Материалдар / Бұйымды көркем күйдіру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бұйымды көркем күйдіру

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағашты күйдіріп өрнектеу электр бізбен жасалады . Ондай біздер арнаулы дүкендерде сатылады . Тіпті оны қолдан жасап алуға болады Біздің бөлшектеріне 127 в - тан ә в – қа дейін төмендетілетін трансформатор кіреді . Тұтыну қуаты 20 вт шамасында . Негізгі жұмысты тұтқа ұшындағы металл электрод атқарады . Күйдіру жиектік , сызықшалы және нүктелік әдістер деп үш топқа бөлінеді . Жиектік әдісте күйдіріліп жасалған өрнек бұйым шетін қуалай жолақ немесе таспа түрінде орналасады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2019
552
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақтың тақырыбы:

Бұйымды көркемдеп күйдіру.

Мұғалімнің аты-жөні:Құдайқұл Н.

Күні: 10.12.2018ж

СЫНЫП: 7


Қатысқаноқушылар саны:


Қатыспағаноқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.2.3.1-Бұйымдардың функционалдық және эстетикалық сапасын арттыру үшін материалдарды механикалық өңдеу және бұйымды безендіру

7.2.3.4-Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Тақта , ағашты күйдіріп өрнектеу аспабы , нүктелік күйдіру әдісімен жасалған суреттер , нүктелік әдісімен жасалған бұйымдар,стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Сызу , және бейнелеу өнері .

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут


Сәлемдесу.

Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отрады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қара жорға» би

Сынып реттілігін қадағалау.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

1-топ:

«Бақыт» вагоны

2-топ:

«Сүйіспеншілік» вагоны

3-топ:

«Жарқын өмір» вагоны

«Қара жорға» би билету.


Үй жұмысы 7 минут













Әр оқушы өз жұмыстарын таныстырады.

Джордан Манг-Осан Филиппин суретшісі.Ол қарапайым лупаның көмегімен күйдіру арқылы сурет салған. Джули Бендер АҚШ-тың танымал пирографы, суретшісі.Оның жұмыстары өте көркем, сызықтары әсерлі салынған. Скот Марр Австралиялық суретші. Күйдіру материалы ретінде кәдімгі ескі күйтабақтарды пайдаланды. Сейфолла Рыстан Қазақстан суретшісі, қолөнерші, былғарыға күйдіру арқылы сурет салған. Оның жұмыстары қазақтың ұлтық өнеріне, салт-дәстүріне арналған. Ерте замандағы күйдіру тәсілдері.Көркем күйдіру әдісінің сан ғасырлық тарихы бар. Бұл өнер көптеген халықтардың мәдениетінде кездеседі. Ол кездегі күйдіру тәсілдері арнайы бізді немесе жебенің ұшын отқа қыздырып, бұйымды күйдіріп, әшекейлеген.

Оқушылар диаграммамен жұмыс істейді

.

Жаңа білім

10 минут



Білу және түсіну. Оқушылар оқулықтағы негізгі күйдіру техникасымен танысады. (Мәтінді тарату)Қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп қайталайды.

1.Жұмысты бастамас бұрын аспаптың жарамдылығын тексеру.

2. Желіге қосылған күйдіргіш аспапты қараусыз қалдырма, өртке себепкер болады.

3. Денеге күйдіргіш аспапты тигізбе, күйдіріп жатқан жерге қатты еңкейме.

4. Күйдіргіш аспапты салқындату үшін желіден жиі ажырат.

5. Жұмыс аяқталған соң, күйдіргіш аспапты сөндіріп, суытып қой, жұмыс орныңды жинастыр.
Алдын ала дайындалған нобай бойынша суретті күйдіріп салып көреді.
Жұмыс істеу барысында күйдіру жұмысына арналған бейнеролик қосылады.


Оқулық,

Мәтіндер

Ортасы

10 минут

Қолдану

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.

Түсіндіру.

Топтық, жеке жұмыс жүргізу.

Бұйымды көркемдеп күйдіру. Безендіру


Оқулық, қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі – түсті маркерлер,

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Ой қорытыу

БББ кестесі

Білгенім

Білдім

Білгім келеді









Таақырып бойынша түйген білімдерін жазады.

Бағалау


5 минут






Кері байланыс

3 минут

«Білім қоржыны» кері байланыс

Picture 5


Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.

Үйге тапсырма: Ағашқа ою өрнек күйдіріп басу.





«Ж.Сүлейменов атындағы №70 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі»









Бұйымды көркем күйдіру.

Ашық сабақ









Технология пәні мұғалімі:

Құдайқұл Н.







2018 – 2019 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Бұйымды көркем күйдіру»

Сабақтың мақсаты: Ағашты күйдіріп өндеу технологиясын меңгерту ,ағашты күйдіріп өңдеу технологиясын жүзеге асыруда қолданылатын аспаппен таныстыру ; онымен жұмыс жасау икемділігін , көркемдік әдіс - тәсілдерді қолдана білуін қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты : талғампаздыққа , сұлулыққа , ұқыптылыққа , еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс – тәсілдер: тақта , ағашты күйдіріп өрнектеу аспабы , нүктелік күйдіру әдісімен жасалған суреттер , нүктелік әдісімен жасалған бұйымдар .

Пәнаралық байланыс: сызу , және бейнелеу өнері .

Құрал - саймандар : өңдейтін қағаздар , ара , күйдіріп өрнектеу аспабы түрлі - түсті қылқалам , үлгі қағазы , көшірме қағазы , лак , қарындаш

Сабақ барысы :

Ұйымдастыру кезені :

1-ші кезең-«Сәлемдесу»

2-ші кезең -«Бағдаршам әдісі»

3-ші кезең -« Үй тапсырмасын тексеру »

4-ші кезең -« Жаңа сабақ »

5-ші кезең -« Сарамандық жұмыс»

6-ші кезең -«Сабақты бекіту»

7-ші кезең -« Қорытындылау»

Үй тапсырмасын беру :

Сәлемдесу , оқушыларды түгелдеу .

Оқушы назарын сабаққа аудару .

« Бағдаршам » әдісі

Әр оқушы сабаққа немесе сұраққа өз дайындығы туралы түрлі - түсті стикерлер арқылы белгі береді : «жасыл » - дайын , «сары » - күмәнді , «қызыл » - дайын емес .

Үй тапсырмасын тексеру .

1 . Металл өңдеудің бір түрі .

2 . Ағаш бетін тегістейтін құрал .

3 . Ағашқа белгі салу үшін пайдаланатын циркуль .

4 . Тесу құралы .

5 . Ағаш беттерін әрлейтін қағаз .

6 . Ағашты термиялық өңдеу

7 . Мұқалған металтескіш құралдарды қайта өткірлеу тәсілі . Жауабы : кесу , сүргі , рейсмус , дрель , зімпара , пиротипия , қайрау .

Жаңа сабақ

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : « Ағашты күйдіріп өрнектеу » . Ең әуелі біз ағашты күйдіріп өрнектеу аспапбымен танысайық . Ағашты күйдіріп өрнектеу аспапбының құрлысы :

1 . - негізгі

2 . - ток күшін үнемдеуші

3 . - қүйдіргіштің тұтқасы

4 . - шыйыршық (спираль) немесе электрод

5 . – ток күшіне жалғауға арналған ашалы сымнан тұрады

Ағашты күйдіріп өрнектеу электр бізбен жасалады . Ондай біздер арнаулы дүкендерде сатылады . Тіпті оны қолдан жасап алуға болады Біздің бөлшектеріне 127 в - тан ә в – қа дейін төмендетілетін трансформатор кіреді . Тұтыну қуаты 20 вт шамасында . Негізгі жұмысты тұтқа ұшындағы металл электрод атқарады . Күйдіру жиектік , сызықшалы және нүктелік әдістер деп үш топқа бөлінеді . Жиектік әдісте күйдіріліп жасалған өрнек бұйым шетін қуалай жолақ немесе таспа түрінде орналасады . Жұмыс қарапайым электр күйдіргіш бізімен ағаш шетін айналдыра күйдіру арқылы орындалады . Күйдіргіш біз әртүрлі пішінді (иілген , түзу ) болуы мүмкін : мысалы , сегіз тәрізді , Z тәрізді немесе Y әріпі тәрізді . Осындай пішіндерді пайдалану арқылы өрнектер жасауға болады . Көбіне дайын бұйымдарды осылай әшекейлейді . Сызықшалы әдісте сурет бетіне электр күйдіргішпен жылдам қозғалыстар жасау арқылы сызықшалар түсіреді ( сызықшалар қаншалықты қысқа болса , түсі де қанық болады ) . Нүктелік әдісте нүктелерді үлкенді кішілі , терең - таяз етіп күйдіріп , ағаштың ақ жерлерін қарайған суреттерге айналдырып , бейнелеу . Солғын түс беру үшін ағаш бетіне электр күйдіргіштің бізін сәл ғана тигізіп өтеді . Негізінен , барлық күйдіру жұмыстары осы әдіспен орындалады . Ағашты күйдіріп өрнектеу аспапбымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері .

Жұмысқа дейін :

1 . Жұмыс киімінді дұрыс киін . Жең , галстук , белбеу , т.б. киімдеріңді ретте .

2 . Жұмыс орнында артық ешнәрсе тұрмасын .

3 . Электркүйдіргіш аспабын тек мұғалімнің рұқсатымен қосу қажет .

4 . Электркүйдіргіш бауында жалаңаш сым көрсендер , басқа да ақаулықты байқаған жағдайда бірден мұғалімді хабардар ету қажет .

Жұмыс кезінде :

1 . Жұмыс барысында күйдіргіш бізді қатты басуға болмайды .

2 . Сызық соңында суреттен бізді бірден көтеру керек .

3 . Күйдіріп жатқан жерге жақын еңкеюге болмайды .

4 .Қыызып тұрған бізді киімге , денеге тигізіп алудан сақ болу керек .

5 . Көзді демалдыру үшін , электркүйдіргішті суыту үшін әрбір 20 минут сайын үзіліс жасау керек .

Жұмыстан кейін :

1 . Жұмыс орныңды ретке келтір .

2 . Жұмыс соңында және үзіліс кезінде электркүйдіргішті электр желісінен ажырату керек .

3 . Өзінді ретке келтір .

Сарамандық жұмыс

Жеке жұмыс киімін кию : фартук , жеңқап .

Күйдіріп өрнек салуға ағаштың жұмсақ түрлері ( жөке , терек және қарағаш ) пайдаланылады . Күйдіріп өндеген кезде пайдалану үшін суреттері бар арнаулы альбомдар , сызба үлгілері қолданылады . Бастапқы кезде суреттері қиылатын альбомдарды , кітап журналдарды да пайдалануға болады . Суретті ағаш бетіне дұрыс көшіру өте маңызды . Ол үшін таңдап алынған суретті жылтыр қағазға немесе папирус қағазына көшіріп , көшірмесін көшіргіш қағазбен кіршіксіз тазаланған ағаштың бетіне түсіреді . Оюлары бір нұсқадағы өрнектерді күйдіріп түсіргенде , қатты қағаздар мен кесілген дайын үлгілер және трафареттерді пайдалануға болады . Оларды ұқыптап тазаланған ағаштың бетіне қойып , қарындашпен сызып шығады . Күйдіру әдісінде алғашқы суреттерді нүкте – нүкте етіп күйдіру байқау керек . Нүктелерді



үлкенді - кішілі , терең таяз етіп күйдіріп , ағаштың ақ жерлерін қарайған суреттерге айналдырып бейнелейтін заттың көлемін анықтап қолды үйретеміз . Күйдіріп сурет салатын ағаштың бір шетін көтеріңкіреп , көз алдынан 30 - 25 см қашықтықта ұстаған жөн . Күйдіріп өңделген ағашты бояуға немесе лактауға болады .

Сабақты бекіту :

1 . Электркүйдіргіш аспабы қандай бөліктерден тұрады ?

2 . Ағашты күйдіріп өрнектеу аспабымен жұмыс жасау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек ?

Ағашты күйдіріп өрнектеу жолымен дайын сапалы өнім жасауда өндірістік жүйе әдісінің тиімділігі мен нәтижесі туралы айтып беріндер ?

Сабақты қорытындылау .

Ағашты күйдіріп өрнектеу технологиясы қазіргі кезде жақсы дамуда . Қазіргі заман талабына сай күйдіру тәсілімен жасалған бұйымдар қымбат бағаланып , қазақ халқының ою - өрнектерімен әрленіп , ол өнімдер арқылы жақсы пайда тауып жатырп .

Үй тапсырмасын беру : Ою - өрнектерді әрлеп бояп лактап келу .



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!