400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Celebrations. Women’s day».

Материал туралы қысқаша түсінік
Заманауи ағымға байланысты әр педагог баламен жұмыс жасауда әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы өзінің кәсіби шеберлігін арттырып, «smart»мақсаты арқылы оны шығармашылықпен дамыта отыра жұмыс жасайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы Алатау ауданы №152 мектеп-гимназия


Лессон Стади зерттеу тәсілі бойынша жауапты:

Р.С. Абдикаримова – мектеп – гимназия директоры

Оқу ісі жөніндегі орынбасары: Жакыпбекова Н.А.


Зерттеу тобының мүшелері:

Жақыпбекова Назира Альмахановна

Зақаш Шынар Еділқызы

Іс әрекеттегі зерттеу:

Авторы: Зақаш Шынар Еділқызы

Заманауи ағымға байланысты  әр педагог баламен жұмыс жасауда әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы  өзінің кәсіби шеберлігін арттырып, «smart»мақсаты арқылы оны шығармашылықпен дамыта отыра жұмыс жасайды.

          Сол мақсатпен 2023 жылдың 23 қараша күні «Lesson study» жұмысын ұйымдастыру бойынша мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары, бірлестік жетекшісі, ағылшын тілі пәні мұғалімі сабаққа қатысты. Зерттеуге 5«Е» сыныбы таңдалды. Сыныпта барлығы 12 оқушы бар. Ұл бала –7, қыз бала -5 .

             «Lesson study»-ге арнайы ҚМЖ құрастырылды және жоспарда сабаққа қандай тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануға болатыны, балалардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыру туралы қарастырылған. «Сабақ барысында оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, оқылым, жазылым, айтылым,тыңдалым дағдысын қалыптастыру» міндеттері маңызға алынды.

Сабақты зерттеу мынадай кезеңдерден тұрды:

 

 І.Жоспарлау

-Сергіту сәті,

- Топқа бөлу;

-Үй тапсырмасын тексеру;

-Жаңа сабақ түсіндіру;

-Тапсырма орындау

-Сабақтан кейінгі кері байланыс

ІІ.Сыныпты педагогикалық-психологиялық тұрғыда бақылау

-Сыныпты бақылау жоспары;

-Анализ жасау;

ІІІ. Сабақты зерттеу

-Сабақ кестесін құру;

-ҚМЖ құрастыруда білім сапасын арттыруға байланысты тиімді әдіс-тәсілдерді іріктеу,тәжірибеде қолдану;

-LS өткізу ,талдау;

-Келесі   LS -ды жоспарлау;

ІY.Нәтиже

-Зерттеу жұмысы бойынша шешім шығару;

- БАҚ-қа жариялау;

23.11.2023 жылы Lesson study зерттеу сабағы ағылшын тілі пәнінен өтті. Сабақтың тақырыбы: «Celebrations. Women’s day».  Сабақта «PPP» әдісінің тиімділігін анықтау басты мақсат етіп қойылды. Бұл әдіс бойынша Presentation кезеңінде Noticing тәсілі арқылы мәтіндегі сөздерді көрсету , ол сөздің формасын, мағынасын қолданылды. Осы кезеңнің ішінде Contextualization, яғни сөздерді суреттермен сәйкестендіру арқылы балаға сөздердің контексті көрсетілді. Балаларға сөздерді сөйлемге қалай қолданылатыны көрсетілу үшін «Meaning illustration» болу керек. Мәтіндегі лексиканы бекіту Concept checking question тәсілін ауадай қажеттігі көрсетіледі. Шет тілі болғандықтан сөздердің дұрыс оқылуы маңызды, сондықтан Pronunciation checking  және Form checking міндетті түрде жүргізілді. Екінші  Practice әдісінде жаттығулар орындау барысында restricted and freer practice  тапсырмалары берілді. Үшінші Production әдісінде Role play диалог арқылы мәтіннің негізгі түйінін диалог немесе интервью ретінде ұсындым. Балалар мәтін ішіндегі жаңа сөздерді қолдану арқылы диалог жасап, мәтінді қысқаша мазмұндау арқылы бір-біріне хабарлады. 

        Lesson Study тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседі. Зерттеу сабағының тиімділігі туралы айтатын болсам:

-кәсіби педагогикалық білімі көтеріледі;

-сабақты бақылауда кері байланыс беру дағдылары дамиды;

-оқушылардың оқуы жақсарады;

-оқушылардың функционалдық сауаттылығы дамиды;

-білім сапасына оң әсерін тигізеді;

 

Осылайша Lesson Study мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамытудың, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың бірден бір тәсілі екеніне, бірге жоспарлау, бірге қадағалау, бірге талдау арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастыратынымызға, өз біліктілігімізді көтере отырып, ортақ мақсатымызға оңай қол жеткізе алатынымызға көз жеткіздім. Мен үшін Lesson Study  үлкен тәжірибе алаңы болды.

 

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
29.05.2024
352
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі