Материалдар / Буллингтің алдын алу түзету-дамыту сабағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Буллингтің алдын алу түзету-дамыту сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Біз бірдейміз». Мақсаты: оқушыларға қоғамда адамдардың бірдей деңгейде болатынын, кем немесе артық адам болмайтын түсіндіру, буллинг фактілерінің алдын алу Жас ерекшелігі: 4-5 сынып оқушылары. Қажетті құрал-жабдықтар: Уақыты: 40 минут Барысы: Психолог: салеметсіздер ме оқушылар, бүгін сіздермен «Біз бірдейміз» тақырыбында сабақ өтпекпіз. Ең алдымен тренинг-сабағымыздың ережесін сіздермен бірге құрып алайық. Тренинг-сабақ ережесі: 1. Тыныштық 2. Уақытты үнемді пайдалану; 3. Белсенді болу; 4. Ойды ашық айту; 5. Ынтымақтастық; 6. Тыныштық, тазалық сақтау. 1. «Бізде таңдау бар» жаттығуы Ескерту. Педагог-психолог қатысушыларда өмірде жиі таңдауға тура келетіндігі, кейде бұл өте қиын таңдау болатындығы туралы пікірді қалыптастыруы керек. Біз әрқашан өзіміз қалайтын және ұнайтын нәрсені жасай алмаймыз. Буллингке қатысты күш көрсете отырып, қорқытып, ұрып-соғып қол жеткізу оңайырақ және конструктивті – бейбіт уағдаласу (келісімге келу) әлдеқайда қиын.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оппозиция (даттаушы)

 Қазіргі кезде «Ел ертеңі — жастар, Жастар — біздің болашағымыз» деген сөздерді жиі естиміз. Еліміздің болашағының кілтін жастарға сеніп тапсырып отырғандығы, әрине барлығымыз үшін қуантарлық жағдай. Кезінде жүректері елім деп соққан, жерім жеп соққан қазақтың патриот жастарының арқасында, біз қазіргідей тату-тәтті ынтымағы жарасқан елде өмір сүріп жатырмыз. Ал қазіргі кезде еліміз сенім артып отырған қазақ елінің заманауи жастары, еліміздің болашағы үшін не істей алады? Осы жастардың арқасында біздің болашағымыз қандай болмақ? Кезінде ата бабамыздың бойында болған патриоттық сезім, қазіргі қазақ жастарының бойында бар ма? Олар еліміз артып отырған сенімді ақтай ала ма? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейікші. Көбінесе біз үлкен кісілерден «Біз жас кезімізде патриот едік, біз жас кезімізде намысшыл едік, қазіргі жастар өзгерген» деген реніш сөздерін жиі естиміз. Мүмкін, көптеген жастарымыз ол кісілердің сөздеріне мән бермейтін шығар, бірақ, олардың айтып отырғаны ащы шындық. Расында да, салыстырып көрейікші, кезіндегі қазақ жастары қандай еді? Қазіргі қазақ жастары қандай? Барлығымызға белгілі, біздің ата-бабамыздың бойында, патриоттық сезім бірінші орында тұрған. Елі үшін, жері үшін өз жандарын беруге дайын болған. Нақтылап айтатын болсақ, Әлия Молдағұлова, бұл қазақ батырын білмейтін адам жоқ шығар. Ол соғысқа аттанатын кезінде не бәрі 17 жаста болған. Ал Мәншүк Мәметова болса, өзінің 20 жасында, елін қорғау мақсатында соғысқа өз еркімен кеткен. Олар ешқашанда, біз жаспыз, біздің қолымыздан келмейді деп ойламаған. Олардың басты мақсаты елін қорғау болған. Айта берсек, мұндай қазақ жастары өте көп. Олар үшін ар-намыс бірінші орында тұрған. Қандай жағдай болса да, өз абыройларын түсірмеген. «Мен патриотпын» деген кезде, көкіректерін мақтаныш керген. Міне, кезіндегі қазақ жастары осындай еді. Ал қазіргі қазақ жастары қандай? Көптеген адамдардан «Елімізде патриот жастар көбейіп келеді» деген сөзді жиі естиміз. Сонда біз кімдерді патриот дейміз? Осы жайлы ойладық па? Үлкен жиындарға өздерінің не үшін барып тұрғанын білмейтін жастарды ма? Әлде сол жиындарда туымызды не үшін ұстап тұрғанын білмейтін жастарды ма? Немесе өз елін басқа елмен салыстырып, өз елін төмендететін жастарды патриот дейміз бе? Әрине, заманауи қазақ жастарын осылай ғана сипаттай алатынымыз өкінішті. Бірақ шындыққа тура қарамастан басқа амал жоқ. Қазіргі кезде қазақ жастарының бойында патриоттық сезімнің жойылып бара жатқандығы өтірік емес. Жастарымыздың «Ана елді қарашы, мына елді қарашы қалай дамып кеткен, ал біздің еліміз артта қалып қойған, ауыл сияқты» деп өз елдерін төмендететіні өкінішті. Сөйте тұра жұрттың алдына шыққанда «Мен патриотпын» деп көкіректерін қағып тұрғанын көрген кезде ішің күйеді екен. Тек қана ол емес, қазіргі қазақ жастары намыс дегеннің не екенін ұмытқан секілді. Тепсе темір үзетін жігіттеріміздің аңдығаны өсек, әйелдерше ұрсысып, басқаларды төмендетуден басқа түк білмейді. Нәпсісін тыюдың орнына, әр қызды жылатып, қаншама қыздың абыройын төгіп, сол тірлігі үшін ұялудың орнына, мақтан тұтып жүреді. Тіпті кейбіреулері қыз секілді киініп, үйінде жатып алып, ата анасына масыл болып жатқанымен шаруасы жоқ, сөйте тұра «Мен еркекпін, мені сыйлаңдар» деп көкірек керіп тұрғанын көрген кезде, ойыңа «ұят-ай» дегеннен басқа түк келмейді екен. Ал, кезінде бір қолымен әлем тербетіп, бір қолымен бесік тербетіп отыратын, қазақ қыздарымыздың қазіргі кей қылығын көрген кезде жерге кіріп кете жаздайсың. Олар үшін көкіректерін ашып қойып, көшеде темекі шегіп жүру түкте емес. Ақша үшін арын сатып жүрген қыздарымыз қаншама. «Ана» деген аяулы атқа лайық болудың орнына, баласын қоқыс секілді лақтырып кетіп жүр. Салт-дәстүр туралы айтсаң, салтымызды мазақ қылып, шетелге еліктеп жүрген жастарымыз аз емес. Ата-анасының үмітін ақтаудың орнына, оларды кемсітіп, ата-анасын тастап кетіп жатқан жастарымызды көрген кезде, жүрегің ауырады. Жап жас болып, болашаққа қарай жылжудың орнына, аңдығандары түнгі клуб, ойын сауық орталықтары болып, өз жастық шағын босқа құртып жүрген қазақ жастары да жеткілікті. Еліне тигізіп жаткан пайдасы жоқ, сөйте тұра үкіметке ауыздарын ашып, өз елін төмендетіп, өз елін жамандаудан басқа түк білмейді. Міне, қазіргі қазақ жастарының күйі осындай. Оларды осылай ғана сипааттай алатынымыз өкінішті. Кезінде, Мағжан Жұмабаев атамыздың «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, мен жастарға сенемін» деген сөзінің қадірі қалмағаны ма? Еліміз сенім артып отырған қазақ жастары қайда? Кезінде ата-бабамыз осындай қазақ жастары үшін, қан төгіп, өз өмірлерін құрбандыққа шалған ба? Сол ата-бабамыз жастарымыздың қазіргі жағдайын көрсе, қандай күйде болатын еді? Көкейімізде жауабы жоқ, осындай сансыз сұрақтар көп болып тұрғаны, өкінішті әрине. Бар ойлайтыным, қазіргі қазақ жастары еліміздің болашағы, өздерінің қолдарында екенін түсінсе екен деймін. Ата-бабамыз аманат етіп кеткен қазақ елін, қазақ жерін, одан әрі дамытып, «Мен қазақпын, мен патриотпын» деген сөзді бостан бос емес, мақтана айтса екен деймін. Неде болса, «ештен кеш жақсы» дейді ғой. Жастарымыз алдағы уақытта, патриоттық сезімді толығымен ұғынып, өз елдерін мақтан тұтып, «Еліме пайдамды тигізейін» деген мақсатпен өмір сүреді деген үміттемін...












Үкімет (жақтаушы)

«Қазіргі жастарға патриотизм тән бе». Әрине, қазіргі жастарға патриотизм тән. Себебі, көріп отырғанымыздай «Дипломмен - ауылға», «Жас Отан - жастар қанаты», «Студенттік құрылыс жастары» бағдарламаларда жастар үлесі көп. Олардың елін, жерін сүйген патриоттық сезімін осыдан аңғаруға болады. Олардың ана тілінен, ұлттық болмысынан, төлтума мәдениеті мен салт - дәстүрден алшақтығы туралы жібі түзу әңгіме айтылмайды. Мұндай сыни пікірлердің дені жастарға бағытталатыны белгілі. Әйтсе де бес саусақтың бірдей еместігін ескерген жөн. Олардың барлығын бірдей батыстанып кетті деу артық болар. Негізі мұндай кертертпа пікірлерді алға тарта берсек, сол арқылы жастар рухын төмендетіп, болашақта толыққанды патриот азамат болып қалыптасуына кедергі жасайтынымыз анық. Ақиқатын айтқанда, жастардың туған жерге деген ықыласы мен патриоттық сезімін бағалай білуіміз керек деген ой - тұжырым айтылды.
Сонымен қорыта айтарымыз, қазіргі жастардың патриотизмі - бүкіл қазақстандықтарға тән. Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт - дәстүр, ортақ қазақтың тілі. Басқа ұлт өкілдері қазақтың тілін білуі тиіс. Отан – от басынан басталады десек, туған облысымыздың, қаламыздың көрнекі жері, тарихы, атаулы оқиғаларын, айтулы адамдардың өмір жолдарын білгізудің мәні зор. Азаматтардың биік отаншылдық сезімі бүгінге ғана емес, ертеңге керек, болашаққа да керек.
. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік", " патриотизм", ұғымдары сол заманның ақиқаты - наным - сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы-қазақстандық патриотизм болды Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм - Отан-анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім пен білікті, ақыл-парастатты ел игілігіне жұмсау, ата-мекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кірсе керек. 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!