Материалдар / Бүгінгі әлеуметтік медиамәдениеттегі, қоғамдағы тіл мәселесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бүгінгі әлеуметтік медиамәдениеттегі, қоғамдағы тіл мәселесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада қазақ тіліндегі медиаэттика мәселелері жайлы сөз болмақ.Қазіргі кезде медиаэтикадағы грамматикалық,стилистикалық талаптардың дұрыс қолданылмауының себебі мақалада беріледі.Әлеуметтік медиамәдениеттегі тіл мәселесі жайлы баяндалады. Тіл білімі мен тілдерді зерттеуде экологиялық терминдері, ұстанымдар мен әдістерге ие экологиялық лингвистика анықталады. Лингвистикадағы экологиялық сұрақтар, лингвистикалық терминдер мен әдістері бар және қоршаған ортаның мәселелерін сипаттауда тілдің қызметін зерттейтін тілдік экология сипатталады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Мамыр 2024
166
1 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Игерді Ақтолқын Қайыржанқызы

«Тұран» университеті

«Журналистика » мамандығының

1 курс студенті

Алматы қ.

23240215@turan-edu.kz


Бүгінгі әлеуметтік медиамәдениеттегі тіл мәселесі


Аңдатпа:Мақалада қазақ тіліндегі медиаэттика мәселелері жайлы сөз болмақ.Қазіргі кезде медиаэтикадағы грамматикалық,стилистикалық талаптардың дұрыс қолданылмауының себебі мақалада беріледі.Әлеуметтік медиамәдениеттегі тіл мәселесі жайлы баяндалады. Тіл білімі мен тілдерді зерттеуде экологиялық терминдері, ұстанымдар мен әдістерге ие экологиялық лингвистика анықталады. Лингвистикадағы экологиялық сұрақтар, лингвистикалық терминдер мен әдістері бар және қоршаған ортаның мәселелерін сипаттауда тілдің қызметін зерттейтін тілдік экология сипатталады.


Түйін сөздер:медиамәдениет,этикет,қазақ тілі,әлеуметтік желі,лексика,медиаэтика,қоғам.


Проблема языка в современной культуре социальных медиа


Аннотация: В статье речь пойдет о вопросах медиаэтики на казахском языке.В настоящее время причина неправильного использования грамматических,стилистических требований в медиаэтике изложена в статье.Речь идет о проблеме языка в социальной медиакультуре.В лингвистике и изучении языков определяется экологическая лингвистика, которая имеет экологические термины, принципы и методы.Экологические вопросы в лингвистике, языковая экология, которая имеет лингвистические термины и методы и изучает функцию языка в описании проблем окружающей среды, характеризуется.


Ключевые слова: медиакультура, этикет, казахский язык, социальные сети, лексика, медиаэтика, общество.


The problem of language in modern social media culture


Annotation: The article will focus on the problems of media ethics in the Kazakh language.The reason for the incorrect use of grammatical and stylistic requirements in media ethics today is given in the article.Social media reports on the problem of language in culture. In linguistics and the study of languages, environmental linguistics is defined, which has environmental terms, principles and methods. Environmental questions in linguistics are characterized by linguistic ecology, which contains linguistic terms and methods and studies the functioning of language in describing environmental problems.


Keywords: media culture, etiquette, Kazakh language, social networks, vocabulary, media ethics, society.


Тіл – ұлттың мақтанышы,баға жетпес асыл қазынасы,асқақ мұраты.Қай жерде,қай мемлекетте болса да қадірлі де,қасиетті саналатын құнды ұғым. Бабаларымыздың қанымен,аналармыздың көз-жасымеен келіп,тұғырлы тіліміздің қадірлі қасиетін сезіну-бабалар алдындағы борышымыз.Себебі, әр ұлттың тілі – оның байлығы һәм тірегі. Ұлттық тіліміз ұлтымыздың тілі ретінде мәдениет, салт-дәстүр, рухани құндылықтарды сақтаушы, ұрпақтар с абақтастығын жалғаушы қызметін де атқарып келеді. Қандай да ұлт болмасын әуелі рухани өресімен, жан байлығымен өлшенеді. Ал ұлттың өнері мен рухани жетістігі - тілінде. Алатаудың асқақтығы да, бал тілдің жұғымы да, бәйшешек гүлдің жұпары да, қыран құстың қанаты да, бұраң бикештің нәзіктігі де, шөл даланың жазықтығы да,мөлдір бұлақтың қанықтығы да – тілде.Ұлты мен ұлылығының, жынысы мен жасының, тілі мен дінің артықшылығы мен өзгешелігіне қарамастан, түрлі ұлттың басын бір шаңырақ астына жинап,бірлік пен бекемдікті ту еткен ұлы тіл-достықтың алтын бесігі. Ел мен жерді сүю,сол жердің мәдениеті мен тілін білу және көздің қарашығындай қастерлеу,мерейін үстем ету-елімізде тұратын әрбір жанның ұлт алдындағы ұлы парызы.

Медиа саласының қарқынды даму үдерісі елімізде де белең алуда. Яғни медиа адамзат өмірінің маңызды бір бөлшегіне айналуда.  Жаһандану кезеңінде кез келген ұлттың барлық салада, медиа­сыз әлеуметтік-мәдени тұрғыдан қарқынды дамып,алға жылжуы мүмкін емес. Ақпараттық технологияның дамуында әлеуметтік желілердің де қосары баршылық.Бүгінгі таңда әлеуметтік желілер тұтынушының тұрақты серігіндей. «Жіптің де екі ұшы бар» дегендей кей сәтте әлеуметтік желінің пайдасынан зияны көп екенін қаперден шығарып алып жатамыз.Ал, медиамәдениеттің жай-күйі ақпараттық қоғамда қандай болмақ?

Э.Хауген алғаш рет «тіл» мен «экология» түсініктерін ғылыми кітабында қарастырып шыққан. Ғалым тілдің экологиясы терминін тіл мен қоршаған ортаның арасындағы қарым-қатынас ретінде байланыстырады, ол тілдің де өзіндік бір құпиясы бар екендігін аңғарады.Э.Хаугенің пікірі бойынша, «Тіл – сол тілде сөйлеп жүргендердің санасында ғана және ол басқа сөйлеушілер мен олардың табиғи ортасының өзара қарым-қатынасқа түскенде ғана қызмет етеді,сондықтан да тіл экологиясына физиологиялық табиғаттың бөлшектері (яғни сөйлеушінің санасында басқа тілдермен өзара әрекеттестігі) және әлеуметтік бөлшектердің біразы (яғни тілдің коммуникация құралы ретінде пайдаланылатын қоғаммен өзара әрекеттестік) тән »- деген. [1]. Соңғы он жыл бойы эколингвистика екі негізгі, әртүрлі көзқарастағы бағыттарда қарқынды дамып келді:

тіл білімі мен тілдерді зерттеуде экологиялық терминдері, ұстанымдар мен әдістерге ие экологиялық лингвистика (негізгі өкілдері – Э.Хауген, У.Маккей, А.Филл, А.П.Сковородников) бағыты;

лингвистикадағы экологиялық сұрақтар, лингвистикалық терминдер мен әдістері бар және қоршаған ортаның мәселелерін сипаттауда тілдің қызметін зерттейтін тілдік (лингвистикалық) экология (негізгі өкілдері – М. Халлидай, П. Мюльхойслер, М.Деринг). [1].

Халқымыз теледидардағы бағдарламалар мен фильмдер, әлеуметтік желілердегі жазбалар, әуендер мен түрлі стильдегі әртістер мен шоу-бизнестегі жұлдыздардың өмірлеріне шолу жасау арқылы тілді қадірлеуге үйренеді,яғни күнделікті өмірімізде тілді үйренуге медианың да үлкен әсер ететәндігін айтпай кету мүмкін емес.

Қандай да болмасын тілдің лексикасы әрдайым екі түрге бөлінеді:әдеби және бейәдеби. Бейәдеби тілге күнделікті қолданатынмжаргондар мен сленгтерді жатқызуға болады. Жаргон сөздер – белгілі бір әлеуметтік немесе қызығушылығы ортақ топтардың басқаларға түсініксіз құпия түрде сөйлесуі. Сленг деп белгілі бір ортада қолданылатын, қалыпты тілден ауытқыған, мысқылды сөздерді атайды [1,220-б.]. Қазіргі таңда жастар бейәдеби сөз тіркестерін түрлі жағдайда іске асырады:

тыңдаушыға керемет әсер қалдыру үшін;

өзгелерден даралану үшін;

тыңдаушы түсінбеу үшін;

белгілі бір әлеуметтік топтан екендігін көрсету үшін;

қалжың ретінде де қолданады.

Бірінші жəне бесінші бағандардан телеэкран жұлдызы Тұрсынбек Қабатовтың әзілдерінде қосатын сөздерін кездестіруге болады. Мысалы: «Қазір бəрінің жоғарыда крышалары бар, бір званокпен шешіп отыр ғой бəрін» (Т. Қабатов)

Мұндағы «крышасы бар» сөзі «қолқабыс көрсетер жанның бары» деген сөз шеңберінде қолданылып тұр. Сөздің қабылдауға жеңіл,түсінікті болғандығынан осы сынды терминдер қазіргі таңда өлең сөздерінде, əзілдерде, əлеуметтік желідегі бейнежазбаларда кеңінен қолданылып жүр.

Егер осы сөйлемді нормаға сай өзгертер болсақ: «Қазіргі таңда екінің бірінде билік басында отырған таныс-тумасы бар.Бір қоңыраумен-ақ өз мәселелерін шеше алады» деген сөздері өзгертілгенімен,мағынасы сол баяғыша ,бірақ толық мағыналы сөйлем шығады,яғни бұл нұсқаны қолданар болсақ,әзіліміз қалжыңнан тыс,саяси үгіттеуге көбірек ұқсап кетер еді.

Келесі үзіндіні оқиық: «Өсіп, үлкен жігіт болғаннан кейін каким-то образом левыйды ойлап тұрасың» (Т.Қабатов).

Мұндағы «каким-то образом», «левый» сөздері тура мағынасында емес, қосымша мағынасында, бағытталып отырған аудиториясына жетіп, өтімді болу үшін үстеме мағына беру мақсатында қолданылған. Əдеби нормаға сəйкес «каким-то образом», «қандай да бір жолмен», ал «левый» тура мағынасында «сол жақ» деген мағынада болса, берілген мысалда «өз табысына қосымша табыс табу» мағынасында жұмсалған [2, 38-б.].

Тұрсынбек əзілдерінде «жаңағы, барғо, никогда, даже» паразит сөздерін жиі қолданады. Мысалы: «Жатсаң оң жағыңмен жат дид жаңағы, біреуді жұмысқа кіргізсең оң көзіңмен қара дид жаңағы. Сол жақ қызықтырып тұрады барғо, қарағың келіп, бұрын тек оң қол болған қазір сол қолы да бар басшылардың барғо..» [3].

Мұндағы «жаңағы» сөзі он үш минуттық сөзінде 11 рет қайталанса, «барғо» сөзі 12 рет қолданылған.

Ғаламтор жүйелері тұрмыс-тіршілігімізге енбей тұрған уақыттарда жарық көріп жатқан кітап, баспа өнімдері редактор, корректор мамандарының жіті бақылауынан өтіп,тексеру процессінде жүретін.Әрбір қырағы тексеріс тіл тазалығының қорғаушысындай еді. Грамматикалық,стилитикалық талаптар,сөздін сапасы мен сыны маңызды екені айтпасақ та түсінікті. Ал қазіргі таңда әлеуметтік желілердегі жеке жазбаларға редакторлық, корректорлық жұмыстар жасалмайтыны,мағынасыз сөздер мен басылымдарға тиым салмайтындығы жұртқа аян. Бұл әр тұлғаның тілге деген құрметінің айқындаушысы.Тілге деген жауапкершілік басты міндет болуы шарт.

Бүгінде танымал әлеуметтік желілер қатарында «Facebook», «Instagram», «Google+», «Twitter», «WhatsApp», «ВКонтакте», «Одноклассники» тағы да басқа түрлі әлеуметтік желілер бар. Әлеуметтік желілердің адамға беретін пайдасы – туыстармен, достармен араласып, алыс қашықтықты жақындату,жоқтан бар жасау,өзгеге болмаса да өзіңе қажетті дұрыс ақпаратты ала білуіңде. Бүгінгі қоғамда адамдарды кітап оқитындар мен компьютерде отырып, уақыт өткізетіндер деп екі топқа бөлуге болады. Компьютерде отыратындар өмір бойы кітап оқитындарға қызмет етіп өтеді», - деді Н.Назарбаев [4,13-б.].

Әлеуметтіек желіде көп байқайтынымыз,әр тұлғаның өзіне тән емес іспен мақсатты түрде айналысуы. Жүргізуші маманы саясатқа кірісіп, сатушы медицинаны талқылап, өзге тұлғаның тұрмақ тіпті өзге елдің саясатына да қол сұғатындар жетерлік. Жағдайдың мән-жайына көз жеткізбей, өзіне қатысы жоқ затқа жеке ой-пікірлерін қосып жазып жататындар да аз емес.Ой-пікірді айта білу дұрыс,дегенмен өзгенің шегарасына кіру кей жайттарда қарама-қайшылыққа алып келіп жатады . Әлеуметтік желі пайдаланушылары өз жазбаларында түрлі сөздер жазып, медиаэтикетті сақтамай, өзгенің тұрмысына,өмір сүру салтына қатысты жағымсыз пікір қалдырып, келеңсіз жайттарға жол беріп жатады. Медиамәдениетті бұзу шаралары қазіргі қоғамда артпаса,кемімек емес.Желілерде хабардың анық-қанығын анықтамастан,дезинформация тарататындардың да саны ұлғаюда. Олардың іс-әрекеттері қоғам арасында арандатушылық, бір-біріне айдап салу, бүлікшілік жағдаяттарын жасау. «Бүгінгі таңда адамдардың көбі ауызекі тілде қолданылатын сөздермен сөйлейді. Әдеби тілді білмейді, сөздердің айтылу ережесін сақтамайды, тілдері шұбар, сөздік қоры жұтаң. [5,156-б.]


Шынында да,өміріміздің бөлшегіне айналған ғаламтор қазіргі халіміз бен ахуалымыз тұрғысында қаншалықты қажет,тазалық.сауаттылық пен тіл проблемалары қаншалықты өз шешімін тауып жүр?

Түркі тілдернің ішіндегі ең қастерлі де бағалы бай тіліміз сонау заманнан нәр алып.замана зымыранымен зырғу үстінде.Байырғы таңбаларынан бастау алған тіліміз өз кезегінде нені жоғалтып,нені қайтарғанын зерделеу «тілім-тірегім» деп соққан әрбір азамат үшін маңызды деп санаймын.Тіліміздің алтындай тазалығын сақтауда әлеуметтік желінің әлегі мен әсері қандай деген мәселе қазіргі ұлттың ойы мен жанын толғандыруы тиіс.

Жастардың күнделікті өмірде қолданатын сөздерін тізбектер болсақ (жақша ішінде мағынасын қоса келтіреміз): «батан» (оқымысты), «тормозы ұстау», «зависать ету» (бөгеліп қалу), «базар жоқ» (таңғалғанда айтылатын сөз, келіскенді білдіру), «құлаққа лапша ілу», «құлақтан тебу» (өтірік айту), «маяк тастау», «скидовать ету» (қысқa қоңырау) «крышасы бар адам» (қолдау көрсететін адамы бар), «көзбен ату» (қадала қарау), «потеря болу» (қобалжу), «сущняк» (сусын),«қораға кіру» (тығырыққа тірелу), «лақтырып кетті», «отырғызып кетті», «қоянның суретін салып кетті» (алдап кетті) және т.б. Бұл жаргон сөздерді әлеуметтік желіден де жиі байқаймыз. Және бұл қатарға: «лайк басып тұр», «онлайн эфирге шық», «игнорға тығып таста», «блокқа түсіп қалмасын», «видеозвонок жаса», «қанша подписчигі бар?», «поделиться етші» және т.б. сөздерді қосуымызға болады. Осы секілді сөздер судай мөлдір,алтындай саф тіліміздің құны мен сынын,сапасы мен бағасын түсіруде.Тіпті жастар арасында бұл сөздер өз тілінен де жақын «тұрақты тіркестерге» айналып бара жатқандай.

Әлеуметтік желіде сөйлеу тіліне жақын құрылымдар көп қолданылады, яғни сөздің тұлғасын өзгертіп кең жазу да етек алып барады. Біріншіден, жіктік жалғауды түсіріп жазу: отырм – отырмын, ұйктайм – ұйықтаймын, билмейм – білмеймін, егер сөз жалпыға түсінікті болса, дауысты дыбыстарды түсіріп жазу: кдрп – қыдырып, мсқ – мысық, сөзді жөнсіз қысқартып қолдану: раха – рахмет, см – сәлем, сб – сау бол, қс – қалайсың, инет – интернет және т.б. Сонымен қатар, сөзді орфоэпиялық норма бойынша таңбалауда: не істеватсын (не істеп жатырсың?), барат (барады), келет (келеді), бошы (болшы) деген сөздер қолданылса, кейбір жазбалардан тыныс белгілерді мүлдем таба алмайсың. Ал енді бірі сөйлемнің басын, адамның атын үлкен әріппен жазу деген ережені мүлдем ұмытқан. Міне, осындай жағдайлардан кейін тілдік нормалар қалай сақталсын?! Ғаламтордағы тіл сауатсыздығы күнделікті өмірде де белең ала бастады. Түрлі хаттамаларды, құжаттарды толтыру кезінде сауатсыз жазу дағдыға айналды [6.

Қазақ тілінің сөз мәдениетін,бағасы мен сапасын көтеру –қастерлі тіліміз үшін қасық жанын берген бабалар алдындағы аманатымыз. Сөйлеу және жазу мәдениеті-тіліміздің үлкен бір саласы.Оның сапасын көтеру-айтылған сөзді дұрыс жаза білуде. 21 ғасыр ғылым мен техниканың қаршындап дамыған заманында әлеуметтік желілердегі тіл мәдениетінің жан-жақты зерттелуіне де назар аударғанымыз жөн. Жазушы Ә. Әбішев бұл туралы былай дейді: «Жастар ізденбейді, ағаларын оқымайды, олар қазақ әдебиетін оқымайды... Жастар сөйлемді әдейі бұзып жазады, олар ерекшеліктің белгісі түсініксіз жазу деп ойлайды... Тіл мәдениетінің төмен болуына ғылыми-техникалық прогрестің де әсері бар", - дейді. [7, 87-б.]

«Ана тілін жақсы білу - әркімнің азаматтық борышы. Егер әр бір сөзді орнымен жұмсай біліп, айтқан ойы мазмұнды, нысанаға дәл тиетіндей ұғымды шығып, тыңдаушысын баурап алардай әсерлі болса, ана тілінің құдіреті сонда ғана сезілер еді. Ал мұндай шеберлік тек тіл мәдениеті жоғары адамдардың ғана қолынан келер жайт» - деп тұжырымдайды М.Балақаев. [8, 78-б.] Бұл,әрине, ауызша және жазбаша байланыс орнататын әр тұлға ға тікелей қатысты.

Қазір таңда смартфонға үңіліп, экранға бас сұқпасақ жүре алмайтындай,әлемнің бар жаңалығынан қалардай күйге түстік. Уақыт көші, орта талабы... Бұлда дұрыс шығар. Десек те,әр нәрсенің өз орны мен біз асып өтуге болмайтын шегі бар екендігін ұмытқандаймыз. Еркіндік пен ессіздіктің күші осы екен деп,тіпті өзге түгіл өз шекарамыздан асып өтер сәттерді де бастан кешірудеміз. Аманатқа адалдық, қаламға ант, сенімге серт деген ұлы ұстаным шеңберінде ұйысып,ел болған едік, қазір бұл күштіңде дәурені біткендей.Желідегі жазбалар мен өзіміз қосар пікірлердің өзгелерге қалай әсер ететінін білеміз. Тіпті кей адамдар ұнамаса, қолданбай-ақ қойсын деуі мүмкін. Алайда кез келген заттың пайдасын ғана ойлап,кәдемізге жарату қажеттігін тіпті естен шығарғандаймыз.Тіптен ғылым мен білімнің асау тізгінін тәрбиемен ұштастырсақ ғана білімнің қайырлы һәм толымды болатындығының өзін кемел дана әл-Фараби айтып кетті емес пе?,Желідегі радикалды,қоғамдық алауыздық,ұлт аралық қақтығыс жасаушы тым белсенді топтардың көп екендігін ескерсек, талқыланып жатқан тақырыптардың өзегін тауып, «адвокат» бола қалатын да сол топ мүшелерінің өздері екендігі тіптен қауіпті.. Қоғамдық сана мен мәдени орта көздің ағы мен қарасындай қатар жүретін егіз тіркес.Екі ұғымының үндесуі мен байланысы нәтежиесінде ұлт ретіндегі талғам биіктігі пайда болады . Осы талғам әлеуметтік желідегі өз ұлтымыздың көрсеткіштік бейнесі. 

Ортамыздың шынайы сұлбасын қалыптастырсақ,қоғамның да мәдени дамуы мен құлдырауына бір сәт назар аударар едік. «Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме» деп санымызды бір-ақ сілтейміз... Батыс елдерінде әлеуметтік желі шаралары қатаң әрі заңды түрде жұмыс істейді.Шекарадан шығып кеткен қолданушы,өз іс-әрекеті үшін кешірім сұрап,ағынан жарылуға дайын тұрады. Әлеуметтік желі қоғамды әлсіретуші күш деген қауіпте жоқ емес. Өз пікірін ысырып,өзгенің жетегінде кете қалатын әлсіз топ үшін тіпті таптырмас өнім.Өзгенің пікірі де орынсыз емес.Желідегі желбірегенге жіби қоятын,жаманның парқы мен жақсының нарқын айыра алмас,адасып кететіндер де жетерлік. Оңы мен солын танып үлгермеген жас буын бұл тұзақтық торына жиі түсіп жатады.Ал желінің қоғамдық мәдениеттегі орнына тоқталар болсақ,оқу мен ағарту,білім беру мекемелернің құзіреттілігінде көп нәрсе бари екендігін аңғаруымыз қажет.Көндікпесекте,әлеуметтік желі қоғамдық идеологияны насихаттаушы ақпараттың ажырамас бір бөлшегі.Қоғамға қажет білім мен ғылымды беруші және тұтас ұлт жалынын оятушы яки сөндіруші.


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Слова, с которыми мы все встречались. Толковый словарь русского общего жаргона. 1999. - С.460

  2. Э. Хауген ЛИНГВИСТИКА И ЯЗЫКОВОЕ ПЛАНИРОВАНИЕ (Новое в лингвистике. Вып. VII. Социолингвистика. - М., 1975. - С. 441-472)

  3. Хорошева Н.В. Русский общий жаргон: к определению понятия. — Пермь, 2002. – С.45

  4. Тұрсынбек Қабатов бейне жазбалары / / You Tube

  5. Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасы». -15 б.

  6. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті / Н. Уәлиев.-Алматы,1984. - 298 б.

  7. «Ана тілі» газеті 2018 жыл.

  8. Тілдерді   қолдану   мен   дамытудың   2001-2010   жылдарға   арналған мемлекеттік бағдарламасы. – 100 б.

  9. Сыздық Р. Тіл мәдениеті және оның проблемалары / Р. Сыздық // Тілдік норма және оның қалыптасуы.-Астана: Елорда, 2001.- 230 б.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!