Дара және күрделі етістік

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дара және күрделі етістік

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтін тақырыбы мен тірек сөздер негізінде мәтіннің мазмұнын болжау. Дара және сын есімдерді ажырату.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән: Қазақ тілі

Мектеп:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: :

Өлең құрастырамын 100-сабақ

Күні: .03.2018.

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 2 « »

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дара және күрделі зат есім

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау

2.4.2.5 дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/ етістікті анықтау

2.2.5.1 дереккөздерді (сөздік, анықтамалық, энциклопедия, кітапхана, ғаламтор) және ақпаратты табу жолын анықтайды, берілген тақырып/сұрақ бойынша ақпаратты іріктеп алу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: сөйлемдерден зат есімдерді таба алады

Көптеген оқушылар: дара және күрделі зат есімдерді анықтай алады

Кейбір оқушылар : мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжап айта алады

Тілдік мақсат

Оқушылар: дара және күрделі зат есімдердің ережесін біледі және мысал келтіреді

Пəндік лексика жəне терминология:

Талқылауға арналған сұрақтар: Дара және күрделі зат есім дегеніміз не? Мысал келтір.

Жазу: жаттығуларды орындау

Бағалау критерийлері

сөйлемдерден зат есімдерді табады. дара және күрделі зат есімдерді анықтайды. мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжап айтады.

Құндылықтарды дарыту

Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Музыка, дүниетану, әдебиеттік оқу.

АКТ қолдану дағдылары

ноутбук

Бастапқы білім

дара және күрделі зат есімдерді біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут







5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Мақсаты: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, зейіндерін сабаққа аудару.

«Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз,

Білімнің шыңына біз шарықтаймыз!»


Төрт топқа бірігу:1,2,3,4-топ

«Өрмекші торы» әдісімен үй тапсырмасын пысықтау.

- Зат есім дегеніміз не?

- Зат есімнің сұрақтарын ата.

-Зат есімнің қандай түрлерімен таныстық?

- Дара зат есім дегеніміз не?

- Мысал келтір.

- Күрделі зат есім дегеніміз не?

- Мысал келтір

Бағалау: «Жалаудың түстерімен»







жіп

Сабақтың ортасы



25 минут

























































2 минут

Жаңа сабақ

75-жаттығу.

Суреттердің көмегімен ертегі құрастырып көр. Ертегіні «Бірде аң патшасы Арыстан ормандағы аңдарды жинап алыпты. Оларға үлкен жарыс өткізілетінін хаббарлап, жарыстың талаптарын түсіндіріпті...» деген сөйлемдерден баста.

Жолбарыс: - Олар жетем дегенше мен демала тұрайын.

Қосаяқ: - Мәреге қайтсем бірінші жетемін?


  • Жарысқа қандай аңдар қатысты?

  • Мәреге қайсысы бұрын жетті деп ойлайсыңдар?

  • Суреттегі аңдардың қайсысы азайып кетті деп ойлайсың?

  • Қорғауға алынған тағы да қандай аң-құстарды білесің?


Дескриптор:

  • Ертегіні құрастырады

  • Сұрақтарға жауап береді


Дәптермен жұмыс

76-жаттығу. Көп нүктенің орнына күрделі зат есімдерді тауып жаз.

1-топ: Аңдар: жолбарыс, тасбақа, мүйізтұмсық, сусиыр, т.б.

2-топ: Құстар: түйеқұс, аққу, көкқұтан, бірқазан, т.б.

3-топ: Өсімдіктер: ақжелкен, бақ-бақ, алабота, қазжуа, т.б.

4-топ: Жер-су аттары: Ақтау, Алатау, Көкшетау, Бурабай, Сырдария, т.б.

Дескриптор

  • Күрделі зат есімдерді тауып айтады

  • Күрделі зат есімдерді көркем жазады


77-жаттығу.

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, санамақты оқы. Санамақтағы зат есімдерді ата.

Бір дегенім – білім,

Екі дегенім – елім,

Үш дегенім – үкі,

Төрт дегенім – түлкі,

Бес дегенім – балта

Алты дегенім – алқа,

Жеті дегенім – желке,

Сегіз дегенім – серке,

Тоғыз дегенім – тарақ,

Он дегенім – орақ

Он бір қара жұмбақ.

Дескриптор

  • Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қояды

  • Санамақты оқиды

  • Зат есімдерді табады

Сергіту сәті.

Қара жорға

78-жаттығу

Мәтінді көшіріп жаз.Мәтіннен зат есімдерді тап. Олардың дара немесе күрделі екенін айт.

Құстардың ең ірісі – түйеқұс. Оның биіктігі екі метрден асады. Аяғы екі саусақты. Қанаты қысқа.

Дескриптор

  • Мәтінді көшіріп жазады

  • Мәтіннен зат есімдерді табады

  • Олардың дара немесе күрделі екенін айтады

79-жаттығу. «Ойлан, тап» ойыны. Сандарды алып тастап, әріптерді ретімен оқып көр. Қандай сөз шықты?

Б1а235л4м7ұ6з0д8ақ910 Балмұздақ

Дескриптор.

  • Сандарды алып тастайды

  • Әріптерді ретімен оқиды

  • Сөзді табады

81 – жаттығу. «Сыңарын тап» ойыны

ЖShape2 ол, өнер, құйрық, бақа,

Тас, егеу барыс, кәсіп

Жолбарыс, өнеркәсіп, тасбақа, егеуқұйрық.

Дескриптор

  • Сөздердің сыңарын табады

  • Сөздерді оқиды




оқулық

























Жұмыс дәптер















































Кеспе қағаздар

Сабақтың соңы

5минут

Кері байланыс

Бағалау.

Үйге тапсырма: 67-бет 80 - жаттығу



Бағдаршам

Жалау


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлай-сыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

А деңгейлі оқушыға :


смайликтер

Қауіпсіздік техникасы ережелері: электр желісін ұстамау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.












Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:


2:


Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:


2:


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.04.2023
322
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі