Сыбайлас жемқорлық
әлеуметтік қауіптің көрінісі
Қазір 21 ғасыр. Заман
бұрынғыдайм емес, өзгерген. Қазіргі кезде бұрынғыға қарағанда заман
гүлденген, көп өзгеріске ұшыраған. Осы өмірде шешімі жоқ бір мәселе
бар деп ойлаймын . Ол –сыбайлас жемқорлық деген ауру. Сыбайлас
жемқорлық туралы қанша заң шықса да, қанша айтылса да бұл тоқтаудың
орнына одан әрі күшейіп келеді. Сыбайлас жемқорлық деген сөзді
естіген кезде көз алдымызға пара беріп, не алып жатқан адамдар,
заңға қарсы әрекет жасап жатқан адамдар елестейді. Сыбайлас
жемқорлықпен айналысып жатқандарды көз алдыңа елестетудің өзі қиын.
Менің ойымша бұндай сыбайлас жемқорлықпен айналысу ауыр қылмыс.
Неге адамдар осыны біле тұра коррупцияны тоқтатпайды? Сыбайлас
жемқорлықпен айналысатындарға арнап көптеген бейнебаяндар, тіпті
мақалалар да шықты. Осы коррупция болмағанда да өмір сүруге болар
еді ғой. Бұндай істерге көбіне жоғары лауазым иелері барады. Олар
өздерінен төмендерден пара алып күн көреді. Қазіргі заман адамдары
еріншек. Неге десеңіз адамдар еңбек ететін болса сыбайлас
жемқорлықсызда өмір сүруіне болар еді ғой. Бұндай жағдайлар тағы
студенттер арасында да болады.Студенттер жақсы баға алу үшін, ең
жақсы оқу орнына түсу үшін осындай жаман әрекеттерге барады. Менің
ойымша осы жаман іске барғанша өздері сабақты неге дұрыстап
оқымасқа. Ал олар осыдан кейін жақсы оқу орнына түсті делік , бұл
мамандық туралы мүлде хабары жоқ болса , ол қалай мамандық иесі
болып шығады. Біз Қазақстан елінде тұрамыз. Бұл елімізде де
сыбайлас жемқорлық кеңінен тараған. Дәлірек айтсам бұл ауру әлемді
жаулап алды. Қазақстан гүлденген, тәуелсіз ел. Неге осы елімзде
тыныш, еш қылмыссыз өмір сүрмейміз?
Ел болып еңсемізді көтергенімізге,
тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға бірнеше
жылдай уақыт
өтті.Осы көптеген жыл ішінде Қазақстан гүлденіп
, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
көптеген шаралар өткізді. Осы шаралардың бізге айтқысы келетіні
сыбайлас жемқорлықты тоқтату емеспе. Сол үшінде бұл бәлені
елімізден аулақ ұстап, мүлде жақындатпайық. Бұл терминді мүлде
жоғалтып жіберейік. Осындай жаман істерге барғанша елімізді
көркейтіп, басқа жақсы істермен айналысайық. Міне сол кезде барып
біз мәңгілік ел боламыз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң
бар
Өткізілер жыл сайын көп
шаралар
Жаман іс қой адамдар пара
алу,
Басыңа бәле болған бұл бір
ауру.
Бұл істі бір жола
тоқтатайық,
Адамдар жақсы іске
барайық.
Елімізде бейбіт өмір сүріп
біз,
Әрқашан да мәңгілік ел
болайық
Б.з.б. 1
ғасыр...
Таң атты. Сабаққа баратын да
уақыт болып қалыпты. Інжу таңғы асын ішіп, мектепке кетті. Бірінші
сабақ қазақстан тарихы болатын. Үйге Әділбек ағай Ұлы Жібек жолын
оқып келуді берген. Ал Інжу болса оны оқыған жоқ. Інжу асығыс
кабинетке кіріп келді. Ағай одан:
-Неге кешіктің? Сабақ оқыдың
ба? ,-деп сұрайды. Інжу кешірім сұрағандай басын төмен изеді.
Әділбек ағай оның сабаққа дайын еместігін
түсініп:
-Орныңа отыр. Келесі сабақта
Ұлы Жібек жолы туралы айтып бересің ,- деді де сабақты әрі қарай
жалғастырды.
Сабақ бітті.Інжу үйіне
көңілсіз келді. Мұны көрген әкесі :
-Қызым саған не болды? Неге
көңілсізсің,- дейді.
Інжу үндемеді. Егерде әкесіне
барлығын айтар болса, әкесі ренжіп қалар еді. Себебі әкесі археолог
болатын. Сол кезде әкесіне бір адм қоңырау соқты. Әкесі сөйлесіп
жатқан кезде Інжу «Ұлы Жібек жолы» деген сөзді естіп қалады. Әкесі
сөйлесіп, қоңырауды қойғаннан кейін тездетіп жиналды. Інжу
:
-Әке сіз қайда
барасыз?-дегенде әкесі:
-Сарайшыққа барамын. Ұлы жібек
жолы кезінде керуен өткен жерді барып зерттейміз,-дейді. Інжу
әкесіне өзімен бірге баруын өтінеді. Әкесі келісіп, оны өзімен алып
кетеді. Сарайшық қалашығы. Археологтар көліктен түсіп, зерттеуді
бастап кетті. Олардың арасында Інжу де бар еді.Інжу іші пысып,
бірдеңелерді шұқылап,өзінше зерттеп жүрді. Бір кезде оның көзіне
алыстан бірдеңелер көрінді. Құлағына керуен дыбыстары естілді. Інжу
сол жаққа қарай беттеді. Келсе айдалада бір ғана есік тұр. Есікке
жақындап қарап еді, дыбыстар есіктің аржағынан шығып жатыр екен.
Інжу есікке кіріп кетті. Кең жазиралы дала. Інжу көзін ашса ,
айналасында бейтаныс адамдар жүр. Олар Інжуге жақындап , сөйлеп
жатыр. Бірақ Інжу олардың тілін түсінген жоқ. Адамдар оны мылқау
деп ойлап, оған жұмыс берді. Ол жұмыс жібек мата тоқу болатын. Ол
жібек мата тоқи алмайтын. Қасына бір бала
жақындап:
-Сен жібек мата тоқи алмайсың
ба?-деп түсінікті тілмен сөйледі. Інжу :
-Сен қазақша сөйлей аласың ба?
Қайдан үйрендің ,- дейді. Ол керуенмен жібек мата сатқанын, және
Қазақстан жеріне де барғанын , сол жерде үйренгенін айтады. Інжу
оның атын сұрады. Оның аты Хуанхе екен, және оның Янцзы деген егізі
бар екен. Хуанхе Інжуге жібек мата тоқуды үйретеді. Таң атты Хуанхе
мен Янцзы керуенге мініп, елдерге сатпақшы. Інжуде олармен бірге
барады. Жолда екі өзенді көреді. Інжу :
-Бұл өзендер қалай
аталады?-дейді.
-Бұл екі өзеннің аты Хуанхэ
және Янцзы.
-Қалайша?
-Саған айтып берейін. Қытай
халқында жібек мата атымен болмаған. Сол кезеңде қытай халқын ешбір
ел жақтырмаған. Бір күні Соғды елі мата шығарды. Бірақ олардың
матасы сапасыз болды. Сол кезде Хуанхэ екеуімізге жақсы ой келді.
Біз екеуіміз жұлдыз құрттың ерініндегі без жібек талшығын бөлетінін
біліп, жібек маталар жасап, осы екі өзеннің аймағынан бастап,
елдерге керуенмен сата бастадық. Осылайша біздің маталарымызға әр
елден сұраныс артты. Сол себепті халық осы екі өзенді біздің
атымызбен атаса керек,деп сөзін аяқтады Янцзы. Олар ұзақ жол жүріп,
Сарйшыққа келді. Адамдар матаны талап алып кетті. Хуанхэ бір жібек
матаны алып қалыпты. Ол керуеннен түсіп , бір жерге барды да сол
жерді қазып , әлгі матаны сол жерге көміп, керуенге қайта келді.
Осылайша олар маталардың барлығын сатып, елге қайта оралды.
Осылайша Інжудің бүгінгі күні өте қызық өтті. Бірақ ол өзінің үйін
сағынды. Түн. Барлығы ұйқыға кетті. Інжу түсінде әлгі есікті көрді,
және сол есікке кіріп кетті. Көзін ашса алдында әкесі тұр .
Әкесі:
-Қызым саған не болды? Басыңды
тасқа соғып алыпсың. Абайламайсың ба?-дейді. Інжу орнынан тұрып
Хуанхэ бұрын мата көміп кеткен жерді қазады. Ол жерден жібек мата
табады. Ол түсінде көргенінің барлығы рас екеніне сенеді. Ол әкесін
шақырып, әлгі жібек матаны көрсетеді. Әкесі оны алып, музейге
тапсырады. Таң атты. Інжу мектепке келді. Міне, қазақстан тарихы
сабағы да басталды. Інжу бұл жолы Әлібек ағайға тақырыпты жақсылап
тұрып айтып берді. Інжу өскен кезде белгілі тарихшы
болыпты.
1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет
Н.Ә.Назарбаевты президент етіп
сайлады.
1992 жылы Қазақстан Республикасының
Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң
қабылданды.
1993 жылы 30 тамызда Қазақстан
Республикасының Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз
алғаш реет айналымға
түсті.
1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері
Т.Мұсабев көк байрақты
желбіретті.
1995 жылы ұлы Абайға 150 жыл
толды.
1996 жыл Жамбыл
жылы. Тәуелсіздік монументі
орнатылды.
1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясы
қабылданды.
1998 жылы Ақмола атауы Астана деп
өзгертілді.
Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз
салынды.
1999жыл Қорқытқа 1500 жыл тойын Қызылордада
тойладық.
2000жылы – Мәдениетті қолдау
жылы.
2001 жылы 18мамырда – Күлтегін ескерткішінің
көшірмесін И.Тасмағамбетов Астанаға
әкелді.
2002 жылы – Денсаулық
жылы.
2003-2005 жылдары Ауыл
жылдары
2006жылы - Сыр елі өнер
ордасы
2007жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға
түсті.
2008жылы Қазақстанның бас ордасына Астанаға
10 жылдығы тойланды.