Материалдар / Дәрілік өсімдіктер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дәрілік өсімдіктер

Материал туралы қысқаша түсінік
Соңғы кезде кейбір дәрілік өсімдіктер ысыраппен пайдаланудың нәтижесінде жойылудың шегінде немесе мүлдем жойылған. Осыған байланысты біз тек дәрілік өсімдіктерді пайдаланып қана қоймай, оларды қорғауды да насихаттауымыз керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2021
583
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады













Дәрілік өсімдіктер































Кіріспе

Өсімдік –тіршілік көзі. Тірі заттың тіршілігін өсімдіктер әлемінсіз елестетуге болмайды.

Адам баласы өсімдіктерді сонау көне дәуірден бастап күні бүгінге дейін өз қажетіне жаратып, пайдасына асырып келеді.Сондықтан халық өсімдіктерді – басқа пана, жанға сая деп бағалаған.Қазақстан Республикасы территориясында 6000 –нан астам өсімдіктер түрлері кездеседі, олардың көпшілігінен қажетті дәрілер өндіруге болады. Осы уақытқа дейін олардың тек 500 түрі ғана дәрілер өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланады.

Қазақстан флорасы пайдалы өсімдіктерге, оның ішінде ерекше маңызды болып саналатын дәрілік өсімдіктерге өте бай.Бұлардан жасалатын препараттардың тиімділікке айналғаны белгілі.Соның нәтижесінде бұл күнде фитотерапия айтарлықтай дамып отыр.Соңғы кезде кейбір дәрілік өсімдіктер ысыраппен пайдаланудың нәтижесінде жойылудың шегінде немесе мүлдем жойылған. Осыған байланысты біз тек дәрілік өсімдіктерді пайдаланып қана қоймай, оларды қорғауды да насихаттауымыз керек.

Дәрілік өсімдіктер – қазіргі кезге дейін әр түрлі дәрілік препараттар алатын шикі заттың негізгі көзі болып табылады.Қазіргі кезде олардың 40%-ға жуық дәрілік заттар және препараттар алынады. Адам ағзасындағы ауыр, қатерлі ауруларын емдеуде өсімдіктерден жасалған препараттар кеңінен қолданылуда.

Жүрек –қан тамырларының ауруларын емдеуде , олар 80%-ға дейін, ал бауыр және асқазан –ішек ауруларында шамамен 70 % құрайды.[12]. Сондықтан мамандар көптеген ауруларға сондай-ақ қатерлі ісік ауруына қарсы препараттар алуда жаңа дәрілік өсімдіктер түрлерін қарастыруда.

Дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мәліметтерді Индия фармакологтары өз елінің флорасында өсімдіктің 800 –ге жуық түрін тапқан. Тибет дәрігерлерінің емдеу тәсілдері осы Индия, Қытай, Жапон елдеріндегі білім негізінде құрылған. Осының арқасында болу керек, тибеттіктерде ауру- сырқауды емдеуге пайдаланатын дәрі дәрмек түрлері өте көп.

Басқа елдерге қарағанда Қытайда бұл салада көзге көрінелік жұмыстар жүргізілге. Бұл елде дәрілік өсімдіктер туралы кітап жаңа эрадан екі жарым мың жыл бұрын жазылған.

Фармаколог Ли Ши- Чжень ХVI ғасырда , өзінің 27 жылдық зерттеу жұмысын жинақтап, 52 томдық дәрігерлік еңбегін шығарған.Бұл еңбекте дәрілік өсімдіктердің 2000-ға жуық түрі жазылған. Сонымен қатар дәрілік өсімдіктерді жинау, кептіру, одан әрі жасау әдісі, қандай ауруға қалай пайдалануға болатыны туралы көптеген мәліметтер берілген.

Біздің елімізде де әр түрлі ауруларды емдеуге өсімдіктерді пайдалану ерте уақыттан басталған.

Батыс және Оңтүстік Алтай жоталар жүйесі кіретін Қазақстандық Алтай өзінің бірегей алуан түрлі флорасымен, өсімдіктер әлемі және өсімдіктер ресурсымен ерекшеленеді. Қазақстандық Алтайдың ормандары мен далаларында өсетін дәрілік шөптерді жергілікті тұрғындар әр түрлі ауруларға халық емі ретінде кең қолданады. Бұл әрине түсінікті де. Алтайдың дәрілік өсімдіктерінің көп бөлігінің терапиялық құнды екендігін халық медицинасы ерте заманнан-ақ мойындаған.
Мен ғылыми зерттеу жұмысы барысында дәрілік өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін , шипалық қасиеттерін және оның химиялық құрамын зерттедім.

Дайын дәріні сатып алмай жергілікті жердің өсімдігімен емдеуге болатынын үйрене отырып, өз ауылымның байлығын ұқыпты пайдалануға үйрендім.



Мақсаты:

Жергілікті дәрілік өсімдіктердің түрлерін, олардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу. Туған өлкедегі дәрілік өсімдіктерді анықтап, өмірде қолдана білуге үйрену.



Міндеттері:

- оқушыларды дәрілік өсімдіктердің шипалық қасиеттері мен таныстыру; 
-дәрілік өсімдіктерді пайдалану ережелерін сақтау ; 
- дәрілік өсімдіктердің түрлерін тереңдете оқытумен қатар оларды жинау ісі, шикізат дайындаудың әдіс – тәсілдері; 

- дәрілік өсімдіктерді танып білуге және оларды емдеу үшін пайдалануға үйрету;
- дәрілік өсімдіктерді үй жағдайында бау – бақшаларда, жүйекте өсіруге баулу. 













Күтілетін нәтиже:

- жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, мәдениетін білім беру барысында қалыптастырады; 
- дәрілік өсімдіктердің қазіргі кездегі күйі мен болашағы туралы түсінік; 
- оқушылар дәрілік өсімдіктерге бақылау жасап, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге қадамдар жасайды.





































ЖОСПАРЫ

ТАҚЫРЫПТАРЫ

САҒАТ САНЫ

УАҚЫТЫ

1

Кіріспе. Дәрілік өсімдіктер

1


2

Тарихи мәліметтер

1


3

Аюбұлақ. Зерттеу жұмысы

1


4

Шашыратқы

1


5

Жалбыз

1


6

Тасшөп

1


7

Бүлдірген

1


8

Бақбақ. Зерттеу жұмысы

1


9

Алоэ

1


10

Арша.

1


11

Аралия

1


12

Ақшайыр

1


13

Аюқұлақ

1


14

Ащы ермен

1


15

Адыраспан

1


16

Балқарағай. Долана

1


17

Дәрмене немесе ақ жусан

1


18

Етжапырақ бадан

1


19

Есекмия - тықыр кекіре

1


20

Женьшень

1


21

Жолжелкен

1


22

Жусан

1


23

Итмұрын

1


24

Қалақай. Қалампыр

1


25

Қаражидек. Қырықбуын

1


26

Қазтамақ. Қыша

1


27

Қасқыржидек

1


28

Лапыз. Меруертгүл

1


29

Маралшөп тамыры. Миа

1


30

Өгейшөп.

1


31

Таңқурай

1


32

Түймедақ.

1


33

Шайшөп

1


34

Қорытынды

1


Барысы.
Қазақстанның оңтүстік шекарасын солтүстіктен бөліп, 1800 шақырымға созылып жатқан аймағын орманды даланың, жазықт
ардың, шөл және шөлейт жерлердің алып жатқаны, Республикамыздың батысында Каспий теңізінің, шығысында Алтай жоталарының, оңтүстігінде Тянь - Шанның биік шыңдарының орналасқаны мәлім. Қасиетті қазақтың осынау дарқан даласы мен орман, тоғайында 6 мыңнан астам өсімдік, 500 түрлі құс, 178 түрлі аң, 49 түрлі бауырымен жорғалаушылар, 12 түрлі қос мекенділер болса, өзендер мен көлдерде балықтың 107 түрі бар.

Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы заманнан - ақ ата - бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып - біліп, оларға ат қойып, жеміс - жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі - дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер - оттегін бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім. Алайда өсімдіктердің ішінде улылары да аз емес. Оны тұрғын халық білмесе, малдарын, өздерін уландырып алуы да мүмкін.

Халық емшілерінің тәжірибесінен Қазақ даласында дәрілік өсімдіктерді жетік білген, онымен малды да, адамды да емдеп, жаза алған атақты тәуіптер болған. Солардың бірі – Найманның Қыржы руынан шыққан Ырғызбай емші Досқанұлы. Ол кезінде ұлы Абайдың әкесі Құнанбай қажыны дәрілік өсімдіктермен емдеп жазады.

Ырғызбай емшінің кезінде айтып кетуі бойынша, кейбір шөптер мен тамырлар аралас кептірілсе, сақталса күш - қуатын жоғалтады екен. Ол сол себепті шөп, тамырларды бөлек - бөлек сақтайтын үш қанат күркені алдын - ала дайындап, оған сөрелер орналастырған, қапшықтар мен қалталар әзірлеп, оны керегеге іліп қойған. Емшінің шипалы өсімдіктерден дәрі - дәрмек жасайтын ыдыстары мынандай болыпты: ағаш тостағандар мен шойын шөңкелер, күміс тегештер мен мүйіз тостағандар, аршаға ысталған мойнақ торсықтар мен жез құтылар, емдік майларды сақтайтын сүйек ыдыстар, сұйық және тұнбаларды құятын басқа да қажетті заттар. Дәрі - дәрмектердің мөлшерін анықтайтын нәзік таразысы да болған. Дәрі - дәрмектер дайындау барысында Ырғызекең жылқының қылы мен түйенің шудасын, тарамысты да пайдаланыпты.

Атақты Ырғызбай емші шипалы өсімдіктердің гүлінен, жапырағынан, тамырынан дәрі - дәрмек жасағанда олардың қандай ауруға қалай қолданғанда ем болатынын табиғи түйсікпен біліп, дамытқан. Емшінің үйінен қысы - жазы кенекұнжұт, түймешетен, адыраспан, долана, көккекіре, суқалампыр, қарандыз, киікот, шайқурай, тікенжиде, тәуіпдәрі, томардәрі, қасқыртамыр мыңжапырақ, жаушүмілдік тәрізді өсімдіктер үзілмеген. Ол улы шөп - тамырларды аса сақтықпен жіңішке ауруларға, тері ауруларына, күйікке қолдана біліпті.

Республика тереториясынан 6000 - ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың үрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдіктің зерттеудің маңыздылығы айтпаса да түсінікті.
Мал бағумен ақылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптерің, жалпы өсімдіктердің емдік, дәрілік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден - ақ кеңінен таралған.

Ертеде өмір сүрген әл - Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Баруни әл - Джуржани және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып пайдалануына еткен ықпалдары зор болды. Әр облыстың, аймақтың, халық дәрілік өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін өздерінше пайдалануы да мүмкін. Оның да жөні бар. өйткені кейбір өсімдіктердің бірнеше түрлі дәрілік қасиеттері бар.
Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.

Оны Рим дәрігері Гален өсімдіктерде шипалық қасиеттердің болуын олардың құрамындағы белгілі бір заттардың қасиетіне байланысты екенін анықтады. Ол сонымен бірге бұл заттарды қалай бөліп алуға болатынын көрсете отырып, тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді.

Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.

Дәрілік өсімдіктердің біразына тоқталсақ.

Аюбұлақ – биіктігі 0, 4 - 1, 2 см, қалын қабығы түктеніп тұратын екі жылдық өсімдік. Жапырағы ұзынша, кезектесіп орналасқан. Гүлі ашық сары түсті, өсімдік сабағының басында масақ тәріздене орналасқан, маусым - тамыз айларында гүлдейді.
Еліміздің Европалық бөлігінде орталық және Оңтүстік аудандарында, көбінесе шабындық, тоғайлы құмды жерлерде өседі.

Алтын тамыр – ірі әрі жуан тамыры бар, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Кейбір тамырының салмағы 900г дейін жетеді. Тамырының сырт жағы алтын түстес сары да, ішкі жағы ақ түсті. Кепкен кезде тамырының сынған жері ашық қызыл түстес болады. Сары түсті гүлдері өсімдіктердің жоғары жағында шоғырланып тұрады. Маусым - шілде айларында гүлдейді.
Алтын тамыр (лат. Rhodiola rosea)- ірі, әрі жуан тамыры бар, жасаңшөп тұқымдасының семізөт туысына жататын көп жылдық, шөп тектес, өте бағалы дәрілік өсімдік. Халық медицинасында тамырынан жасалған дәрілерді адамның еңбек ету қабілетін күшейтетін, шаршағандықты басатын дәрі ретінде,асқазан мен жүйке ауруларын емдеуге, жатырдан кеткен қанды тоқтату үшін де кеңінен қолданады.Өсімдікті қайнатып трахоманы да емдейді.Фармакологиялық зерттеулер бұл өсімдік тамырының денеге қуат беретін қасиетін толық анықтады.

Шашыратқы – биіктігі 1, 5 метрге дейін жететін, шөп тектес өсімдік. Тамыры - жуан, ұзындығы 1метрден асады. Гүлдері көгілдір түсті, жапырақтарының арасында 2-3-тен орналасқан. Шілде - қыркүйек айларында гүлдейді. Қазақстанның Оңтүстік Батысында көптеп тараған.

Жалбыз (лат. Méntha piperíta)- ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық тамырсабақты өсімдік. Ол- хош иісті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Оны сабынныӊ иісін жақсарту үшін пайдаланады, дәрілік те маӊызы бар. Ал кермек жалбыздыӊ жапырағы мен гүл шоғынан жалбыз эфир майы алынады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!