Материалдар / "Бұлақ көрсең көзін аш" дарынды оқушымен жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Бұлақ көрсең көзін аш" дарынды оқушымен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» көрсетілгендей дарынды және қабілетті баланың дарындылығын дамыту педагогикалық қызметтке берілген өте күрделі міндет. Осы міндетті шешу барысында көптеген ғалымдардың еңбектерімен танысып, өз пәнімде жеке тұлғаның дарындылығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту оның нәтижесін көруге болатындай етіп «Бұлақ көрсең- көзін аш» жұмыс жоспары құрастырылып, міне соңғы он жыл көлемінде жүйелі түрде жұмыс жасап келемін. Берілген жоспар баспалдақ жүйесімен құрастырылған І. 5-6 сынып өзін-өзі тану (Үйірме жұмысы) ІІ. 7-8 сынып Жолды анықтау. Жеке тұлғаға жол ашу, жөн сілтеу(Жас талап клубы) ІІІ. 9-10 -11 сынып Үлкен нәтиже. Мамандық тандау (Бағыталды оқыту жұмысы)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
668
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Қ.Билялов атындағы гимназия»КММ















«БҰЛАҚ КӨРСЕН КӨЗІН АШ»

Дарынды, қабілетті оқушылармен жүргізілетін жұмыстын жүйесі










Технология пәнінің оқытушысы: Кожахметова Ш.М.



















«БҰЛАҚ КӨРСЕН КӨЗІН АШ»


Дарынды, қабілетті оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары


Дарынды оқушымен жүргізілетін жұмыстың мақсаты - білім беру барысында оқушылардың дара ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіби бейімін анықтап, шығармашылық қабілетін дамыту.


5-6 сынып Оқушылардың дара шығармашылық ізденісін жетілдіру,

өзіндік еңбек ету қабілетін ашу.

7-8-9 сынып Оқушылардың қабілетін, танымдық шығармашылық

мүмкіндіктерін ашу, бейіндігін анықтау

10-11сынып Кәсіптік бейімділігін анықтау, кәсіптік бағдар беру

Дарынды оқушымен жүргізілетін жұмыстың негізгі міндеттері оқушыларды даралап , саралап мақсаттарымен қызығушылықтары бір бағыттағы, бейімдік, кәсіби бағытына сай бағдаралды оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру арқылы оқушының өзіндік даму сұранысын қанағаттандыру, шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру.


Дарындылықты дамыту кезеңдері:

-қабілетті дарынды оқушыларды анықтау

-оқушылардың қабілеттілігін жекелеген жұмыстар арқылы дамыту

-ой-өрісін, білім дәрежесін кеңейту


Дарынды оқушылармен жұмыс жасау стратегиясы.

1 кезең-дарынды оқушыларды сала бойынша анықтау

2 кезең – диагностикалық зерттеу

3 кезең – оқушылардың қабілеттерін қалыптастыру, тереңдету, дамыту


Дарынды оқушылармен жүргізілетін педагогикалық іс-әрекет принципім.
Жеке тұлганы дамытуға бағытталған мүмкіншіліктердің әр түрін қолдану
-оқушының ақыл-ой қабілетін жетілдіру
-қол өнерге қызығушылығын арттыру
-белгілі бір іске машықтану арқылы икеммен дағдысын қалыптастыру


Оқушыға мұғаліммен жұмыс жасауға , және мұғалім көмегінсіз

жүзеге асыру
-сыныптан тыс шаралардың рөлін көтеру
-шығармашылық іс-әрекетке даярлауда оқушы қызығушылығын қанағаттандыру








Дарынды оқушымен жұмыс жүргізу әдісім


І. 5-6 сынып өзін-өзі тану:

Оқушылардың қолөнерге деген қызығушылығы пайда болып, белгілі бір іске машықтану арқылы икем мен дағдысы қалыптасады, осы кезде оқушының шығармашылық қабілетіне сенімін оята жеке дара қасиеттеріне тірек бола білу .

ІІ. 7-8 сынып Жолды анықтау. Жеке тұлғаға жол ашу, жөн сілтеу:

Оқушылардың шығармашылық қабілеті артып, өз идеялары пайда болып, шығармашылық ізденісі жетіледі. Өзіндік еңбек ету қабілеті ашылып , шеберлік, іскерлік дағдылары қалыптасып, кәсіби шеберліктері өсіп қолдауды қажет етеді , осы тұста оқушыны шығармашылық іс-әрекетке даярлау, қызығушылығын қанағаттандыруға бағытталған жұмыстар жасау.

ІІІ. 9-10 -11 сынып Үлкен нәтиже. Мамандық тандау.

Оқушының шығармашылық қабілеті дамып, шеберлік деңгейі өсіп, кәсіби шеберлігі шындалып шабыт үстінде болған тұста жеке тұлғаның бейіндігіне, қабілетіне қарай тұлғаға бағдарланған бағыталды оқыту жоспарын құрып жетелеуді қажет етеді. Тұлғаға бағдарланған бағдаралды іс жоспары нәтижесінде оқушының мамандық тандауна дұрыс бағыт береді.























І. «Сыйқырлы өнер әлемі» үйірмесін ұйымдастыру
(бала жастық құрамы , саны, оту мерзімі)Үйірме жоспары 2 жылға жасалған. Оқушылардың жастық құрамына (11-12 жас) сайкес топта 20 баладан аспауы тиіс. Жылдық оқыту жүктемесі 18 сағат (айына 2 рет) Бірінші жылы жоспар бойынша жұмыс жасалып, екінші жылы аталған тақырыптарды тереңдете отырып, күрделі өнер туындыларын жасайды.

Оқу мерзімі

Сағат саны

Топтағы бала саны

Айына

Жылына

2

2

18

5 сынып – 20

6 сынып- 20



5-6 сыныптар арасында жүргізілетін «Сыйқырлы өнер әлемі» үйірмесі

Мақсаты: Оқушылардың оқу үрдісінде алған білімдерін тереңдетуде шығармашылығын, еңбекке қызығушылығы мен ой өрісін кеңейтіп, талғам деңгейін жоғарылату.

Міндеттері : Қазақ халқының қолөнер дәстүрі мен мәдениетіне ынтасын дамыту, рухани – адамгершілік тұсынан еңбекке, еңбек адамына құрметпен қарауға үйрету, еңбекті өзін әулеттендіру көзі ретінде қабылдау

Күтілетін нәтиже: Шеберлігі шыңдалып, ой-өрісі кеңейеді, алдына қойған мақсатқа шыдамдылықпен, төзімділігі, өзін-өзі әркеттендіру қабілеті дамып, эстетикалық, ұлттық, этикалық бағалы қасиеттері қалыптасады.


Үйірме оқушыларға жүргізілген мониторинг

Оқушылардың

аты-жөні

Сыныбы

Пәнге деген қызығушылығы

Шығармашылық

қабілеті

Түрлі

ақырыпта қызығушылық танытуы

Икем мен дағдысы

Төзімділігі

Бейімділігі











Үйірме жұмысының қорытынды жасау түрлері

1. Ең үздік шығармашылық жұмыстар жинағын жасау

2. Оқушылардың шығармашылық көрмесін өткізу

3. Жылда өтетін аудандық, облыстық қол өнер көрмесіне қатысу .




Жүргізілетін тақырыптар

Теория

Сараман-дық

Барлығы

1

І-отырыс.

1.Үйірме жоспарымен таныстыру(қойылым күндерін белгілеу)

2.Қолөнер салалары туралы түсінік

3.Артық болмас білгенің.

4. Пайдалы кеңестер



1



-



1

2

ІІ-отырыс.

1.Көркемдік кесте тігістері (шым,баспа,түкті,айқас кесте тігу әдістері) Үлгі матаға тігіп жаттығу.

2.Тандап алған кесте түрін орындау(мата дайындау,сурет салу,сурет бойынша кестелеу)



1



6




7

3

ІІІ-отырыс.

1.Табиғи материалдармен жұмыс(керекті материалдар мен құрал-жабдықтар)Жапсырмалау технологиясы

2.Пайдалы кеңестер.



1



2



3

4

ІҮ-отырыс.

1.Сәндік қолданбалы өнер. Құрақ құрау өнері.

2. «Өнерге қанат қағамыз» атты ойын өткізу.

3.Тандап алған құрақ түрін құрау.



1



3



4

5

Ү-отырыс.

1.Оюмен ойын жеткізген.ою ою өнері

2. «Үлгісі көптің өрнегі көп,өрнегі көптің ермегі көп» атты әңгіме өткізу.



1



2



3

6

ҮІ-отырыс.

1. Квиллинг тарихы. Қағаздың сиқырла қасиеттері. Квиллинг таспасының негізгі түрлерін орау, композициялық конструкциялау технологиясы.

Күрделі емес гүлдер жасау

2.Пайдалы кеңестер.



1



4



5

7

ҮІІ-отырыс.

1.Сызба үлгісі негізінде квиллинг таспаларын құрастыру техникасы үйрен. Квиллинг техникасында оқушылардың өз бетімен жұмысы (панно, құттықтау қағазы, сувенирлер жасау)

2.Пайдалы кеңестер.



1



4



5

8

ҮІІІ-отырыс.

1.Маркетри техникасы.

2. Маркетри техникасында қабырға панносын жасау технологиясы.

3. «Шебердің қолы алтын» атты пікірлесу.



1



3



4

9

ІХ-отырыс.

1.Ұлттық нақышта ойыншық тігу.

Компазиция құрастыру.

2.Сувенирлер дайындау.



1



2



3

10

Х-отырыс. 1. Жылдық жұмысты қорытындылау.

2. Жаңа оқу жылына жоспар құру.

3. Қол өнерінің көрмесін қою.



1




1


Барлығы

10

26

36

ІІ. «Зерде» ғылыми-практикалық қоғамы жанынан құрылған

«Жас ғалым» клубының жұмысын ұйымдастыру

Шығармашылық еңбекпен жүйелі түрде айналыса отырып , ізденіс тақырыбын бекіту, жұмыс барысында әдістемелік ғылыми іс-шараларды ғылыми негізде ұймдастырып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу.


7-8-9 сыныптар арасында жүргізілетін «Жас ғалым» клубы


«Жас ғалым» клубының мақсаты- Өнерге дарынды, талапты, шығармашыл оқушыларды жеке дара жұмыстар жүргізу арқылы ғылыми жұмыстар жасауға, өз бетімен ізденуге, кәсіби еңбек түріне, өнертануға тарту.

«Жас ғалым» клубының міндеттері - Шәкірттердің ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық ізденіске жетелеу, өзіндік еңбек етуге шеберлік, іскерлік дағдысын қалыптастыру, саралап жеке жұмыстар жүргізу.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың шығармашылық қабілеті артып, өз идеялары пайда болып, шығармашылық ізденісі жетіледі. Өзіндік еңбек ету қабілеті ашылып , шеберлік, іскерлік дағдылары қалыптасып, кәсіби шеберлігі өседі.

Зерттеу объектісі

  1. Қазақ халқының этнографиясын зерттеу.

  2. Қазақ халқының қол өнерінің тарихи қалыптасуын(ежелгі өнері,

мұражайдағы мұрағаттар, кәзіргі қол өнер шеберлері) зерттеу.

  1. Қол өнер салаларын зерттеу.

  2. Қазақ халқының алғашқы баспанасы киіз үйдін ішкі және сыртқы

жабдықтарын зерттеу.

  1. Ою-өрнек,ою-өрнектің даму тарихы,атауларының мазмұның,

қолданылуын зерттеу.

  1. Сәндік қолданбалы өнер туындылары, қазақ халқының қол өнер

туындыларының шығу тарихы мен жасалу технологиясын зерттеу.

  1. Қазақ халқының көшпелі тіршілігіндегі мал шаруашылық кәсібін зерттеу.

  2. Жүннің шикізат ретінде қолдануын ( киіз басу, сырмақ сыру, алаша тоқу

текемет ,қоржын тоқу, тоқыма бұйымдары,басқұр, түкті,түксіз кілем түрлері) зерттеу.

  1. Шаруашылықтағы экономиканы зерттеу.

«Жас ғалым» клубының жұмысының қорытынды жасау түрлері


Тақырыпты жұмыстарды «Зерде» ғылыми қоғам отырыстарына, аудандық, обыстық ғылыми-зерттеу байқауына «ОҒҚ» ұсыну.









ІІІ. «Киім дизайны» Тұлғаға бағдарланған

бағыталды жұмысты ұйымдастыру

Орта білім берудің жоғары сатысындағы нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында оқушының дара бейіндік қабілетін анықтап, құзіреттілігін қалыптастыруға және кәсіби қызметінің бағытын саналы түрде жетілдіруге оны ары қарай дамуына, жеке білім алу траекториясының технологиялық салаларға сабақтан тыс уақытта бейімдей оқыту.

9-10 -11 сынып Үлкен нәтиже. Кәсіптік бейімділігін жетілдіру, тұлғаға бағдарланған бейіналды іс жоспарымен оқыту


«Киім дизайны» Тұлғаға бағдарланған жұмыстың мақсаты:

Оқушыларға киімді көркемдік безендіру және моделдеу саласынан нақты мәлімет беріп, теориялық білімдерін, өндірістік оқу шеңберінде киім дизайнері мамандық иесі болуға даярлау, шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру.


«Киім дизайны» Тұлғаға бағдарланған жұмыстың негізгі міндеттері:

Оқушының өзін- өзі анықтауға арналған құзіреттілігін қалыптастыру және кәсіби қызметінің бағытын саналы түрде жетілдіру, теориялық білімдері, оқу және өндірістік нұсқау мен алгоритмдер, білікті жұмысшылардың қызметіне талдау жасау


Күтілетін нәтиже: Жеке бағытта шығармашылықпен жұмыс жүргізіп,өзіндік жобалар жасайды мамандық таңдауға бет бұрады .



Тақырып

Теория

Сарамандық

Барлығы

І

Киімді көркемдеп моделдеу негіздері

5

3

8

1

Киім және костюм қызметі

1


2

Киім- дизайн обьектісі

1


3

Стиль және сән

1

1


4

Сәннің қызметі және құрылымы

1

1


5

Костюмдегі пішін және құрылымы

1

1


ІІ

Костюм композициясының негіздері

6

6

6

Композиция туралы түсінік

1


7

Композицияның қасиеттері

1


8

Костюмді үйлестіру құралдары

1


9

Түс және оның негізгі қасиеттері

1


10

Костюм композициясының түсі

1


11

Костюм декоры және фактурасы


1


ІІІ

Дене бітімі және костюм

4

4

8

12

Адам денесінің пропорциясы

1

1


13

Дене өлшемдері және адам дене құрылысының типтері

1

1


14

Адам дене бітімінің конструктивтік белдеулері

1

1


15

Дене бітім және костюм силуэті

1

1


IV

Киімді көркемдік жобалау

6

6

12

16

Киім жіктелімі және ассортименті

1

1 


17

Әйелдер киімін моделдеу және көркемдік безендіру принциптері

1

1


18

Балалар киімін моделдеу және көркемдік безендіру принциптері

1

1


19

Жастар киімін моделдеу және көркемдік безендіру принциптері

1

1


20

Киімдердің жаңа түрлерінің жасалуы

1

1


21

Костюмді көркемдік жобалауға қатысты

терминологиялық сөздік

1

1


V

Салт-дәстүр және қазіргі костюм

4

4

8

22

Қазақтың ұлттық киімдері

1

1


23

Қазақтың ұлттық киімдерінің жіктелімі

1

1


24

Салт-дәстүр-қазіргі заманғы киім

Дизайнының қайнар көзі

1

1


25

Қазақтың ұлттық киімдеріне қатысты терминдер мен анықтамалар

1

1



Барлығы

19

23

42



Төменде мысал ретінде өз іс тәжірибемде дарынды қабілетті оқушылармен жүргізілген жүйелі жұмыс нәтижелерін келтіріп өтейін. 2003 жылғы гимназия түлегі Алмабек Әсем Семей қаласы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеттің «Дизайын» факультетін үздік бітіріп, мамандығы бойынша қызмет атқаруда. Осы жылы мектеп бітірген Мұхамадиева Әйгерім Алматы қаласы Ә.Қастеев атындағы Өнер академиясын «Дизайын» факультетін бітіріп, мамандығы бойынша қызмет атқаруда.2009 жылғы гимназия түлегі Жумабекова Айнур гимназияның қабілетті дарынды оқушысы деп танылған. Айнур 5 сыныпта сабаққа деген ынта ықыласы, белсенділігімен көзге түссе, 6 сыныпта үйірме мүшесі ретінде бір жұмыспен ұзақ уақыт шұғылданып мақсатқа жетуі, проблемалық ситуатция туғызу барысында, сыни тұрғысынан ойлауда қиын мәселелерді өз бетімен шешуге ұмтылысы байқалды. 7-8 сыныптарда Айнур шығармашылық жұмыстарымен айналысып «Қазақтың ұлттық бас киімдері», «Қазақтың ұлттық киім үлгілері», «Қазақтың ұлттық үй жасаулары» тақырып төңірегінде зерттеу жұмыстарын мектеп ішілік, аудандық оқушылар арасындағы ғылыми жоба байқауларына қатысып шығармашылықпен ізденуді, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуді, талдаумен қорытынды жасау арқылы өзіндік ойлауын жетілдіруді үйреніп 9-10 сыныптарда болашақта Көркемдеуші сәнгер – дизайнер мамандығына қызығушылығы артып өзіне бағдарланған жоспармен танысып, сабақтан тыс уақытта дәріс алып кәзіргі уақытта Семей Педагогикалық университетінің дизайын факултетінің 3 ші курсын аяқтауда. Қызырбекова Қаламқас тоқыма қолөнерімен айналысады 5-6 сыныптан ілмек бізбен тоқылған бұйымдары көрменін төрінен орын алса, 7-8 сынаптардан бастап кестелеу өнеріне көп көніл бөліп қолынан шыққан туындылары аудандық, облыстық көрмелерде жоғары бағаланып Шығыс Қазақстан өнер мұражайы өткізген «Ғажаптан пайда болған сұлулық» атты көрмесінін І степень сертификатымен марапатталды.9-10 сыныптарда Халықтық мәдени құндылықтары мен дәстүрін дамыту мақсатында теориялық материалдар оқып, қазақ ата-бабамыздың халықтық қолөнер кәсібін зерттеп.Халықтық қолөнер кәсібімен айналысып отырған жеке кәсіпкерлердің жұмысымен танысып, сараптап , қолөнер бұйымдарын жасауға қолданған негізгі шикізатты қой өнімдерінің қазіргі уақытта пайдаланылу бағытын анықтап, экономикалық тұрғыдан терең зерттеген ғылыми жұмысы облыстық жобалар сайысында сертификатпен марапатталды. Сол сияқты 7-8-9-10 сынып оқушылары Әлібекова Албина Кәзіргі уақытта Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына барғалы шығармашылық емтиханға дайындалып жүр Халелова Жанерке,Білімбекқызы Сымбат, Талантова Инабат,Султанбекова Дина, Нурланова Мадина ,Бияхметова Айгерім, Қамыспаева Мадина, Ержанова Тоғжан, Бекенова Еркежан т.б мақсаттарымен қызығушылықтары бір бағыттағы, бейімдік, кәсіби бағытына сай бағдаралды оқыту үш бағытта (Көркемдеуші сәнгер – дизайнер,тоқыма қолөнері, қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері) арнайы жасалған авторлық бағдарламамен өзіндік даму сұранысын қанағаттандыруға , шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыруға жұмыс істеуде. Өнерлі қыздар аз емес тек оларды дер кезінде дара танымдық мүмкіндіктерін ашып және оларды қанағаттандыру үшін педагогикалық жағдайларды анықтап «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей тұлғаға бағдарланған жоспармен жүйелі түрде нәтижеге жетерліктей жұмыс жасау керек деп ойлаймын.

Төменде мысал ретінде дарынды оқушылармен жүргізілген жүйелі жұмыс түрін келтіріп өтейін Жумабекова Айнур гимназияның дарынды оқушысы деп танылған. Айнур 5 сыныпта сабаққа деген ынта ықыласы, белсенділігімен көзге түссе, 6 сыныпта үйірме мүшесі ретінде бір жұмыспен ұзақ уақыт шұғылданып мақсатқа жетуі, проблемалық ситуатция туғызу барысында, сыни тұрғысынан ойлауда қиын мәселелерді өз бетімен шешуге ұмтылысы байқалды. 7-8 сыныптарда Айнур шығармашылық жұмыстарымен айналысып «Қазақтың ұлттық бас киімдері», «Қазақтың ұлттық киім үлгілері», «Қазақтың ұлттық үй жасаулары» тақырыптар төңірегінде зерттеу жұмыстарын мектеп ішілік, аудандық оқушылар арасындағы ғылыми жоба байқауларына қатысып шығармашылықпен ізденуді, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуді, талдаумен қорытынды жасау арқылы өзіндік ойлауын жетілдіруді үйреніп 9-10 сыныптарда болашақта Көркемдеуші сәнгер – дизайнер мамандығына қызығушылығы артып өзіне бағдарланған жоспармен танысып, сабақтан тыс уақытта дәріс алып кәзіргі уақытта Семей Педагогикалық университетінің дизайын факултетінің 4 ші курсын тәмамдап Ақжар ауылының өнер мектебінде тәжірибеден өтіп, келісім шарт жасасып диплом алысымен дипломен ауылға бағдарламасымен келмек жоспары бар.

Қызырбекова Қаламқас тоқыма қолөнер түріне қызығушылық танытқан, мектебіміздің алтын белгіге үміткері. 5-6 сыныптан ілмек бізбен тоқылған бұйымдары көрменін төрінен орын алса, 7-8 сынаптардан бастап кестелеу өнеріне көп көніл бөліп қолынан шыққан туындылары аудандық, облыстық көрмелерде жоғары бағаланып Шығыс Қазақстан өнер мұражайы өткізген «Ғажаптан пайда болған сұлулық» атты көрмесінін І степень сертификатымен марапатталды. 9-10 сыныптарда Халықтық мәдени құндылықтары мен дәстүрін дамыту мақсатында теориялық материалдар оқып, қазақ ата-бабамыздың халықтық қолөнер кәсібін зерттеп. Халықтық қолөнер кәсібімен айналысып отырған жеке кәсіпкерлердің жұмысымен танысып, сараптап , қолөнер бұйымдарын жасауға қолданған негізгі шикізатты қой өнімдерінің қазіргі уақытта пайдаланылу бағытын анықтап, экономикалық тұрғыдан терең зерттеген Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу тиімділігі атты ғылыми жұмысы облыстық жобалар сайысында сертификатпен марапатталды.

Сол сияқты 10 сынып оқушысы Солтанбекова Дина «Сйқырлы өнер әлемі» үйірмесінің жетекшісі Көркем сәндік дизайын бағытында жұмыс жасайды. 2011 жыл Аудандық оқушылардың ғылыми жоба байқауында «Халық қолөнер кәсібінен кәзірге жеткендері» тақырыбында қорғап І-орын иеленді. 9 сынып оқушысы Білімбек Сымбат «Сйқырлы өнер әлемі» үйірмесінің мүшесі Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнер түрімен айналысады. 2012 жыл Аудандық оқушылардың ғылыми жобалар байқауында “Ойыншықтың бала тәрбиесіндегі ролі” тақырыбын қорғап ІІІ-орынды иеленді. 2013жылы Аудандық оқушылар арасында өткен “Әсемдік әлеміндеатты қолөнер көрмесінде ІІ-орынды иеленді. 9-сынып оқушысы Жумабекова Жанур «Сйқырлы өнер әлемі» үйірмесінің мүшесі Көркем сәндік дизайын бағытында жұмыс жасайды. 2013жыл Аудандық оқушылар арасында
өткен
“Әсемдік әлемінде”атты қолөнер көрмесінде ІІ-орынды иеленді. Әлібекова Албина Кәзіргі уақытта Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына барғалы шығармашылық емтиханға дайындалып жүр Халелова Жанерке,Білімбекқызы Сымбат, Талантова Инабат,Султанбекова Дина, Нурланова Мадина, Бияхметова Айгерім, Қамыспаева Мадина, Ержанова Тоғжан, Бекенова Еркежан т.б мақсаттарымен қызығушылықтары бір бағыттағы, бейімдік, кәсіби бағытына сай бағдаралды оқыту үш бағытта (Көркемдеуші сәнгер – дизайнер,тоқыма қолөнері, қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері) арнайы жасалған авторлық бағдарламамен өзіндік даму сұранысын қанағаттандыруға , шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыруға жұмыс істеуде. Өнерлі қыздар аз емес тек оларды дер кезінде дара танымдық мүмкіндіктерін ашып және оларды қанағаттандыру үшін педагогикалық жағдайларды анықтап «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей тұлғаға бағдарланған жоспармен жүйелі түрде нәтижеге жетерліктей жұмыс жасау керек деп ойлаймын. Дарынды оқушыларымның фото суреттері слайдта



 





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!