Киіз үй. Киіз үйдің тарихына шолу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Киіз үй. Киіз үйдің тарихына шолу

Материал туралы қысқаша түсінік
Киіз үй – «Атамыз – Алаш, керегеміз ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған ата - бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киіз үй – қазақ халқының ұлттық мұрасы. Киіз үй тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ - мекені. Біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі шаңырағымыз деп дәріптейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Ж.Сүлейменов атындағы №70 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі»









Киіз үй. Киіз үйдің тарихына шолу.

Ашық сабақ









Технология пәні мұғалімі:

Құдайқұл Н.







2018 – 2019 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Киіз үй. Киіз үйдің тарихына шолу»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың еңбекке, ұлттық қолөнер түрлеріне деген ой-өрісін , технологиялық шеберлігін , дағдысын , сабақ үстіндегі белсенділігін арттыру .

Қолданылатын әдіс – тәсілдер: топтық жұмыс, АКТ қолдану, сарамандық, ой қозғау

Пәнаралық байланыс: тарих, көркем еңбек, әдебиет, сызу

Оқушыларды екі топқа бөлеміз.

  1. «Ұста»

  2. «Қолөнер»

Сабақтың кезеңдері:

1-ші кезең-«Кім білімді»

2-ші тур- «Сәйкестігін тап»

3-ші кезең -«Кім өнерлі»

4-ші кезең -«Сергіту сәтті»

5-ші кезең -«Сөзжұмбақ»

6-ші кезең -«Мақал-мәтел»

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Киіз үй – «Атамыз – Алаш, керегеміз ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған ата - бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киіз үй – қазақ халқының ұлттық мұрасы. Киіз үй тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ - мекені. Біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен - жайы, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланды. Тағы бір ерекше айта кететін жай: біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады.
Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақы үйлер пайдаланылуына қарай, сән - салтанатына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді. Мысалы: қара үй, боз үй, ақ үй, ақ ала орда, ақ орда, ақ шаңқан, алтын үзік, алтын орда. Көшіп - қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық жұмыс ретінде бейімделген үй түрлері болады. Олар: қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады.

1-ші тур «Кім білімді?» әр топқа ортақ сұрақ беріледі, әрбір дұрыс жауап 1 ұпай.

1. Киіз үй негізі неше бөліктен тұрады? (киіз үйдің іші, киіздері, бау - шулары)
2. Шаңырақ қандай мағынаны білдіреді? (үй, отбасы)
3. Киіз үйдің сүйектерін ата. (шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық)
4. Сандықтың астына қоятын жиһаз. (жүкаяқ)
5. Әбдіре дегеніміз не? (зат, бұйым, киім салып қоятын үлкен сандық)
6. Киіз үйдің іші нешеге бөлінеді? (төртке: төр, оң жақ, сол жақ, от орны)
7. Киіз үйдің сүйектерін жасайтын адамды кім деп атайды? (үйші)

2-ші тур- «Сәйкестігін тап»

Ұлттық  дәстүр              наследие

Асыл  мұра                     казахский народ

Әдемі киіз үй                 народная традиция

Қазақ халқы                   красивая юрта





3-ші тур-«Кім өнерлі»

Тапсырма: Киіз үй макетін ұлттық өрнектермен сәндеу.



4-ші тур-«Сергіту сәтті» Психологиялық тренинг "Жіптік курс". Күрекшені пайдалану арқылы оқушылар кішкене допты ыдысқа түсіреді. Бұл әдіс топтық және көшбасшылық іс – әрекеттерді дамытады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» - демекші, оқушыларды ұйымшылдыққа,бірлікке шақырады.



5-ші тур-«Сөзжұмбақ»

СӨЗЖҰМБАҚ

ҚОЛ ӨНЕР
1. Ұлдардың бас киімі (тақия) 
2. Жабайы және үй жануарларының терісінен жасалатын сыртқы киім (тон)
3. Сәндік өнеріміз ұрпақтан ұрпақа не арқылы жетет (қолөнер) 
4. Жігітке жеті ................. де аз. (өнер ) 
5. Көркем туындылар ою сомдау немесе құю арқылы жасалатын пластикалық өнер түрі (мүсін)

6. Ағаштан әр түрлі бұйымдар жасайтын адам (шебер).

7. Былғарыдан жасалған қымыз сақтауға арналған қазақы ыдыс (торсық)




6-ші тур-«Тест тапсырмаларын орындау»

1.Көшпенді халықтың негізгі баспанасы. а. Абылайша , ә . Қараша үй, б. Киіз үй

2.Кереге мен шаңырақ ортасын қосатын бөлік. а. Сықырлауық, ә. Уық б. Киіз есік

3. Киіз үйдің қасиетті бөлігі а. Сандық ә. Кебеже б. Шаңырақ

4. Киіз үйдің сүйектерін жасайтын адам а. Үйші ә. Балташы, б. Оймашы

5. Шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық . а. Ағаштан жасалған бұйым, ә.Киіз үйдің сүйектері , б.Тұрмыста пайдаланады

6. Киіз үйдің бөліктері а. Үйдің сүйектері,киіздері, бау- шулары, ә. Киіз үйдің ішкі бөлігі, б. От орны 7.Кереге бойын жабатын киіз а.Шиден жасалған бұйым, ә. Туырлық б. Басқұр

8. Еліміздің елтаңбасында бейнеленген а. Киіз үй ә. Уық б. Шаңырақ

Жауабы: 1. б , 2. ә , 3. б , 4. а , 5. ә , 6. а, 7. ә , 8. б



Кері байланыс. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің

қандай?

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Не білгің келеді?

Не білдің?

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазады.



Қорытынды сөз.

Киіз үй - «Атамыз - Алаш, керегеміз - ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киіз үй - тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ – мекені. Солай бола тұрса да, оны қастерлеп ұстап, ғасырдан ғасырға оның мән-маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әрдайым мақтанышпен айтамыз.

Үй тапсырмасын беру :Киіз үй жасап келу.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2019
430
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі