-жөні

Мектеп

Булинг және оның күресу жолдары.


Буллинг қоғамымыздың әр түрлі топтарында, тек мектептерде ғана емес, сонымен қатар жұмыс орындарында, интернет желісінде де көрініс табуы әбден мүмкін.Қорлаудың осы түрлерінің бәрін біріктіретін бір қасиет бар, бұл- агрессиялық іс-әрекеттің әлсіз, қорғансыз адамға бағытталуы, жәбірлеуі. Буллингке адамдар үш тараптан қатысады: жәбірленуші, агрессор немесе куәгер ретінде.Қорлаудың теріс салдарлары куәгерлерге де, түптің түбінде тіпті агрессордың өзіне де келіп тиеді екен. Жәбірленуші үшін буллингің қаупі орасан зор, оның дәлелі ретінде әр түрлі деңгейдегі психологиялық және психосоматикалық аурулардың пайда болуы мен суицидтық ойларды келтіре аламыз. Буллинг жасөспірімдер арасында көптеп кездеседі.Мектеп оқушыларының 44 пайызы  “буллинг-агресситі” болып келеді. Мектептегі қорлаудың жарқын мысалы ретінде Кеңес дәуірінде жарық көрген “Чучело” атты фильмді келтіре аламын.

Буллингтің жасөспірімдер мен балаларға деген әсері қоғамда қауіпті нәрсе ретінде бағаланбайды, байқалмайды.Кейде ұстаздар оқушылар тарапынан пайда болатын агрессияға көз жұма қарайды және тек физикалық қорлауды ғана ажыратып, тани алады.Жәбірленушінің жан- жарасын агрессордың мәжбүрлі түрде айтылған бос сөзімен жазып, емдей алмаймыз. Жасөспірімдер кез-келген нәрсе үшін жәбірлеп, қорлық көрсете алады. Осы жерде барлығымыз жәбірленушінің жасалған әрекеттерде ешбір кінәсы жоқ екендігін ұғынуымыз қажет.

Қорлану кезіндегі жәбірленушіден мынадай белгілерді байқауға болады: киімнің жыртылуы, зақымдануы, денедегі жарақаттар (дененің көгеруі), қымбат заттарының “жоғалуы”, тәбеттің төмендеуі, серуендеу кезіндегі мазасыздық, сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуден бас тарту.Буллинг құрбанына көмектесу үшін оны кінәламай, қолдау көрсетіп, демеу болу қажет..Жәбірленушінің өзін мықты тұлға ретінде көрсетіп, күш қолдана алуы буллингті тоқтатуы мүмкін. Бірақ, өкінішке орай, көп жағдайда жәбірленуші бұндай әрекеттерге дайын емес, сондықтан көмекке мұқтаж болып келеді. Егер сізде сіздің жақыныңыз буллингтің құрбаны болуы мүмкін деген күдік пайда болса, дереу онымен осы жайтты талқылаңыз және әңгіме желісіне байланысты әрекет етіңіз. Мәселенің барлық маңыздылығын ескере отырып, жәбірленушінің сізге сенуге деген дайындығын байқаңыз. Жәбірленушіге көмектесу үшін мектеп әкімшілігіне хабарласыңыз, болған жайтты талқылау үшін агрессор мен ата-анасын шақыртыңыз. Осылайша да сіз өз жақыныңызды қорғау үшін бәріне баратыныңызды көрсетіңіз.Сақтықта қорлық жоқ екенін естен шығармаңыз,  жақындарымызға жанашыр болайық! (300 сөз)


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!