жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бұйымдарға нобайлар дайындау
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дизайн және технология |
Мектеп: №55 |
||||||||||||||
|
Күні:18.01.2019 |
Мұғалімнің аты-жөні: Сұлтанбекова Р |
||||||||||||||
|
Сынып: 8 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы |
Бұйымдарға нобайлар дайындау |
|
|||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
8.1.5.1 функционалды (техникалық), эстетикалық, эргономикалық және экологиялық талаптарға сай нысан дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау; 8.1.5.2 Әртүрлі графика тәсілдерін қолданып,бұйым дайындаудың реттілігі мен тиімді тәсілін анықтай отырып графикалық және технологиялық құжаттар дайындау. |
||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Оқушылар:
|
||||||||||||||
|
Жетістік критерийлері |
- мәдениет элементтерінің
ерекшелігін біледі және оларды эскизде қолдана
алады (түс, өрнек, пішін, материал және
т.б.); |
||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар сабақ тақырыбы бойынша арнайы терминологияны қолдануларына болады. Оқушылар алған ақпараттарын талдап, қажеттілігіне қарай қорытынды жасайды. Пәнге тән лексика және терминология: Дизайндық нұсқау: идея қалыптастыру, стиль, халықтық пішім, пішім … Сұрақтар: этикалық, қоршаған ортамен байланыс, ресурстарға қолжетімділік, тұтынушылардың қызығушылықтарын ынталандыру. Өнеркәсіптік жұмыстың кәсіби маманы. Диалог және жазу үшін қажетті сөз тіркестері: Мақсатты аудиторияға таңдалған, жасалатын бұйымның ұнайтынына сенімдісіз бе? Киім бұйымдары, қолданылған тоқымалы материалдар өзекті болады деп болжаймыз, өйткені ... Біздің идеямыз жаңартпашыл болып табылады, өткені біз жаңа матаны дәстүрлі матамен үйлестіреміз.
|
||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
|
||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Қазақ тілі – сабақ тақырыбы бойынша қажетті сөздер мен сөйлемдер. |
||||||||||||||
|
Бастапқы білім |
Бұл үшінші тоқсанның екінші сабағы, оқушылар ұлттық киімнің әртүрлі түрлері және стильдерімен таныс. |
||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||
|
Сабақтың басталуы 1-2 минут 1 минут |
Ұйымдастыру кезеңі: - мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бағыттайды; - оқу барысында ынталандыру үшін «Айырмашылығын тап» әдісі қолданылады. Оқушылар жұптасып электронды презентация слайдтарын көреді немесе мұғалімнің ұсынған әртүрлі стильдегі киім, кеудешелердің модельдері бейнеленген суреттер немесе фотосуреттерді қарастырады. Мұғалім оқушыларға жұмыстың ережелерін түсіндіреді, белгілі уақыт ішінде суреттердің арасындағы ең көп айырмашылықты табуы тиіс. Уақыт өткен соң әр жұп кезекпен өз идеяларын айтады. Мұғалім тақтаға немесе алдын ала дайындалған үлкен қағазға оқушылардың барлық жауабын жазады (қайталанғандарынан басқасын). 2. Мақсатты тұжырымдау. Бұл тапсырмада мұғалім оқушылар назарын «Айырмашылығын тап» әдісімен өткізілген жұмыс жазбасына аударып, сабақ тақырыбын анықтауды сұрайды. Бірлескен талқылауда оқушылар сабақ мақсатын анықтайды. |
Электронды презентация 1слайд |
|||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 1 минут. 4-5 минут 1-2 минут 15 минут 2-3 минут |
3. Топтарға бірігу. Оқу бөлмесінің қабырғасында кез келген бағытта этностильдегі киім элементтері бейнеленген суреттер орналастырылған. Әрбір оқушы ұсынылған сурет бөліктерінен өздеріне біреуін таңдайды. Мұғалім енді әр оқушы өздері таңдаған суреті бойынша топтарын іздеу керектігіне назар аудартады. Әрбір сурет 4 бөліктен тұрады, сондықтан бірнеше оқушыдан тұратын әртүрлі топ құрылады. (1 қосымша) 4. Зерттеу жұмысы. Кестемен жұмыс. (2 қосымша) Оқушылар екінші тоқсаннан бастап ұлттық киім мен этностиль ұғымдарымен таныс. Жұмыстың бұл түрінде оқушылардың өз бетімен киімнің халықтық пішімі, кеудеше туралы жаңа ақпаратпен танысуы ұсынылады. Оқушылар болашақ идеясын құру үшін ұсынылған суреттердегі кеудешелердің конструкциялық ерекшеліктерін зерттейді және жұмыс дәптерлеріне кестені толтырады.
1 кезең. Мұғалім оқушыларға топта сурет бөліктерін тұтас бүтін сурет етіп құрастыруды ұсынады.
2-кезең Оқушылар топта таңдалған киім үлгілеріндегі элементтерінің қандай ерекшеліктері барын қарап шығып, келесілерге:
Мұғалім оқушылардың назарын суретті зерттеу кезінде талқылау нәтижелерін жазып алу қажеттігіне аударады. Мұғалім қажеттілігіне қарай түзету енгізіп, қорытындылайды.
Бұл әңгімеде оқушылар берілген суреттердегі ұлттық киім элементтерінің кейбір түрлерін қандай функциональды ерекшеліктер біріктіретінін талқылайды, осы жөнінде бір-бірімен пікір алмасуы қажет.
(3 қосымша) Оқушыларға өз жұмыстарының айырмашылығы мен функциональдық ерекшеліктерін талқылай отырып, «fashion drawing» әдісімен қазақтың ұлттық костюмдерінің эскиздерін орындау ұсынылады. Осы тапсырмаға берілген уақытқа, сонымен бірге өзінің білімі мен шеберлігіне сүйене отырып, кез келген көркем материал мен құралды таңдауға болады. Тапсырма: танымал сәнгерлердің осы тәсіл арқылы орындалған эскиздерін қарастырыңдар және көркем модельдеудегі fashion drawing тәсілінің ерекшелігін анықтаңдар.
fashion drawing эскизді бейнелеу тәсілі,– әлемдегі ең танымал тәсіл, бір бөлшекті – пропорционалды емес ұзын аяқты қоспағанда қалыпты пропорциясымен қарапайым модельді дене бітімде бейнелеу жобаланады. Бұл денебітімдерді ашық түсті, батыл, көркем, ұстамды журнал эстетикасындағы дизайнерлік киіммен киіндіру қажет. Нобай дайындау Нобайды өз қиялыңда қалай елестетесіңдер, сондай болуы үшін: «fashion drawing тәсілімен эскиз салу» нұсқау картасын пайдалана отырып, оның суретін дұрыс салуға тырысыңдар. (4 қосымша)
Алғашқы нобайларын топтар көркемдік шешімінің жаңашылдығы мен ерекшелігіне назар аудара отырып, «көркемдік кеңесте» қарауы және талқылауы қажет. Талқылаудан кейін әр бөлшегін, сызығын мұқият сызып және модельдің конструктивті ерекшелігі мен тоқыма, сәндік материалдарының фактурасын көрсете отырып, модель эскизі орындалады. Фактураны қағазда әртүрлі тәсілдермен қылқалам, қаламұш, қарындаш, фломастер арқылы немесе бояумен жұмыс жасауға әртүрлі техникаларды қолданып, түрлі түсті қағаз бен мата қиықтарынан жапсырма жасау арқылы орындауға болады. Эскизді орындауда әртүрлі тәсілді қолдану автордың түпкі ойының жан-жақты ашылуына ықпал етеді.
Өзіндік бағалау. Оқушылар бір-біріне жұмыстарын көрсетіп, суреттің ерекшеліктеріне түсініктеме береді. Оқушылар бір-біріне жұмысты жетілдіру жолдарын ұсына отырып, ауызша түсінік береді. |
1 Қосымша. Этностильдегі киім элементтері бейнеленген әртүрлі басып шығарылған суреттер. Электронды презентация, 2 слайд
2 қосымша. Электронды презентация 3 слайд
Оқушылардың таңдауы бойынша көркемдік материалдар және оларға сәйкес құралдар.
|
|||||||||||||
|
Сабақтың соңы 1-2 минут |
Рефлексия Оқушыларға қол шапалақтау ұсынылады, егер оларға сабақ ұнаса, шапалақ қаттырақ шығады, онда сабақтың қызықты болғаны. |
|
|||||||||||||
|
Саралау |
Бағалау |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||||||||||
|
Топта жұмысқа қабілеті жоғары оқушылар басшылық жасайды. Топ ішінде рөлді бөліп беру ұсынылады. |
Өзін өзі бағалау, өзара бағалау, топта бағалау, мұғалімнің бағалауы.
|
Үзілісте сыныптың ауасын тазартып, желдетіп алу, сонымен қатар – әртүрлі көркемдік материалдармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау.
|
|||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|||||||||||||||


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген