400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шығармашылық жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Сендер қалай ойлайсындар, адам қандай нәрселерді жобалай алады? Егер сенде мүмкін болғанның бәрін деп айтсаңдар, онда дұрыс жауап бересіңдер. Жоба – бұл адамның өз шығармашылық әлеуетін барынша ашу мүмкіндігі. Шығармашылық жоба өзін жекелей немесе топта көрсетуге, өз күшін байқап көруге, өз білімін, шеберлігін қолдануға, пайда әкелуге, қол жеткен нәтижелерді көрсетуге мүмкіндік береді. Жобаны таңдағанда адам мұқтаждықтар мен қажеттіліктерді сезіну қажет. Жобаны таңдағаннан кейін оны негіздеу, яғни таңдау себебін, дайындау барасын, қолдану саласын көрсету керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ж.Сүлейменов атындағы №70 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі»











Шығармашылық жоба.

Ашық сабақ











Технология пәні мұғалімі:

Құдайқұл Н.







2018 – 2019 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Шығармашылық жоба»

Сабақтың мақсаты: Шығармашылық жоба туралы білімдерін арттыра отырып, жоба жасау және оны қорғауды үйрету.

Қолданылатын әдіс – тәсілдер: топтық жұмыс, АКТ қолдану, сарамандық, ой қозғау.

Пәнаралық байланыс: тарих, көркем еңбек, әдебиет, сызу.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерің арттыру, өзінің қиялың, пікірін, көзқарасын қалыптастыра отырып, ой – өрісін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Ептілікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиеле отырып, оқушының эстетикалық талғамын арттыру.

Оқушылар білуі тиіс:

-бұйым және материал туралы ақпаратты іздеу тәмілін;

-құрастырма негіздемесі және оны дайындау кезеңдері;

-олардың шешудің мүмкін жолдары, теникалық және технологиялық міндеттері;

-жобалық құжат түрлері:

Оқушылар игерген болуы тиіс:

-тұтынушыға және таурдың базардағы сұранысына, қызметіне қарай жобаның тақырыбын таңдау;

-бөлшек нобайын құру;

-дайындаманы оның пішінінің сызбасын,материалын және өлшемін анықтай отырып таңдау;

-есеп жасау және өңдеуге жіберілетіндерді бөлу;

-технологиялық картаны оқу

-өлшегіш құралдардың және үлгінің көмегімен сызба бойынша бөлшектерге белгі салу;

-бөлшектерді әр түрлі құралдармен, әр түрлі тәсілдермен өңдеу;

-бөлшектерді жинау және біріктіру;

-бұйымдардың базардағы қажеттілігін дәлелдеу, оларды қорғау.



Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, түгендеу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Стикер диологы.

Ағашты өңдеу жұмысының тәсілдерін ата.

(ою, нақыштама, мозайка, күйдіру, оюлу безендіру)

Металды қысыммен өңдеу тәсілдері?

(Илемдеу, сымдау, баспалау, бос сызғылау, көлемді созғылау)

Басқа қозғалтқыштарға салыстырғанда электроқозғалтқыштың басымдығы неде?

(экологиялық, үнемділік, оңтайлық)

Шаруашылық, тұрмыстық және көркемдік заттардың атауларын атаңдар.

(белбеу, тегене, ожау, сандық, кебеже, қанжар, қылыш)

ІІІ.Жаңа сабақ

Шығармашылық жоба.


Оқушылар сіздер жоба деген сөзді қалай түсінесіндер?



Shape1

Ж оба

Сендер қалай ойлайсындар, адам қандай нәрселерді жобалай алады? Егер сенде мүмкін болғанның бәрін деп айтсаңдар, онда дұрыс жауап бересіңдер.

Жоба – бұл адамның өз шығармашылық әлеуетін барынша ашу мүмкіндігі. Шығармашылық жоба өзін жекелей немесе топта көрсетуге, өз күшін байқап көруге, өз білімін, шеберлігін қолдануға, пайда әкелуге, қол жеткен нәтижелерді көрсетуге мүмкіндік береді.

Жобаны таңдағанда адам мұқтаждықтар мен қажеттіліктерді сезіну қажет. Жобаны таңдағаннан кейін оны негіздеу, яғни таңдау себебін, дайындау барасын, қолдану саласын көрсету керек.

Материалдық – техникалық қамтамасыз ету мүмкіндіктерін, жобаны дайындаудың экологиялық мақсаттылығын ескеру қажет.

Жобалық жұмыс 3 кезеңнен тұрады:

  1. Ұйымдастыру – дайындық

  2. Технологиялық

  3. Қорытынды

Бірінші кезеңде (жобалау) жасалатын бұйым түрін таңдаңдар.жасауға байланысты әдебиеттерді қарастырғанда, бұйым конструкциясының үздік нұсқасын анықтандар. Бұйымның қолданыста бар баламаларының конструкциясымен танысыңдар. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтаңдар. Осы сараптаманың негізінде анықталған кмшіліктердің қайталуына жол берілмейтін және артықшылықтары енгізілетін конструкция даярлаңдар. Қажетті орындау реттін, құралдар мен эскиздерің даярландар.

Екінші кезеңде (жобаны дайындау) қауіпсіздік техникасын, еңбек тәртібі мен еңбек мәдиниетін сақтай отыра, технологиялық процеспен қарастырылатын операцияларды орындаңдар.

Қорытынды кезеңде бұйымға байқау жүргізіп, сынаңдар. Қажет болған жағдайда конструкторлық – техникалық құжаттарға түзетулер енгізіңдер, жобаның экономикалық негізделген және экологиялық бағалау енетін түсіндірме хатын рәсімдеңдер де жобаларыңды қорғаңдар.



Picture 2

Түсідірме хат

Түсіндірме хат мұқият рәсімделуі керек, анық жазумен жазылуы немесе компьютерде теріліп. Мазмұны бойынша оған мыналар енеді:

  1. Титулдық парақ.

  2. Кітаптың мазмұны.

Титулдық парақтан соң мазмұны беріледі. Онда түсіндірме хаттың барлық тақырыптары тізіледі, олардың орналасқан беттері көрсетіледі. Тақырыптарды қысқартуға немесе басқа формада, реттілікпен және матаса байланыстары беруге болмайды.

  1. Кіріспе.

Кіріспеде таңдалған тақырыптың өзектілігі, алға қойылған міндеттер мен мақсаттардың мазмұны негізделеді; жоспарланған нәтиже қисындалады, жобаның жаңашылдығы көрсетіледі.

  1. Негізгі бөлім тараулары.

1 – тарау. Бұйым конструкциясы.

Бұйым контрукциясын сипаттайтын бірінші тарауда әдебиеттердің қысқаша шолуы беріледі, жобада қарастырылатын тақырыптың шешімі бойынша идеялар мен ұсыныстар банкі дайындалады.

Эскиз стандартты парақта орындалып, барлық габариттік

2 – тарау. Жасау технологиясы.

3 – тарау. Жобаның экономикалық негізделуі.

4 – тарау. Жобаның экологиялық бағалануы.

  1. Қорытынды.

  2. Қолданылған әдебиеттер.

  3. Қосымшалар, айқындауыштар.

ІV. Практикалық жұмыс

V. Қорытынды

Материалдарды бекіту, 10 сұрақ әдісі

VІ. Бағалау

VІ. Үй тапсырмасы

Үйден таңдаған тақырыптарына мәнжазба жазып келу.




























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
2493
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі