«Дарын – жанып тұрған
жалын»
№33 мектеп-лицейінің
дарынды балалар форумы сценарийін
жазған
Алматы қаласы «№33
мектеп-лицейі» директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Рашаева Мейрамкуль Жайқожақызы
Мақсаты: Оқушының пәнге қызуғышылығын
ояту. Оқушының бойындағы қабілетін дәріптеп, олардың одан әрі
шыңдала түсуіне, өмірдегі жауапкершілікті түсінуіне жол ашу және
«Бұлақ көрсең көзін аш» қағидасы бойынша оқушының дарынын ашуға
мұғалімнің ықпалы бар екенін түсіндіру.
(Сахна безендендірілген,
қанатты сөздер жазылған плакаттар мен слайдтар. Фанфар беріледі.
Екі жүргізуші шығады. Ақырын музыка орындалып
тұрады.)
1-жүргізуші: Ән туады
мұраттан,
Ой туады
сұрақтан,
Не бір үлкен өзендер басталады
бұлақтан.
2-жүргізуші: Құрметтейік
дарынды,
Жүрегі оттай
жалынды,
Елім, саған арнаймын бойымдағы
барымды.
1-жүргізуші :
Қайырлы күн, ұстаздар және
оқушылар! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт
Тоқаев: «Балалар - мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі.
Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің
жалпыұлттық міндетіміз»,-дей келе 2022 жылды Балалар жылы деп
жариялаған болатын. Балалар жылы аясында біздің мектебімізде де
түрлі тартымды шаралар өтті және оқушыларымыз түрлі аудандық,
қалалық, республикалық, Халықаралық байқау-жарыстарға қатысып,
дарынды оқушыларымыз мектебіміздің атын биіктен
көрсетті.
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар және
оқушылар, бүгінгі форумның қуанышы да, жауапкершілігі де жоғары,
бүгінгі мадақ сөздер мектебіміздің мақтаныштары мен мектебіміздің
атын биіктен көрсетер білімді шәкірттеріне
арналады.
1-жүргізуші: 2022-2023 оқу жылына арналған
«Дарын – жанып тұрған жалын» атты дарынды балалар форумын
(хормен) ашық деп
жариялаймыз.
Музыка орындалады.М.Шахановтың
«Арман» өлеңінен көрініс.
Автор
сөзі:
Ерте, ерте,
ертеде,
Отырарда,
Біздің іңкәр
өлкеде,
Иық бұрмай тек білімнен
басқаға,
Қатар өсті екі бірдей жас
бала.
Қатар жүріп сан өнерге
машықты,
Бірге
оқыды,
Бірге ойнады
асықты.
Екеуіне назар бұрды ел
ерек,
Өйткені олар дарынды еді
керемет.
Сыбағасын тағдыр дара
бөлгендей,
Өсе берді төске шауып, төске
өрлей,
Екеуіне қараған жұрт
сүйсінді,
Отырардың болашағын
көргендей.
Отырарда жаны жайқын
дария,
Ойы безбен бар еді бір
қария.
Сол қария бір күні екі
шәкіртті,
Құрметпенен өз үйіне шақыртты.
(Сахнада Қария, Дойыл, Әбу отырады.)
(Қария тұрып) Қария
сөзі:
-Балақайлар, балапандар, көк
өрім,
Сендерге бір сауал қойсам деп
едім.
Туған жан деп өнерімен,
өртімен,
Екеуіңді сөз етіп жер ел
түгел.
Мен де танып білсем деп
ем,
Кімсіңдер?
Қандай арман жетегінде
жүрсіңдер?
Қандай бағыт ұстайсыңдар
түбінде,
Сонша неге құштарсыңдар
білімге?
Қане, Дойыл сен
айтшы?
(Дойыл мен Әбу тұрады)
Дойыл сөзі:
-Жалғыз арман бар
менде,
Шектесетін қулықпен де, армен
де.
Жалын шашса өнерімнің
өрнегі
Сонау Йемен, Мысыр, Бағдад
елдері
Түгел танып жыр ететін
таңдана,
Саудагер боп шықсам деймін,
жан баба.
Тірлігімде жабырқамай,
жасымай,
Ата жолын қусам деймін
осылай.
Бой алдырмай бос мақтан мен
өсекке
Өмірімді құрсам деймін
есепке.
Ұтыласың, жебемесе, желікті
ой,
Бұл өнердің табиғаты ерек
қой.
Қаншама елмен сауда саттық
жасауға
Сонша елдің тілін білу керек
қой.
Табу үшін жұрт таппаған
айланы,
Көру үшін жұрт көрмеген
пайданы,
Шығу үшін жұрт шықпаған
белеске,
Жұрттан асқан білім керек емес
пе?
Тілін тапсаң кім созбайды қол
ұшын,
Өнер қажет, білім қажет сол
үшін.
Қария
сөзі:
Ұлым, желік
қуыпсың!
Неге сонша желтоқсандай
суықсың?
Барымызға туған дарын болар
деп
Қунып
ем,
Сорымызға
туыпсың.
Сор боларсың одан не мән
табарсың,
Арманыңды, бәлкім, қайта
қарарсың?
Дойыл
сөзі: - Арманымды өзгерте алман, жан
баба!
Қария
сөзі:
-Ал сен қалай бағыттадың
нұрыңды,
Жасырмай айт
сырыңды.
Әбу
сөзі:
Менде де бар бір
арман,
Маздап жанып, қол бұлғайтын
шынардан.
Ұлы баба, бірақ менің
арманым
Парыз бенен махаббаттан
құралған.
Шамын жақсам ғылым менен
өнердің,
Елімді зор мерекеге
бөлермін.
Бұл сапарым азапты да шығар
ау,
Не де болса пешенемнен
көрермін.
Мейілі мәңгі жарымайын
киімге,
Мейілі түйір нан қалмасын
үйімде,
Мейілі ұлының еңбек етіп
арымен
Жүргендігін ұғынбасын қалың
ел.
Қарлы боран қыран жолын бөгер
ме?!
Өнеріммен тасып толам
кемерге.
Мен өзіме риза емеспін,
елімнің
Сүйеніші бола алмасам
егерде.
Қария
сөзі:
Бәрекелді, жаз
жайраң!
Көл болмаса тояттайды қаз
қайдан?!
Біреуінің арманыңнан шошып
ем,
Бірің, міне, еттің лезде
мәз-мейрам.
Бірің үшін күрсінумен
өтермін,
Бірің үшін сүйсінумен
өтермін,
Сөйте-сөйте мен де өмірден
кетермін.
Беттеріңнен жарылқасын
тәңірім,
Ал жарайды, батам осы
барыңдар,
Отырарда туған ұлы дарындар.
(Үшеуі сахнадан кетеді)
Автор
сөзі:
Дойыл солай өзгертпейді
шешімін,
Дәулет оған жылдам ашты
есігін.
Тек байлыққа деген жұтаң
сараңдық
Жіберді оның бар өнерін қараң
ғып.
Ал Әбу
ше?
Кеңге жайды ол
қанатын,
Әбуіміз – әрі ғалым, әрі
ақын,
Әбуіміз – біздің ұлы
бабамыз
Әбу-Насыр әл-Фараби
болатын.
(Үшеуі сахнаға шығып) Үшеуі
қосылып:
Мәңгі лаулап жану үшін
ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін
ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін
ғаламда,
Үлкен арман керек екен
адамға!
2-жүргізуші: Жалғанса деп бүгініме
ертеңім,
Естілсе деп ұрпағыңнан көркем
үн.
Болашағым болу үшін
базарлы,
Солар үшін ғасыр күйін
шертемін.
1-жүргізуші: Білімді ғасырларға
жалғайтын,
Қанат қағып биіктерге
самғайтын.
Үміт күтер өрендерім
әнекей,
Жақсы жаман зерделейтін
талдайтын.
2-жүргізуші:
-Зор талант еңбек сүйгіштікті
қажет етеді.
-Талант–тәңір берген сыйлық
емес, бұл ең алдымен төзімділікпен еселенген
еңбек.
-Талант әр істің құнын екі есе
арттырады.
Міне осындай талантты
балаларды ортаға шықырып, қошемет көрсеткеніміз жөн
болар.
-Әр сыныптың аудандық, қалалық
өребәйге, эсселер мен оқулардың жеңімпаздарын, «Дарын»
олимпиадаларының жеңімпаздарын, Халықаралық «Кенгуру»
интеллектуалды конкурсының жеңімпаздарын және түрлі спорттық, өнер
байқауларының жұлдыздарын ортаға шақырып, құрмет
көрсетейік.
(Оқушылар тізім бойынша
аталады, ортаға шеру жасап шығады)
1-оқушы: Қадірлі елім,
қабырғалы елім,
Айтарымды айтып, арылғалы
келгем.
2-оқушы: Жан жүрегімді
жарқыратып,
Алдыңда сенің жарылғалы
келгем.
3-оқушы: Арқалы елім, алқалы
елім,
Алқабыңда қиқу салғалы
келгем.
4-оқушы: Жүзімдегі әрімді
беріп,
Жүрегімдігі нәрімді
беріп,
Бойымдағы барымды
беріп,
Алғысыңды сенің алғалы
келгем.
5-оқушы: Шөліңе тамар тамшы
болып,
Жауыңа сілтер қамшың
болып,
6-оқушы: Ертеңге жұмсар елшің
болып,
Өзіңнің ғана еншің
болып,
Есіңде мәңгі қалғалы
келгем.
2-жүргізуші: Бағыт беріп тұрса жұлдыз
төбеде,
Еркін жүзсе шәкірт Білім
кемеде,
Қабілетті ұштастыра
алатын
Ұлағатты ұстаздардан өнеге, -
дей келе мектебіміздің директоры Нұрлан Меркенұлы Алиевке сөз
кезегі беріледі. (Оқушыларға төс белгі тағылады, ұстаздар
марапатталады.)
Дарынды балалар форумы
тартымды өтті, дарындыларға «Дарынды шәкірт» белгісі тағылып,
жетекші мұғалімдерге директордың Алғыс хаты
берілді.
1-жүргізуші:
Арыстандай
айбатты,
Жолбарыстай қайратты
–
Қырандай күштi
қанатты.
Мен жастарға
сенемiн!
2-жүргізуші:
Көздерiнде от
ойнар,
Сөздерiнде жалын
бар,
Жаннан қымбат оларға
ар,
Мен жастарға
сенемiн!
1-жүргізуші:
Мен сенемiн
жастарға.
Алаш атын
аспанға
Шығарар олар бiр
таңда,
Мен жастарға
сенемiн!
2-жүргізуші: «Туған өлке» өлеңіне жазылған
дарындылар гимнін орындауға шақырамыз! Бұл ән бүгінгі күннен бастап
№33 мектеп-лицейінің Дарындылар гимні болып
табылады.
Дарындылар
гимні
1.Ұландармыз,
дарындымыз,
Жігерліміз,жалындымыз,
Құштар боп білімге, жаңаны
білуге
Қараймыз келер күнге
сеніммен
Қ-сы
Отанның ұланы жас
дарындар
Жолымыз тұр әні нұр
қиямен
Шығамыз тек биікке туған
ел
2.Білім біздің
тірегіміз,
Шыңға шығу тілегіміз
,
Біліммен
жайнаймыз
Қырындай
самғаймыз
Мектептің абыройын
қорғаймыз
Қ-сы
Отанның ұланы жас
дарындар
Жолымыз тұр әні нұр
қиямен
Шығамыз тек биікке туған
ел
3.Біз мектептің
ұланымыз
Біз мектептің
қыранымыз
Жағамыз шам шырақ, ғалым боп
өлкеде
Боламыз мақтанышың
ұстазым
Қ-сы
Отанның ұланы жас
дарындар
Жолымыз тұр әні нұр
қиямен
Шығамыз тек биікке туған
ел
1-жүргізуші: Айналайын, атамекен, ақ
мекен,
Қандай қазақ іздеп сені тапты
екен.
Айналайын, атамекен, ақ
мекен,
Туған өлке тәтті екен ғой,
тәтті екен.
Мұқағали Мақатаевтың әні
Атамекен әнін бірге шырқауға шақырамыз.
(От шашулар шашылып, дарынды
балаларға құрмет көрсетіледі)
1-жүргізуші: Ән туады
мұраттан,
Ой туады
сұрақтан,
Не бір үлкен өзендер басталады
бұлақтан.
2-жүргізуші: Құрметтейік
дарынды,
Жүрегі оттай
жалынды,
Елім, саған арнаймын бойымдағы
барымды.
2-жүргізуші: «Дарын-жанып тұрған жалын»
атты дарынды балалар форумын (хормен)
жабық деп
жариялайымыз!