Материалдар / Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын ағаш жону білдегінде дайындау.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын ағаш жону білдегінде дайындау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жонғыш құрал-саймандар және айлабұйымдар. Ой қозғау. Жонғыш құрал-саймандардың қандай түрлерін білесіңдер? Жоңғыш құрал-саймандар кескіш қашаулар құрылымы бойынша өте алуан түрлі, олардың әр түрлі болуы білдектің құрылымдық ерекшелігіне және қолданылуына байланысты болады. Фасонды кескіштерді бұйымда фасонды пішіндер қыру үшін қолданады. Бекітуші айла бұйымдарға: қысқұрылғы, үшаша, қысқы жатады. Қысқы және үшашамен осьтік жонуда дайындаманың бір шетін ұстатады. Сонымен бірге қысқұрылғымен тетіктердің ішкі жағын қырғанда бекітуші айла бұйым ретінде қолданады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2019
476
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Ж.Сүлейменов атындағы №70 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі»









Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын ағаш жону білдегінде

дайындау.

Ашық сабақ







Технология пәні мұғалімі:

Құдайқұл Н.



2018 – 2019 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын ағаш жону білдегінде дайындау»

Сабақтың тақырыбы: Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын ағаш жону білдегінде дайындау.

Білімділік мақсаты : Оқушыларды ағаш жону білдегімен танысу және оны қолдану; жұмыс амалдарын, бұйымның ішкі беттерін жону үшін кескіш аспапты таңдай білуге, дайындамаларды бекітетін айлабұйымдарды таңдауға үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың қауіпсіздік ережесін тиімді пайдалану арқылы жонғыш құрал-саймандар және айлабұйымдармен дұрыс жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды көркемдік жұмыстарды орындауда эстетикалық талғамға тәрбиелеу .
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың оқыту әдісі: Әңгімелесу, сарамандық және өз бетімен жұмыс істеу.
Көрнекілік: Дайын бұйым үлгілері, суреттер, сызбалар,жону білдегі.
Жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды түгелдеу
ә) Жұмысты ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау.

Қылара кай ара түріне жатады? Қыларамен қандай материалдарды аралауға болады? Жұмыс қалай орындалады? Т. б.

3. Жаңа сабақ.

Жонғыш құрал-саймандар және айлабұйымдар.

Ой қозғау. Жонғыш құрал-саймандардың қандай түрлерін білесіңдер?

Жоңғыш құрал-саймандар кескіш қашаулар құрылымы бойынша өте алуан түрлі, олардың әр түрлі болуы білдектің құрылымдық ерекшелігіне және қолданылуына байланысты болады.

Фасонды кескіштерді бұйымда фасонды пішіндер қыру үшін қолданады.

Бекітуші айла бұйымдарға: қысқұрылғы, үшаша, қысқы жатады. Қысқы және үшашамен осьтік жонуда дайындаманың бір шетін ұстатады. Сонымен бірге қысқұрылғымен тетіктердің ішкі жағын қырғанда бекітуші айла бұйым ретінде қолданады.

Қысқұрылғы үлкен өлшемді дайындамаларды өңдегенде және жалпақ тұтас дискілерді қырғанда бекітуші айлабұйым ретінде қолданылады.



Ағаш өңдейтін токарь станогімен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Жұмыс кезіндегі қауіп түрлері:

1. Жаңқаның ұшуынан көз жарақаты;

2. Айналу бөліктеріне жанасудан қол жарақаты;

3. Дұрыс пайдаланбаудан қол жарақаты;

4. Дайындаманы станокқа дұрыс бекітпеуден немесе дайындаманың сапасыздығын дене жарақаты болуы мүмкін, сондықтан:

Жұмысқа дейін:

1. Жұмыс киіміңді дұрыс киін. Жең, галстук, белбеу т.б. киімдеріңді ретте.

2. Станокті тексер (ременді берілістің қорғаныш бөліктері, заземление т.б.).

3. Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын.

4. Дайындаманы мұқият тексер (көз, жарық, т.б.).

5. Пышақ тіреуіштің биіктігін дайындаманың центрлік сызығына дәл келтіріп, арақашықтығы 2-3 мм болсын.

6. Пышақтың жүзін тексер.

7.Станокты бос айналдырып тексеріп көр.

8. Көзіңе көзәйнек ки.

Жұмыс кезінде:

1. Кесу жұмысы станок толық күшімен айналған соң баста.

2. Пышақты дайындамаға күш түсірмей, аздан тос.

3. Пышақ тіреуішпен дайындаманың арасын қалыпты жағдайға келтіріп отыр.

4. Жарақат алмас үшін:

а) станокқа қатты жақындама; ә) станок үстінен алыс-беріс жасама;

б) өлшеу жұмыстарын станок толық тоқтаған соң жүргіз;

г) жұмыс істеп тұрған станокті тастап кетпе.

Жұмыстан кейін:

1. Жұмыс орныңды ретке келтір.

2. Станокті мұғалімге тапсыр.

3. Өзіңді ретке келтір.

Сарамандық жұмыс:

Жұмыстың мақсаты: ағаш жону білдегімен танысу және оны қолдану; жұмыс амалдарын игеру.

Жабдықтар мен құрал-саймандар, айлабұйымдар: ТСД-120 білдегі, әр түрлі қашаулар, бекіме айлабұйымдар, штангенциркуль, сызғыш, жонуға арналған дайындама, қалам.

Техникалық мәліметтер: білдекте сызатсыз, бұтақсыз, шірігі жоқ, жақсы кепкен дайындаманы өңдейді.

1. Көркемдеп жону жұмыстарының күрделілігіне байланысты ағаш жону білдегінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін орындауға ерекше назар аудару.

2. Технологиялық карталарды тарату.

3. сызбаларды оқып-үйрену және тиісті құрал-саймандар мен айлабұйымдарды таңдап алу.



4. Кәдесыйлық киіз үй жасау.

Shape1



Shape2

Shape5 Shape4 Shape3

Shape6

Shape7

Shape8







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!