Буллингтен қорған .Сынып сағаты

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Буллингтен қорған .Сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Буллингтің алдын алу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Келісемін» Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

_____________ О.А.Кошмаганбтов

«____» _______2024 жыл



Сынып : 7 «б»

Сынып сағатының тақырыбы: Буллингтен қорған

Мақсаты: мектеп ортасында буллингтың алдын алу

Міндеттері:

* Балалардың қорлау, буллинг,  психологиялық зорлық-зомбылық сияқты ұғымдарға теріс қатынасын қалыптастыру.

* Қудалау жағдайынан шығу дағдыларын дамыту.

* Құрдастарына толерантты қарым-қатынасты тәрбиелеу.

* Тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Сынып сағатының түрі: дәріс сабағы

Сынып сағатының барысы:

Суреттерге қатысты ой қозғау сұрақтары қойылады.

1.Буллинг дегеніміз не?

2.Буллингтің себептері мен түрлері

3.Мектептегі буллинг қайдан пайда болады?


image7.png



Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Буллинг дегеніміз не?

Буллинг  – бұл  жаңа термин. Bullying сөзі ағылшын тілінен аударғанда «қорқыту», «кемсіту», «мұқату» дегенді білдіреді. Кеңірек мағынада бұл бір адам (немесе топ) басқа, физикалық және моральдық жағынан әлсіз адамға (немесе адамдар тобына) физикалық шабуыл жасаған немесе қорқытқан кездегі зорлық-зомбылықтың ерекше түрі. Жалпы баланың қатегездігін білдіреді.

Негізгі белгілері:

-жәбірленуші мен жәбір көрсетуші арасындағы күштердің тең келмеуі;

-қысым мен зомбылықтың қайталануы;

-жәбірленуші көңіл күйіне келтіретін әсері. 

-сыныптастар тарапынан намысқа тиетін сөздерді айту,

-жала жабу мен ақша талап ету әлеуметтік жағынан тәртібі әлсіз қоғамда кездесетін жағдайлар.

Қолдау мен түсініспеушілікке зәру балалар, адамның қадір қасиетіне мән берілмейтін ортада буллинг жиі кездеседі.  

Сандар не дейді?

Статистикаға келетін болсақ, еліміздегі балалардың шамамен 85%-ы әр буллингтің және киберқысымның неше түрлеріне ұшырайды. Бұл қазіргі заманның үлкен түйткіліне айналып отыр. Әсіресе 11-ден 15 жасқа дейінгі әрбір бесінші қазақстандық жасөспірім бұзақылықтың құрбаны немесе қатысушысы болады. Мамандардың айтуынша, 11–15 жас аралығындағы жасөспірімдердің 17%-ы айына бір немесе бірнеше рет буллингтің құрбаны болған. Және ауылдық жерлерге қарағанда қала мектептерінің оқушылары жиі қорлауға ұшырайды. Сонымен қатар 11–15 жас аралығындағы жасөспірімдердің 12%-дан астамы кемінде бір рет кибербуллингке тап болған.

Буллингтің түрлері:

Психологиялық зорлық-зомбылық – балаға назар аудармау, кері итеру, бақылау және/не оқшаулауға, баланы қорқытуға, үрей сезімін тудыруға, баланың мінезіне ықпал етуге, оның өзін-өзі құрметтеу, өз бағасын білу сезімін жоюға, әлеуметтік және эмоционалдық дамуы мен жақсы өмір сүруіне кедергі келтіруге бағытталған қасақана жасалатын вербалды және іс-әрекеттік қимылдар схемасын қамтиды. Психологиялық кемсітушілік әрекетке баланың өзін керексіз, кемістігі бар, сүйкімсіз және қалаусыз болып табылатынына сендіру үшін жасалатын мазақтау, балағаттау, кемсіту, ұялту және дөрекі сөздер айту сияқты вербалды әрекеттер кіреді. Ол сондай-ақ баланы қорқыту және оны бақылау үшін қорқыныш сезімін тудыру мақсатында физикалық залал келтіре отырып балаға қауіп төндіру сияқты іс-әрекеттік қимылдарды да қамтиды.


Физикалық зорлық-зомбылық – балаға қатысты өзге баланың не ересектің тарапынан физикалық зардапқа не жарақатқа әкелетін, баланың денсаулығына, оның өмірінің ұзақтығына, дамуына, өзін-өзі бағалау сезіміне нұқсан келтіруі мүмкін физикалық күш көрсету арқылы жасалатын әрекеттер. Физикалық зорлық-зомбылық ретінде бағаланатын іс-әрекеттің түрлері көп: соққы, ұру, итеру, тебу, тұншықтыру, шаштан тарту, сілкілеу, қандай да бір затпен не қарумен шабуыл жасау. Физикалық зорлық-зомбылық көбінісе балаға залал не жарақат әкеледі, тіпті баланың мүгедек болуына не қайтыс болуына да соқтыруы мүмкін.

Кибербуллинг – баланың соңына түсу, қорқыту, ұялту мақсатында интернет арқылы таралатын әлеуметтік жүйелерді  пайдалану. Дөрекі, қатыгез сипаттағы мәтіндік хабарламалар жіберу; жәбірленушіні онлайн режімінде мазақ ету не жеке басына тән ақпаратты, фотоны не бейнежазбаны орналастыру; басқа баланың қыр соңына түсу не мазақ ету мақсатында жалған тіркеу жазбасын, веб-парақшаны не онлайн режімінде бейне жасау сияқты әрекет түрлерін қамтиды.

Буллинг - бұл бір балаға басқа баланың немесе балалар тобының тарапынан бағытталған тұрақты қасақана теріс әрекеттер.

Буллинг әр түрлі болуы мүмкін: қауесет тарату, қорқыту, физикалық немесе ауызша шабуыл, баланы топтан шығару, оқшаулау, балаға тікелей немесе жанама түрде зиян келтіретін басқа қимылдар немесе әрекеттер.

Қорқытуға мыналар кіреді: біреуге зиян тигізгісі келеді, зиянды әрекеттің өзі, құқық бұзушы мен жәбірленуші арасындағы күш теңгерімсіздігі,мұндай мінез-құлықты қайталау, күшті әділетсіз пайдалану,құқық бұзушының айқын ләззаты және жәбірленушіге қысым көрсету сезімі.

Қорытынды:
Баланың өзіне ақыл-кеңес

"Жасөспірім өзінің жасына байланысты буллингтен өзін қорғап қала алмайды. Бұл үлкендердің жұмысы. Дегенмен, мұндай мәселелердің алдын алу үшін ересектер балаларға түсіндіруі керек негізгі мәселелер бар:

Өзі сенім артатын үлкендерге болып жатқан қысым туралы айту;

Қудалауға қатігездікпен жауап берем деп үміттену дұрыс емес. Бұл тағы да басқа мәселелерді тудыруы мүмкін;

Егер буллингтің куәгері болған жағдайда оны назардан тыс қалдырмауды үйрету".

Рефлексия.

«Түйінді ой» стратегиясымен бүгінгі тақырып бойынша түйген ойларын айтып, қорытындылайды

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.00.2024
13513
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі