Материалдар / Буынаяқтылар және хордалылар типтері.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Буынаяқтылар және хордалылар типтері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас маман ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2020
527
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Акбанова Нургуль Толегеновна

Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназиясы

Биология пәнінің мұғалімі

Нұр-Сұлтан қаласы.

Сабақтың тақырыбы

Буынаяқтылар және хордалылар типтері.

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.1.4 Буынаяқты және хордалы жануарлар кластарының ерекше белгілерін сипаттау

Сабақтың мақсаты

  • Буынаяқтылар кластарының ерекше белгілерін анықтау;

  • Хордалылар типі кластарының ерекше белгілерін анықтау;

  • Буынаяқтылар мен хордалылардың ерекшелігіне қарай ажырату.

Бағалау критерийлері

  • Буын аяқтылар және хордалылар типінің класс өкілдерін ажырата алады;

  • Буынаяқтылар типіне тән ерекшеліктерді атайды;

  • Хордалылар типінің негізгі ерекшеліктерін атайды;


Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Жануарлар патшалығына тән таксондарды жазып, жіктейді

Омыртқалылардың омыртқасыздардан айырмашылықтарын атайды

Буынаяқтылар және хордалылар типіне тән ерекшеліктерді ажыратады
Негізгі ерекшеліктерді пайдалан отырып, дихотомиялық кілт құрастырады

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Буынаяқтылар, шаянтәріздестер, өрмекшітәріздестер, бунақденелілер, хитин, хорда, түкті жамылғы, балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Буынаяқтылар деп аталу себебі............

Буынаяқтылардың денесін ........ қабықпен қапталған.

Хордалыларда ........................ болады.

Буынаяқтылардың хордалылардан ерекшелігі, оларда ............ болмайды

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық: оқушылар сабақ барысында өзіне және өзгелерге кедергі келтірмейді, өзгенің ойын соңына дейін тыңдайды.

Мұғалім әркімнің пікірін тыңдап, өз ойын білдіреді.

Академиялық шыншылдық: өзара бағалау мен өзіндік бағалауда шыншылдық таныту.

Өмір бойы оқу: оқушы деңгейіне сәйкес өз бетімен тапсырмаларды орындау үшін тапсырманы орындау стратегиясын жоспарлайды. Орындаған тапсырмаға өзіндік рефлексия жасайды.

Ынтымақтастық: әркімнің ойы құнды қағидасын ұстану; өзара оқыту ортасын құру.

Патриоттық және азаматтық позиция айналадағы жануарлар әлеміне қамқорлық танытуға, қорғауға алынған жануарларды танып білуге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Тіршілік ету ортасы туралы ақпарат арқылы география пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім

7 сынып бағдарламасынан оқушылар жүйелеуге анықтама бере біледі.Оқушылар «Тірі ағзалардың көптүрлілігі» тарауынан жергілікті жердің экожүйесін, біржасушалы және көпжасушалы ағзаларды сипаттап және тірі табиғатты бес патшалыққа жіктей біледі

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4мин






Оқушыларға bilimland сайтынан жүйелеу туралы білімдерін тексеру мақсатында тестілерді онлайн орындау тапсырмасы ұсынылады.

(https://bilimland.kz)

Егерде сайттағы тапсырмалар қол жетімсіз болса, жануарлар класстарын атап, әр класс өкілдерінен мысалдар келтіру жіктеу тапсырмасы ұсынылады. Жіктей отырып, оқушылар алдыңғы өтілген бөлімдерден кейін жабық тұқымды өсімдіктердің класстарын анықтайды. Осы арқылы сабақтың тақырыбы ашылады. Өсімдік бөлімдерінің өкілдерін салыстырып, әрқайсысына тән белгілерін анықтадық. Ал класс өкілдерін қалай ажыратуға боладыдеп талқылау жүргізе отырып, сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге анықтаңыз. Бағалау критерийлері таныстырылады.

1 слайд




Сабақтың ортасы

4-10 мин


Оқушыларға буынаяқтылар мен хордалы жануарлардың түрлі суреттерін екі топқа жіктеп және оларды қандай ерекше белгілері бойынша жіктегені сұралады. Буынаяқтылардан: өзен шаяны, таңқы шаян, бүйі, жөлек кене, зауза қоңызы, ақ көбелек. Хордалылардан: өзен алабұғасы, шортан,бақа, секіргіш кесіртке, кәдімгі сарыбас жылан, көгершін, бүркіт, борсық, қасқыр немесе басқа жануарларды алуға болады.

1 - қосымша



11-27мин


Оқушылар жауабы талқыланғаннан кейін тұлып, жәндіктер топтамасы, ылғал препараттар немесе суреттер мен плакаттар, РРТ ұсынылады.

Оқушыларға қауіпсіздік техникасының ережелері таныстырылады.

Оқушылар берілген ресурстардың көмегімен буынаяқтылар мен хордалылар типтерінің клас өкілдеріне тән ерекше белгілерін анықтап кесте толтырады.


2-10 слайдтар


2-қосымша



тұлып, жәндіктер топтамасы, ылғал препараттар, суреттер, плакаттар

28-36 мин


«Поездағы жолаушылар» ойынын ойнау арқылы оқушылар алған білімдерін қолданады.

Әр жолаушының қолында буынаяқтылар мен хордалы жануарлардың суреттері бар (сабақ басында таратылған суреттерді қолдануға болады) ол суреттерді сыныпта бір оқушыға көрсетеді, ол оқушы оның қандай жануар екенін анықтайды, енді ол оқушы басқа оқушыға барады, осылай жалғаса береді.

1-қосымша


Сабақтың соңы

37-40 мин


Кері байланыс

Түсіндім, түсіндіре аламын, түсінбедім деген сөздерді тақтаға іліп қойылады, оған оқушылар стикерлерге өздерінің тақырып бойынша жақсы түсінген, түсіндіре алатын тұстарын жазып жапсырады.

Түсінбедім деген тұстарына тоқталып, толықтырулар жасалады.

Стикерлер

11 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Кейбір алғыр оқушылар жәндіктер немесе омыртқасыздар деп жіктеген тобын тағыда 3 топқа (өрмекшітәрізділер, бунақденелілер, шаянтәрізділер) жіктеу тапсырмасы ұсынылады.

Жылдам жұмыс істейтін оқушыларға буынаяқтылар өкілдерінің қосымша түрлері беріліп, соларды кластарға жіктей отырып, бинарлы номенклатура бойынша атау тапсырмасы беріледі.

Сұрақтарға жауап беру қосымша тапсырмасын орындау ұсынылады

Үлгерімі төмен оқушыларға буынаяқтылардың негізгі сипаттамалары қосымша беріліп, соларға сүйне отырып, тапсырмаларды орындау ұсынылады

Кейбір оқушыларға дихотомиялық кілтпен жұмыс жасау тапсырмасы қосымша тапсырма ретінде ұсынылады.

(3-қосымша)

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Тақырып бойынша топпен жұмыс істеуде

Кері байланыс – жануарлар түрін анықтау арқылы

Кесте толтыруы бойынша

Зертханалық жұмысты қорытындылау бойынша

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.


Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Ылғал препараттар мен жинақтар, тұлыптармен жұмыс кезінде қауіпсіздікті сақтау ескертіледі.

Оқушылар зертханалық жұмыс кезінде белсенді қимыл жасайды.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!