УДК
553.623.1(574.1)
Анатолий Р.Қ., 1 курс
магистранты
М.Өтемісов атындағы Батыс
Қазақстан университеті Орал қаласы
БҚО-дағы Бұлдырты өзені
бассейінде таралған күрделігүлділер(Asteraсea) тұқымдасының
флористикалық құрамы
Біздің зерттеулі ауданымыз
Евразиаттық дала зонасына,құрғақ бос шөпті ақселеулі және
шөлейтенген жартылай бұташықты жусанды – бетегелі – селеулі дала
[2]. Біздің зерттеу объектіміз БҚО-ның шығыс бөлігінде орналасқан
Бұлдырты өзені бассейінде таралған күрделігүлділер
тұқымдасы(Asteraсea). Зерттеу объектіміздің жалпы ұзындығы 258 км,8
саладан тұрады. Бұлдырты өзені GPS N 50°
34'617 E 53°62'336 – Орал үстірті бор алабының Былқылдақ батпақты
жері арасында жатқан Былқылдақ және Жосалы сайларының қосылған
жердегі,Ақсуат ауылынан солтүстік батысқа қарай 1 км жерден
басталады да,ауданның оңтүстігінде Жетікөл ауылынан оңтүстікке
қарай 10 км жердегі Жалтыркөл көліне құяды. Су жиналатын алабы 4660
км2
[1].
Біздің негізгі зерттеу
объектіміз - Бұлдырты өзені бассейінің флористикалық құрамы.
Бұлдырты өзені бассейінің жалпы ұзындығы арналарға бөлінеді,орталық
террасса жайылмаларымен әртүрлі фрагмегнт субстраттарынан тұрады
(бор, мергель, құм және әртүрлі балшықтар).Өзеннің барлық бөлігінде
релефі,топырақ құрамының микроклиматы әртүрлі. Сондықтан
флористикалық құрамын анықтағанда біз әртүрлі өсімдік түрлерінен
336 түр, 65 тұқымдас, 205 туыс.Қазіргі уақытта бүкіл әлемде
күрделігүлділер тұқымдасының 33000,ТМД елдерінде 20000 түрі
бар.Қазақстан территориясында 700 түрі таралған.В.В.Ивановтың
(1966) қолжазбаларында күрделігүлділер тұқымдасының 220 түрі
Солтүстік Каспиймаңының (БҚО, Атырау, Ақтөбе облыстары) барлық
өсімдік флорасының 14,6% алады. Солтүстік Каспийманыңда таралған
күрделігүлділер Қазақстан флорасының 31 %, Бұлдырты өзені
бассейінде Солтүстік Каспиймаңы өсімдік флорасының 19%
алады[3].
1-сурет. Сырым ауданы
территориясындағы Бұлдырты өзені
Өзен бастауы мен сағаларында
тұқымдас өкілдері өте иілімді түрде араласып таралған.Туыстық
спектр бойынша тұқымдастар арасынан саны жағынан ірі туыстарға:
Artemisia – 10(15,2%), Inula - 4 (6,5%), Achilleа - 4
(6,5%),Lactuca - 3 (5%), Sonchus - 3(5%),Galatella – 2(3%),
Tanacetum – 3(5%), Petasites – 2(3%), Carduus – 3(2%),Chartolepis -
3(5%). Негізгі доминантты бастаушы туыстар 1,5 %. Көріп тұрғандай
туыстарды санауда құраушы 36туыс, барлық түрдің 55,3%
алады.
Біздер биоморфологиялық анализ
талдау кезінде Серебряков (1964) әдісі бойынша көпжылдық шөптекті
поликарпикті негізгі деген 52 түрді алдық. Биологиялық сипаттамасы
бойынша ұзынтамырсабақты, қысқатамырсабақты, кіндіктамырлы
түрлеріне тоқталамын [4].
Қысқатамырсабақтыларға 15
(23%) түрлі өсімдік жатады. Сары алтыншыбық (Solidago virgaurea
L.), Түкті қашқаргүл (Aster amellus L.), Татар далазығыры
(Galatella tatarica Less.), Құм салаубас (Helichrysum arenarium
(L.), Биік аңдыз (Inula helenium L.), Кәдімгі мыңжапырақ (Achille
millefolium L.), Мың жапырақты түймешетен (Tanacetum achilleifolium
(Bieb.), Ермен жусан (Artemisia vulgaris
L.).
Кіндіктамырлы 12 (18,75%) түр
- Ащы жусан (Artemisia absinthium L.), Жұмырбас лақса (Echinops
sphaerocephalus L.), Ақжапырақ немесе кекіребас (Jurinea polyclonos
(L.) DC.), Маршал тұқашы (Chartolepis marschalliana Spreng.),
Орташа тұқаш (Chartolepis scabiosa L.), Кәдімгі шашыратқы
(Cichorium intybus L.), Кәдімгі бақбақ (Taraxacum officinale
Wigg.).
Ұзынтамырсабақты 10(15,6%) -
Британ аңдызы (Inula britannica L.), Герман аңдызы (Inula germanica
L.), Балуаншөп (Achille ptarmica L.), Үлкен ақбақай (Petasites
hybridus (L.), Жалған ақбақай (Petasites spurius (Retz.)
Reichenb.), Тікенқурай бояуыш (Carduus oleraceum (L.) Scop),
Жатаған кекіре (Acroptilon repens (L.)
DC.).
Флористикалық құрам бойынша
біржылдық шөптекті монокарпикті 25 түрі ұсынылды (38,8%). Зерттеулі
өзеніміздің негізгі қоректену ортасына арамшөптік ластану қаупі
бар.
1)Біржылдық 13 (20%) - Ақшайыр
аласы (Gnaphalium uliginosum L.), Жатаған бүргешөп (Pulicaria
vulgaris Gaertn.), Теңбілгүл (Cyclachaena xanthiifolia (Nutt.)
Fresen., Жусанжапырақты ойраншөп (Ambrosia artemisiifolia L.),
Тікенді сарысояу (Xanthium spinosum L.), Бүрметікенді сарысояу
(Xanthium strumarium L.), Үш тармақ итошаған (Bidens tripartira
L.).
Екіжылдық 12(18,75%) - Сарғылт
әлен (Crepis tectorum L.), Сібір сүтжапырағы (Lactuca verucosa L.),
Жабайы сүтжапырақ (Lactuca serriola L.), Бурыл жерсағыз (Chondrilla
juncea L.), Тікенді шағыртікен,ошаған (Onopordum acanthium
L.)
Жартылай бұталы 6 (9%) -
Дәрілік жусан (Artemisia abrotanum L.), Құм жусаны (Artemisia
arenaria DC.), Маршаллов жусаны, көкшағыр (Artemesia marshalliana
L.), Австрия жусаны,бөрте жусан (Artemesia austriaca Jacq.), Ермен
жусан (Artemisia vulgaris L.), Лерхов жусаны (Artemesia lerchiana
Web.), Қара жусан (Artemesia pauciflora
Web.)
Біздің далалық
зерттеулеріміздің нәтижесінде зерттелген аудан бойынша анықталған
топтардың ішінде ең көп ерекшеленген – малазықтық, тағамдық,
дәрілік, балжинаушы, эфир майлы өсімдіктер, инсектицидтік, улы
өсімдіктер тіркелді. Солардың ішінде ең көп
кездесетіндерге күрделігүлділер тұқымдастардан – Artemisia,
Senecio, Inula туыстары жатады.Шаруашылық топтарына анализ жасау
кезінде өсімдік флорасының 7 тобын
анықтадық.
-
Эфирлі-майлы өсімдіктер едәуір
көп (24;36%). Эфирлі майдың жинақталуының ең көп саны Artemesia
marshalliana L., Artemesia austriaca Jacq.,
Gnaphalium uliginosum L.,
Inula salicina L., Achillea nobilis L.,
Artemisia arenaria DC. және
т.б. сияқты түрлерде анықталған. Эфир тасушылардың 10 түріне жуығы
фармацептикалық өндіріс пен ароматерапияда қолданыс
табады.
-
Малазықтық (16; 25%) -
Galatella punctate (Waldst.et Kit.) Ness,Achilleа millefolium
L., Artemisia absinthium
L., Sonchus arvensis
L.
-
Дәрілік өсімдіктерге (15;23% )
- Tanacetum vulgare L., Artemisia absinthium L., Artemisia vulgaris
L., Melilotus officinalis (L.) Pall., Hypericum perforatum L.,
Thymus marschallianus Willd., Cichorium intybus L. және тағы
басқалар. Қалған түрлер фармацептикалық жинақтаушы өсімдіктерді
алмастырушы, халық медицинасындағы түрлер болып
табылады.
-
Тағамдық (7;10%) - Inula
helenium L., Bidens tripartira
L., Artemesia dracunculus
L., Carduus crispus
L., Cichorium intybus
L.
-
Зерттелген аудандар бойынша
инсектицидті (5;7%) өсімдіктер өте аз тіркелген. Олардың қатарына
Tanacetum vulgare L., Taraxacum officinale
Wigg., Helichrysum arenarium (L.)
Monech, Inula britannica
L. Pulicaria vulgaris Gaertn.,
түрлерін жатқызамыз.
-
Улы өсімдіктер (3;4% )
- Conyza сanadensis
L., Tragopogon dubius
Scop, Gnaphalium uliginosum
L.
Зерттеу жұмысының
қорытындысында біздің негізгі міндетіміз Бұлдырты өзені бассейінде
күрделігүлділер тұқымдасының флористикалық құрамын ашу. Бұлдырты
өзенінде Күрделігүлділер өзеннің бастауы мен сағаларында әртүрлі
таралған. Биоморфологиялық қатынастар бойынша басымдылық көрсеткен
шөптекті поликарпикті түрлер 52 (61,2%) және монокарпикті біржылдық
25 (38,8%) түрлер. Аталған түрлердің арасында үлкен көлемде
ерекшелік көрсететін біржылдық арамшөптер болды.Олардың басты
себебі күшті антропогендік факторлардың әсер етуі
болды.
Шаруашылық спектр бойынша өзен
жайылмасы мен аңғарларында басымдылық көрсеткен - эфирлі-майлы
өсімдіктер едәуір көп (24;36%), малазықтық (16; 25%) улы
өсімдіктердің үлесі аз байқалды (3;4%).
Пайдаланған
әдебиеттер:
1.Modeling soilerosion in the
Chagan river basin of the west Kazakhstan with using RUSLE and GIS
tools//Darbayeva,T; Ramazanova,N; Chashina,B; Berdenov,Zh; Mendybayev,E; Joumal of Environmental
Biology, всп.
Special Issue;Lusknow
Tom41, Изд.2,(Мar
2020):396-404.
DOI:10.22438/jeb/41/2(Si)/JEB-18
2.Лавренко Е.М. //Степи
Северной Евразии.-Москва 1990.-230 с.
3.Иванов В.В. Сложноцветные
Северного Прикаспия // Материалы по флоре и растительности
Северного Прикаспия. - Л., 1966, Вып. 2, ч. 3. -б.
1-142.
4.Ботаника с основами
фитоценологии: Анатомия и морфология растений / [Т. И. Серебрякова,
Н. С. Воронин, А. Г. Еленевский и др.]. — М.: ИКЦ «Академкнига»,
2006. — 543 с.
5.Абдулинна С.А. Список
сосудистых растений Казахстана Под редакцией Р.В.Камелина.-Алматы,
1998.-187 с.
6.Черепанов С.К. Сосудистые
растения России и сопредельних государств.Москва 1995.-992
с.
7.
Қалиев Б.-Өсімдік
атаулары.Орысша-қазақша сөздік.Алматы «Ана тілі», 1993 ж.,103
б.
8.
Қожабеков М., Қожабекова Г.
Дәрілік өсімдіктер. – Алматы, «Қазақстан»- 1982. –
С.3-5
9.
Лотова Л. И. жоғары
өсімдіктердің морфологиясы және анатомиясы. — М.: УРСС, 2010. - 512
п.
Электрондық
ресурстар
1.
https://www.plantarium.ru/page/view/item/21450.html
2.https://ru.wikipedia.org/wiki
3.
https://yandex.kz/
4.
https://www.botsad.kz/
5.
https://www.gov.kz/memleket/entities/