400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Дарынды балаларды таңдай білу және шығармашылық жолға бағыттау»

Материал туралы қысқаша түсінік
Дарынды балалармен жұмыс жасайтын ұстаздарға ұсынамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Дарынды балаларды таңдай білу және шығармашылық жолға бағыттау»

Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Білім алу белгісіз нәрсені ашуға қабілетті,дарынды болу деген сөз. «Шын білім әрдайым ақиқат,анық болатын білім»-деп жазды Фараби. Ал, ұлы Абай «Бүгінгі жастарға оқу міндет, тек қана оқу менен өнер білмек керек»-деп,білімнің жастар үшін маңызды екендігін баса көрсетіп кетті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының жастар саясатында былай деп көрсетілген: «Қазақстан жас буын бойында отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттер қалыптастырмай,жастардың ізгілікті,рухани өркендеуін, сондай-ақ,дарындылық,қабілеттілік буынның шығармашылық мәдени тәжірибесін,әлем өркениеті жетістіктерін игеруіне жол ашпай,әлеуметтік ұстанымдағы экономикасы,өзіндік мәдениеті,рухани байлығы бар демократиялық қоғам құру мүмкін емес».

Қазіргі қоғамның,білім саласында өзекті мәселелерінің бірі-дарынды балаларды таңдап олармен жеке жұмыс жасау. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын негізі талаптар:

-баланың отбасы жағдайын зерттеу;

- шығармашылық қабілетін анықтау;

- саулнамалар, психодиагностикалық тренингтерді өткізу;

- ата-анасымен әңгімелесу;

- пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, пікір сайыс ойындарына қатыстыру;

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.

Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.

Жас ұрпақты заман талабына сай тәрбиелеп,дарындылығын арттыру мақстаында шығармашылық жолға баулу- аса маңызды міндет деген пікіріме қосарым. Ұлы ғұлама ғалым Әл Фараби айтқандай «Тәрбиесіз берілген білім адамзат жинаған құндылыққа зияның тигізеді». Расымен,дарындылықты анықтамас бұрын баланың тәрбиесі аса мән беруіміз қажет деп санаймын.

Сондықтанда, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы,тәрбиелілігі деп түсінемін. Дарынды бала төмендегідей қасиеттермен ерекшелінеді

-оқушы зерек;

-бойында шығармашылық қабілеті бар;

- өз ойын еркін жеткізе біледі;

есте сақтау қабілеті жоғары; 

Енді осы тұста баланың шығармашылық жолға бағыттауы туралы пікірімді білдірсем. Шығармашылық барлық адамда болуға тиісті сапа. Алайда, біздің өмірімізде әр адамның жаңалық ашуы сирек кездесетін жағдай. Неге? Американдық ғалым Н.Роджерстің әр адам бала кезінен бастап «Сен мынаны дұрыс жасамадың!», «Бұл қате!», «Олай емес!»деген сынау сөздерді көп естиді.Кейде тіпті жаза да қолданып жатады. Адамдардың өз бойындағы, «ол менің ісім емес» деген сенімсіздік осыдан басталады екен. Осы пікір саналы адамның баршасына ой саларлықтай.

Шығармашылық - тұлғаны дамытудың ең тиімді тәсілі. Күнде өзгеріп отырған аласапыран өмірде аман қалу, биіктерге беттеу, нәтижелерге жету тек қана шығармашыл адамдардың қолынан келеді және бұл мәселені неғұрлым ерте қолға алса, соғұрлым нәтижелі болатын дығы ғылымда дәлелденген.  

       Дарынды балаларды таңдап және шығармашылық жолға бағыттау жолына келер болсақ .Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс — әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс — әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет, білігін ұштай түседі.

Шығармашылық сабақтардың оқушылар үшін мынадай маңызды жақтары бар:
-оқушының танымдық іздемпаздығы қалыптасады;
-сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді;
-шығармашылық ой — өрісі артады;
-кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдарымен жұмыс істеу біліктерін қалыптастырады;
-ұжымдық ой — пікірлері жетіледі, топ мүшелерінің пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді;
-мұғаліммен оқушылардың қарым — қатынасы ынтымақтастықта болып, сенімділіктері артады;
-оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді;
-білімін жүйелі түрде толықтыруға үйренеді;
-өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға үйренеді;
-тұжырым жасап қорытындылауға үйренеді;

-оқу міндеттерін тиімді шешу мүмкіндігін таниды;

-дүниетанымы кеңейіп, рухани дамиды;

-дарынды тұлға ретінде “мен” деген пікірі қалыптасады;

-бәсекелестік қабілеттері дамиды;

-мұғалімге тәуелділіктен арылып, шығармашылық жұмыстарға белсене араласуға үйренеді.

Ойымды саралай келе,қортындым педагог К.Д. Ушинский сөзімен байланыстырар болсам, ол былай деген: “Біз жан-жақты жеке тұлға тәрбиелегіміз келсе, ол тұлғаны жан-жақты зерттеп білуіміз керек”. Осы ой бүгінгі таңда мұғалім әрекетінің тұжырымдамасы іспеттес. Соған байланысты оқушының Дарынды балаларды таңдай білу және шығармашылық жолға бағыттаудың мәні зор.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18.05.2023
342
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі