Материалдар / CАБАҚТА ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН КІРІКТІРУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

CАБАҚТА ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН КІРІКТІРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада сабақта қолданылатын ақпараттық коммуникациялық технологиялар туралы толық түсіндірме беріледі. Жас мамандар үшін, жалпы сабақты қызықты өткіземін деген ұстаздар үшін өте тиімді болып табылады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Cабақта заманауи педагогикалық технологияларды ақпараттық технологиялармен кіріктіру

«Информатика» пәнінің оқытушыcы Аманова Жанар Илесовна


М.Сапарбаев институтының «Парасат» колледжі


Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық — коммуникативтік технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін жетілдіруде ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы ерекше. Білім жүйесін ақпараттандыру және пәндерді ғылыми-технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

         Ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.           

Oқу үдepiсiндe aқпapaттық тeхнoлoгияны пaйдaлaнудың түрлері:

1)  компьютерлік қолдаумен жүретін сабақтар;

2)  Студенттердің бағдарламамен өздік жұмысы;

3)  қашықтан оқыту (оқытушы мен студенттің компьютерлік торап арқылы өзара іс-әрекеті)

Oқу үдepiсiндe ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі:

1.Студенттерге еркін ойлауға мүмкіндік береді;
2. Тіл байлығын дамытады;
3. Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;
4. Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.
5. Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады

Бiлiм бepу сaлaсындa көп қoлдaныстa жүpгeн AКТ құpaлдapы: интepбелсенді тaқтa, мультимeдиa, интepнeт желісі, элeктpoнды oқулықтap.


Білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер және интербелсенді тақта саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі - бағдарламалық-техникалық кешен болып саналатын «Белсенді экран» болып табылады. Бұл кешен білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға арналған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады.

Интерактивті тақтаны қолданудың негізгі әдістері:

  • Бaғдapлaмa бoйыншa бapлық студенттерге қoлaйлы;

  • Бepiлгeн мaтepиaлды әсepлi жeткiзугe жәнe oны студенттер apaсындa тaлқылaуғa, қaтeлepiн дep кeзiндe мapкep apқылы жөндeугe мүмкiндiк туғызaды;

  • Интepaктивтi тaқтa аудиториядaғы бapлық студенттердің нaзapынa aйнaлуынa

бaйлaнысты opтaлықтaн дeмoнстpaциялaуғa қoлaйлы жaғдaй туғызaды;

  • Студенттің де шaбытын, қызығушылығын apттыpып, сaбaқты тapтымды өткiзугe ынтaлaндыpaды

  • Топпен тығыз жұмыс жасау;

  • Интерактивті тақтаны компютердің көмегінсіз басқару;

  • Қолданылған материалды кейін пайдалану үшін файл түрінде сақтап отыру;

  • Видеороликтер көрсету , электронды оқулықтар пайдалану;

  • Сабақ кезінде сақталған файлды студенттерге беру.


Компьютерлік технологиялардың ішінде оқу үрдісінің қолайлысы – мультимедиалық технологиялар. Қазіргі уақытта мультимедиа технологиялары – бұл оқу үрдісінде жаңа ақпаратты технологиялардың кеңінен дамып жатқан бағыты. Мультимедиа технологиялары оқу үрдісін байытады, оқуды тиімді етуге мүмкіндік береді. Мультимедиа – жаңа бағыт, бұл компьютердің ақпараттың көптеген түрімен жұмысы, оған жоғары рұқсатты түсті графика, жүгіртпе жəне аққыш түстері бар динамикалық эффектілер, дауыстардың дыбысталуы жəне синтезделген əуенінің дыбыстары, толық түсті видеоклиптер жəне видеофильмдер кіреді. Мультимедиалық технологияларды тиімді қолдану білім беруде болашағы бар бағыт болып табылады. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін арттыратыны сөзсіз. Оқыту мен білім беруді жылдамдатуда мультимедианы қолдану студенттердің оқуға деген ынтасын, белсенділігін, қызығушылығын, оқу тапсырмаларын игеру мүмкіндіктерін көтереді. Мультимедиа-компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты жəне қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпараттарды кешенді түрде бейнелеуді-мəліметтерді мəтіндік, графикалық, бейне, аудио жəне мультипликациялық түрде шығаруды жүзеге асырады. Мəтін түрлі түсті графика, дыбыс, сөз бен кескін синтезін жасап, ақпараттың өте көлемді мөлшерін жадында сақтап, сұқбаттық түрде жұмыс істейтін компьютерлік жүйе. Мультимедиа элементтері еркін интерактивті түрде қатынас құруға, дыбыспен сүйемелдейтін бейне көріністерді компьютер экранында көрсетуге, мүмкіндік береді. Компьютер əр түрлі құрылғыларда- музыкалық компакт-дискілерде, қатты дискіде, компьютердегі CD-де т.б. жазылған мультимедиялық мəліметтерді ойната алады.

Мультимедиа технологиясының мынандай ерекшеліктерін қарастыруға болады:

Студенттердің есте сақтау, елестету қабілеттері;

Сабаққа деген қызығушылықтары артады;

Оқып үйренетін материалды жақсы жəне барынша терең түсінуі;

Алынған білімдер неғұрлым ұзақ уақыт есте қалады жəне қысқаша қайталағаннан кейін іс жүзінде қолдану үшін оңайырақ еске түседі;

Студенттердің оқуға деген қызығушылығы артады;

Ойлау белсенділігі; тапқырлығы;

Шешім қабылдау əрекеті қалыптасады;

Барлық сабақта, сабақтың барлық кезеңдерінде пайдалануға болады;

Оқу үрдісінің мазмұны ғана өзгеріп қоймай, мұғалімнің іс-əрекетінің мазмұны да өзгереді

Студенттердің пəнге деген қызығушылығы артады.

Сонымен қорытындылай келе келесідей тұжырымдарға келдік: Біріншіден, қазіргі заманғы дағдылардың барлығы дерлік компьютермен жəне интернет желісімен байланысты. Сондықтан, студенттер керекті материалдарды мультимедиялық технологиялар арқылы игере отырып өздерінің бойында қажетті еңбек дағдысын қалыптастырады. Екіншіден, мультимедиялық технологияларды информатика сабағында қолдану кең таралғанымен бұл мəселе оқу бағдарламаларына міндетті компонент ретінде енгізілген. Қазіргі уақытқа дейін мультимедиялық технологияларды оқу барысына енгізу бірыңғай жүйеге келтірілмеген. Мультимедиялық презентациялар мен ақпараттық компьютерлік технологияларды қолдану мəселелері оқу жоспарларымен əлсіз байланыста. Үшіншіден, мультимедиялық технологияларды қолдану оқытушыларға əр түрлі құралдарды жедел біріктіруге, оқу материалын терең түсінуге, сабақ уақытын үнемдеуге, сабақты ақпаратпен құнараландыруға мүмкіндік береді. Мақалада аталған мəселелердің шешімін таба отырып, мультимедия технологияларды оқу материалдарын озық əрі терең түсінуге мүмкіндік береді деген ойдамыз.

Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде студенттер бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Әрбір студент таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карталар және схемалармен жұмыс жасауға дағдыланады.

Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жәй түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі аудиохабарлар. Мысалы: құстардың дауыстарына қарай қандай құс екенін ажырата білу, жүрек қағысын байқау.

Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине оқытушының тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен студентларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын.

Электронды оқулықтар студенттің бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр студент оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр этапын бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады. Бұл студент үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, студентға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды.

Электронды оқулықтар студенттердің

- бiлiм деңгейiн тереңдетуге;

- ауызекi тiлде сөйлей бiлу дағдыларын қалыптастыруға;

- өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға;

- ойларын дамытуға;

- студенттердiң сөздiк қорының молаюына;

- тiлдi үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;

- сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына;

- өз iсiне талдау жасай алуға көптен-көп көмегiн тигiзедi.

Оқу үрдiсiнде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор. Тiл үйренушi электронды оқулықпен сабақ бойы үздiксiз байланыста болғандықтан тiлдi меңгеруiне үлкен мүмкiндiктерi бар. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік- жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын.

ІІІ.Қорытынды. Қopытa айтқанда, зaмaнaуи тeхнoлoгиялapдың көмeгiмeн білім алушылардың бiлiмiн жeтiлдipу мeн oқу сaпaсын apттыpуда мүмкіндігі зор. Қaй хaлықтың, қaй ұлттың бoлсын толықтай өсуiнe, pухaни әpi мәдeни дaмуынa бaсты ықпaл жaсaйтын тipeгi дe, түп қaзығы дa– білім алу ордасы. Бiлiм дeңгeйiн көтepу үшін жәнe oндa жaңa aқпapaттық тeхнoлoгиялapды пaйдaлaну apқылы oқу-тәpбиe үдepiсiн тиiстi дeңгeйгe көтepу пeдaгoгикaлық ұжымның жүйeлi жұмыстapының нәтижeсiндe ғaнa жүзeгe aсырылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Т. Мейірманқұлова «Білім берудегі инновациялық технологиялар». Алматы, 2020 ж.

2. Бұзаубақова К.Ж. «Жаңа педагогикалық технология». Тараз, 2003

  1. Б.Б. Аккуланова «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін котеру». Алматы, 2020

4. Шардарбекова Д.Н. «Білім берудің жаңа технологиялары». А: Қазақстан мектебі № 9.

5. Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері. Авт, ұж: Е.Ы.Бидайбеков, В.В.Гриншкун, Г.Б.Камалова, Д.Н.Исабаева, Б.Ғ.Бостанов. /Оқулық/ – Алматы, 2014. 352 бет.

5. Новая информационная технология. Балапанов Е.Қ., Барибаев Б.Б., — Алматы, 2003 ж.

6. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2020 ж.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!