Материалдар / Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
7-сыныптың алгебра пәніне арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Желтоқсан 2018
514
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.1А Бүтін көрсеткішті дәреже

Мектеп: ЖББ №8 орта мектебі КММ

Мерзімі:

Мұғалім : Мырзахметова А.Д.

Сабақ



Сабақ тақырыбы:


Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері

Сабақ түрі

Жаңа сабақты түсіндіру сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:


7.1.2.3 нөл және бүтін теріс көрсеткішті дәреженің анықтамасын және оның қасиеттерін білу;

7.1.2.4 бүтін көрсеткішті дәреженің сандық мәнін анықтау және берілген сандарды дәреже түрінде көрсету;

Сабақ мақсаттары:

Бүтін көрсеткішті дәрежесі бар есептерді шығару дағдысын қалыптастыру

Бағалау критерийлері:

Оқушы сабақтың мақсатына жетеді, егер

  • Бүтін көрсеткішті дәреженің сандық мәнін есептей алады

  • Берілген санды дәреже түрінде көрсете алады

Тілдік мақсаттар:


Тілдік мақсат

- дәреженің қасиеттерін ауызша және жазбаша түсіндіреді;

- санның стандарт түрінің мағынасын түсінеді;

- пәндік лексиканы, терминологияны, символиканы сауатты қолданады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

- дәреженің негізі;

- дәреже көрсеткіші;

- натурал көрсеткішті дәреже;

- дәрежеге шығару;

- квадраттау, кубтау;

- санның квадраты, санның кубы;

- көбейтіндінің дәрежесі;

- бөліндінің дәрежесі;

- дәрежелердің көбейтіндісі;

- дәрежелердің бөліндісі;

- дәрежені дәрежеге шығару;

- санның стандарт түрі;

- стандарт түрде жазылған санның мәнді бөлігі мен реті;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

бірнеше бірдей сандардың көбейтіндісі;

- ... дәреже түрінде жазыңыз;

  • негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері қосылады (азайтылады);

  • негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері көбейтіледі;

  • теріс санды жұп көрсеткішті дәрежеге шығарғанда ...;

  • теріс санды тақ көрсеткішті дәрежеге шығарғанда ...;

негізі ... болатын дәреже түрін келтіріңіз;

Құндылықтарды дарыту

Тапсырмаларды жұпта(топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру

Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру

Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны қолдану дағдысы

Бастапқы білім

Натурал көрсеткішті дәреже. Санның стандарт түрі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Мақсат: сабақтың басын ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылар назарын аудару


Үй жұмысын тексеру

3-минут

Мақсат: Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету.

Үй тапсырмасын тексеру, қиындық туғызған есептерге нұсқау жасау


Сабақ мақсатын қою

5 минут

Мақсат: Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.

«Жақын арада даму аймағын» анықтау.

Біз білеміз 21 = 2, 22 = 4, 23 = 8, 24 = 16, 25 = 32, 26 = 64, 27 = 128.екенін. Дәрежесі 1-ге артқан сайын, сан 2 есе артады.

Ал енді кері санайық27 = 128, 26 = 64, 25 = 32, 24 = 16, 23 = 8, 22 = 4, 21 = 2. Не байқауға болады?

24 = 16 = 2*2*2*2, 23 = 16:2 = 2*2*2 = 8, 22 = 8:2 = 2*2 = 4, 21 = 4:2 = 2, 20 = 2:2 = 1, 2-1 = 1:2 = 1/2, 2-2 = 1:2:2 = 1/4, 2-3 = 1:2:2:2 = 1/8, ...



Ережені қалай жазуға болады?

an = a*a*a*...*a,

a-n = 1:a:a:a:...:a = 1/(a*a*...*a) = 1/an


Презентация

Жаңа білімді меңгеру

25 минут

































































































Қорытындылау

Теріс көрсеткішті дәреже

а – n = ( 1 / an )

Тапсырма 1


Тапсырма 2. Есептеңіз

Мұғалім бүтін теріс көрсеткішті дәреженің негізі 0-ге тең болмайтындығы жайлы сұрақтар қояды (слайд 7).

Тапсырма 3. Айнымалының мүмкін мәндерін табыңыз

Мұғалім 00 өрнегінің мәні болмайтындығы жайлы сұрақтар қояды (слайд 9).

Есептер шығару.

Жұптық жұмыс

Тапсырма 4

Физминутка


Тапсырма 5. Оқушылар жеке орындайды, жұпта бір-бірімен салыстырады. Мұғалім тексереді


Қосымша тапсырмалар

  1. Есептеңіз:

  1. Ықшамдаңыз

  1. Есептеңіз


Сабақты қорытындылау.

Топтық рефлексия (3 мин)

1. Сабақта ашылған жаңа білімді анықтау.

2. Мақсатты анықтау.

3. Мақсатқа жете алдық па.

4. Мақсатқа жете алған әдіс тәсілдерді көрсетіңіз.

5. Топтың жұмыстың қызметін анықтаңыз.

6. Сабақта туындаған қиындықтарды анықтау.

Оқушылар топта ақылдасып бір өкілі шығып жауап береді.

Жеке рефлексия (1 мин)


Оқу мақсаттары

Білемін

Өзгерте алдық

нөл және бүтін теріс көрсеткішті дәреженің анықтамасын және оның қасиеттерін білу



бүтін көрсеткішті дәреженің сандық мәнін анықтау және берілген сандарды дәреже түрінде көрсету





қосымша

Саралау

Бағалау

ҚТ және денсаулық

Топтық немесе жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында тапсырманы орындау жолдарын бақылап үйренеді.

Қабілеті жоғары оқушылар үшін қосымша тапсырмалар беріледі

Мұғалім оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалайды. Оқушылар сабақ барысында өз-өзін бағалайды және бағалау критерийі бойынша жұптарда бір-бірін бағалайды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолдану.

Сабақта «көз жаттығуын» жасатуға болады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1:

2:















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!