Материалдар / ДАМУЫНДА АУЫТҚУЫ БАР БАЛАНЫҢ ОТБАСЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ БАҒЫТЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ДАМУЫНДА АУЫТҚУЫ БАР БАЛАНЫҢ ОТБАСЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ БАҒЫТЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп дефектологтарына арналған дамуында ауытқуы бар баланың отбасымен жұмыс жасау бағыты көрсетілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2021
833
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Галиева Ботагуз Кенесовна

Новенькое ЖОББМ дефектологы


ДАМУЫНДА АУЫТҚУЫ БАР БАЛАНЫҢ ОТБАСЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ БАҒЫТЫ


Интеллектуалдық жетіспеушілігі бар баланы тәрбиелейтін отбасындағы қарым-қатынастың негізгі мәселелері Баланың тууы – әрбір отбасыда қуанышты жаңалық. Интеллектуалдық дамуының бұзылыстары бар әрбір балаға сүйіспеншілік, қамқорлық пен мейірімділік қажет. Осы балалар сау құрдастарға қарағанда, олар тұрақты көмекті және оқудағы басқарушылықты көбірек қажет етеді. Дамуда ауытқушылықтары бар балаларды отбасында тәрбиелеу ата- аналардан, педагогтерден сабырлық, түсінушілік және т.б. көптеген қасиеттерді талап етеді. Ата-аналардың мамандармен тығыз қарым- қатынас пен өзара түсінушілікті қалыптастыру, баламен психологиялық- педагогикалық жұмыста жемісті шарты болып келеді. Интеллектуалдық жетіспеушілігі бар баланы тәрбиелейтін отбасындағы бала ата-ана қарым-қатынасы күрделі әрі маңызды мәселе болып саналады. Аномальды дамуы бар баланың әлеуметтік бейімделуі ата- аналардың дұрыс тәртібіне тәуелді болады. Ерте балалық шақтан бастап, танымдық іс-әрекеттің жетіспеушілігі баланың ата-анамен немесе қоғамның басқа мүшелерімен қалыпты қарым- қатынас жасауға кедергі жасайды. Осы барлығы әлеуметтік тәжірибені меңгеруді және тұлғааралық қатынастардың тәсілдерін қалыптастыруды қиындатады, интеллектуалдық бұзылыстары бар балалардың эмоционалдық дамуын тежейді. Дамуында ауытқушылықтары бар баланы тәрбиелейтін отбасы көптеген қаржыландыру, әлеуметтік және т.б. қиындықтарға тап болады. Отбасындағы өзара қарым-қатынастардың адекватты түрлерін қалыптастыру сұрақтарымен әртүрлі мамандар айналысады, олар: психологтер, психотерапевтер, олигофренопедагогтер, логопедтер және т.б. Жалпы арнайы психологияда бала дамуы, яғни әлеуметтендірілуі балаға жақын адамдармен қарым-қатынастан басталатының анықтады. Баланың анамен эмоционалдық қарым-қатынас – бұл оның алғашқы іс-әрекет түрі, ол онда оқыту субектісі ретінде болады.

Мүмкіндігі шектеулі бала дамуының жемістілігі отбасындағы балаға деген дұрыс ыңғайын табуына байланысты болады. Күрделі жағдайда өмір сүретін балалар үшін өмір бақылауының жетіспеушілігі, эмоционалды кемелденбеген және жоғары деңгейде құштарлану тән. Отбасылар және отбасылар мүшелерінің интеллектуалды бұзылысы бар баланың отбасында пайда болуына көзқарастары әртүрлі. Бұл көптеген факторларға байланысты: жеке жағдайға байланысты, баланың пайда болуын ата-ананың күтуіне, бақытсыз жағдайға деген көзқарасқа, басқа балалардың санынан және ерекшеліктеріне байланысты болады. Бірақ, ата- аналардың ерекшеліктеріне қарамастан, әлеуметтік, экономикалық және отбасы аралықтарындағы мәдениеттілік ерекшеліктеріне қарамастан, жалпы осындай ата-аналарға ортақ мәселе бар. Ата-аналар балаға қойылған диагнозды қиын қабылдайды. Ата-аналарды «ақыл-ойы кем», немесе «олигофрения» деген терминдер шошытады. Ең алғашқы рет ата- аналар эмоционалды жарақат алғанымен, біртіндеп жағдайды түсініп, баланы ауру деп қабылдайды. Жағдайды қабылдау процесі бір-бірімен байланысты бірнеше факторлармен айқындалады, олардың ішінде маңыздысы ата-аналардың жеке басы, баланың ерекшеліктері, қоршаған орта әсер етеді.

Отбасына және балаға берілетін психологиялық-педагогикалық көмек түрлерін ұйымдастыру формалары Балаларының ақыл-ойы кемдігі ата-аналарға психологиялық тұрғыдан ғана емес, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан да әсерін тигізеді. Баласына қойылған диагноз туралы ата-аналардың реакциясы түрлі болып келеді, жеке жағынан және ұқсастықтары да кездеседі. Ең бірінші диагнозға деген реакция өздерін «кінәлі» сезінулері, «Неге мен?», «Неге менің балам?» деген сұрақтарды туындатады. Амбиваленттік (екі жақтылық) – ата-аналардың бойында байқала- тын реакцияның екінші түрі. Стресс пайда болғанда реакцияның позитивті оң өзгерісі және қарама-қарсы реакциялар пайда болады. Ашу, қаһар, түңілу – сезімдер баланы қорғауда және жақсы көруде білінетін сезімдер. Амбиваленттік жаңа дағдарыс кезінде пайда болып қиыншылықпен жойылады. Аталған категорияға жатқызылатын балалардың ата-анасының 50%-ның реакциялары, ұят, ауыртпалық және т.б. Көптеген этиологиялық факторлар, ақыл-ойы кемдігінің түрлі деңгейі патологияның біліну себептері, жеке айырмашылықтар және басқа да формалар реакцияның байқалуын күрделендіреді. Девиация дағдарысы (ереженің болмауы) – бұл тағы да бір реакцияның формасы, бұл реакция баланың жағдайынан, диагноздың қойылуынан, стреске байланысты болады. Ата-аналар түсініксіз мәселемен кездесіп, бұл жағдайда көмек күтеді: жаңа ақпарат, жаңа білім және танымайтын мамандармен қарым- қатынас жасау. Баланың патологиялық жағдайы ата-аналар бойында ауыр стреске ұшыратады. Кейбір жағдайларда бала орталық нерв жүйесінің бұзылысы- нан басқа дене бітімінің кемтарлығы болуы мүмкін. Бұл жағдайлар баланың ата-анасына үлкен ықпал жасауы мүмкін. Туындаған жағдайда жаңа рөлді қабылдау, дамуында кемтарлығы бар баланың ата-анасы екенін қабылдау өте қиын. Ақыл-ойы кем баланың қажеттіліктерімен ата- аналардың өміріндегі жағдайды өзгерту «Хроникалық қиналу дағдарысы» деп аталады. Дамуында кемшілігі бар бала күнделікті өзіне деген күтімді талап етеді де, ата-анасына күнделікті дағдыланған өміріне кедергілік әкеледі. Девиация дағдарысы кезінде ата-аналар жаңа рөлді қабылдап, хроникалық қиналу дағдарысы отбасындағы ата-аналарды дезорганизация менреорганизацияға әкеліп соғады. Отбасы мүшелері бұндай баланың отбасында пайда болуы отбасылық қарым-қатынасқа өз ықпалын тигізеді. Бұл жағдайда арнайы маманның кеңесі қажет. Кейбір жағдайларда ата- аналар баланың кемтарлығынан ол кеш жүруі тиіс, немесе оның дамуында бір кемшіліктер болады, тілі кеш дамуы мүмкін деп ойлап, аталған диагноздың қойылуынан қорқады. Шындықты естігенде, ата-аналар бұл жағдай уақыт өте бала есейгенде өтіп кетеді деп ойлайды және осындай диагноз қоюшы мамандарға ренішті болады. Бұндай сезім түсінікті, бірақ ең бірінші естігендегі ауыр сезім өтпелі болады. Кейбір ата-аналар барлық жақындарымен, достарымен қарым-қатынасты тоқтатып, өз мәселелеріне іштей кетеді, ал басқалары көптеген адамдардан көмек алу үшін қарым- қатынасқа түседі. Баланың әлеуметтік тәжірибесінің болмауы қоршаған ортадағы адамдардың тәртібінде қарама-қайшылықтарды туындатады. Егер отбасы бұндай баланы қабылдайтын болса, бұндай жағдайда ол көп нәрсені өздігімен үйреніп тәртіп ережесінің қарапайым нормаларын игереді. Ата- аналардың маңызды үш қасиетін атап өту қажет, мамандар бұл қасиеттерді ата-аналардың бойында қалыптастырғандары жөн.

Бұндай бағдарламаларды жүзеге асыру кешенді өткені дұрыс. Бұл шаралар арнайы мектептерде, түзету орындарында, медициналық-педагогикалық-психологиялық, әлеуметтік орталықтарда өткізілгені дұрыс. Дәріс сабақтарында білім мекемесінің арнайы мамандары өткізетін ата-аналар тобында, түзету-дамыту жұмыстарымен үлкендерді және олардың жақындарын таныстыру жұмыстары жүзеге асырылып, ата-аналар балаға тиімді ықпал ету жұмыстарының түрлерімен, тәсілдерімен таныстырылады, семинар-тренингтерде балаға деген дұрыс көзқарастар қалыптастырылады. Маманмен арнайы ұйымдастырылған сабақта балалар ұжымында бір-біріне көмек беру, татулық пен бірлік дағдыларын қалыптастыруға бағытталады. Үлкендер мен олардың жақындарын балаға ықпал ететін тиімді жолдарға үйрету үшін, педагогикалық нұсқаушылар бала мен ата-ананың арасындағы түсінушілік пен қызметті дұрыс қалыптастыру үшін құрдастарымен, басқа да ересек адамдармен балалар мен ата-аналар ұжымында топтық жұмыстар жүргізіледі. Білім берудегі кездесетін түрлі қиыншылықтарды жеңу мақсатымен баланы отбасында тәрбиелеуде жеке тұлғалық кеңес қажет. Кейбір жағдайларда отбасылық психологтің кеңесі қажет. Бұндай жағдайларға жиі кездесетін жағдайларды жатқызуға болады: баланың жағдайы жақсар-ған кезде сабақты тоқтатуға болады; экстрасенстер мен халық емшілерінде емделген жағдайда; ата-аналар баласының мүгедектігін қабылдамаған жағдайда. Интеллектуалды бұзылысы бар балаларды тәрбиелеу ата-аналардан төзімділік пен қажырлықты қажет етеді. Баланы қоршаған ортаға дайындауда, мектепке дайындап дамытуда ата-аналардың үлесі өте ауыр болатынын естен шығармаған жөн. Бағдарламаның тиімділігі отбасылық жағдайда жүйелі түрде пайдаланғанда ғана ықпалы болуы мүмкін.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!