400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бұйымды көркемдік кестемен безендіру үшін композиция құрастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып оқушыларға арналған сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушыға нұсқаулық


Бөлім

Визуалды өнер

Педагогтің аты-жөні

Мухтарова Марина Нәбиқызы

Сынып:

5

Сабақ тақырыбы

Бұйымды көркемдік кестемен безендіру үшін композиция құрастыру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.5.2-Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

Көркем кесте түрлерін біледі

Оқушылардың басым бөлігін орындай алады:

Көркем кестемен бұйымды безендіру әдістерін біледі.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану.

Техника қауіпсіздігін ұстану

Бағалау критерийлері:

Көркем кестелеудің бірнеше түрлерін үйлесімді қолданады.

-Түс үйлесімділігін ажыратады

-Көркем кестемен безендіруге арналған композиция құрастырады

Жұмыс барысында техника қауіпсіздігін сақтайды

Тілдік мақсаты

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Кесте

вышивка

Embroidery

Шым кесте

вышивка гладька

Padded satin stitches

Сәнді кесте

декоративная вышивка

Decorative embroidery

Кергіш

пяльцы

Hoop




Сабақтың кезені

Сабақ барысы

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар






Жаңа сабақ

Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушыларды жаңа тақырып пен оқу мақсаттарымен таныстыру. Бүгінгі сабақтағы іс-әрекеттерін атап шығу.

Жаңа тақырыпты меңгеру үшін оқушыларға қол тігістері (көктеу, торлау, қайып тігу т.б.) және көркемдік кесте түрлері (баспа, тығыз, айқас кесте, біз/тамбурлы кесте және т.б.), материалдар (мата және жіптер: ирис, мулине, жүн және мақта жіптері) және кестелеуге арналған құралдармен (ине, қайшы, кергіш, оймақ), сонымен қатар, қазақтың ұлттық кесте өнерінің ерекшелігімен және кестемен бұйымдарды безендіру тәсілдерімен таныстыратын бейнеролик көрсету.

Қауіпсіздік ережелері

1.Инені аузыңа салма, инені бос тастама.

2.Қайшыны ашық тастама, үшкір жағын өзіңе қаратып қойма, қайшыны біреуге берер кезде тұтқыл жағын бер

3.Инелер мен түйреуіштердің санын біл,оларды қорапта ұста

Дайын нобайды негізге (ол дайын бұйым немесе дайын бұйымды безендіруге арналған негіз мата болуы мүмкін) аудару қажет. Суретті негізге немесе бұйымға көшірген соң кестелеуге кіріседі. Зығыр матаға гүл суретін тігу. «Инені алға» тігісімен

Сарамандық жұмыс № 1.

Бұйымды көркемдік кестемен безендіру үшін

композиция құрастыру. Нобай.

Жұмыстың бірінші кезеңінде оқушылар алдыңғы композиция жайлы білімдерін қолданып, болашақ бұйымға арналған кестенің нобайын орындайды. Нобайды композициялық заңдылықтарға сай ритм, симметрия және асимметрияны ескере отырып құрайды.

Бұл тапсырманы орындауда сызба құралдарын, шаблондар мен суреттерді қолданады.

Одан кейін оқушылар қажетті материалдар (мата және жіптер: ирис, мулине, жүн және мақта жіптері) және кестелеуге арналған құралдар (ине, қайшы, кергіш, оймақ) мен түстік шешімді таңдайды.

Дифференциация: қарапайым, орташа және күрделі өрнекті композиция орындау ұсынылады.

Сарамандық жұмыс №2

Бұйым ретінде таңдалған б9йымды қазақтың ұлттық мотивтерімен кестелеу.

Шым кесте арқылы тігу.

Сарамандық жұмыс алдында оқушылар инешаншым, тігіс түрлері мен көркем кесте (Біз кесте, сабақты кесте, айқас кесте, тығыз кесте.т.б.) үлгілерін зерттейді.


Сабақ соңында оқушылар өздерінің нобайларын бір-біріне көрсетіп, бағалайды, ұсыныстар жасайды.













Дискриптор:

-кесте түрлерін ажырата алады.

-бұйымдарды жіптің көмегімен әр-түрлі тігістермен безендіре алады

-бұйымды сәнді тігістермен кестелей алады


http://keleshek-2030.kz/books/ht5dk.php

Көркем еңбек Жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушыларына арналған ОҚУЛЫҚ (қыз балаларға арналған нұсқа)


Презентация

Бұйымды көркемдік кестемен безендіру үшін композиция құрастыру


Сілтеме:

http://vishivashka.ru/vyshivka_nitkami/vidy_vyshivki.php

Кесте түрлері мен олардың орындалу техникасы.


http://www.livemaster.ru/topic/274295-vse-vidy-rukodeliya-vyshivka Қолөнердің түрлері; Кесте

Сабақтың соңы

Бүгінгі сабақта оқушылардың не үйренгендігін орындалған тапсырманы көрме жасау.


көрме




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
07.06.2021
510
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі