Материалдар / «Бұлттық деректер қоймасы» тақырыбында семинар сабақ материалдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Бұлттық деректер қоймасы» тақырыбында семинар сабақ материалдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Семинар – сабақ бұл танымдылықтың белсенді бір түрі болып табылады. Бұл сабақта оқытушының жетекшілігімен оқушылар әртүрлі білім қайнар көздері бойынша материалдарды оқып, есептерді ұжымдасып талдап, шығарып және өздік жұмыстарын бағалайды. Осындай белсенді сабақтарда оқушыларда әдебиеттермен жұмыс жасау, шығармашылық ой қабілеттері дамиды.
Авторы:
31 Мамыр 2023
454
12 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай облысы білім басқармасының

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК








СЕМИНАР-САБАҚҚА

ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕНІМ


«КВ 04 РО 1 Бұлтты есептеулерді енгізу» пәні бойынша 22 BQТиПО тобына арналған «Бұлттық деректер қоймасы» тақырыбында

семинар сабақ материалдары







Оқытушы: Мұханов А.Қ















2022 - 2023 оқу жылы

Дайындаған оқытушы: А.Қ. Мұханов

Арнайы пәндер циклдық комиссиясы-1 отырысында қаралып, талқыланды

Хаттама №____«___»____________2022 ж.

Циклдық комиссия төрайымы__________ Л.А.Мукушева

Кіріспе


Семинар – сабақ бұл танымдылықтың белсенді бір түрі болып табылады. Бұл сабақта оқытушының жетекшілігімен оқушылар әртүрлі білім қайнар көздері бойынша материалдарды оқып, есептерді ұжымдасып талдап, шығарып және өздік жұмыстарын бағалайды. Осындай белсенді сабақтарда оқушыларда әдебиеттермен жұмыс жасау, шығармашылық ой қабілеттері дамиды.

Семинардың сабақтардын міндетті элементтерінің бірі өздігімен оқу нәтижесін ұжымдасып талдау болып табылады. Семинар консультация сияқты оқу формасымен тығыз байланысты болып табылады.

Семинардың негізгі функциялары:

Оқытушылық – оқылатын материалды өздігімен талдау дағдыларын, теориялық және тәжірибелік сұрақтарды белсенді талдауын қалыптастырды, оқушылардың білімдерін кеңейтіп, бекітеді.

Тәрбиелік – оқушылардың талқылау кезінде принципшілдігін қалыптастырады, жеке қасиеттерін қалыптастыруға әрекет етеді.

Бақылаушы оқушылардың сабаққа жүйелі түрде дайындалу деңгейін, болашақ мамандығына тәжірибелік дайындығын және өздігімен дайындалу сапасын бағалауға мүмкіндік береді.


Мақсаты: өзігімен ойлау дағдыларын қалыптастыру, мәселені топтасып талдау, оқушылардың семинар тақырыбына қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру.


Дайындық кезеңі:

  1. Семинарға тақырып және тапсырмалар дайындау

  1. Оқушыларды тапсырмалармен таныстырып, талдау, түзетулер енгізу

  2. Тапсырмаларды оқушыларға бекіту: жалпы, топтасып, жеке

  3. Оқушылардың материалдарды дайындау, жинақтау

  4. Оқушыларға консультация беру

  5. Сабақты өткізу


Әдістемелік әзірленім

Семинар негізгі 3 кезеңге бөлінеді: оқытушының сөзі, жоспардың пунктерін талдау, жасаған жұмыстарына қорытынды жасау.

Сабақтың басында оқытушы тақырыпты айтып, оны оқу мақсатымен, оның курс тақырыбындағы маңыздылығымен таныстырады. Бұл бөлімге 4-5 минут уақыт беріледі.

Оқытушының сөзінен кейін баяндама дайындаған оқушыларға сөз беріледі. Оқушылар баяндамашыға ескерту жасауға болмайды, себебі баяндама жасаған оқушы тақырып бойынша ақпараты мол.

Оқушылардың дайындығына байланысты келесі варианттарды қолдануға болады:

- сөзді нақты бір оқушыға беру

- қосымша тақырып бойынша өз еркімен сөз сөйлейтін оқушыларға сөз беру

- сабаққа белсенділік танытпаған оқушыларды әңгімеге тарту

Семинар оқытушының сөзімен аяқталады, онда оқытушы талдау нәтижесін, тақырыптың маңыздылығын, басқа тақырыптармен байланысы туралы айтып өтеді. Мұнда оқушыларды бағалауда ерекше назар аударылуы тиіс. Баяндама жасаған оқушылар олардың опоненттеріне, талдауда белсенділік танытқан оқушылар аталып өтеді.


Қорытынды

Берілген семинар-сабақ оқушыларды белсенділіктерін арттыруға, оқушылардың білімдерін объектілі бағалауға, оқушыларға ұжымдасып жұмыс жасауға, өз ойын жеткізе білуге тиімді.

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК

Оқу сабақтарының жоспары

(теориялық және өндірістік оқыту)


«Бұлттық деректер қоймасы».

(Сабақтың тақырыбы)


Модуль /пән атауы: КВ 04 РО 1 Бұлтты есептеулерді енгізу

Дайындаған педагог: Мұханов А.Қ

08.09.2022 жыл


1. Жалпы мәліметтер

Курс, топтар: ІІІ курс, 22 BQТиПО

Сабақ түрі: семинар сабақ


2. Мақсаттары, міндеттері: Бұлттық деректер қоймасының түрлерімен танысу. Жұмыс принципі бойынша артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастыру. Бұлтты технологиялардың негізгі ұғымдары мен терминологиясын меңгеру.


2.1 Оқу сабағы барысында білім алушылар меңгеретін кәсіби дағдылардың тізбесі:

бұлттық қоймалармен жұмыс істеуді біледі;

бұлттық қойма түрлерін ажыратады;

Google Apps (қосымшаның) қызмет түрімен таныс;

Google Дискпен жұмыс жасайды.


3. Сабақты жабдықтау:


3.1 Оқу-әдістемелік жабдықтау, анықтамалық әдебиет: Г.И.Сал­ға­раева, Л.А.Рса­ли­на, А.Б.Есен­күл «Информатика» жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытының 11-сыныбына арналған оқулық.


3.2 Техникалық жабдықтар, материалдар: ДК


4. Сабақ барысы:

Ұйымдастыру

1) Компьютерлердің сабаққа дайындығын тексеру

2) Оқушылармен амандасу

3) Оқушыларды түгендеу

4) Сабақтың мақсатымен таныстыру


Үй тапсырмасын сұрау.

- Бұлттық технология дегеніміз не?

- Құжаттармен қалай жұмыс істеуге болады?

- Бұлт сөзі қандай мағына береді?


Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы: Бұлттық технологияның мүмкіндіктері.

Жаңа сабақты бекіту:

1. Бұлттық деректер қоймасы дегеніміз не?

2. Қандай бұлттық қоймалардың түрлерін білесіңдер?

3. Google компаниясы ұсынған қосымша қызмет түрлері қандай?

4. Google Диск дегеніміз не?

5. Google Calendar дегеніміз не? Ол қандай қызмет атқарады?

Сөздік:

Бұлттық деректер қоймасы – Облачные хранилища данных – Cloud storage

Онлайн күнтізбе – Онлайн календарь – Online calendar


5.Сабақ бойынша рефлексия: Жаңа түсініктер мен терминдерді меңгеру дәрежесін анықтау.


6. Үй тапсырмасы: Жаңа тақырып бойынша Google Drive бұлттық деректер қоймасын ашу.







































Пән: Бұлтты есептеулерді енгізу

Курс тақырыбы: Бұлтты технологиялардың негізгі ұғымдары мен терминологиясы.

Сабақ тақырыбы: Бұлттық деректер қоймасы

Мең­ге­рі­ле­тін бі­лім:

бұлттық қойма;

бұлттық қойма түрлері;

Google Apps (қосымшаның) қызмет түрі;

Google Диск.



Қазір қажетті файлдарды тасымалдаушы құралдар арқылы (CD-ROM, DVD-ROM, флешжады, қатқыл диск т.б.) үнемі алып жүрудің және оның қауіпсіздігіне алаңдаудың қажеті жоқ. Көмекші құрал ретінде қажетті құжаттарды арнайы бұлттық қоймаларда сақтауға болады. Бұлттық деректер қоймасы (cloud storage) – онлайн қойманың үлгісі, арнайы сатып алынған немесе жалға алынған жеке серверлерде деректерді қауіпсіз түрде сақтау моделі. Демек, бұлттық сервис түрлерін пайдаланып, кез келген деректерді қорғалған желіде сақтауға және сақталған ақпарат қауіпсіздігіне алаңдамауға болады (18-сурет).

Б ұлттық деректер қоймасын құру алдымен, бұлттық қызмет түрлері ұсынған қойма көлеміне байланысты. Бұлттық деректер қоймасының көлемі ауқымды болғандықтан, қоймаға көлемді ақпарат орналастыруға болады. Дегенмен бұлттық сервис түрлері шектеулі көлемде ғана орын береді. Оны тек қосымша ақы төлеп, қажеттілігіне қарай кеңейте аламыз. Бұлттық қойма түрлері өте көп, оның қауіпсіздігі мен көлеміне қарай өзімізге ыңғайлы және тиімді түрлерін таңдай аламыз. Сонымен қатар тұтынушылардың саны күннен күнге өсіп леді. Бұлттық деректер қоймасы сыйымдылық көлеміне қарай әртүрлі (1-кесте):



Барлық бұлттық деректер қоймасының қызмет көрсету мақсаттары бір. Олардың сипаттамалары мен ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстыра отырып, өзімізге қолайлы бұлттық деректер қоймасын таңдап, пайдалана аламыз. Бұлттық деректер қоймасында жұмыс жасау тиімділігі: • бұлттық деректер қоймасының сақтық көшірмесін жасайды; • техникалық құрылғылардың арнайы жадында деректерді сақтауды қажет етпейді, себебі бұлттық деректер қоймасының виртуалды жадында сақталады; • сақталған деректер көлеміне шектеулер жоқ, көрсетілген тарифтік жоспар бойынша қалаған көлемге ұлғайту мүмкіндігі бар (ақылы түрде); • ақпаратқа бірлесіп қолжеткізуге болады; • бұлттық қоймалардағы файлдарға қатынауды ашу, басқа пайдаланушылармен бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді және барлық қызмет түрлерін нақты уақыт режимінде жүргізуге болады; • ақпараттарды вирустардан және рұқсатсыз қол сұғудан абсолютті қорғайды; • бұлттық деректер қоймасында сақталған мәліметтерге алаңдамауға болады, өйткені қауіпсіздік шаралары сақталған.

Аталған бұлттық қоймалардың ішінен Google компаниясы ұсынған негізгі қосымша қызмет түрлерін қарастырайық. Google компаниясы ұсынған қосымша қызмет түрлері кез келген техникалық құрылғылар арқылы қолжетімді, мысалы: Дербес компьютер (ДК) және Mac, планшет, смартфон және т.б. Google компаниясы ұсынған қосымша қызмет түрлеріне 15 ГБ-тық тегін сыйымдылық көлемі беріледі, ал оны кеңейту үшін қосымша ақы төленеді. Қосымша ақы төлемдері 19-суреттегі тарифтік жоспар бойынша жүргізіледі.

G oogle компаниясы ұсынған қосымша қызмет түрлерін пайдалану үшін кез келген браузер арқылы Google.com немесе https://www.goog-le.com/ сілтемесі арқылы өтуге болады. Ашылған терезеден арнайы жеке Аккаунт құру (Создать аккаунт) керек. Ол үшін терезенің жоғары оң жақ бұрышындағы Кіру (Войти) батырмасын басып, ашылған терезеден тіркеуден өту жеткілікті (20-сурет).

Мұнда қолданушы электронды пошта мекенжайын немесе телефон нөмірі мен парольді енгізеді. Алайда ақпараттар жүйеде қайталанбауы керек, сондықтан бір адам үшін тек бір аккаунттан артық тіркеуге тыйым салынады. Ашылған терезенің жоғары оң жақ бұрышында Google компаниясы көптеген қосымшалар мен сервис түрлерін қолдануға ұсынады. Бір ортада тиімді жұмыс жасау үшін барлық қызмет түрлері қарастырылған. Бүкіл әлем бойынша достарыңмен өзара тілдесу мүмкіндігі жоғары деңгейде қарастырылған. Google қосымшаларының сервис түрлеріне:

Gmail – тегін электронды пошта;

Google Диск – деректерді басқару қоймасы;

Google Calendar – онлайн күнтізбе;

Google Maps – карталар жинағы;

Google Docs – онлайн офис;

Google Translate – аудармашы;

Google Hangouts – онлайн хат, қоңырау, видеобайланыс орнату және т.б. қызметтері жатады (21-сурет).





















Gmail – электронды пошта. Қорғалған корпоративтік электронды пошта (Gmail). Gmail – электронды поштада деректерді қауіпсіз сақтайтын, сондай-ақ жіберілген хаттар мен келген хаттар туралы хабарлайтын қызмет.

Диск – деректер қоймасын басқару. Бұлттық деректер қоймасы деп Диск қызметін айтамыз.

Google Диск (ағылш. Google Drive) – файлдар хостингі және оңай басқару үшін қауіпсіз деректерді сақтау кеңістігі. Оның функцияларына файлдар мен бумаларды жүктеу, сақтау, ортақ пайдалану, резервті көшірме жасау және ортақ өңдеу кіреді.

1. Терезенің сол жақ бұрышында Дисктің негізгі мәзір қатары орналасқан. Жеке Drive (Мой диск) бөлімінде бұлттық қоймаға жүктелген барлық файлдар мен бумалар, сондай-ақ бұлтта құрылған құжаттар тізімдері тұрады. Маған қолжетімді (Доступные мне) бөлімінде өзге пайдаланушылар бізге қолжетімдікті ұсынады, көруге, өңдеуге рұқсат береді. Соңғы (Недавние) бөлімінде жақында жұмыс істеген (ашылған, жүктеген, өңдеген және т.б.) файлдар мен бумалар, ал Сақтық көшірмелер (Резервные копии) бөлімінде сақтық көшірмелер жасаған тізімдер көрсетіледі. 2. Пайдаланушыға берген қолжетімдіктің қараған уақыты мен күні. Ол құжаттың соңғы өзгертілген уақытымен тұрады. 3. Файл немесе бума иесінің аты-жөні. 4. Қаралмаған құжаттар, олар жартылай қою қаріппен ерекшеленеді. Дисктің сол жақ жоғарғы бұрышында мәзірлер қатарының үстіндегі батырмасы арқылы компьютерден файлдар мен бумаларды дискіге жүктеуге болады. Сондай-ақ Google мәтіндік құжаттар, Google кестелер, Google презентациялар және т.б. шаблон түрлерін тікелей бұлтта құрып, өңдей аламыз.

Google Calendar – онлайн күнтізбе. Бірлескен жұмыс үшін онлайн күнтізбелер. Күнтізбе жұмыс күнін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Кездесулерді ыңғайлы жоспарлауға, тиімді уақытты таңдау үшін достардың кестесімен оңай салыстыруға (досымыз бізге сілтеме берсе), сондай-ақ басқа пайдаланушылардың бос уақытын білуге немесе жоспарланған кездесулер туралы ақпаратты көре алатындай күнтізбеге қолжеткізе аламыз.

Google Maps – карталар жинағы. Карта – Жер планетасының картасы мен спутниктің суреттері. Көрнекті орындар, ұйымдар және т.б. белгілері бар картадағы ақпаратты іздеу үшін пайдаланылады. Көптеген аймақтар үшін жоғарыдан аэрофотосуреттер (250–500 м биіктіктен алынған), кейбіреулері үшін 45° бұрышпен төрт жағынан көру мүмкіндігі бар карта.

Google Translate – аудармашы. 191 тілге аудару мүмкіндігі бар тегін онлайн аударма қызметі. Бұл статистикалық машиналық аударма компьютерлік программа аударған мәтіндердің үлкен массивін талдайды және бір тілдің сөздігі мен грамматикасын цифрлы түрде екіншісіне аударады.

Сонымен қатар онлайн түрде қоңырау шалу, хат жіберу немесе видеоконференция жасау үшін Google Hangouts арқылы байланыс орнатуға болады. Ол үшін Google қосымшалар қатарынан Hangouts қызметін таңдаймыз. Кездесулерді жоспарлап, қатысушыларға сілтеме жіберіп, онлайн түрде видеокездесулер ұйымдастыруға болады. Өзге қолданушыға қоңырау немесе видеоқоңырау шалу үшін сол қолданушының Чат құру (Создать чат) бөліміне Google аккаунтын тереміз. Байланысты орнату үшін камера және микрофон болуы тиіс. Оларды немесе батырмасын басу арқылы орнатамыз. Осылайша, Google-дың қосымша қызмет түрлерін білу оларды қызметі бойынша дұрыс қолдануға мүмкіндік береді. Ал бұл Интернет арқылы қолданушылардың бұлттық орта құруына ықпалын тигізеді.




Оқытушы _____________ Мұханов А.Қ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!