«Сәлеметсіңдер ме, балалар?».
Балаларды топқа қабылдап аламын. Балалардың көңіл-күйлерін, қалай
ұйықтағандары жөнінде балалардан сұраймын. Мысалы: «Қалдарың
қалай?», «Балалар ұйқыларың қанды ма?», «Көңіл-күйлерің қалай? »
және ата-аналармен әңгіме жүргіземін. Балаларының балабақшаға
келуге деген ниеттері қандай екендіктері, олардың таңертең ұйқылары
қанып тұру үшін жағдай жасап жүрсіздер ме деген сұрақтарға жауап
ала отырып әңгімелесемін. Сосын балаларды топқа
кіргіземін.
Бүгін «Аурухана»
сюжеттік-рөлдік ойынын ойнатамын. Бұл ойындардың мақсаты:
балалардың бір-бірімен тығыз қарым-қатынасқа түсуге, ұжымдық
ойнауға тәрбиелеу.
Балаларға рөлдерді бөлуге
нұсқау беремін. Ол үшін балаларға мынандай сұрақтар қоямын:
«Балалар кім аурухана ойынын ойнағысы келеді? Жақсы ендеше әуелі
рөлдерді бөліп алайық.». « Ал кім дәрігер болғысы келеді?- Жақсы,
Ислам сен дәрігер боласың», «Ислам дәрігердің киімі қандай
болады?-басында ақ бас киім, үстінде ақ халат және стетоскоп
болады». «Иә, дұрыс айтасың. Ал кім медбике болады?- Жарайды,
Томирис сен медике боласың. Ал медбикенің киімдері қандай болады?-
Медбикенің басында қызыл түсті қосудың суреті бар ақ бас киім, және
үстінде ақ халат болады. Жақсы, ал қалғандарың ем қабылдаушылар
боласыңдар. Сосын сәлден соң рөлдерді алмастырып
ойнайсыңдар.»
Кезекші балалар Санжар мен
Ислам тәрбиешінің көмекшісіне таңғы асқа үстел жасауға көмектеседі.
Әуелі олар бастарына ақ орамал, ал үстілеріне алжапқыш киеді. Ислам
тәрелкелерді солардың оң жағына қасықтарды қойып шықса, Санжар
бокалдарды тұтқасын сыртқа қаратып қойып шығады және нан салынған
ыдыстарды әрбір үстелге бір-бірден үстелдің ортасына қойып
шығады.
Балаларды жуынуға апарғанда
«Су, су, беті-қолымды жу» ойын жаттығуын қолданамын. Бын – бын –
бын қолымда қатты сабын
Су – су – су беті-қолымды
жу.
Ал – ал – ал қолымда таза
орамал. Балалардың қолдарын сабынмен көпіртіп жуғызып, жуып болған
соң су қолдарын сілкімей ілініп тұрған өздеріне тиесілі орамалдарға
қолдарын құрғатып сүрту керектігін
қадағалаймын.
Таңғы ас ішкенде «астарың
дәмді болсын!» дей отыра, үстел басында дұрыс отыру керек
екендігінде айта кетемін. Орындыққа отырғанда арқаны тік үстап,
үстелге қатты тақамай ыңғайлы отырып, оң қолмен қасықты сол қолмен
нанды ұстау керектігін, сондай-ақ тамақтанып отырғанда сөйлемеу
керек екендігін айтамын.
Балалар енді бағанағы
«аурухана» ойынын жалғастырайық. «енді кім дәрігер, ал кім медбике
болады?- Жақсы Дархан сен дәрігер ал Гүлім сен медбике боласың. Ал
қалғандарың ем қабылдаушылар боласыңдар. Сосын сәлден соң рөлдерді
алмастырып ойнаңдар».
|