Дана халықтың
дара
Абай
Тақырыбы: Дана халықтың
дара
Абай
Сабақтың
тақырыбы Абай
туралыұғымын кеңейту, сөздік қорын молайту;
2. Абай өмірін оқуды одан әрі жалғастырып, білімін толықтыруға,
ізденушілікке, зерттеушілікке ықпал жасау, бағыт беру;
3. Абай шығармашылығын оқыту процесін халықтық педагогика үлгісінде
тәрбиелеу.
Сайыстың әдісі: сұрақ - жауап, проблемалық іздендіру, зерттеу,
техникалық құрал түрлерін пайдалану.
Сайыстың көрнекілігі: Абай әндеріне арналған күйтабақтар, Абай
бейнесуреті, ұлағатты сөздер, асық салынған қожын, шарлар.
Көрмелік бұрыш: Абай өмірі мен шығармашылығын бейнелейтін
фотосуреттер, тарихи деректер, рефераттар, газет - журнал
қиындылары, әдеби кітаптар, буклеттер, т. б.
Сайыстыңбарысы:
I Ұйымдастыру кезеңі;
Ә) Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты кіріспе сөз
II Сайыс 5 - бөлімнен тұрады:
1. Абайдың қара сөзі;
2. Абайдың әндері;
3. Абай жолы романынан көрініс;
4. Өлең оқу;
5. Сұраққа - жауап.
Жүру барысы:
- Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Сіздерге зор денсаулық, молшылық
тілей отырып, бүгінгі «Ұлы - Абай, дана - Абай, дара - Абай» атты
сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайыстың барысымен
таныстырып, әділқазы алқасын сайлау.
1 - жүргізуші:
Жауап іздеп сұрақтарға жан жүректі жаншытқан,
Надандықтың, ой - түйнектің мыңмен жалғыз алысқан.
Ақын Абай, адам Абай заманынан озған данышпан,
Даналығы мәңгілікке уақытпен жарысқан.
2 - жүргізуші:
Асыл сөзді іздессең,
Абайды оқы ерінбе!
Адамдықты көздесең,
Жат тоқып ал көңілге, - деп Сұлтанмахмұт ағамыз айтқандай, кезекті
Абайдың қара сөздеріне береміз. 1 - бөлім «Абайдың қара сөзі»
1 - топ: Бірінші сөзі
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір
бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық,
тартыстық - әурешілікті көре - көре келдік. Енді ер ортасы жасқа
келдік; қажыдық, жалықтық, қылып жүрген ісіміздің баянсызын,
байлаусызын, көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал енді қалған
өмірімізді қайтіп, не қылып, өткіземіз? Соны таба алмай өзімде
қайранмын.
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі
бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар, бағамын демесе,
бізщді құдай сақтасын!
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері
бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің көре алмайтұғын, ұры, залым,
тілімсектердің азығын бағып, беремін деп. Қалған аз ғана өмірімді
қор тқылар жайым жоқ.
Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам да жоқ.
Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың?
Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім қалайша бағудың
мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын.
2 - топ: Он жетінші қара сөзі. Оқушылар рөлге бөліп оқиды.
Толқимыз, толқып тұрмыз бәрімізде,
Мұндай күй болған бәлкім бәріңізде
Қол соғып қошеметтеп қарсы алайық.
Биші қыздар келсін біздің төрімізге.
1 - жүргізуші:
Шын хакім сөзің асыл - баға жетпес,
Бір сөздің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанның,
Әлемнің құлағынан әні кетпес.
2 - жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
Келесі кезек Ән шашу «Көзімнің қарасы»
Мұғалім сөзі:
Абай туралы қандай тақырыпта пікір айтсақ та біз оның дана, дара
ақын екендігін білеміз. Оның тағы бір себебі, оның аудармалары. Ол
орыстың ғұламаларының шығармаларын аударып халыққа
жеткізді.