Материалдар / Cтрестен арылу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Cтрестен арылу

Материал туралы қысқаша түсінік
Психолог мамандарға қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2019
557
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Психо-жүйкелік қысымнан арылу


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың стрестік және психо-жүйкелік қысымнан арылуға көмек беру, кеңес беру, жаттығуларды жасауға үйрету.


Сабақ барысы:

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Көңіл-күйлерін қалай? Жақсы! Ендеше бүгінгі сабағымызды бастайық.

Өткен сабақта мен сіздерге өздеріңнің ең сүйікті гүлдеріңізді әкелуге тапсырған едім. Онда көңіл-күйімізді көтеру мақсатында «Сәлемдесу және сыйлыққа комплимент» атты жаттығуды жасайық.

1. «Сәлемдесу және сыйлыққа комплимент»

Оқушылар шеңбер бойы отырып, көз алдарына өздерінің ең сүйікті гүлдерін алады да, сол гүлін көршісімен амандасып, сыйлайды. Осылай соңғы оқушыға дейін.

- Сіздерге айтылған жағымды сөздер, әдемі гүлдер ұнады ма? Ал көңіл-күйлеріңіз көтерілді ме?


2. «Жарайсын!»

Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Бір оқушы ортаға шығып, «Мен өзімді жақсы көремін, мен кереметпін және қайталанбаспын!» деп айтады, басқалары бас саусақтарын жоғары ұстап, «Жарайсын!» деп айтады. Оқушылар ойларына не келеді, соны айтады.


3. «Сурет сал да, көршіңе бер»

Оқушыларға бір парақ А-3 форматы таратылады. Балалар ойларына не келді соны сала бастайды. Жүргізуші «стоп» дегенде, суретін көршісіне береді. Осылай кезекпен бір-біріне ауысып отырады. Соңында иесіне қайтып келеді. (Балалар сурет салып жатқанда, ақырын музыка жүріп тұрады)


4. Шағын дәріс «Стрестен қалай арылу керек?»

Ең бірінші өміріңіздің стилін өзгертіңіз. Уолтер Рассел: «Сіз өзіңізді жақсы көру керексіз» дейді, яғни өзіңізге деген махаббат және қоршаған ортаға деген, сонымен қатар оқуға деген махаббат болу керек.

Стрестің физиологиялық көрінісі: ұйқысыздық, бас ауыру, жүректің қатты соғуы, асқазанның қорытпауы.

Стрестің психологиялық көрінісі: шашыраңқылық, естің бұзылуы, қорқыныш, жылауық болу, уайымдау, тітіркену. Бұл сенімсіздіктің және әртүрлі аурулардың пайда болуына әкеледі.

Не істеу керек?

Біріншіден, ағзадағы дәрумендерді қалыпқа келтіру керек, әсіресе В дәрумендері;

Екіншіден, физикалық жаттығу;

Үшіншіден, психикалық және физикалық релаксация. Музыка тыңдау, армандау, шамға қарау;

Төртіншіден, достармен қарым-қатынас, туыстармен бірге психологиялық тренингтерге қатысу, жаңа адамдермен танысу. Ата-аналарға, ата-әжелерге, аға-інілерге көңіл аударыңыз. Өйткені олар да жылулықты қажет етеді.

  1. Ағзадағы дәрумендерді қалыпқа келтіру керек;

  2. Физикалық (спорттық) жаттығу;

  3. Душқа түсу;

  4. Киім жуу;

  5. Ыдыс жуу;

  6. Саусақпен сурет салу;

  7. Газетті бүктеп-бүктеп лақтырып жіберу;

  8. Газетті ұсақ-ұсақ қылып қиып, қоқысқа лақтыру;

  9. Өзіне ұнайтын әнді айту;

  10. Қатты немесе ақырын айқайлау;

  11. Билеу (баяу әнге, сосын тез);

  12. Жанып тұрған шамға қарау;

  13. Дұрыс тыныс алу;

  14. Саябақта, орманда қыдыру, айғалау;

  15. Тілмен тістеріңді санау.


5. «Джунглидегі жаңбыр»

Жұптасып тұрамыз да, бір-бірімізге мынадай жаттығу жасаймыз.

  1. Жел – арқаға қол жүргізу.

  2. Дауыл – дөңгелетіп қозғалыс жасау.

  3. Ұсақ жаңбыр – ақырын саусақ бастарымен басу.

  4. Қатты жаңбыр құю – саусақтармен тез-тез, әрі күшпен жоғары төмен жүргізу.

  5. Бұршақ – қатты саусақтармен ұру, жүгірту.


6. «Қош бол, қысым!»

Оқушылар қолдарына газетті алып, қатты-қатты бүктеп орайды да, екі тең бөлікке бөлінеді. Жүргізушінің белгісі бойынша қарсы команданың территориясына қарлы домалақтарды лақтырады.


7. «Еріктік дем алу»

Қалыпты бастапқы жағдайда тұрамыз. Денелеріңізді бос ұстаңыздар. Терең және бірқалыпты дем алыңдар. Бір қалыпты дем ала отырып, қолдарыңызды жоғары қарай көтеріп, алақанды жұмып, қолды артқа қарай жіберіңіз. Осыдан кейін ақырын демдерінді шығарып, алақандарыңызды төмен қаратып, қолдарыңызды түсіресіздер. Демдеріңізді шығарған кезде қолдың, иықтың, қарын мен аяқ бұлшықеттеріне күш түсіріңіздер. Демді шығарғаннан кейін барлық күш салуларыңыз аяқталып, денелеріңіз бірқалыпқа келеді.


8. «Жан жарасы жазылмайды» аңыз-әңгіме

Ертеде бір қарияның ашушаң, ұстамсыз баласы болыпты. Бір күні қария баласына бір қапшық шеге беріп:

- Өзіңді ашу қысқан сайын ағаш бағанға шеге қағып, ашуың басылған кезде, суырып аларсың, - дейді.

Бала бірінші күні-ақ бағанға он шақты шеге қағылғанын байқап, өзін-өзі ұстауға, ашуға бой бермеуге тырысты. Қағылған шегенің саны күнбе-күн азая бастады. Бала бағанға шеге қаққаннан гөрі ашуын басқан жеңіл екенін түсінді.

Ақырында бағанға бір шеге қақпаған күнге де жетті. Сонда әкесіі баласын бағанға жетелеп келіп:

- Жарайсың, балам! Бірақ бағанның шұрық-шұрық болып тұрғанын көріп тұрған шығарсын? Ол ешқашанда бастапқы қалпына келе алмайды. Адамға ғайбат сөз айтсаң, оның көңіліне жара саласың, оның жан дүниесі осы баған сияқты шұрық-шұрық болады. Одан кейін қанша кешірім сұрасаң да, жан жарасы жазылмайды. Ашуыңды ақылға жеңгізе біл, балам, - дейді.

  • Әкесі баласын ұстамдылыққа қалай үйретті?

  • «Ашуды ақылға жеңгізе біл» деген сөзді қалай түсінесіңдер?


9. «Мен сенемін!»

Оқушылар мұғаліммен бірге шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірінің қолдарынан ұстап, қолдарын жоғары көтереді де былай бірігіп айтады: «Бәрі өз қолымызда! Мен өзіме, мен сіздерге сенемін!»

Сабақтың соңында және әрбір жаттығудан кейін міндетті түрде рефлексия болады.




















Бостандық орта мектебі














Психо-жүйкелік қысымнан арылу

(тренинг-сабақ)














Дайындаған:

Дюсембина Қ.А.














2011 жыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!