Материалдар / Cұлтанмахмұт Торайғыров баяндама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Cұлтанмахмұт Торайғыров баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
С. Торайғыров туралы баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Сәуір 2019
620
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ақын есімі – ел есінде»

Аз жасаған өмірінде артына мол мұра қалдырып, бар өмірін халық ағарту ісіне арнаған, "қараңғы қазақ елінің көгіне өрмелеп шығып, күн болуды" кексеген, әрі ақын, әрі журналист, әрі ағартушы-педагог С.Торайғыров -халқымыздың қалаулы ұлдарының бірі. Ол "Айқап" журналында қызмет еткен жылдары бірнеше лирикалық өлеңдерін, "Қамар сұлу" романын, "Ауырмай есімнен жаңылғаным" атты очеркін жазды. "Айқап" журналына ауыл мөдениеті, оқу-ағарту ісі, әйел тендігі, қазақ халқының ақындық, әншілік өнері туралы бірнеше мақаласын жариялады. Ақын 1914-1915 жылдары оқу іздеп Семейге келіп, орыс мектебіне түсе алмай, Шығыс Қазақстанның Қатонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында, Тарбағатай ауданы Ұласты ауылында мүғалім болып, бала оқытады. Аз уақыт Зайсан қаласында тұрады. Осы жылдары "Кім жазықты" романын жөне көптеген өлендерін жазады.
1918 ж. шілде айында Семейден Баянауылға қайтады. "Адасқан өмір" поэмасын жазып, адам өміріне пәлсапалық шолу жасайды. Ақын қысқа ғұмырында қоғамдағы әділетсіздікті, теуелсіздікті көре біліп, бұларды оқу-ағарту, өнер-білім, тәлім-тәрбие жолымен жөндеуге болады деген пікірді белсене насихаттаған, Абайдан кейінгі классик, ағартушы-демократ, ақын бола білді. Ол қоғам мен табиғаттың байланысьна, олардың даму процесіне ғылыми-материалистік көзбен қарады. Оның таным жайлы пікірінің негізгі түйіні: Адамзатты қоршап түрған сыртқы дүниенің (табиғаттың) ұшы-қиыры жоқ, ол сансыз атомдардан тұрады. Бұлардың бірі тозып, өшіп-өліп жатса, екіншілері жаңадан пайда больш, туып, өсіп, еніп жатадьі, ал адамның жан дүниесі атомдардан тұрады, тәннің өзіндік зандылықтарына орай жүріп, өсіп-, өніп, өзгеріп отырады деуі - ғьлымилығымен ерекшеленеді.

Сұлтанмахмұт заманында халықты, қазақ жастарын оқуға шақырған қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар көп еді. Олар жастарды мәдениет пен білімге шақырғанда, көбінесе тек діни оқуға немесе тілмаш болып, орыс шенеуніктеріне қызмет етуге үгіттеді. Сұлтанмахмұт мұндай көзқараспен келіспеюінін өзінің "Зарландым" деген мақаласында: "Біздің қазақ жастары тіпті оқымады демейміз, олар ептеп оқыды. Оқығанда олардың кейбіреулері молда, қожа, ишан болып, елден қайыр, пітір, зекет, ұшыр жинап, неше түрлі өтірік айтып, халықты материалдық жақтан да, рухани жақтан да езу үшін, ал кейбіреулері тілмаш больш, орысша- қазақша шатып-бұтып арыз жазып беріп, пара алу, бұқара халықты жеу үшін оқиды. Баласын оқытуға ықыласы жоқ, хат таныса болды деп немқұрайды қарайтын, тіпті оларға оқу-құралдарын сатып әперуге ақша да жүмсағысы келмей, қолына түскен ескі діни кітаптарды ұстатып қоя беретін надан ата-аналарды сынайды. Олардың өзі надан бола отырып мұғалімнің жаңаша оқытуын түсінбей, сыртынан өсек-аяң жүргізетіндерін айыптайды. Сондай-ақ, "Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?" атты мақаласында қазақ ауылында, әр жастағы он бес, жиырма баланы жинап беріп, оқыт дейтінін, олардың жас ерекшелігіне қарай 7 топқа бөліп оқытудың Қиындығын, әрқайсысына жеке-жеке тапсырмалар беруге тура келетінін, ал мұның өзі қыруар уақытты алатынын қынжыла баяндайды. Осыңдай қиыншылықтан қашқалақтап, қазақтың оқыған зиялыларының бала оқытуға барғысы келмейтінін, сондықтан мүғалім жүгін жеңілдетудің амалын қарастыру еректігін айтады.
"Өлең және айтушылар" атты мақаласында қазақ халқының жаратылысында әнқұмар халық екенін, әннің көңілдің күйін келтіріп, бойын балқытып, шаттыққа бөлейтін, рухани өсуіне әсер ететін күшті құрал екенін айта келеді де, "Молдалар, жас балапандарды үйренуге қызықтырыңыздар! Ән үйрету үлкен өнер үйрету, оны еріккеннің ермегі демей, тәрбиенің құралы деп қарайық. Қазақтың әні кетсе, әдебиет жесір қалады, сәні кетеді, сәні кетсе, жаны кетеді. Қазақты жансыз ағаш қылып отқа жаққылырың келмесе, әнді сақтаудың қамын қылыңдар" дейді.
Сұлтанмахмұт - тіл тазалығы үшін күрескен ақын. Ол өзінің 1913 ж. "Айқап" журналында жарияланған "Қазақ тіліндегі өлең кітаптар жайынан" атты мақаласында, сол кездегі шығып жатқан өлең кітаптардың көпшілігінде татар тілі аралас, түсініксіз діни сөздердің жиі кездесетінін немесе орынды, орынсыз орыс сөздерін тықпалап, тіл шұбарлаудың етек алғанын сынайды. Жастардың рухани азығы - әдеби кітаптардың тілінің таза, түсінікті болуын талап етеді.

 

Торайғыров Сұлтанмахмұт – ақын, ағартушы. Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында туған. Торайғыровтың 3 жасында анасы қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болды. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанды. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, 1908 жылы баянауылдық Әбдірахман молданың қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болды. 1912 жылы Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. Осы кезден ақыңдыққа ден қойып, 1912-1913 жылдар аралығында «Оқып жүрген жастарға», «Тәліптерге» («Шәкірттерге»), «Ендігі беталыс», «Оқудағы мақсат не?», «Анау-мынау», «Мағынасыз мешіт», «Жарлау», «Досыма хат», «Шығамын тірі болсам адам болып», «Түсімде», «Жазғы қайғы», «Қымыз», «Кешегі түс пен бүгінгі іс», т.б. өлеңдерін, «Зарландым» атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста «Қамар сұлу» романын жазуды бастады. 1913 жылдың күзінде Троицкіге қайтқан Торайғыров «Айқап» журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, «Өлең һәм айтушылар», «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «Қазақ ішіңде оқу, оқыту жолы қалай?», т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды. Журналда аз ғана уақыт қызмет еткен ақын 1914 жылы жазда туған елі Баянауылға оралады. Ел ішінде мәдени-ағарту жұмысын жүргізетін «Шоң серіктігі» деген ұйым ашпақ болғанымен, ісі жүзеге аспады. Осы жылы орысша оқу іздеп Семейге барған Торайғыров діттеген оқуына түсе алмай, біраз дағдарысқа ұшырайды. Осындай көңіл-күй әсерімен «Ләпет бұлты шатырлап», «Алтыаяқ» сияқты өлеңдер жазады. «Ендігі беталыс», «Тұрмысқа», «Бір адамға», «Туған еліме», «Сымбатты сұлуға», «Қыз сүю», «Гүләйім», «Өмірімнің уәдесі», «Жан қалқам», «Гүл», т.б. өлеңдерін, 1915 жылы «Кім жазықты?» атты өлеңмен жазылған романын дүниеге әкелді. Шығыс Қазақстанда жалданып бала оқытқан ол 1916 жылдың күзіне дейін әуелі Қатонқарағайда, кейін Зайсанда болады, орыс тілін үйренеді. 1916-1917 жылдардың қысында Томскіде орысша оқиды. «Шәкірт ойы» өлеңінде «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды», «Мұздаған елдің жүрегін жылытуды» армандайды. Осы тұста әлем әдебиетінің классикалық үлгілерімен, саяси кітаптармен танысады. 1917 жылғы ақпан айындағы төңкерістен кейін Семейде жаңа құрылған Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатынасып, «Алаш ұранын» жариялайды. Бірақ ауруы асқынып кеткендіктен оқуды да, жұмысты да тастап, 1918 жылы сәуірде еліне біржола оралады. 1920 жылғы 21 мамыр күні Сұлтанмахмұт Торайғыров тіршілік дүниесімен біржола қош айтысады. С.Торайғыровтың лирикасы сан алуан: мазмұны терең, тақырыбы бай. Өзінің лап етіп жанып, өрттей лаулаған қысқа өмірінде ақын талай-талай кезеңді белестерден өтті; басын тауға да ұрды, тасқа да соқты, тыным таппай болмыс шындығын іздеп шарқ ұрды, халқына адал қызмет ету жолында кей сәтте сара жолдан адасты да, бірақ ұзаққа алыстап кетпей, өз ортасына тез оралып, қараңғы түнекте жатқан елінің көгіне «Өрмелеп шығып күн болуды» арман етті. Сонымен С.Торайғыров поэзиясының ішіндегі ең бір мол саласы әлеуметтік сарыны басым өлеңдері деуге болады. Бұл топқа: «Түсімде» (1913), «Бұлар кім?» (1913), «Кешегі түнгі түс, бүгінгі іс» (1913), «Бір балуанға қарап» (1913), «Ендігі бет алыс» (1914), «Тұрмысқа» (1914), «Айт» (1914), «Көшу» (1914), «Бір адамға» (1914) тәріздес шығармаларды қосуға болар еді. Сұлтанмахмұт Торайғыров өмір сүрген кездегі ең күрделі мәселелердің бірі - әйел теңдігі. «Қыз сүю», «Гүләйім», «Жан қалқам” Сұлтанмахмұт өзінің көңіл-күйін: қуанышы мен қайғысын, мұңы мен назын, сүйінуі мен күйінуін өте шебер және нәзік етіп шерте білетін сыршыл, лирик ақын. Ақынның «Лағнат бұлты шатырлап», «Келді хатың мен шаршап», «Алты аяқ», «Күңгірт түспен ойға батып», «Ей, махаббат, ей, достық», «Дүниедегі қызықтың» деп аталатын өлеңдері де оның әр жағдайдағы көңіл күйін білдіреді. Ақынның оқшау тұрған шығармасының бірі – «Шәкірт ойы» деп аталатын шағын өлеңі. Бұл өлең Сұлтанмахмұттың осы алуандас тақырыпқа жазған бір топ шығармаларының жиынтық қорытындысы деуге болады. Өйткені ақынның оқып, білім алып,есейген шағында өзінің алдына қойған негізгі арманына қорыынды жасағанын мына бір жолдардан айқын көреміз. Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып, күн болам! Қараңғылықтың кегіне Күн болмағанда, кім болам? Мұздаған елдің жүрегін, Жылытуға мен кірермін! 1913 жылы жазған шағын бір өлеңінің тағы бір шумағын оқып көрелік: Мен – балаң, жарық күннен сәуле қуған, Алуға күнді барып белді буған. Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін, Болмасам толған айдай балқып туған. С.Торайғыров поэма жанрын жаңа арнада дамытты. Ол сюжетсіз поэмаларында өмірдегі сан түрлі мәселелерді кеңінен қамтып, өршіл ой-түйіндерін бүкпестен, өткір де ашық насихаттауға тырысты. Алғашқы поэмасы «Таныстыруда» Алашорда қозғалысы өкілдерін елге таныту мақсатын көздеді. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтарды таныстырып, олардың «бірі - күн, бірі - шолпан, бірі - ай» екендігін жазады, алаштықтардың қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы еңбектерін саралайды. Алаш өкілдерімен қоса, қазақтың көрнекті тұлғалары Абай мен Шәкерімді ерекше атап көрсетеді. «Адасқан өмір», «Кедей» поэмаларының негізгі сарыны қоғамдағы әділетсіздік себептерін ашу, теңдікті іздеу болып табылады. Ақын бұл жайларды қазақ ауылы шеңберінен шығып, капиталистік қоғамға тән мәселелер ретінде қозғайды. «Адасқан өмір» - Торайғыров шығармашылығының зор табысы. Мұнда ақын аз ғұмырында көзімен көріп, ойымен түйген, білім-білігімен таныған тұрмыс өткелдерін өзіне ғана тән асқақ үнмен ашына, ақтара жырлайды. Поэманың лирикалық кейіпкері түрлі кәсіппен шұғылданса да, ешбірінен қанағат, теңдік таппай, әділетті қоғамды аңсайды. Шығармада ақын түсінігіндегі болашақ жаңа қоғамның бейнесі жасалады. Шығарманың негізгі идеясы адам өмірді өз тілегіне бағындыра алады және соған ұмтылуға тиіс деген оптимистік қорытындыға саяды. «Кедей» поэмасының бас кейіпкері де өз ортасынан әділдік таппайды, қоғам мен адам арасындағы қайшылықты бітіспес күреске ұластырады. «Айтыс» поэмасы толық аяқталмаған, онда Торайғыров қала ақыны мен дала ақынын айтыстырып, екі ортаның қайшылықты жақтары мен адамға пайдалы тұстарын қатар алып суреттейді. Торайғыров шығармалары - XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес. Оның ізденістері «шындықтың ауылын іздеумен» байланысты, оның реализмі бұлтақсыз, жалтақсыз айтылған шындыққа, әлеуметтік тіршіліктің шынайы суреттеріне негізделген, оның теңденциясы да сыншыл. Сұлтанмахмұт әңгіме, очерк, мақала жазғанда, негізінде, халық тілін кеңінен қолданған. Ол кезде қазақ прозасының әлі қалыптасып үлгермегенінен болу керек, жазушы көбінесе ауызша сөйлеудің әсеріне бағынған, сондықтан да сөйлемнің орын тәртібін қатал сақтамай, құрмалас сөйлемдерден гөрі жай сөйлемдерді көбірек қолданып отырған. «Қамар сұлуда» С.Торайғыров мақал-мәтелдерді, кейбір нақыл сөздерді сол қалпында дерлік пайдаланумен қатар, кей сәтте аздап өзгеретін немесе өз тарапынан тың өрнекті, кестелі сөздер жасайтынын көруге болады. Осы шығармасында жазушы 50-ге тарта мақал-мәтелдер, афоризмдерді пайдаланумен бірге70 шамалы басқа халық тілдерінен енген жеке сөздерді қолданғанын аңғарамыз. Мысалы, «Таң атпайын десе де, күн қоймайды», «Арыстан айға шауып мертігіпті», «Суға кеткен тал қармайды», «Сыныққа сылтау іздеу», «Соқыр тауыққа бәрі бидай», «Жабулы қазан жабуымен», «Ит үрді, керуен көшті», «Шығасына иесі басшы», «Алғаныңмен қоса ағар», «Айран сұраған шелегін жасырмас», «Байтал тұрсын бас қайғы», «Барар жері басар тауы», «Бастан құлақ садаға», «Жалғыз қаздың үні, жаяудың шаңы шықпайды», «Көп қорқытады, терең батырады», «Бір тойған шала байлық», «Іштен шыққан шұбар жылан», «Еліктей алмай солықтау», «Қасқырдан қайрат кетсе, ешкіні апа қылады» тәрізді белгілі сөз тіркестерімен қатар кейбір жүйелі сөз өрнектерін аздап өзгерткенін немес тыңнан, өз тарапынан афоизмдер жасағанын көреміз. Бірнеше мысал келтірелік: «Тоғыз қырлы, тоқсан сырлы», «Жақсыдан жаман туса емі болмас, жаманнан жақсы туса теңі болмас», «Ойы онға, ақылы алтыға бөліну», «Доп емес әркім қағар менің басым», «Асын ішіп, текеметін тіліп жүргенін қарашы», «Жылы суға қолын малу» (жай отырады деген мағынада), «Бір тойса есектер, миы жоқ алдын есептер», «Арсызға алты күн мейрам», «Ілем деп жүріп, ілігіп кетті», «Соқырдың қолына, саңыраудың жолына түспе», «Иіліп төсек, жайылып жастық болды» т.б. орайғыров Сұлтанмахмұт– қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл. Біз оны ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихынан келелі орын алатын демократ ақын деп танимыз. Ол өзінің шығармашылық жолында, негізінде, демократтық бағытты ұстап, сол кездегі қазақ тұрмысын, оның ішінде кедейлердің ауыр халі мен бай жуандардан көрген жәбір-жапасын реалистік тұрғыдан терең көрсетті. Қазақ халқын оқуға, өнер – білімге шақыра отырып, қожа-молдаларды қатал сынға алды, олардың кертартпа, кесірлі қылықтарын аяусыз әшкереледі. Ақын ел ішіндегі ескі әдет-ғұрыптарға қарсы тұрып, әсіресе әйел теңдігі мәселесіне айрықша көңіл бөліп отырды, қалың мал алу мен әмеңгерлікті жоюды көкседі. Ең алдымен, жазушы халық тілінің байлығын молынан пайдаланып, прозаның кесек үлгісін туғызуда жемісті еңбек етті. Сонымен бірге осындай жаңа бастамада қазақ әдебиетіне тың жаңалықтар енгізді, дәлірек айтсақ, Сұлтанмахмұт қазақ көркем прозасының іргесі қаланып, қалыптасуында әжептәуір еңбек сіңірген көрнекті өнер қайраткерлерінің бірі болды. С.Торайғыров шығармалары – 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!