Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Цифрлы сауаттылыққа бір қадам - информатика сабағында" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогикалық ғылым мен тәжірибеде жаңашыл жетістіктерді меңгеру қашанда әр мұғалім үшін алғашқы мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі таңда деңгейлі курс бағдарламасын игеріп, білім сапасын арттыруға еңбектеніп жатқан мұғалімдер көп.Әр мұғалім өз сабағында үйренген жаңалықтарды қолданып, сабағы туралы өзге мұғалімдердің пікірін жеке дәптерге жазып алып, жетістіктерді ұштап, кемшіліктерді болдырмауға тырысады. Көптеген адам ойлауы мүмкін, жоғары білікті маманда кемшілік болмайды деп, олай бір жақты пікір айту – қате. Өйткені, күнбе-күнгі жұмыстың өзіндік озық тұсы мен бір жетпес тұсы болады емес пе?!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің сүйікті мамандығым

Егеменді еліміздің ең басты мақсаты – өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ол өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады» – деп Қытайдың дана ойшылы Конфуций айтқандай, жаһандану кезеңіндегі технологиялық қарқынды даму, әлемдік өзгерістер жаңашылдықпен білім алуға бағыттайды. Ең баcты құндылық aдам, оның өміpі, aдамның pухани құндылығы білім. Әлeмдік жaңару, жaңа технологиялаp aғымы толаcтaмай өзгеру үстінe өзгерудe.

Ұлы ойшыл Әл-Фараби “Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді” десе, өз қызметіне шынайы берілген маман өз ісіне кәсіптік талдау жасау арқылы жетіледі. Жүргізілген кәсіби жұмыстарым бойынша нәтижені зерделеп, педагогикалық құбылыстар элементтерінің арасындағы себеп-салдар байланысын тауып, әрі қарай дамыту жолдарын анықтауға тырыстым.

Қазіргі таңда кез келген компанияда маманы деген қызметкер бар. Ол кәсіпорын үлкен бе,кіші ме, мейлі шалғайдағы наубайхана болсын, әйтеуір, компьютердің тілін білетін бір адам жүреді. Онсыз ісіміз өрге жүрмейді. Себебі, көбінің технологиясы жаңа, сәйкесінше барлығы жартылай автоматтандырылған жүйеге көшсе де, тың дүниесі бар. Уақыттың талабына сай. Үлкенді кішімізге сол саласының тілін меңгеруге тура келеді. Өйткені, өміріміз ақпараттық технологияға байланған. Сол себептен де осы мамандықты таңдаудағы мақсатым – аспан асты елінің қатарынан көрініп, Қазақстанды дамыған 30 елдің алдыңғы қатарына кіруге өзіндік үлесімді қосу.

Педагогикалық ғылым мен тәжірибеде жаңашыл жетістіктерді меңгеру қашанда әр мұғалім үшін алғашқы мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі таңда деңгейлі курс бағдарламасын игеріп, білім сапасын арттыруға еңбектеніп жатқан мұғалімдер көп. Мен де сол ұстаздармен етене араласып, сабақтарына қатысып, педагогикалық сұрақтар бойынша жеке байланыс жасап жүрмін. Өз сабағымда үйренген жаңалықтарды қолданып, сабағым туралы өзге мұғалімдердің пікірін жеке дәптерге жазып алып, жетістіктерді ұштап, кемшіліктерді болдырмауға тырысамын. Көптеген адам ойлауы мүмкін, жоғары білікті маманда кемшілік болмайды деп, олай бір жақты пікір айту – қате. Өйткені, күнбе-күнгі жұмыстың өзіндік озық тұсы мен бір жетпес тұсы болады емес пе?!

Информатика пәнінің мұғалімі ретінде мендегі үлкен мәселе – бүгінгі мектеп оқушыларының бағдарламадағы әр тақырыптың теориясын меңгеруге деген құлшынысын арттыру. Теорияның толық мазмұнын игермейінше, түрлі практикалық жұмыстарды, жобаларды талдауға, жасауға мүмкіндік болмайды. Әр жобаны, әр жұмысты әрбір оқушы өзі тұщынып, сезім сүзгісінен өткізіп, өз көзқарасын білдіріп талдамайынша, жасаған жұмысынан ләззат ала алмайды.

Бұл мәселенің шешетін жолын табу үшін оқушының ішкі уәжіне үңілдім. Себебі, бір бағдарлама бір оқушыны қызықтырса, екінші бір оқушыға мүлдем ұнамсыз болуы мүмкін. Кез келген бағдарламаны ағылшын тілінде жүктеп алып, жұмыс жасауға бел будым. Өздері де мұнан кейін ағылшын атауларының бірін түсінсе, екінші бірін түсінбей сұрақ қоя бастады. Сол тұста мен терминологиялық сөздіктер мен пәндік лексиканы түсіндіріп, оған қоса үш тілде түсіндіруімде мол мұмкіндік туды. Осылайша, жақсы нәтижеге бет бұрып келеміз.

Мектеп оқушылары қазіргі заманауи ақпараттық технологияларды толық игерген. Сондықтан аудио-кітап тыңдау, онлайн-кітапты кез-келген қолайлы жағдайда ұялы телефондағы ватсап желісінен релевантты ақпаратты, кей жағдайда контент жасай отырып, олардың авторлары жайында, бағдарламалық өнім жөнінде сұрақтармен бөлісіп отырамын.

Өз жетістігіме келер болсам, (2013ж)“Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту стратегиясы: Әлемдік тәжірибе және ізденіс” облыстық жинағына өзіндік рефлексивтік талдауым жарық көрді. (2013ж, 27 наурыз)“Жаңа формация мұғалімі болу – заманауи қажеттілік” тақырыбында облыстық жинаққа баяндамам жарық көрді. (2012ж, 4 желтоқсан) Кембридж бағдарламасы аясында ІІІ деңгейлі сертификат иегері, (2014ж,7 қараша) “Информатика мұғалімдерінің пәндік құзырлылығын қалыптастыру”, (2013ж,17 мамыр) “Работа с прикладными программами” біліктілікті арттыру курстарынан өттім. (2013ж) Жаңаша сабақ: Ізденіс пен игі бастама(Кембридж бағдарламасы аясында) “Ақпарат енгізу манипуляторы” тақырыбында үлгілі сабақ жоспарым жарыққа шықты. (2013ж) КИО олимпиадасынан “Алғыс хат”. (2014ж,24 мамыр) “Білім беру саласындағы жаңашылдық-2014” шығармашылық эссе байқауының ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталып, үш тілде халықаралық электронды ғылыми конференция материалдарына жинаққа енді. (2018ж, 16 ақпан) Аудандық семинар-практикумде Цифрлы Қазақстанға бір қадам - информатикада” тақырыбында шебер-класс ұйымдастырдым. (2015ж, 23 қыркүйек) Аудандық “Алтын диск” байқауынан бас жүлде. (2015 ж, 27 қараша) Информатика мұғалімдерінің V Республикалық “Алтын диск” байқауынан ІІІ орын. Шалқар ауданы әкімінен Алғыс хат (2015ж,14 желтоқсан). “Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында облыс тұрғындарын цифрлық сауаттылыққа оқыту үшін тренерлік сертификаты. (2018ж, 15 тамыз) “Scratch” курсын тәмамдадым.(2018ж, 28 қыркүйек)облыстық кәсіподағының “Құрмет грамотасы”.

Ұстаздан шәкірт озар” демекші, Н.Рамазан облыстық “Үздік бағдарламашы-2014” байқауында “Бағдарламалық өнім” секциясы бойынша І орынды иеленсе, А.Мамилаева “Үздік бағдарламашы - 2014” байқауында “Сайт құру” секциясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен мадақталып, екеуі де АПК колледжіне қабылдаудың айрықша құқығына (грант) ие болды. Оқушым А.Ләтипов қазіргі таңда Башқұрт елінде IT мамандығы бойынша білім алып жатыр.(2012 ж, желтоқсан) Н. Жүсіпова Аудандық пәндік олимпиаданың ІІІ дәрежелі иегері.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
514
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12