Материалдар / «Буллингтен қорған!» «Жедел жәрдем нөмірлері және сенім телефондары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Буллингтен қорған!» «Жедел жәрдем нөмірлері және сенім телефондары

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ Буллингтен қорған тақырыбы 9 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2024
492
1 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді:

Тәрбие сағаты

«Буллингтен қорған!»

Күні

18.11.2024ж

Сынып жетекшісі:


Сынып: 9 A

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Буллингтен қорған!»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Жедел жәрдем нөмірлері және сенім телефондары

Сабақтың мақсаты:

Білім алушыларды жол белгілерімен, жүріс бөлігіне қолданылатын түрлері мен әдістерімен, сондай-ақ таңбалау ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдармен таныстыру.

«Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту; Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу;

Қауіпсіздік мақсаты

Оқушыларды төтенше жағдайларда көмекке келетін қызметтермен таныстыру. Төтенше жағдайлар қызметі мен сенім телефондарының нөмірлерін қалай дұрыс пайдалану керектігін үйрету.

Қауіпсіздік міндеті

1.Оқушыларды «Шұғыл қызметтердің» негізгі нөмірлерімен таныстыру.

2.Шұғыл қызметтерге қандай жағдайларда қоңырау шалу керектігін түсіндіру.

3.Жедел қызмет операторына ақпаратты дұрыс және нақты жеткізуге үйрету.

4. Оқушыларға сенім телефондарының болуы туралы хабарлау

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларға буллингтен қорғану туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарындабуллингтен қорғануды, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.

Апта дәйек сөзі

Жауапкершілік – адамгершілік қасиеттің көрінісі


Сабақ барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті


Ресурстар

Сабақтың басы

7мин

Сәлемдесу. “Амандасу” тренингі

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
Миға шабуыл (бейнеролик)

Мұғалім: (бейнероликтен кейінгі жетелеуші сұрақтар)

Бұл бейнеролик не туралы?

Видеодан кейінгі сұрақтар: Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін? Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек? Егер сен өзің біреуді қорлап жүрген болсаң ше? Неліктен адамдар бір-бірін қорлап, қиянат жасайды?

Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді




Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер


https://www.youtube.com/watch?v=RCA_wFW-mSo


Сабақтың ортасы

15 мин

Bullying сөзі ағылшын тілінен аударғанда "қорқыту", "кемсіту", "мұқату" дегенді білдіреді. Буллинг - агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін.

1.Физикалық буллинг Терең соққылар, итеру, нысана алу,қасақана итеру, соғу, тепкілеу, ұрып-соғу, денеге басқа да зақым келтіру және т.б. 2.Вербалды буллинг Қорлау, мазақ ету, аты-жөніңді айқайлау,әдейі моральдық қасірет келтіретін, ауызша қорлау немесе қорқыту. 3.Психологиялық буллинг Қорқыту, қысым көрсету, жалғыз қалдыру,қудалау арқылы психологиялық жарақаттар туғызу. 4.Кибербуллинг Әлеуметтік желілерде қорлау,адамды интернетте,түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету мазақ ету, жала жабу.

Тақырып бойынша  "Жол белгілері".

2. Білім алушылардан ауызша сұрау:

-Жол белгілері дегеніміз не?

- Жол белгілері қашан пайда болды?

- Жол белгілерінің түрлері?

- Жол белгілерін қолданудың қандай тәсілдерін білесіз?

- Жол белгілерін бұзғаны үшін айыппұлдардың мөлшерін атаңыз?



Изображение 1


Изображение 6






Қауіпсіздік сабағы (10 минут)


Егер сізде немесе көршілеріңізде өрт болса, 101-ге қоңырау шалыңыз.

Егер сіз ренжіген болсаңыз, ұрланған болсаңыз немесе қатты қорқатын болсаңыз, 102-ге қоңырау шалыңыз.

Егер сіз немесе жақын адамыңыз ауырып қалса, 103-ке қоңырау шалыңыз.

Сізге әрқашан 112 қызметі көмектеседі. «Есте сақта!»

Өрт күзеті

101

Полиция

102

Жедел жәрдем

103

Төтенше газ қызметі

104,112

Бірыңғай құтқару қызметі

112

«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.


111



  • «111» нөмірі – 24/7 байланыста

  • «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды

  • «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел топтарымен байланыста.


Қазақстанда шұғыл көмек алу үшін «Шұғыл қызметтер» жұмыс істейді. Төтенше жағдайда әрекет ету үшін қажетті телефон нөміріне қоңырау шалу керек және құтқару тобы шұғыл түрде көмекке келеді. Телефон арқылы психологиялық қолдау көрсетеді.

Адамдарға жедел көмек көрсететін, құтқару қызметтері бар. Дабыл белгілерін қосып, олар арнайы машиналармен көмекке тез келеді.

Рольдік ойынды ұйымдастыру. Оқушыларды жұпқа бөліңіз. Бір оқушы қоңырау шалушы, екіншісі оператор ролін атқарады. Әртүрлі жағдайлары бар карталарды таратыңыз (өрт, террористік қауіп және т.б.)

Сенім телефоны: 111 Егер сен буллингке ұшырасаң немесе оның куәсі болсаң, 111 нөміріне хабарласуға болады. Бұл сенім телефон және психологиялық көмек көрсетеді.

1-мысал

  • Егер адамдар отқа ұқыпсыз қараса немесе сымдарда тұйықталу болса, не болады?

  • Бұл жағдайда қайда қоңырау шалу керек?

Мұндай жағдайда дереу өрт сөндіру бөліміне 101 немесе 112 телефоны бойынша қоңырау шалу керек.

Жедел қызметке қоңырау шалған кезде хабарлау қажет:

Алдымен қоңырау шалып, мекенжайды айту керек, байланыс үзілсе де, құтқарушылар қайда бару керектігін біледі. Қай жерде болды: аулада, пәтерде, қоймада және т.б.

Нақты хабарлау: теледидар, жиһаз жанып тұр; газдың иісі сезіледі.

Егер диспетчер сұраса, сіз үйдің, кіреберістің, пәтердің нөмірін, кіреберіске кіру кодын және т.б. нақтылауыңыз керек

Презентация
























































Сабақтың соңы

13 минут

Буллингден қорғану 1. Әңгімелесу: Буллинг туралы сенімді адамға, мысалы, ата-анаға, мұғалімге немесе достарға айту. Олар көмектесуге дайын болады. 2. Күшті болу: Өз-өзіне сенімділікті арттыру. Спортпен айналысу, хоббимен шұғылдану немесе жаңа дағдыларды үйрену буллингке қарсы тұруға көмектеседі. 3. Шекараларды орнату: Буллинг жасаушыға нақты "жоқ" деген сөзді айту. Бұл оның әрекеттерін тоқтатуға көмектеседі. 4.Жазбаша дәлелдер жинау: Буллинг жағдайларын жазып алу, мысалы, күнделік жүргізу. Бұл болашақта дәлел ретінде қажет болуы мүмкін. 5.Топпен әрекет ету: Достармен бірге болу. Көпшілік жағдайда буллинг жасаушыларға қарсы тұру оңайырақ. 6.Кәсіби көмек: Психолог немесе кеңесшімен сөйлесу. Олар жағдайды шешуге және стрессті жеңуге көмектеседі. 7. Интернеттегі қауіпсіздік: Әлеуметтік желілерде және онлайн платформаларда қорғаныс шараларын қолдану. Профильдеріңізді жеке етіп жасау және бейтаныс адамдардан хабарламаларды блоктау.

Буллингке қатысты заңнама және жазалар 18 жасқа толмаған балаларды ұрып-соғып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіру қылмыстық жауапкершілікке жатады. Айыптыға заңда көрсетілгеннен жеңіл жаза тағайындауға болмайды, тіпті жеңілдететін мән-жай болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде де (ҚР ҚК 55-б.). Кәмелетке толмағандарға зорлық көрсетумен байланысты қылмыстарға татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату жүрмейді (ҚР ҚК 68-б.).

Буллинг бұл маңызды проблема, сондықтан оған назар аудару және қолдау көрсету өте маңызды.

Қорытынды. Педагог жедел жәрдем нөмірлері бар карталарды таратады

Сабаққа белсенді қатысады

Презентация





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!