Материалдар / Б.Соқпақбаев шығармаларындағы адамгершілік мәселелерінің Абай өлеңдерімен үндестігі............................................................................................
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Б.Соқпақбаев шығармаларындағы адамгершілік мәселелерінің Абай өлеңдерімен үндестігі............................................................................................

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен Абай мен Бердібек атамыздың шығармаларын оқып, зерттей келе, ар – ұят, адамгершілік, тәрбие барлық жерде керек екеніне көзім жетті. Ар – ұят пен адамгершілік қай жерде, қандай жағдайда адамның бойында болу керектігін анықтау мақсатында әр түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көптеген кітаптарды оқып, сараладым.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

І Кіріспе


  1. 1 Адамгершілік адам бойындағы ең құнды қасиет


Менің ойымша, менің таңдаған тақырыбым қазіргі күн талабына сай, себебі ар – ұят, адамгершілік бар жерде әділдік, бейбітшілік, шыншылдық, ең басты тәрбие орнайды. Мен Абай мен Бердібек атамыздың шығармаларын оқып, зерттей келе, ар – ұят, адамгершілік, тәрбие барлық жерде керек екеніне көзім жетті. Ар – ұят пен адамгершілік қай жерде, қандай жағдайда адамның бойында болу керектігін анықтау мақсатында әр түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көптеген кітаптарды оқып, сараладым. Осылай зерттей келе Абай атамыздың «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Ғылым таппай мақтанба», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңдерін және Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», «Компас», «Ағаштар неге ашуланды» шығармаларын зерделей келе, ар – ұят, адамгершілік мәселесіне кеңірек тоқталдым.

Негізгі мақсатым: Абай шығармасындағы адамгершілікке шақыратын ойдың Б.Соқпақбаевтың әңгімелерінде ұштасуын анықтап, талдау жүргізу. Негізгі ой бір мақсатқа бағытталғанын анықтау. Сол себепті мен осы тұлғалардың шығармаларын терең зерделей келе төмендегі тұжырымға келдім.

Б.Соқпақбаев шығармаларындағы адамгершілік мәселелерінің Абай өлеңдерімен үндестігінмен шығармаларымен таныса отырып зерделеп келемін.

Абай Құнанбайұлының өлеңдерінің Б.Соқпақбаевтың адамгершілікке шақырған шығармаларымен үндестігін, ұқсастығын, өзара сәйкес мақсатын анықтау. Оны жүзеге асыру үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым:

1. Зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми әдебиеттерді оқып, талдап, саралау.

2. Ұлы ойшылдың өлеңдеріндегі адамгершілік мәселесін Б.Соқпақбаевтың шығармасында көрініс табуын ашып көрсету.

3. Ақын мен жазушының үндестігін жас ұрпаққа насихаттау.

Абай Құнанбаев (1845-1904) қазақтың ұлы ақыны композитор филосов қазақ жазба классигі. Шын аты – Ибрахим. Туған жері – бұрынғы Қарқаралы ауданына қарасты Шыңғыс тауының баурайы. Абайдың болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседеараб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Қожа Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.[2]

Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 13 қазанда туған, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостобе селосында дүниеге келген. Қазақ жазушысы. 1949 жылы қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген соң Нарынқол ауданында мұғалім болды. «Жұлдыз», «Балдырған» журналында, Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызмет атқарды. «Бұлақ» өлеңдер жинағы, «Он алты жасар чемпион», «Бақыт жолы», «Алыстағы ауылда», «Балалықшаққа саяхат», «Дала жүлдызы», «Аяжан», «Гауһар» повестерін жазды. «Менің атым Қожа» кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы «Қазақфильм» студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. «Балалық шаққа саяхат» атты повесі бойынша жазылған киносценарийі де фильмге түсірілді. «Менің атым Қожа» фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде арнайы сыйлыққа ие болды. Б. Соқпақбаев «Бозтөбеде бір қыз бар», «Әпенденің айласы», «Менің атым Қожа» т. б. драмалық шығармалар жазды. Б. Соқпақбаевтың қырқыншы жылдардағы жастар өмірінен жазған «Өлгендер қайтып келмейді» романы орыс тіліне аударылып басылды[2]. Жазушы өзінің шығармашылығын балалар әдебиетіне арнаған. Балаларға арналған шығармаларында негізгі ой адамгершілік, адалдық, балалық шақтағы бала өміріне немқұрайлы қарайтын кезін көрсетеді. Осы шығармаларымен таныса отырып мен балалық кезде уақытты босқа өткізбей пайдалы іс жасап, оқу оқып, айналаға пайдаңды тигізу керек екенін түсіндім.
















ІІ Негізгі бөлім


  1. 1 А.Құнанбаев шығармаларындағы адамгершілік мәселесі


Адамгершілігі жоғары немесе төмен адам деген ұғымды атам қазақ өзіне ар санаған. Қазіргі кездегі елімізді толғандыратын мәселелердің бірі жастарды адамгершілікке, әдептілікке, адалдыққа, имандылыққа баулу. Сондықтан мен осы тақырыпты таңдауға шешім қабылдадым. Ел жұрттың болашағын ойлап, халықты ауыр тұрмыстан, азаптан құтылудың жолын меңзеп, оқу-білімге шақырған. Адамның сол кездегі жаман қасиеттірінің бәрін санап, атап көрсетіп, содан арылуға, жақсылықты өн бойына жинауға, яғни тәрбиеге көп көңіл бөлген. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашу сияқты, рулық тартыс, бітпейтін дау - жанжал елдің сиқын бұзатынын, еш мақсатсыз бос жүрген халықты көріп, қатты қынжылған. Ел ішіне іріткі салатын, өтірікпен мал жиып, байыған би-болыстарды өлеңмен шенеген[3]. 

Қазақ даласында қазіргі психология ғылымы тұрғысынан, бірінші болып Абай «адам» деген ұғымға анықтама берген. Адам – ұғымы – педагогика мен психология ғылымында негізгі пәндік ұғым. Абай түсінігіндегі «адам – ақылдылық пен еңбек сүйіспеншіліктің, әділдік пен білімділіктің, махаббат пен адалдықтың, адамгершіліктің жиынтығы». Тек осы қасиеттерді бойына сіңірген кісі ғана – нағыз Адам деп ойлаймын. Орыстың ұлы педагог ғалымы К. Д. Ушинский де өзінің басты еңбегін адамға арнаған. «Адам тәрбие пәні қақында» осы тұрғыдан Абайдың ойлары, пікірлері орыс ғалымдарымен үндес келеді. Абайдың адамгершілік идеалы, мұраты, принципі – қысқаша ғана «Адам бол!» деген формула, тұжырым. Адам болу – кісіліктің кісісі, шын мәнінде азамат болу, қара бастың қамы, тіпті, бүкіл адамзаттың қамын ойлайтын, «өзін - өзі зор тұтып», «надандарды менсінбейтін», дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын Азамат адам болу. Абай қазақ жастарын желөкпе, әр нәрсеге көрсеқызар болмай, өнерді үйренуге, табиғатты тануға, ғылыми көзқарасқа негізделген тиянақты білім алуға үндеді. Жастардың мінез-құлық, адамгершілік тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген.

Абай қазақтың демократ ақыны, ұлы ойшыл, философы. Ол қазақ тілінің мәйегінен көптеген өлеңдер мен дастандар сондай-ақ, басқа да философиялық шығармалар жазды. Абайды Абай еткен, асыл сөзімен өлең етіп ұйытып, жүрегіне жыр болып байланған қасиеті - өмірден әділет, мейірім, сенім, адалдық іздеу барысында тапқан танымдық олжалары, санасын сарғайтып барып көзін ашқан тұжырым тоғыстары өлең арқылы өріліп жатыр. Абай өлеңдерінің тақырыбы жан-жақты әлеуметтік аясы кең. Өлеңдері халықты өнерге, білімге, ғылымға шақырады, әрі жанға жайлы, жүрекке жылы тиетін махаббат өлеңдері болып келеді. Сондықтан Абай өлеңдері XIX ғасырдағы «қазақ қоғамының айнасы» деп те аталады [2].

Шынайы да шыншыл суреткер көркемдік әлемінің азаптарын бастан кешкен кезде ғана, бір белестен екінші белеске сәтті көтеріле біледі. Демек, екінші сөзбен айтқанда, болашақ шығарманың да жұлдызы жарық болады. Бердібектің «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым Қожа», «Қайдасың, Гаухар!» повестері мен «Өлгендер қайтып келмейді» романы осындай биік талғамның, көркемдік әлемінің сәтті туындысы болды. Бұл шығармаларда тек жазушы Бердібекке ғана тән тапқырлық пен тиянақтылық, суреттеу құралдарының дәлдігі, кейіпкер әрекетінің табиғилығы, сезім арпалысының сенімді суреттері «мен мұндалап» тұр…. 1949 жылы Абай атындағы институтты бітірген Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары үндесу себебін нақтылай түскендей. Өйткені жазушы, яғни әрбәр қазақ Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқып өседі. Ондағы ойды қырағы жас, шығармашыл тұлға саралап, талдап, көңіліне тоқитынын анық. Мен Бердібек атамыз Абай атамыздың мектебінен шыққанын байқадым. Қожа кейіпкердің ұлы жазушы болуына не себеп болды екен? Бала күнгі арманы ма? Әлде өсе келе Абай атасының шығармаларын оқып, өзінің жасаған жағымсыз қылықтарына, сәтсіздіктерінен нәтиже шығарғысы келді ме? Осындай ұлы адам болуына Абай шығармаларындағы адамгершілікке шақыратын үндеулердің өміріне пайдасы тиген болар. Мысалы, «Бес асыл іс, бес дұшпан» тіркестері адамзат қауымының есінен шықпасы анық.



2. 2 Б. Соқпақбаев шығармаларындағы адамгершілік мәселелерінің Абай өлеңдерімен үндестігі


Бердібек Соқпақбаев шығармалары балалар әдебиетіне негізделген. Өзінің басынан өткен оқиғаларды «Менің атым Қожа» шығармасы арқылы жеткізіп берді. Сол шығарманы бала біткен кино арқылы көріп, көңіліне түйді. Ол шығармадағы Қожаға мінездеме беретін болсам, ол аңғал, ақкөңіл, елгезек, көңілшек бала. Сол мінезімен көптеген сәтсіздіктерге ұрынды. Осы шығармадан менің түйгенім Қожа сияқты арамза Жантасқа немесе өзінің болашағына мақсат қоймайтын досы Сұлтанға еріп босқа өткізген уақыттарын, ата-ана, дос, сыныптастары мен Майханованың назарына түсіп, сыйын кетіру бұл Абай өлеңіндегі «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» оймен сабақтастырғым келеді. Осы өлеңдердегі негізгі ойды анықтай келе, адам өміріндегі келеңсіз жағдайлар адам мінез-құлқына байланысты. Адам балалық, жастық шақта көп қателіктер жібереді. Өскенде содан сабақ алатындар көптеп кездеседі. Осы шығарманы оқу арқылы мен адамгершілік қасиеттердің адам бойына қоршаған орта, қоғамда болып жатқан жағдайлар мен бірге отбасындағы тәрбиенің әсерінен болатынын байқадым. Ондайларға жол бермеу үшін ұлы адамдардың еңбектерін оқып, ой түю керек деп шештім.

Мен де Б.Соқпақбаевтың шығармаларын оқып отырып, балалық шақтың қызығы мен шыжығын, қайғысы мен қуанышын, мұңы мен әзілге толы күндерін өз көзіммен көріп куә болғандаймын. Мысалы, Боданның қылығына қатты қапаланамын. Сол қылығы үшін өзім ұяламын. Осы әңгімені оқып отырып, Абай атамыздың «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі есіме түсті. «......көрсеқызар, жалмауыз,......Алтыбақан ала ауыз,.....өзін-өзі күндейді, Жақынын жалған мендейді, Ол- арсыздық белгісі» деген сөзі дәл осындай адамдар үшін айтылған. Осы өлеңді оқыған әрбір қазақ баласы жамандыққа бармайды деп ойлаймын.


Шығармалар

Автордың негізгі идеясы

Кейіпкердің басынан өткен оқиғасы

Абай Құнанбаев шығармасындағы үндестік

Қорытынды

Менің атым Қожа

Қожа сияқты қагілез балалардың өмірінде араласу ортасының салдарынан келеңсіздіктерге толы болады. Бірақ әр адамның өз жолын таңдауға қақы бар.

Қожа.

1.Балық аулауға кетті.

2. Жұмақұлдың ауылына барып, ұрлық жасады.

3. Майханованың сөмкесіне бақа салды.

4. Жантаспен ерегесіп қалды.

5. Қожа мектепте жасаған қылықтары үшін педсоветке тартылды.

6. Пионерлер кеңесіне түсті.

«Ғылым таппай мақтанба»



«Сабырсыз, арсыз, еріншек»


«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»







«Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да»






«Ғылым таппай мақтанба»


Абай осы өлеңі арқылы Алты алашты оқуға, білімге, бес жақсы іс жасауға шақырды. Бес дұшпанға санаған өтірік, өсек, мақтаншақтық, ысырапшылдық, еріншектік қасиеттерден аулақ болыңдар деген. Ал Бердібек Соқпақбаев Абайша өлеңмен өрнектетпегенмен балалардың басынан өткен оқиғалармен жеткізе білді.


Абай атамыздың қара сөздері де нағыз тәрбиенің қайнар көзі.


Абырой мен арды сақтаған қазақ халқының ертеңін ойлаған ақын өз шығармасы арқылы надан халықтың көзін аша түсті

Сұлтан.

1.Қожаны азғырды, зиянын тигізді.

2. Уақытында білім алған жоқ.

3. Сауатсыз болып қалды. Өміріне өзгеріс жасағысы келмеді.

Жантас.

1.Қожанмен дос болуға тырыспады.

2. Арамза ойын іске асыруға тырысып бақты.

Компас

Ұрлық жасаған адамның арты қуыс. Біреуге ор қазба өзің түсерсің. Жақсыны бөлісе біл, өзіңе де пайдалы. Көре алмаушылық жақсы қасиет емес.

Бодан.

1.Қанаттың компасын иемденіп алды.

2. Өтірік айтты.

Ұрлық жасады.

3.Компасты суға лақтырып жіберді.

«Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да»,


«Ғылым таппай мақтанба»


Жамандықтан жирену, біреудің малын малым деу Абай атамыздың ата жауы десе де болады. Осы шығармаларды оқып отырып, көз алдымда немесе құлағыма Абай Құнанбаевтың өлеңдеріндегі айшықты ойлар оралып отырады.

Ағаштар неге ашуланды?

Еріншектікке үйір болма. Ісіңді аяғына дейін бітір. Нәтижесін береді. Ал мойыныңа алған істі аяқсыз қалдарсаң бәрібір өзің қиындығын көресің.

Алмабек.

1.Орманнан көшеттер әкеліп отырғызды. Ол көшеттерге күтім жасамады.

2.Орманда ағаштардың ашуына тап болып жазасын алды.

3.Жазасын алғаннан кейін ағаштарды күтіп баптады.

4. Ризашылыққа оранды. Ісінің нәтижесін көрді. Жақсы іс жасады.







«Ғылым таппай мақтанба»,








«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»


Алмабектің ағаштардан таяқ жеу себебін білеміз. Ал Алмабек сияқты кейіпкерлеріміз көп пе екен? Қазіргі таңда біреудің ақылын ақыл деп санамайтын жастар үшін тағы бір Бердібек керек болар деп ойлаймын. Әке –шешем біздің кезімізде тәртіп қандай еді, үлкеннің алдынан кесе көлденең өтпейтін едік, адам түгел тірі жанға қиянат жасамайтын едік деп айтып отыратын еді. Сол кездегі тәрбиенің қатты болағын осы әңгімеден де аңғарып отырмын.

Абай Құнанбаевтың «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі Бердібек Соқпақбаевтың «Компас» шығармасымен де ұштасады.«Компас» шығармасындағы Боданның ісі «Көңілім қайтты достан да,дұшпаннан да» өлеңіндегі сөздермен байланысы бар.Себебі,бұл өлеңде досың да,дұшпаның да ұрлайды,ендігі жұрттың сөзі-ұрлық,сөзді ұғарлық жан көрмеді,осы күнде мейір қанатындай,мәз болып қуанарлық ештеңе жоқтығын айтады.Боданның ісі-ұрлық көрсе қызарлық.

Компас

Үндестік

«Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да

Мінездеме: қызғаншақ, өтірікші, сабырсыз, арсыз, кемшілігі бойында жетіп артылады.

Айналаңдағы жүрген адамдардың бойындағы жағымсыз қасиеттердің бар екенін, оның қазақ халқының өсуіне, болашағын қалыптастыруға кесірін тигізетінін көрсетеді. Жаманнан аулақ болып, жақсыға үйір болуын сұрайды.

Өлеңдегі ішкі сезім: айналадағы адамдардың қызғанышы мен өтірікшілігін, кемшілігін, адамгерщілік қасиеттерінің төмендігін түсіндім

Компас

Үндестік

«Сабырсыз, арсыз, еріншек»

Қасиеттер: өзгені менсінбеу, ұятсыз, қызғаншақтық, ұрлықшы.

Сабырсыздық таныту, ұят іс жасау, арсыздыққа бару мәселесі қозғалған.

Өлеңдегі ой Ұятсынбай, ойланбай,.....

Қорытынды: Біреуге жамандық жасама, ол жасаған ісіңнен өзің ұялатын боласың. Оның саған берер пайдасы жоқ. Арты өкінішке апарады.

Тағыда Абай атамыздың «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі Боданның ісіне арнап шығарғандай. Себебі, бұл өлеңде көрсеқызарлық туралы айтады.

Сабырсыз, арсыз, еріншек,

Көрсеқызар, жалмауыз.

Материалды жүктеу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!