Материалдар / Case Study технологиясын биология пәнін оқытуда қолдана отырып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Case Study технологиясын биология пәнін оқытуда қолдана отырып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада биология пәнін оқытуда Cаse технологиясын қолдана отырып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру туралы жазылған
Авторы:
24 Маусым 2024
174
2 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Case Study технологиясын биология пәнін оқытуда қолдана отырып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру

Қаныбек Мөлдір Бауыржанқызы

1-курс магистранты

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті

Алматы қаласы

Аңдатпа

Мақалада Case Study технологиясы туралы түсінік берілген. Сонымен қатар, Case технологиясының ерекшеліктері мен қолданылу ережесі көрсетілген.

Аннотация

В статье дается представление о технологии Case Study. Кроме того, показаны особенности и правила применения технологии Case.

Annotation

The article gives an idea of the Case Study technology. In addition, the features and rules of application of Case technology are shown.


Білім беру стандарттары оқушылардан тек дағдыларды ғана емес, сонымен бірге танымдық қабілеттерді қалыптастыруды талап етеді. Негізгі назар белгілі бір білім көлемін жинауға емес, оқу ісінің дағдысын меңгере отырып, білімге құштарлық пен қабілетті оятуға аударылуы керек. Баланың ойлауын, зейінін, сөйлеуін дамыту, қоршаған әлемге қызығушылығын ояту, жаңалықтар ашу және оларға таң қалу қабілетін қалыптастыру өте маңызды [1].

Оқушының таным белсенділігін арттыру мақсатында көптеген интербелсенді технологиялар бар. Соның бірі Case Study әдісі болып табылады.

Кейс технологиялары нақты проблемалар мен міндеттерді шешуге негізделген практикалық мәселелерді шешу үшін оқушылардың теориялық білімдерін қолдануға, олардың өзіндік ойлауын дамытуға, топта жұмыс істеуді үйренуге мүмкіндік береді [2]. Кейс әдісі бойынша оқушыларға мәселе ашық түрде ұсынылмайды, сол себепті оқушылар оны кейстің сипаттамасында берілген ақпараттардан оқшаулауы керек. Бұл әдісті қолдану белгілі бір дағдылар мен іскерлікті қажет етеді.

О.Г.Толочина пікірі бойынша: Кейс технологиясы – ол әрекет ету арқылы білім алу. Кейс әдісінің басты мақсаты – оқушының білімді меңгеру және дағдыларды қалыптастыруы, өз бетінше мәселені шеше алу қабілеттілігін арттыру [3] деп көрсеткен болатын. А.М.Долгоруков өз еңбегінде кейс технологиясын оқушылардың өз бетімен ойлауын, тыңдай, есепке алу және өз көзқарасын дәлелді түрде жеткізе білу қабілетін қалыптастыруға ықпал ететін, практикалық мәселелерді шешуде теориялық білімді қолдануға мүмкіндік беретін құрал ретінде сипаттайды. Бұл әдіс арқылы оқушылар өздерінің талдау дағдыларын, топта жұмыс істей алу қабілетін, мәселенің шешімін дұрыс табуды үйренеді [4] деп жазған болатын. Я.А.Коменский оқушының танымдық іс-«рекетін дамыту мәселесі адамның жеке тұлғасын тұтастай қалыптастырудың басты мәселесі деп есептеді: «Жастар парасатты болу үшін білім алуы керек, Адам, яғни жеке тұлға – біреудің ойымен емес, өз ойын жете білуге үйренуі керек. Олар тек кітаптан оқып, басқа адамдардың заттар туралы ойын түсініп және жаттап алып қана емес, оқыған заттың мәнін түсініп, өмірде қолдана алуға бейімделу керек» [5]. Танымдық іс-әрекет – бұл оқуға деген ұмтылыспен, психикалық күшпен және білімді меңгеру процесінде ерік-жігердің көрінісімен сипатталатын жеке адамның ақыл-ойының белсенділік жағдайы [6].

Case Study әдісі 1920 жылы Гарвард университетінде алғаш рет қолданылды. Қазіргі кезде бұл әдіс дүние жүзінде оқытудің тиімді әдістерінің бірі ретінде пайдаланылады. Ол оқушыларды пәнді оқуға, білімді тереңінен меңгеруге, ақпаратты талдауға, әртүрлі мәселелерді саралауға мүмкіндік береді. Оқу процесінде кейстермен жұмыс жасау технологиясы мына сатылардан тұрады:

1) Кейс материалдарын зерттеушілердің жеке өзіндік жұмысы (мәселені сәйкестендіру, негізгі баламаларды тұжырымдау, ұсынылған әрекетті немесе шешімді ұсыну).

2) Негізгі мәселені енгізуге және оны шешуге байланысты шағын топтармен жұмыс.

3) Жалпы дискуссиядағы (оқу тобы шегінде) шағын топтардың тұсаукесерлері және тәжірибе нәтижелері [7].

Case Study әдісінің ерекшелігі:

  • Оқыту өмірдегі нақты жағдаймен байланыстырылады;

  • Оқытуда Case әдісін пайдалану оқушыға проблеманы шешудің жолдарын іздеуге еркіндік береді;

  • Кейс жағдайын талдау үдерісінде оқушылар өмірдегі нақты, бір-бірімен байланысқан процестерді көрсетеді:

  • Нақты жағдайды талдай отырып, студент негізгі білімді жинақтайды, қорытынды жасайды.

Сабақты кейс әдісімен өткізілу барысында келесі жетістіктерге қол жеткізуге болады:

  • Оқушының білімге деген ынтасы, танымдық белсенділігі артады;

  • Пікірталас кезінде оқушының пәнге деген қызығушылығы артады;

  • Сабақтың жоспарланған материалдарын оқушылар толық меңгеруге мүмкіндік алады.

Кейс әдісінің орындалу тәртібі

Жұмыс кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабаққа дейін

  1. Кейсті таңдайды.

  2. Оқушылардың дайындалуына қажетті негізгі және қосалқы материалдарды анықтайды.

  3. Сабақ жоспарын әзірлейді.

  1. Кейс пен ұсынылатын әдебиеттер тізімін алады

  2. Сабаққа жеке-дара дайындалады.

Сабақ кезінде

  1. Кейсті алдын-ала талқылауды ұйымдастырады.

  2. Сыныпты шағын топтарға бөледі.

  3. Шағын топтардағы оқушыларға берілген тақырыпты талқылауын қадағалайды, қажет болса оларға қосымша мәліметтер береді.

  1. Кейс пен оның ауқымындағы мәселелерді терең түсінуге көмектесетін сұрақтар қояды.

  2. Шешімдерді түрлі нұсқаларын әзірлейді, басқалардың не айтып жатқанына назар аударады, мұқият тыңдайды.

  3. Шешім қабылдайды немесе шешім қабылдауға қатысады.

Сабақтан кейін

  1. Оқушылардың жұмысын бағалайды.

  2. Қабылданған шешімдер мен қойылған сұрақтарды бағалайды.

  1. Берілген тақырып бойынша өткен сабақ нәтижесі туралы кері байланыс береді.

  2. Бір-бірін және өзін-өзі бағалайды.


Биология сабағында Кейс әдісін қолдану – ол оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға, оқуға қызығушылығының артуына, өзіндік ізденіс пен пікірталас құруда өзіне сенімді болуға көмектеседі. Біздің, мұғалімдердің басты мақсаты – білімді баланы тәрбиелеп шығару. Қазіргі заманда барлығымыз бәсекеге қабілетті нағыз маманды тәрбиелеуіміз керек. Білім негізі мектептен басталатын болғандықтан, әрине, басты міндет біздің мойнымызда. Сол себепті, Case Study әдісі өте тиімді деп ойлаймын. Ол оқушының мәселенің жауабын табуға ең алдымен қызығушылығын оятса, екіншіден бір-бірінің пікірін тыңдауға және оны құрметтеуге дағдыланады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. А.Ғ.Темирбекова, Н.И.Жапаркулова, Г.Ж.Ержан «Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру әдістері» Методы активизации познавательной деятельности учащихся. Вестник КазНУ. Серия педагогическая 71(2), 207-216 б , 2022 ж.

  2. Хамитова А.С «Кейс технологиялар студенттердің танымдық белсенділігін арттыру факторы ретінде» Вестник академии педагогических наук Казахстана Учредители: Академия Педагогических Наук 1 (103) 2022ж С 60-64б.

  3. Толочина О.Г «Кейс технологии как один из иннавационных методов образователльной среду» 2019 ж.

  4. Долгоруков А.М. «Метод Case Study как современная технология профессионально-ориентированного обучения. 2013 ж.

  5. Коменский Я.А. «Избранные педагогические сочинения» Москва: Педагогика, 1982, 656с.

  6. Бутер Н.К. «Индивидуальный образовательный маршрут в изучении пердмета как средство формирования и развития универсальных учебных действий» Пермский педагогический журнал.2018. №9. 5с.

  7. Унгарбаева Г «Кейс – стади әдісін «Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің зертханалық сабақтарында пайдалану» Молодоц ученый №1.. (81.1) 2015 ж. 114-115б.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!