Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
D есебі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Абдулаева Жанна Аукеновна І деңгей мұғалімінің Д есебі
№3 топ портфолиосы
Талдықорған қаласы 30.10.2015ж.
Бұл өзгерісті қалай енгізетін боламын?
Мектепке өзгеріс енгізуді бастау үшін мектепті зерттеудің алғашқы кезеңінде алынған бастапқы деректерге сүйене отырып, мұғалімдерге қандай білім мен дағдылар қажет екенін анықтадым. Бұл қажеттілікті өтеу үшін Кеммис айтқандай бұрынғы тәжірибелерді өзгертетін метатәжірибе керек. «Іс-әрекеттегі зерттеу адамдардың тәжірибесін, тәжірибе туралы түсінігін және тәжірибе жүргізілетін жағдайды түсінуін өзгертеді. Ол жаңа өмірлік бағыттарды қалыптастыра отырып, «сөйлеу», «тәжірибе» санаттарының мазмұнын өзгертеді. Бұл тәжірибе- басқа тәжірибелерді өзгертетін метатәжірибе. Метатәжірибе өз кезегінде басқа тәжірибелер қалыптастыратын дәйектерді, әрекеттер мен байланыстарды өзгертеді. Басқаша айтқанда, тәжірибені өзгерту-бұл істеп жатқан ісімізді өзгерту, түсінікті өзгерту- бұл біз қалай ойлайтынымызды өзгерту, жағдайды өзгерту- бір-бірімізге деген қарым-қатынасымызды өзгерту дегенді білдіреді. (Мұғалімге арналған нұсқаулық I деңгей 55-56 б)
«Мұғалімдерге көптеген оқыту стратегиялары, түрлі педагогикалық тәсілдерді араластырып қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ нақты әдістер мен стратегияларды қалай және қай жағдайда қолдану қажеттігі туралы білім қажет болды [ Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 1 деңгей , 7-бет].
Мақсатым – мектеп мүддесі үшін, оқушының жақсы оқуы үшін оқу мен оқытуға көзқарасты өзгерту, сабақ беру тәсілдерін жаңарту. Көшбасшы мұғалім ретінде коучинг пен тәлімгерлік арқылы мектептегі мұғалімдерге өз тәжірибелерін өзгертуге көмектесе алады.
«Коучинг-әріптестердің құпия, белсенді, және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Оның барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеяларымен алмасу, коуч тарапынан рефлексиялық диалогқа тарту негізінде екінші мұғалім өз жұмысының жекелеген салаларын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып, анағұрлым жоғары сапалық деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді.
Тәлімгерлік – ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер мен тәліп арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі. Ол тәліптің педагог ретінде қалыптасуы мақсатында өзінің білімін, ойлауын,тәжірибелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруде айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі. Тәлімгерлік ету барысында тәлімгер өзінің білімімен, тәжірибесімен бөліседі, ал тәліп еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздейді.(Мұғалімдерге арналған нұсқаулық І деңгей 46 бет)
Мектебімде 1-аптаның ортасында «Білім мазмұнына жаңалық ендірудің маңыздылығы» тақырыбында таныстырылым өткіздім. Бағдарлама идеясын, мақсатын ашу, көрсету, түсіндіру мақсатында мектеп мұғалімдеріне бағдарлама туралы таныстырылым жасап (слайд-шоу) ой бөлісіп, 1-деңгей мұғалімінің мектептегі қызметімен, рөлімен, атқаратын істерімен толықтай таныстырып өттім. Осы арада мен мектеп ұжымын өзімнің тәжірибе кезеңінде атқаратын іс-шараларымның жоспарымен таныстырып өттім.
Мектептегі тәжірибе алмасуды жақсарту үшін коучинг пен тәлімгерлік жұмысын қолға алдым. Коучинг жүргізетін мұғалімдерге коучинг жайлы семинар өткіздім. Коуч ретінде ІІ деңгейлі әдіс-тәсілдерді тез меңгеретін, жаңашыл, шығармашыл әріптесім Ж.-ны алдым. Коуч Ж.-ға жалпы қандай тақырыпта коучинг өткізуге болатындығы туралы түсіндірдім. Коучпен бірлесіп коучингтік үдерістің жоспарын құрдық. (қосымша №1) Тәлімгерлікке 7 жыл еңбек өтілі бола тұра, іскерлігімен көзге түсіп жүрген әріптесім, ІІІ деңгейлі сертификатталған мұғалім С.-ны алып, тәлімгерлік үдерісін жүзеге асыруға дайындадым.
Оларды коучингтік және тәлімгерлік үдерісі туралы ресурстармен қамтамасыз еттім, түсініксіз болған мәселе бойынша кез-келген уақытта жолығуға болатынын, өз тарапымнан қолдау көрсетілетінін және бәріміз бірлесе жұмыс істесек қана мақсатымыз орындалатынын түсіндірдім. Жеке әңгімелесу, пікір алмасу барысында олардың атқаратын функциялары мен міндеттерін біртіндеп үйрете бастадым, бірінші «Бетпе-бет» кезеңіндегі жинақтаған бейнежазбаларға, апта материалдарына, көрсетілген кәсіби әңгімелерге талдау жасау арқылы білімдерін толықтырып отырдым.
Кәсіби әңгіме барысында, осыған дейін біздің өткізген дәстүрлі сабақтарымыз оқушылардың ойлау, даму деңгейін ескермей, оқушының ой-пікірімен санаспай «орташа» бағытталған сабақ болды, оның мақсаттары оқушыға емес мұғалімге арналып жазылғанын, әр сабақта «Қандай нәтижеге қол жетеміз?»-деген сұрақтар туындамағаны туралы, сабақ барысында мұғалім өзі баяндаушы, өзі бақылаушы, өзі бағалаушы болғаны жайлы айтылды. Қазіргі кезде енгізілген өзгерістер: сабаққа жаңа тұрғыдан мақсат қою мен оқу нәтижелерін анықтау: қойылған мақсатқа және оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін оқытудың жаңа әдістерін қолдану; оқушы және мұғалім рөлін өзгерту керектігін жеткіздім. Тәлімгерлік үдерістің дұрыс бағытта жүргізілуі үшін тәлімгерлік жоспарын құрдық (қосымша №2). Тәлімгеріммен бірлесіп құрған жоспарлаудың бағыты тәлімгер мен тәліптің арасындағы жұмыстың ынтымақтастықта өрбуіне құрылды.
Құрған тәлімгерлік жоспарымның мақсаты: тәлім алушыға оқу мен оқытудағы сын тұрғысынан ойлауды сабақ үдерісіне пайдалануды, өз тәжірибесіне енгізе алуына, кәсіби дамуына көмек беру. Тәлімгерлік үдеріске төмендегідей міндеттерді алдым.
1. Жаңа көзқарастар мен идеялардың туындауын қамтамасыз ету;
2. Тәліптің өзінің бұрын білмеген жаңа әдіс-тәсілдері туралы ақпарат алуы;
3. Тәліптің кәсіби дамуына көмектесу, қолдау көрсету;
«Тәлімгерлік үдеріс-кәсіби өсуге басқан қадам» тақырыбында әңгімелесу ұйымдастырдым. Тәлімгерліктің маңызын ашу, оқыту үрдісіндегі орнын байқату мақсатында бейнежазбалар көрсете отырып, түсіндірдім.
Тәлімгер екеуіміз бірлесе отырып, мектепті дамыту жоспарындағы табыс критерийлерді басшылыққа алып, тәлімгер жоспарын құрдық. Жоспарда тәлім алушыға оқытудың 7 модульі, сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру, қысқа мерзімді жоспар, орта мерзімді жоспар құруды үйрету, кәсіби әңгіме, сабаққа рефлексия жасау, Блум таксономиясын үйрету жоспарланды.
Тәлімгерліктің өзіне тән негізгі сипаттамасы екі адам арасында оқу қарым-қатынасын құруға негізделген және түйінді дағдыларды: белсенді тыңдай білу, тәжірибені дамыту үшін бірқатар күрделі сұрақтар қоя білу дағдыларын дамытуға бағытталған. Тәлімгер тәлім алушыға күрделі тапсырмалар беріп: сенімділік, ортақтастық, шынайылық, адалдық танытуға дайын болады.(Garret-Harris, Garveу,2005). Тәлімгерлік аяқталған соң тәлімгер мен тәлім алушының арасында орнаған қарым-қатынас біліктілігі төмендеу мұғалімнің өзіне -өзі көмектесуіне мүмкіндік алып, проблемалардың шешуін өзінше табуға көмектеседі, себебі тәлімгерлік түзету қағидатына емес, даму қағидатына негізделген (Oxley, 2003). (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 47 бет)
Тәлімгер С. жоспарға сәйкес өзі сын тұрғысынан ойлау тақырыбына сабақ өткізді. Сабаққа коучингке қатысушылар өз қалауларымен қатысты. Тәліп те қатыса отырып, өзіне қажетті тәжірибемен алмасты. Сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс алынып, қатысушы тәліптен рефлексия алынды. Сабақтың барысында ресурстар мен әдіс-тәсілдер ретімен пайдаланылды. Жаңа әдіс-тәсілдерді, мысалы «Автор орындығын», «РАФТ», «Түртіп алу» стратегияларын тиімді пайдалана отырып, соңынан кері байланысты «Екі жұлдыз, бір тілек» түрінде» алып, интервью тәсілімен қорытындылады. Келесі сабағында жаңа әдіс-тәсілдерді жүйелі пайдаланып, сабақтың кезеңдерін ретімен, өз орнымен жүргізе отырып, қатысушыларға да тәліпке де тәжірибе алмасуға септігін тигізді.
Тәлімгер тізбектелген 3 сабақ көрсетсе, соңғы сабағының бейнежазбасын түсіріп, тәліпті қатыстыра отырып, соңынан талдау кезінде рефлексияны түсірген бейнежазбаны қайта қарау арқылы бердік. Сабақтың бейнежазбасы арқылы талдау тәлімгер үшін де тәліп үшін де пайдалы болды.
Тәліп етіп бағдарлама туралы, жаңа әдіс-тәсіл жайында түсіндіргенде, ол өзінің келісімін берген Д. есімді информатика пәнінің мұғалімін алдық. Д.- ның жаңа әдіс-тәсілдерді оқып үйреніп, сабағына пайдалануға құлшынысы жоғары болды, қызығушылық танытты.
Тәлімгер тәліпке сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту, блум таксономиясын, сабағында жеті модульді енгізе отырып, орта, қысқа мерзімді сабақ жоспарларын үйретуді мақсат етіп қойды. Аз уақыт ішінде тәлімгер тәліпке біраз әдіс-тәсілдерді үйретіп, оны сабағына қалай қолдану жолдарын көрсетіп отырды. Сонымен қатар тәлімгер сабақта оқушыларды топпен қалай жұмыс жасау керектігін, сын тұрғысынан ойлаудың стратегияларын қолдану жолдарында өз сабағына қатыстыру арқылы көрсетіп отырды. Тәлімгер тәліптің сабақтарына қатысу барысында сабақта орын алған кемшіліктерді талдап, ұсыныс жасау арқылы түзетулер енгізіп отырды. Сабақтағы кеткен кемшіліктерді жоюға біраз уақыт берілді. Келесі сабақтарында тәліп өзінің жіберген кемшіліктерін қайталамады. Тәліп Д. 7 сыныптағы информатика пәнінен сабақ өтті. Оқушылар топқа бөлінуге жаттыққан. Оқушылар әр түрлі түске байланысты топқа бөлініп отырды. Сабақтың мақсаты қойылды. Сабақта әр түрлі сын тұрғысынан ойлаудың тәсілдері қолданылды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Тәлімгер тәліппен ары қарай қандай жұмыс жүргізу керек екендігін жоспарлады. Бірігіп жоспараланған әр сабақтан соң тәліптің біраз жетістіктерге қол жеткізгенін көруге болады.
Коучинг үдерісі тәлімгерлік үдерісімен байланысты: коучинг нақты тақырып бойынша әріптесінің кәсіби мүмкіндіктерін ашуға бағытталса, тәлімгерлік оған жүйелі кәсіби қолдау көрсетуді көздейді. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, глоссарий 97 бет)
Келесі жоспарланған үдеріс-коучинг үдерісі. Біз болашақ көшбасшы ретінде коуч пен тәлімгер арқылы мұғалімдерді жаңалық жаршысы болуға жетелейміз.
Коучинг-(ағылшын. coaching) сөзбе-сөз аудармасы –тәлім ету, дайындау, жаттықтыру. Бұл әріптестердің құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі.
Мектепті дамыту жоспарындағы мақсаттарымды жүзеге асыруда коучинг пен тәлімгерлік үдерісінің ықпалы зор. Деңгейлі бағдарламаның аясында жұмыстың топпен ұйымдастырылуы арқылы жүзеге асатыны бізге белгілі. Биылғы оқу жылында жаңадан келген және жас мамандардың коучинг үдерісіне қатысуын қадағаладым. Себебі мектебімізге бағдарлама идеясы енгелі 2 жылдай уақыт болды. Жеті модульді, жаңа әдіс-тәсілдерді, өзгеріс аймағындағы сабақтардың өтілуі мұғалімдердің басым көпшілігіне таң емес. Сабақтарына үнемі пайдаланып жүр. Ал биылғы келген мамандарға коучинг өткізу арқылы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді, жүйелі түрде жеткізе аламын. Сондықтан шығармашылық топпен «Коуч пен көшбасшы» тақырыбында кәсіби әңгіме өткіздім. Коучпен бірлесе отырып, коучинг сессияларын жоспарладық. Бірінші коучинг сессиясын «Оқу үрдісіндегі сын тұрғысынан ойлаудың маңызы» тақырыбында өткіздім /қосымша 3/. Коучинг өткізудің қажеттілігін түсіндіре отырып сын тұрғысынан ойлауға үйрету тақырыбындағы коучингке слайд әзірлеп, флипчарт, мәнмәтін, маркер, стикер, бейнежазба, коучинг-сессия жоспарын дайындадым. Екінші және үшінші коучинг сессиялары «Сын тұрғысынан ойлауды сабаққа пайдаланудың тиімдігі», «Көшбасшылықты зерделеу» тақырыптарында өтті. Екінші коучингті өткізуге Ж. ІІ деңгейлі мұғалім, коуч келісім берді. Коучқа қолдау көрсетіп, тақырыбы бойынша түсініктемелер бердім.
Коучингке жас және жаңадан келген мамандар қатысты. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушы белсенділігін көтеру туралы өткен коучинг-сессияға қатысқан мұғалімдер өз сұрақтарына жауап тапқандай болды. Коучинг барысында бейнежазба арқылы тақырып ашылып, презентация көрсетілді. Мәнмәтін таратылып, топпен жұмыс жасалынды. Тақырып әр топта талданып, ой-пікір тыңдалды. Диалогқа түскен топтар мәнтәтінді сын тұрғысынан қарап, талдау жасады. Постерге тақырыпты түсіріп, қорғауға шықты. Кері байланыс берілді. Кері байланысты «Ақылдың алты қалпағы» арқылы беруді үйренген мұғалімдер осы әдіс арқылы коучингке де өткізген әріптестеріне рефлексия берді. Келесі коучинг сессиясын «Жаңа модульдің 7 кереметі» тақырыбымен Г. есімді әріптесім өз ниетімен өткізуге келісім берді. Коучинг-сессия тақырыбы 7 модульдің ерекшелігін меңгерту мен оны әлемнің 7 кереметі мен Қазақстанның 7 кереметімен салыстыра отырып, ой сала орындату ерекше болды. Қатысқан мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау модульінің «кереметі» жайлы түсініп, өзара талдап, мәнмәтінмен жұмыс жасап, постерге ойларын түсіріп, бейнежазба арқылы да пікірлерін білдіріп жатты. Қатысқан жас мамандар мен биыл жаңадан келген мамандарға бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеттері туралы түсіндіре отырып, 7 модуль терминін әлемнің 7 кереметімен салыстыра келтіруі естеріне сақтап қалуы үшін үлкен әсер етті ме деп ойладым. Постерге өз ойларын сын тұрғысынан ойлай отырып, қажетті заттардан мектеп құру тапсырылғанда әркім өз ойымен мектеп құрастырды. Соған жету барысында түрлі ойлар мен пікірлер туындады. Ортақ шешімге келу үшін әркім өз ойын түсіндіре білді.
«Табысты оқудағы ынтымақтастық» коучинг-сессияларының тақырыптары менің алған өзекті мәселем «Оқушыларды сын тұрғысынан ойландыра отырып, қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру» айналасында өткізілді. Коучингке қатысқан мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту әдісі сыныптағы әр түрлі деңгейдегі барлық оқушыны оқуға тартуға, ынтасы мен қызығушылығын арттыруға болатынына көз жеткізді. Бұл коучингте қоғамдастық үрдістің табысты оқудағы маңызы жайлы пікір алмасты. Бағдарлама идеясын түсіне отырып, табысты оқытуға не бастайтынын түсінді. Коучинг арқылы жас мамандар мен жаңадан келген мұғалімдер сыни тұрғыда ойлану модульін басшылыққа ала отырып жұмыс жасауға бағыт алды.
Коучинг сессиясының соңында коучингке қатысқан мұғалімдер өздерінің кері байланысын, коучинг жайлы өз ойларын жазбаша, ауызша жеткізіп отырды. Әрбір коучингтен кейін шығармашылық топ мүшелерімен отырыс жасау арқылы, берілген кері байланыстарды оқи отырып, келесі коучингте мұғалімдердің тілегін орындауды ойлап жоспарлап отырдық. Коучингтегі кері байланыста мұғалімдер коучингте қолданылған «Мозаика», «БББ әдісі», «Топтық жұмыс», «РАФТ», «Сұрақ-жауап», «Автор орындығы» әдіс-тәсілдердің ұнағандағын, өз сабақтарында қолданатынын жазған. Коучингке қатысқан мұғалімдердің сабақтарына қатысу жоспарға енгенімен аз ғана мұғалімдер қамтылып, толық іске аспады. Оның себебі, мектеп екі ауысымда оқитын болғандықтан, кестеге сәйкес уақыттың болмауы және мұғалімдер жылдың басында көп қоғамдық жұмыстар атқаратын болғандықтан деп ойлаймын. Келешекте осы жіберілген кемшіліктерді толықтырамын.
Өз тарапымнан өткізген тізбектелген 4 сабақ, қатысқан әріптестерім мен тәлімгерге, тәліпке тәжірибе алмасу үшін үлкен көмек болды. Өзекті мәселені басшылыққа ала отырып, сабақтарыма сын тұрғысынан ойлауды пайдаланып, түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып өткіздім. Әріптестерімнің сұранысы бойынша орта мерзімді жоспарлауды, қысқа мерзімді жоспарлауды дөңгелек үстел ретінде өткіздім. Орта мерзімді жоспарды құруды үйренгісі келген мұғалімдер сабағыма қатысты. Сабақта олар өздеріне қажетті: 7 модуль, Блум таксономиясы туралы, орта мерзімді жоспарды, қысқа мерзімді жоспарды қалай құру керектігі жайлы үйренді./2 қосымша /. Талдау барысында кері байланыс бере отырып, болашақта нені ескеру керек, нені басшылыққа алу қажет жөнінде пікір алмастық. Коучинг пен тәлімгерлік үдерісіне І деңгей тыңдаушысы - болашақ көшбасшы мұғалім ретінде қатыса отырып, дәстүрлі оқытуға қарағанда деңгейлік бағдарлама аясында оқыту анағұрлым нәтижелі, әрі оқушылардың қызығушылығымен жүзеге асатынына көзім жетті. Алдымызда әлі алар асуымыз бар. Ендеше көшбасшы ретінде білім саласындағы өзгерістің түбегейлі еніп, нәтижелі болуына күш салуымыз қажет. Есебімді нұсқаулықтағы «Сын тұрғысынан ойлау-Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді» (мұғалімдерге арналған нұсқаулық, І деңгей, 23 бет) деген үзіндісімен аяқтағалы тұрмын.
(қосыша №1) Коучинг үдерісін жоспарлау
Коучинг бағдарламасының мақсаты |
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушы белсенділігін арттыру үшін атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тақырыпты түсіндіру жұмыстарын атқару |
||||
Коучинг сабақтарының бағыты |
мерзімі |
Коуч |
Сабаққа қатысушылар |
Сабақ нәтижесі |
Табыс критерийі Қол жеткізгенін қалай білеміз? |
1. «Оқу үрдісіндегі сын тұрғысынан ойлаудың маңызы» |
ІІ апта |
І деңгей тыңдаушысы |
Жас және жаңадан келген мамандар |
Коучингтің маңызын түсінеді. Тақырыптың мазмұны ашылады |
Бейресми сұхбат, рефлексивті күнделік |
Коуч пен көшбасшы (Кәсіби әңгіме) Коучтың өз сабағына рефлексия жасату арқылы кедергілерді анықтау |
ІІ апта |
Ж. коуч |
І деңгей тыңдаушысы мен Ж. коуч |
Рефлексия арқылы кедергілерді жеңу жолдары анықталады |
Кері байланыс, рефлексивті күнделік жүргізу |
2.Коучинг «Сын тұрғысынан ойлауды сабаққа пайдаланудың тиімдігі» |
ІІІ апта |
Ж. коуч |
1 коучингке қатысқан мұғалімдер |
СТО сабаққа пайдалану тиімділігін түсінеді. Тапсырмалардың СТО арналып дайындалуын біледі |
Пән мұғалімімен кәсіби сұхбат, кері байланыс, рефлексивті күнделік |
3. 7 модулдің жеті кереметі |
ІІІ апта |
Г. әріптесім |
Жас және жаңадан келген мұғалімдер |
7 модульдің негізгі идеясын толық түсінеді. |
Коучингке қатысушы мұғаліммен кәсіби сұхбат |
4. Көшбасшылықты зерделеу (коучинг) |
ІV апта |
І деңгей тыңдаушысы |
Деңгейлі мұғалімдер |
Көшбасшылықтың идеясын түсінеді. Өзара бір-біріне қолдау көрсетеді. |
ІІ, ІІІ деңгейлі мұғалімдермен кәсіби сұхбат, кері байланыс, рефлексивті күнделік |
ІІІ деңгей және пән мұғалімдеріне құрылымды бақылау |
V апта |
І деңгей тыңдаушысы |
Мектептегі көшбасшылар мен коуч |
Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлануды өз сабағына енгізуін бақылау Енгізілген өзгерістің сәтті және сәтсіз жақтары анықталады |
Оқушылармен сұхбат, кері байланыс, интервью, рефлексивті күнделік |
1.Жаңа бастамаға ілесу заман талабы (дөңгелек үстел) |
VІ апта |
І деңгей тыңдаушысы |
Көшбасшылар мен шығармашылық топ |
Сыртқы ортамен байланыс күшейтіп, жаңа идеялар талқылап, бөлісу, тәжірибе алмасу |
Дөңгелек үстелге қатысушылармен кәсіби сұхбат |
1.Табысты оқудағы ынтымақтастық (желілік қоғамдастық арқылы) Идеялар көрмесі |
VІ апта |
Көшбасшылар |
Мектеп мұғалімдері |
Қоғамдастықтың маңызын түсінеді |
Қатысушы мұғаліммен кәсіби сұхбат |
Барлық мақсаттарға қол жеткізудің табыс критерийлері (Бағалау жоспары) |
|
( қосымша №2) Тәлімгерлік жоспары
-
Тәлімгерлік бағдарламасының мақсаты
Тәлім алушыға оқу мен оқытудағы сын тұрғысынан ойлауды сабақ үдерісіне пайдалануды, өз тәжірибесіне енгізе алуына, кәсіби дамуына көмек беру
Тәлімгерлік үдерістің міндеттері
- Жаңа көзқарастар мен идеялардың туындауын қамтамасыз етеді;
-Тәліптің өзінің бұрын білмеген жаңа әдіс-тәсілдері туралы ақпарат алады;
-Тәліптің кәсіби дамуына көмектесу, қолдау көрсету;
тәлімгер
тәліп
мерзімі
Тәлімгерлік бағыты
Тәлімгерлік нәтижесі
Табыс критерийі Қол жеткізілгенін қалай білесіз?
І деңгей бағдарламасын түсіндіреді
Бағдарлама идеясын түсінеді
1 апта
Кәсіби сұхбат
Сабақты оқытудағы кездесетін кедергілерді анықтау
Бірлесіп істелетін жұмыс жоспарын құру
«Сын тұрғысынан ойлау» туралы түсінік беру
Модульдің мағынасын түсінеді
2 апта
Сын тұрғысынан ойлауды қолдану
Тәлім алушы сын тұрғысынан ойлау туралы мәлімет алады
Жаңа тәсілдерді үйренеді.Сабаққа өзгеріс енгізе алады.
Сын тұрғысынан ойландыра отырып, оқушының белсенділігін арттыру стратегияларын үйрету
Сабақта қалай пайдалануға болатынын түсінеді
2 апта
Әр түрлі стратегиялар мен әдіс- тәсілдер үйренеді
Сабақта сын тұрғысынан ойландыратын стратегиялар пайдалану
Кері байланыс арқылы
ҚМЖ құруды үйрету
ҚМЖ құруды үйренеді.
3 апта
Тәлімгерлік үдеріс
Тәлімгерліктің қаншалықты тиімді болғанын бақылау
Бірлесіп құрған жоспарды талдау арқылы
Сабаққа қатысу
Түсінгенін басшылыққа алып, сабақты жоспарлайды
3 апта
Қысқа мерзімді жоспардың әр бөлімінің жүзеге асуы
Сынып оқушыларын бірлесе отырып зерттейді
Оқушылардан кері байланыс алу арқылы
Кәсіби әңгіме
Пікір алмасады, сұрақтарға жауап алады
3 апта
Кері байланыс алудың жолдары
Тәлім алушыға рефлексия жасауды үйрету
Рефлексиялық күнделік
Коучинг сабақтарға қатыстыру
Коучингке қатысып, кері байланыс беруді үйренеді
4 апта
Коучингтен үйренгенін сабаққа пайдалану
Сын тұрғысынан ойлаудың стратегияларын көріп, үйренеді
Сабағына қолданады
Сабақтың мақсатын қоюды және нәтижеге қалай жетуді үйрету
SMART мақсат құруды үйренеді
4 апта
SMART мақсаттың маңыздылығын үйреніп, жоспарда пайдалану
Сабаққа мақсат қойғанда, мақсат оқушыға бағытталу керектігін түсінеді.
Сабақ жоспарын құруда мақсат қоюды, нәтижеге жету жолдарын үйренеді
Бірлесе отырып орта мерзімді жоспар құру
ОМЖ құруды үйренеді
4 апта
ОМЖ құрғанда 7 модульдің ықпалдасуын зерделейді
Орта мерзімді жоспар құра алады, жаңа тәсілдерді сабаққа енгізеді
Жұмыс түрлерін әзірлеуді үйренеді
Сабаққа қатысу
ҚМЖ-дың ОМЖ-дан шыққанын түсінеді
4 апта
ОМЖ-дың ҚМЖ байланысын зерделеу
Тәлімгерліктің қаншалықты тиімді болғанын бақылау
Қатысушылардан кері байланыс алу арқылы
«Блум таксономиясы» және бағалау түрлері туралы түсінік беру
Сабақта қалай пайдалануға болатынын түсінеді
2 апта
«Блум таксономиясы» бөлімдерінің қолданылуын үйренеді
«Блум таксономиясын» өз сабағына пайдаланады
Кері байланыс арқылы
Бірлесіп отырып қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру
«Блум таксономиясын» қалай қолдау керектігін үйренеді
5 апта
«Блум таксономиясының» жоспарлауға тиімділігін түсіну
Түрлі стратегияларды сабақ жоспарына қосуды үйренеді
Тәліптің рефлексиялық күнделігі
Сабаққа қатысу
«Блум таксономиясын» өз сабағына пайдаланады
5 апта
Сабақта әдіс-тәсілдің тиімді пайдаланылуы
Тәлімгерліктің қаншалықты тиімді болғанын бақылау
Кері байланыс арқылы
Тәлімгерлік үдеріс не берді?
Сұрақтарына жауап алады, кері байланыс береді
6 апта
Кәсіби әңгіме жүргізу
Сабақтың видеожазбалары арқылы тәлім алушы өз әрекеттері мен оқушылардың әрекеттеріне рефлексия жасауды үйренеді.
Кемшіліктері мен проблемаларды анықтап, оны шешу жолдарын тәлімгермен қарастырады
( қосымша №3) Коучинг жоспары
-
Күні:
Коучинг тақырыбы
Оқу үрдісіндегі сын тұрғысынан ойлаудың маңызы
Сілтеме
Мұғалімге арналған нұсқаулық. 1 деңгей.
Мақсаты:
Сын тұрғысынан ойлай отырып,бақылау мен тыңдау арқылы сыни тұрғыдан ойлануға үйрету.Сын тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдерін үйренуге баулу.
Оқыту нәтижелері
Оқушылар саналы білім алу үшін қызығушылығы, ынтасы артады.
Негізгі идеялар
Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану»болып табылады.
Тапсырмалар
Уақыт
1.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал тудыру
Көтеріңкі көңіл күй орнату. «Жүректен жүрекке» шеңбер құрып тілек айту,
3 мин
2. Топқа бөліну: смайликтер арқылы топқа бөліну.
Топқа бөлу.
2 мин
3. Мұғалімдерге «Дейін- кейін» стратегиясын ұсыну.
Мұғалімдердің тақырып бойынша не білетінің жазуды тапсырамын.
3 мин
4.Тақырып бойынша презентация көрсетіп, таныстыру.
Сын тұрғысынан ойлау /ой қозғау/.
Мақсаты: Білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен мұғалімдер қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.
6 мин
5.Сын тұрғысынан ойлаудың әдіс -тәсіл
Түрлері
«Ойлан,жұптас,бөліс»
Әріптестерімнің білім деңгейін бағалау үшін түрлі-түсті стикер біреуін көрсетуін сұрадым.
«Қызыл түс» -түсінбедім.
Сары түс- әлі сұрақтарым бар.
Жасыл түс – маған бәрі түсінікті.
Өзін -өзі бағалаудың орнына топтарды критерий құру барысында бағалау.
5 мин
Топтарда баға қою
Оқушылар оқытудың нақты критерийлеріне және мақсаттарна сәйкес өзіне де, сондай ақ сыныптастарына да баға қоя алады. Сабақ барысында жаттығу ретінде беруге болады.
6. Бейнефильм көрсету
«Құмырадағы сызат»
Постер құрастыру.
- Қалай ойлайсындар негізгі түйіні неде?
- Осы бейнефильмнің негізгі түйінінен не алуға болады?
1 топ «Бейнефильмнің тиімді жақтары қандай?»
2 топ «Қандай кедергілер кездесті деп ойлайсың?»
10 мин
Постер қорғау
Постерді бағалау «2 жұлдыз, бір тілек»
9 мин
7. «Дейін-кейін» тәсілі
Тақырып бойынша не білгені туралы алдарындағы «кейін» бағанасын толтыруды сұраймын
5 мин
8. Рефлексия
Мұғалімдер өз пікірлерін білдіру.
2 мин