Материалдар / "Дала тарихынан үзінді". Тәуелсіздік күніне арналған тарихи көрініс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Дала тарихынан үзінді". Тәуелсіздік күніне арналған тарихи көрініс

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектептегі тәрбиелік шараларға қажетті. Өзімнің авторлық шығармам. Онда қазақ халқының тәуелсіздікке жеткенге дейінгі жолын өлеңмен, көркемсөзбен бейнелеп беруге және театрландырылған қойылым ретінде қоюға болады. Аталған шығарма аудан көлемінде 2-орынға ие болған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2018
2963
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дала тарихынан үзінді

(Тәуелсіздік күніне арналған қойылым)


Қазақ елі!

Ең қымбатты асылым!

Сен бар жерде толқын болып тасыдым,

Сен бар жерде қорықпадым ешкімнен

Сен жоқ жерде жетімсіреп жасыдым.


Керей, Жәнібек аттандады халқы үшін,

Өз елінің атағы үшін, даңқы үшін.

Болашақты ойлап олар ұрандап

Күрескен-ді ата-баба салты үшін.


Жоңғар шапты, ол дегенін істеді,

Зорлық қылды, азаптады, күштеді

Қалмағың ол үйретпеген асаудай

Арттан теуіп, алдыдан кеп тістеді.


Көрініс. Керей мен Жәнібектің Әбілхайыр ханға қарсылығы.


Сахна. Әбілхайыр хан тақта отыр. Жанында кимешек киген әйел адам.


Ә:-Түрің неден жабырқау, түсің неден қашыңқы?

Әйел:-Білмеймін хан ием, айтсам ба, айтпасам ба? Көңілде жатқан көп ойдың толқынын тысқа шығарсам, ұғар ма екенсіз, ұқпас па екенсіз.

Ә: Сөйле, Гүлбақыт, сөйле. Ештеңені бұып қалма.

Әйел:-Сөйлесем, жөні суық түс көрдім, бір ерекше іс көрдім. Сіз отырған алтын тақты екі бөрі талқандай бөліп, ордаңызды ортасына түсіріпті хан ием.

Мен білсем, екі бөрі-жас сұлтандар Керей мен Жәнібек болса керек.

Сіздің әр қателігіңізді қарауылдайын қағып, бақауылдайын баққан екеуі менің күдігіме құрық бола береді хан ием.

Ә:-Күдігің орынды-ақ, бірақ олар ұлт басы болады дегенге көңілім сенбейді. Ордада ойран сала алатындай қуат жоқ оларда.

Әйел:- Қате күтпеген жерден келеді, мүмкін ірілікпен байқамайтын шығарсыз. Қос сұлтан ордамызға қатар кіріп келгенде сарайыңыз дірілдейді (қолын жоғары көтеріп) хан иеем. Әсіресе Керейдің көзі өнменіңнен өтеді. Атасының алынбаған өшін мына бізден көрердей.

Ә:-Жақсы, айтқаныңды қош дедік. Ақылға салып көрелік.

Әйел:-Әне өздері де келіп қапты. Сын сағаты соқты, енді өзіңіз көрерсіз. Кірсін бе?

Ә:-Мейлі кірсін. Көрейік. (екеуі кіргенде, әйел тақтың екінші жағына қашып шығады).

Ә:-О, Сұлтан, жұптарыңды жазбай жабысып жүретін бопсыңдар ғой.

Керей:-Егер есіңізде болса, біз ағайынды жандармыз.

Ә:-Бірің құптап, бірің жұптап, қисындарыңды тапқан екенсіңдер. Ел сөзін айтар мына сендер болғансыңдар ма?

Керей:-Атамыз басқа болғанымен, түбіміз бір. Арманымыз басқа болғанымен алашымыз бір. Ел ортақ. Жер ортақ. Сондықтан қарашаның сөзін айтамыз.

Ә:-Маған ондай сөзің керек емес. Ел де менікі, жер де менікі. Осы елдің үкімі мен күтімі де маған бұйырған. Тәңірім берген билігімді алты алаштың ағайынына арқалатып жіберетін жәйім жоқ. Сондықтан кетер жолдарың әне.

Жәнібек:-Асырып айтқым келмейді. Басылып қайтқым келмейді. Билік біреу болғанмен ел ортақ.

Ә:-Тәйт. алаңдамайын десеңдер ары жүріңдер.

Керей:-Айттық ендеше. Біз арылдық. (кетіп қалады).

Әйел:-Айтқаным айдай келді, жүрістері суыт, жүздері суық көрінеді хан ием, байқаңызшы. (кетіп қалады)

Хан орнынан тұрады:

-Жетілдік деген екен, желпініп тұр. Сонда бұл ағайынға не керек? Не жетіспейді. Жеке ел болып жетіскенін көрер ем. Елді ұстап тұру, оны басқару оңай іс деп ойлай ма? Мен көрейін бұларды. (шығып кетеді).


Қызың кетті, теңдігі жоқ басында,

Тоқал болып малы бардың қасында.

Сүйгеніне қосыла алмай зарлады

Тыя алмай көл болған көз жасын да.


Көрініс

Қос ғашық. Музыка ойнап тұрады. Қыз бен өзі тең емес үлкен ер адам шығады. Қыз шашының ұшын өріп тұрады. Жігіт батыр киімін киген.

Ер:- Торғынжан, хан ием сізді маған сеніп тапсырды. Мен сіздің бар арманыңызды орындауға әзірмін. Айтарыңыз болса, қазір айтыңыз.

Қыз:- Аға, менің бар тілегімді орындаймын дедіңіз ғой.

Ер:-Ия, орындаймын.

Қыз:-Ендеше, мені әурелемеңіз. Басым бос емес. Сөз байласқан адамым бар. Тілегім осы. Ал орындаңыз.

Ер:-Бұл тілегіңді қайтіп орындаймын, қалқам. Ол өз қолымды өзім кескенмен бірдей ғой.

Қыз:-Солай болса, солай шығар. Мен айтарымды айттым. Енді бұл жайлы сөз қозғамайық.

Ер:-Жәәә, жападан жалғыз қалып, кімді тосып жүргеніңді білмейді деймісің. Бәрін білемін. Сенің ғашығың біле білсең әкеңнің жауы ғой. Жаны қианлғанда көзі ағарып жетер. Көрерміз сол кезде бекзаттығын. Торғынжан әкеңнің қарғысына ұшырамай тұрғанда райыңнан қайт, әйтпесе...

Қыз:- Ия, не әйтпесе?

Ер:-Әйтпесе ғашығыңды, Жәнібек сұлтанды өз қолыммен буындырып өлтірем. Әкеңнің жауына тисең, бүкіл елге масқара боласың. Басқаны өліп өшіп сүйсең де маған тоқалдыққа барасың. Бітті. Бұл әкеңнің шешімі. Менің қай жерім ұнамайды. Әлі-ақ жақсы көріп кетесің.Торғынжан,- деп аяғына жығылып, қолын ұсына бергенде Жәнібек кіріп келеді.

Жәнібек:- Тоқтат. (Қыз жігітінің артына тығылады).

Ер:-Азуыңды айға білеп тұрсың ғой. Кел жекпе жекке. (Екеуі қылыштаса жөнеледі).

Жәнібек:-Нағыз сатқын мына сенсің.

Қылыштары кезеніп тұрады:

Ер:-Ажал айдап келген екенсің, өл ендеше.

(Бірақ Жәнібек ерді құлатады да, қылышын сермеп жатқанда)

Қыз:-Жәнібек тиме оған. Тиме, кете берсін. (қашып кетеді).

Қыз:-Зәремді ұшырдың ғой Сұлтан, сенің келетініңді білгендей жол тосып едім, анау жолығып... Сенің айтқан сөзііді көңіліме қонақтатып ем.

Жәнібек:-Торғын, жасым үлкен болса да, жүректі билей алмадым. Елес болып есімді алдың, көлеңке боп көзімді байладың. (Екеуі екі жаққа қарап тқрады да, бір-біріне бұрылып): Тағатым таусылып, келгенім осы қалқам. (қолдарынан ұстайды)

Қыз:-Бекзатым менің. (қол ұстасып айналады. осы кезде ер сыртынан келіп оқ атады. Оқ тиіп қыз құлайды, жігіт бірге жерге отырады)

Жәнібек:-Торғыным, жоқ ,кетпе. Көзіңді ашшы. Көзіңді аш деймін саған.

(Көтеріп алып кетеді).

Келесі көрініс:

Керей Жәнібек шығады.

Керей:- Уа, халайық, қазақ қазақ болғалы ұлы жеңіске жеттік. Сұлтандарым, батырларым, әз халқым. Бүгін міне қазақ елі ордасын көтеріп, туын тіккелі тұр. Аллам қолдап, Тәңірім жолды оңғарсын. Бата беріңіз ақсақал.

Ақсақал: Батыр жолың болсын!
Самсаған қалың қолың болсын!
Сапарларың сәтті болсын!

Татқандарың тәтті болсын

Отырған жерің орда болсын

Барған жерің базар болсын.

Өренің өрге өрлесін,

Озат болып ерлесін,

Биіктерге төрлесін

Жиылған мына халқыңа

Қауіп-қатер төнбесін. Әумин!


Зұлмат жылды талай бастан өткердің,

Күнің де өткен қыл үстінде өткелдің

Бір кездерде дымың шықпай мақұлдап,

Тыңдадың да зор даусын өктемнің.


Көрініс:37-38жылдардағы репрессия

Барлығы теріс қарап тұрсын. Музыка ойнап тұрады. Біреуі бері қарап, қолындағы суретін көрсетіп айтып шығады. Сосын келесісі.

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН
Қазақ халқының қоғамдық ой санасын биік белеске көтерген ірі қайраткерлердің бірі.
1917 жылы Ақпан революциясы жеңіске жеткеннен кейін «Жалпы қазақ съезін» өткізіп, қазақтың саяси партиясын құру мәселесі қаралды. Партияның аты – «Алаш» аталсын деп ұйғарылады. Осы съезде Әлихан Нұрмұхамедұлы көпшілік дауыспен «Алашордасының» басшысы болып сайланады.

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ
Оның тағдыр – қиын, бірақ кісі қызығарлық тағдыр. Ғұмыры ащы арманға толы, алайда адамға өнеге боларлық ғұмыр. 1929 ж. қамауға алынған қазақ зиялыларының ішінде «рухани көсем» Байтұрсынов та бар. 1937 ж. 9 қазанда сталиндік репрессияның қанды пышағына ілігеді.
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ
Адам ретінде де, қоғам және саяси қайраткер ретінде де ерте есейіп, есімі жиырма жастан асар-аспас кезінде жұрт аузына ілініп, халыққа танымал болды.
Шешеден де, әкеден де ерте айрылған Тұрар жетімдіктің ауыртпалығын көрді.
Ресейдің отаршылдық саясатын жүзеге асыру нәтижесінде халықтың жаппай ашаршылыққа ұшырап жатқаны туралы Сталинге хаттар жазды. Нәтижесінде 1937-1938 жылдары бүкіл ел көлемінде орын алған үлкен террордың құрбаны болып кете барды.

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
Мағжан – табиғат жаршысы, махаббат жыршысы. Оның бұл тақырыптардағы өлеңдерінің де негізгі тақырыбы- тәуелсіздік.
Ел тәуелсіздігінің жыршысы Мағжан ақынның өзі де 1937 жылы 30 желтоқсанда өз тәуелсіздігінен айрылып, қызыл қырғынның құрбандығына айналды.
ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ
Жүсіпбек Аймауытов қазақ әдебиетіндегі аса ірі тұлғалардың бірі. Әдебиеттің әр алуан жанрларында белсенді қызмет ете отырып, ол революциядан кейін туған жаңа советтік әдебиеттің негізін салушылардың алғы легінде болды. Көптеген ірі шығармаларымен жаңа жанрдағы ізденістерді орнықтырды.
Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі 1931 жыл 42 жасында, нағыз шығармашылығы толысқан кезінде қыршынынан қиылды.

СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН
Отыз жетінші жылдың қанды қырғынына ұшыраған есіл ердің бірі – ақын және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин.
Бүкіл саналы ғұмырын Совет өкіметі мен коммунистік партияға арнаған қазақ даласының «қызыл сұңқары» да «қызыл қырғынның» құрбандығына айналуы сол бір қиямет күндердің заңдылығы секілді болды.

Қарғыс атқан фашист салды ойранды,

Аһ ұрысып барлық халық толғанды.

Сонда да олар тайсалмастан жауынан

Бірлікпенен, ерлікпенен қорғанды.

Көңілді музыка. 3 бала ойнап жүреді. Бір кезде жаман музыка мен говорит Москва қосылады да балалар жылағандай боп қашып кетеді. Осы кезде 8-сынып священная война би.


Жеңіс келді, бейбіт туы орнады,

Қуанбаған тірі пенде болмады.

Аман келген солдаттарға қуана

Ыстық-ыстық сезімдерін жолдады.


Болып еді орнағандай бейбіт күн,

Желтоқсан кеп жоқ қылды ізін бейбіттің

Ұл-қызыңды жаппай қамап, өлтіріп,

Күйін бұзды тамылжыған тірліктің.

Би. "Ақ пен қара айқасы".

Туды көтеріп желбірету.


Артта қалды бұл жылдардың бәрі де,

Ұмытпайды оны жас та, кәрі де.

Сызат салған жүрегіне ананың

Ізі жатыр сол жылдардың әлі де.


Тәуелсіздік таңы атты елжіреп,

Көк байрағың көкке шықты желбіреп,

«Қазақстан» болып енді қуандық

Шын бақыттың нағыз өзі келді деп.


Ауданымның игі істері көпке үлгі,

Оралханын еске алғанда ел тік тұрды,

Алтын құрсақ аналарым тудырған-

Төлеген мен Қалиқандай текті ұлды.


Ізгілікті тұмар етіп бойына,

Тек елінің қамын алып ойына,

Ел басқарған ағаларға мың алғыс

Ортақ болған қайғысы мен тойына.


Әр әкімнің сәтті болып қадамы,

Ауылдардың кем-кетігін жамады.

Аянбаған елі менен жері үшін

Шын еңбектің тері талай тамады.


Ойламайық құр бастағы пайданы,

Тәубеңе кел, Тәңірге қол жай дағы.

Татулықта күн кешейік ағайын

Бұзылмасын қазағымның қаймағы!

Мәңгілік ел әні


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!