Материалдар / Буллингтен қорған!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Буллингтен қорған!

Материал туралы қысқаша түсінік
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жоспарланған сынып сағаты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2024
55
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру ұйымының атауы


Педагогтің Т.А.Ә.


Күні:

18.11.2024ж

Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Буллингтен қорған!»

11 сабақ. «Төтенше қызмет номерлері»

Мақсаты:

Оқушыларға буллинг туралы ақпарат беру, алдын алу жолдарын анықтау.

төтенше жағдайлар кезінде көмекке келетін жедел

қызметтердің нөмірлерін ажырату

Құндылықтар:

Тәуеліздік және Отаншылдық Талап Ұлттық мүдде

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй қалыптастыру (1-2 мин).

Мақсат қою:

Шыр-шыр етеді,

Құлағыңнан өтеді.

Ұстай алсаң,

Сөйлеп кетеді. (телефон)

Бүгін біз сабақта не туралы сөйлесеміз деп ойлайсыздар?

- Адамдарға телефон не үшін қажет?

- Әлемдегі ең маңызды телефондар қандай? Адамдардың өмірін құтқару бойынша шұғыл қызметтердің нөмірлерін есте сақтаңыз

1.Тақырыпқа кіріспе

«Шұғыл қоңыраулар» рольдік ойыны Жедел қызметтердің бірыңғай телефоны бар, оған қоңырау шалу арқылы сіз кез келген төтенше жағдайда көмек сұрай аласыз.

Бұл телефон – 112. Төтенше жағдайларда ең бастысы – тыныштықты сақтау және операторға мәселені, не болғанын түсіндіре білу. Қиындыққа тап болмас үшін әрқашан қауіпсіздік ережелерін есте сақтау қажет.

Нұсқаулар:

1. Егер үйіңізде немесе көршілеріңізде өрт болса, 101-ге қоңыраушалыңыз.

2. Егер сізді ренжіткен болса, затыңызды ұрлаған

немесе қатты қорқытқан болса онда 102-ге қоңыраушалыңыз.

3. Егер өзіңіз немесе жақын адамыңыз ауырып қалса, 103-ге қоңырау шалыңыз.

4. Сізге кез келген жағдайда 112 қызметі көмектеседі.

5. Білімді бастапқы игеружәне түсінуді тексеру.

Соңғы ойын «Әртүрлі жағдайлар» (балалар қандай қызметке қоңырау шалу керектігін және ондай жағдайда балалар өзін қалай дұрыс ұстау керектігін түсіндіруі керек:

1. Есікті бейтаныс адам қақты (102).

2. Әжем ауырып қалды (103).

3. Көрші үйдің терезесінен түтін шығып жатыр (101).

«Есте сақта!»

Өрт күзеті 101

Полиция 102

Жедел жәрдем 103

Төтенше газ қызметі 104, 112

Бірыңғай құтқару қызметі 112 «111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, бала құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған. - «111» нөмірі – 24/7 байланыста - «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды - «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел топтарымен байланыста.

Пайдалы сілтемелер: https://www.youtube.com/watch?v=fyfkEuHSiIc&list=PLA5eCSY2FeoQLLocSIEuEG9KjOrJzvPM&index=5 https://www.youtube.com/watch?v=hH_WhoDXIzU&list=PLA5eCSY2FeoQLL ocS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=25

Жұмбақты шешеді







Сұрақтарға жауап береді.


















Өз ойларымен бөліседі.





Презентация







Суреттер















Сабақтың ортасы

30 минут

https://youtu.be/RCA_wFW-mSo?si=1AeW4QrN7lAdnBAz

оқушыларға бейнеролик көрсету.

Сұрақтар қою:

- Буллинг дегенді қалай түсіндің?

- Басқаларға жәбір көрсетуге бола ма?

- Сондай жағдайды бастан кешірдің бе?

-Сыныптастарынмен татусыңдар ма?

Буллинг әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Ол:

адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу

- оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, оларды бүлдіру

сол жайында өсек тарату

-оны елемеу немесе жекелету

- ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа адамдардың алдында ыңғайсыз жағдайға қою

- ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқаша зақым келтіру

-қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту

Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Бұлардың барлығы кибербуллинг деп аталады.

Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?

Біреу саған күш көрсетпей, қорлап, қорқытқан да сенің жаныңа батады. Осындай жағдайға тап болған адам түрлі жағдайларды басынан кешіруі мүмкін, атап айтқанда:

-уайымдау

- ұйқының бұзылуы

-тәбеттің болмауы

-өзі жайлы жаман ойлау

- өз-өзіне физикалық зақым келтіру

-өлім туралы ойлау

- сабақ үлгерімдерінің нашарлауы

-ауыру

- «маған ешкім көмектесе алмайды» деп ойлау

-өзін жалғыз сезіну, уайымға берілу не ашулану

-қорқу

Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек?

- Батыл болуға үйрен

Батыл болу деген агрессия танытпай, өзіңді қорғай білу. Сен өз ойыңды дөрекі және ызалы сөздерсіз білдіруге үйрене аласың.

Кейде біреумен келіспеген жағдайда өзіңді шын мәнінде қалай сезінетініңді жеткізу қиын. Дегенмен сен батылдыққа үйрене аласың. Ол үшін айтқың келетін сөздерді қағазға жазып, ал уақыты келгенде айтып қал. Кезі жеткенде сенің батылдығыңның арқасында барлық қорлық пен қорқытулар тоқтайды.

-Құрбыңмен/досыңмен бөліс

Достарың сені оларға барлық оқиғаны ашып айтпасаң да, саған қолдау көрсете алады. Олар сені қолдап, көңіліңді көтере алады. Сонымен қатар, достарың жәбірлеушілер енді мазаңды алмас үшін оларға қалай жауап беру керектігін айта алады.

-Ересек адамдармен бөліс

Сен өз оқиғаңмен ата-анаңмен, өзіңнің қамқоршыңмен немесе сенімді ересек адамның біреуімен бөлісуіңе болады. Олар сені қолдап, мәселені шешуде ақыл-кеңес бере алады.

Сондай-ақ,111сенім телефонына қоңырау шалуыңа болады. Онда саған көмек пен қолдау көрсетіледі.

- Мұғаліммен бөліс

Мектебіңдегі мұғалімдер саған бас-көз болуға міндетті. Сен мектепте болған кезіңде өзіңді қауіпсіздікте сезінуге толықтай құқығың бар. Мүмкін, сенің мектебіңде буллингке қарсы тұруға қатысты кейбір нұсқаулар бар шығар. Сонымен қатар, сен мектеп психологына да жүгіне аласың.

Бейнероикті көреді









Мұқият тыңдайды.












































Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

5 минут

Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалаудегенді білдіреді. Адамүйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кезкелген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Бұл кез келген адамның басында болатын жағдай. Бірақ есіңде болсын, ешкімнің сені ренжітуге немесе өзің жайлы жаман ойлауға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.

Рефлексия

Бағдаршам әдісі

Түсінеді










Рефлексия жасайды.


Презентация










Бағдаршам



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!