Дана халықтың -дара Абайы 5-11 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дана халықтың -дара Абайы 5-11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
А.Құнанбаевтың өмір жолы мен шығармашылығымен таныстыру, әндерін орындату арқылы оқушыларды көркем әдебиетке баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Абай мұрасы – халық қазынасы

Мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға Абай өлеңдерін және қарасөздерін мәнерлеп жатқа айту, сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру:

ә) тәрбиелік: шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу;

б) дамытушылық: есте сақтау қабілеттерін арттыру, эстетикалық талғамы бар сауатты оқырман дайындау;

Көрнекілігі: Абайдың суреті, шығармаларының жинағы, слайд.

Барысы:

Ақын еді

Елдің мұңын жыр еткен,

Жарыққа алып шығу үшін түнектен.

Ақын еді ол

«Мыңмен жалғыз алысып»,

Халқын ойлап күйінішпен күні өткен.

Ақын еді ол

Жұртты аузына қаратқан,

Әрбір сөзі құйылғандай болаттан.

Ақын еді ол

Жұлдыз болып жарқырап,

Қараңғы елдің ой – санасын оятқан, - дей келе «Абай

оқулары» атты байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Байқау 3 бөлім бойынша өтіледі:

І бөлім:

ІІ бөлім:

ІІІ бөлім:

Өлеңнің биік көгіне,

Шалқып бейне туған ай,

Кең даланың төрінде

Жаны ақын туды Абай.

Тозаңқы жыр тұсауын

Тот басты деп кесті де,

Жайды алға құшағын

Сөз ескегін есті де, - дей келе байқаудың І бөліміне кезек берсек. Олай болса сахна төріне Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнімен 10 сынып оқушысы Мерейді шақырамыз.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй, - дей келе, келесі әннің кезегін 10 сынып оқушысы Ардаққа береміз.

Әсем ән мәңгі жасамай

Тотығып қалар қалайша!

Біздермен бірге жас Абай,

Шырқаймыз біз де Абайша,- деп, сахнаға 8 сынып оқушысы Аружанды шақырамыз.

Ізі түспес жылдардың

Өмірі ұзақ өлеңін,

Ақын Абай жырларын,

Құшақтап алды келер күн,- деп сахнаға 7 сынып оқушысы Бақытжанды шақырамыз.

Көрікті көңілде жыр, қолда қалам,

Өмірдің өріне өрлей басқан қадам.

Қазақтың өлеңінің ұлы атасы –

Ол Абай, мәңгі жасар ақын адам, - дей келе, байқаудың «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты ІІ бөліміне кезек бере отырып, 5,6 сынып оқушыларын шақырамыз.

Ар, әділет сәулесін арман еткен,

Соқпақсызда соққы жеп, қажып өткен.

Ақын жанын аяйсың, сүйсінесің,

Ғасыр жүгін көтеріп өлеңдеткен, - деп, Абай өлеңдерін жатқа айтушы 7,8сынып оқушыларын шақырамыз.

Бөледік гүлге күмбезді,

Айтамыз мақтанышпен күнде өзіңді.

Қазақтың арысы едің ерте оянған,

Пушкинмен ұштастырған ой – сезімді.

Жыр жаздың, ән толғадың, шерттің күйді,

Озық ел мәдениетін жаның сүйді, - деп, сахнаға 9,10 сынып оқушыларын шақырамыз.

Кіршік жоқ жүрегімізде, ақын Абай,

Жырларың бізге айтқан ақылыңдай.

Қатарда бізбен бірге алға басқан

Тірісің сен қазіргінің ақынындай,- деп байқауыдың ІІІ бөліміне кезек берсек. Сахнаға жас ақындарымызды шақырамыз.


Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы – мәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге адымдап келеді.

Абай – халықтың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз, ұлттық идеологиямыз. Оның өлмес мұрасын алдымен өзіміз танып, сосын әлемге таныту – біздің ғұмырлық парызымыз. Өйткені Абайды әлемге таныту – әлемге қазақты таныту деген сөз.

Елбасы Н. Назарбаевтың «Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуымыз тиіс» деген сөзі бар.

Ал М. Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» десе, «Даналықты іздесең, Абайды оқы ерінбе» деген сөз және бар. Демек білім нәрімен сусындағың келсе, Абайды оқы, жас ұрпақ!


Нәрзілдаева Қызғалдақ

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

51 орта мектеп кітапханашысы







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.12.2018
443
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі