Аты-жөні енгізілмеген
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісу
Сілтемені көшіру
Барлығы: 10 материал
Кәдесыйлық әшекейлі келі-келсап жасау .
770 ₸
Құдайқұл Нұрсұлтан Нұрғалиұлы
770 ₸
17 Қаңтар 2019
739
0
Кәдесыйлық әшекейлі келі- келсап. Кішігірім әшекейлі келі-келсаптың үлгісі төмендегі суретте көрсетілген. Бұл — ерте заманнан кең тараған бұйым. Келі-келсаппен көбінесе бидай, тары және т.б., тіпті ірі гұздарды да ұнтақтаған. Ағаш білдегінде жонылатын кішігірім бұйымның өлшемдері аса үлкен емес, оның биіктігі 80 мм, беткі шеңбердің диаметрі — 50 , келінің ортаңғы шеңберінің ойығы — 20 мм, тереңдігі шамамен — 60 мм, келсаптын, ұзындығы — 125 мм. Шеңбердің диаметрі 14 —16 мм.
Технология
Ашық сабақ
7 сынып
Ағашты көркемдеп өңдеу түрлері. Ағашты күйдіріп ою салу.
770 ₸
Құдайқұл Нұрсұлтан Нұрғалиұлы
770 ₸
17 Қаңтар 2019
1349
0
Ағашты күйдіріп өрнектеу. Сәндік қолданбалы өнер туындылары: Бұйым типі бойынша: тұрмыстык заттар, үй керек- жарақтары және басқа қажетті заттар. Бұйым материалы бойынша: фанер, көп қабатты фанер, ағаш. Материалды өңдеу технологиясы бойынша: күйдіру, ою, аралау, т. б. жіктеледі.Тұрмысқа қажетті заттарды жасап үйрену арқылы ұлттық өнердің өзіндік ерекшелігімен, көркемдік құрылымымен танысуға болады. Ата-бабаларымыздың тұрмыста пайдаланған бұйымдарын жасау арқылы ұлттық көркем өнердің қыр-сырын түсінуге болады.
Технология
Ашық сабақ
8 сынып
Шығармашылық жоба
770 ₸
Құдайқұл Нұрсұлтан Нұрғалиұлы
770 ₸
17 Қаңтар 2019
2324
0
Сендер қалай ойлайсындар, адам қандай нәрселерді жобалай алады? Егер сенде мүмкін болғанның бәрін деп айтсаңдар, онда дұрыс жауап бересіңдер. Жоба – бұл адамның өз шығармашылық әлеуетін барынша ашу мүмкіндігі. Шығармашылық жоба өзін жекелей немесе топта көрсетуге, өз күшін байқап көруге, өз білімін, шеберлігін қолдануға, пайда әкелуге, қол жеткен нәтижелерді көрсетуге мүмкіндік береді. Жобаны таңдағанда адам мұқтаждықтар мен қажеттіліктерді сезіну қажет. Жобаны таңдағаннан кейін оны негіздеу, яғни таңдау себебін, дайындау барасын, қолдану саласын көрсету керек.
Технология
Ашық сабақ
10 сынып
Әр түрлі материалдан жасалған сәндік бұйымдар
770 ₸
Құдайқұл Нұрсұлтан Нұрғалиұлы
770 ₸
17 Қаңтар 2019
1986
7
Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің ежелгі ұлттық үлгілері мен дәстүрі ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Қазақтың ежелден келе жатқан киіз үйі мен күнделікті тұрмыста пайдаланатын барлық жиһаздары мен заттары ұлттық ою-өрнекпен көркемделіп отырады. Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана практикалық жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызды дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды жасауды айтады.
Технология
Ашық сабақ
11 сынып
Сегіз қырлы ,бір сырлы.
770 ₸
Құдайқұл Нұрсұлтан Нұрғалиұлы
770 ₸
17 Қаңтар 2019
2092
5
Бүгінгі заман талабына сай адам сегіз қырлы бір сырлы болуы керек. «Үйрету - үлкеннен, үйрену - кішіден» демекші, өткеннің өнегесін, дәстүрдің татымдысын сабақ үстінде бала бойына сіңіру әрбір ұстаздың міндеті. Сайыстың шарттарымен таныстыру: Құрметті әділқазылар, ұстаздар, сайыскерлер, оқушылар «Кім іскер және кім шебер?» атты сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл сайысымызға 6 сыныптардан 4 топ қатысқалы отыр. Олар: «Жасұлан», «Өнер», «Шебер», «Дарын» Сайыс сабағымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
Технология
Ашық сабақ
10 сынып
Киіз үй. Киіз үйдің тарихына шолу
770 ₸
Құдайқұл Нұрсұлтан Нұрғалиұлы
770 ₸
17 Қаңтар 2019
372
0
Киіз үй – «Атамыз – Алаш, керегеміз ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған ата - бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киіз үй – қазақ халқының ұлттық мұрасы. Киіз үй тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ - мекені. Біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі шаңырағымыз деп дәріптейді.
Технология
Ашық сабақ
7 сынып
Бұйымды көркем күйдіру
770 ₸
Құдайқұл Нұрсұлтан Нұрғалиұлы
770 ₸
17 Қаңтар 2019
551
0
Ағашты күйдіріп өрнектеу электр бізбен жасалады . Ондай біздер арнаулы дүкендерде сатылады . Тіпті оны қолдан жасап алуға болады Біздің бөлшектеріне 127 в - тан ә в – қа дейін төмендетілетін трансформатор кіреді . Тұтыну қуаты 20 вт шамасында . Негізгі жұмысты тұтқа ұшындағы металл электрод атқарады . Күйдіру жиектік , сызықшалы және нүктелік әдістер деп үш топқа бөлінеді . Жиектік әдісте күйдіріліп жасалған өрнек бұйым шетін қуалай жолақ немесе таспа түрінде орналасады
Технология
Ашық сабақ
6 сынып
Қыларамен аралап кесу.
770 ₸
Құдайқұл Нұрсұлтан Нұрғалиұлы
770 ₸
17 Қаңтар 2019
555
1
Қыларамен аралап кесу — ағашты ою сияқты өнердің қолданбалы түрлернің бірі Аралап кесу үшін материал ре¬тінде таза, бұтақтары жоқ, қалыңдығы 6 мм-ден аспайтын желімделген фанер пайдаланылады. Егер фанердің ісінген, желімделмеген жерлері болса, онда қабыршак, қабаттары сөзсіз сынады, ондай фанерлерді пайдаланбаған жөн. Орта қабаттарына шіри бастаған көктерек салынған, сондай-ақ үлкен бұтақтары бар қалың қабыршақты фанер де жарамайды. Бәрінен де бірыңғай қайың немесе шамшат қабыршақтарынан желімделген фанерді пайдаланған дұрыс.
Технология
Ашық сабақ
7 сынып
Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын ағаш жону білдегінде дайындау.
770 ₸
Құдайқұл Нұрсұлтан Нұрғалиұлы
770 ₸
17 Қаңтар 2019
475
0
Жонғыш құрал-саймандар және айлабұйымдар. Ой қозғау. Жонғыш құрал-саймандардың қандай түрлерін білесіңдер? Жоңғыш құрал-саймандар кескіш қашаулар құрылымы бойынша өте алуан түрлі, олардың әр түрлі болуы білдектің құрылымдық ерекшелігіне және қолданылуына байланысты болады. Фасонды кескіштерді бұйымда фасонды пішіндер қыру үшін қолданады. Бекітуші айла бұйымдарға: қысқұрылғы, үшаша, қысқы жатады. Қысқы және үшашамен осьтік жонуда дайындаманың бір шетін ұстатады. Сонымен бірге қысқұрылғымен тетіктердің ішкі жағын қырғанда бекітуші айла бұйым ретінде қолданады.
Технология
Ашық сабақ
8 сынып
Тұрмыстағы жөндеу жұмыстары.
770 ₸
Құдайқұл Нұрсұлтан Нұрғалиұлы
770 ₸
17 Қаңтар 2019
3338
26
Сабақтың мақсаты : Оқушыларды ағаш материалынан қора жасау жұмыстарымен таныстыру. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың электрленген қоласпаптармен жұмыс жасау қабілетін дамыту.Қора әр үйге керекті міндетті бұйымның бірі. Ол тоқылған, тұтас ағаштан, қыштан, бетоннан жасалған болуы мүмкін. Бірақ ағаш тақтайшалардан жасалған қораның орны ерекше. Ол әдемі көрінісі, арзандығы, оңай жасалуы, ұзақ уақыт жұмыс істеуімен ерекшеленеді. Мұндай қораға қажет материал: қадаға өлшемі 100-100 мм дөңбектер,40-100 мм тақтайлар, ұзындығы 100-120 мм, өлшемі 25-50 мм тақтайшалар. Кез келген қора қада орнатудан басталады: алдымен екі шеткі қада сонан соң жіптің бойымен қалған қадалар.Қадалар шіріп кетпеу үшін оларды бетонға бекітілген металл анкерлерге орнатқан дұрыс. Қор
Технология
Ашық сабақ
9 сынып