"ДАРЫНДЫ БАЛАНЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"ДАРЫНДЫ БАЛАНЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ"

Материал туралы қысқаша түсінік
ДАРЫНДЫ БАЛАНЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ мақсатында оқушымен жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

ДАРЫНДЫ БАЛАНЫН

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ


1. Елестетуін белсендіруге арналған «Өнертапқыш» ойыны.

Педагогтың мақсаты: балалардың шығармашылық ойлауын, қиялын дамыту.

Балалардың мақсаты: бірнеше қызмет атқаратын әр түрлі заттарды ойлап табуға үйрену.

Материалдар: бір зат бейнеленген суреттер: балға, шеге, суырғыш, киім ілгіш, ара, пышак,, шанышқы, қайшы, бұрағыш, орындық және т.б.; сурет салуға арналған парақтар, түрлі-түсті қарындаштар.

Педагогтың баламен қарым-қатынасы: тәрбиеші екі заттың суретін көрсетеді, мысалы киім ілгіш пен ара бейнеленген сурет, содан кейін тағы да қандай да бір затты ойлап табуды ұсынады. Тәрбиеші алдымен жаңа құралдын суретін салуды ұсынады. Содан кейін бәрі бірге талкылап, суретті толықтырады. Кейін жүп заттар ұсынылады: қайшы-бұрауыш, сөре-орындық, шанышкы-пышак, және т.б.

Қалыптасатын когнитивті процестер: түсіну, тану, қиял, талдау, жинақтау, бағалау.

2. Сөз шығармашылығын қолдануға арналған «Кім не болады» ойыны.

Педагогтың мақсаты: балалардың диалектикалық ойлауын дамыту.

Балалардың мақсаты: заттар мен көріністердің қалай өзгеретіндігі туралы тәрбиешіге жауап беруді үйренеді.

Педагогтың баламен қарым-қатынасы: тәрбиеші балаларға заттар мен көріністердің атауын ұсынады, ал балалар заттар мен көріністердің атауын ұсынады, ал балалар жұмыртқадан, емен жаңғағынан, уылдырыктан, ұннан, ағаш тақтадан, темірден, пыштан, матадан және т.б. не пайда болатындығын, оның қалай өзгеретіндігін айтуы керек. Жауаптардың түрлі нұскасы болатындығына зейін кою керек. Мысалы: жұмыртқадан құс, қолтырауын, тасбақа, жылан т.б. пайда болуы мүмкін.

Қалыптасатын когнитивті процестер: тану, елестету, талдау, жинақтау, тапқырлық, зеректік бағалау.

3. Заттың сызбалық бейнеленуін қолдану үшін «Ертегі құрастырамыз».

Педагогтың мақсаты: баланың елестетуі мен киялын дамыту.

Балалардың мақсаты: дөңгелектерді ертегі кейіпкері деп елестетіп ертегі ойлап табу.

Материалдар: әр балаға түстері әртүрлі екі дөңгелек: бірінде сары және кызыл, екіншісінде —ақ және көк және т.б.

Педагогтың баламен қарым-қатынасы: Тәрбиеші балаларға ертегі ойлап құрастыруды ұсынады. Алдымен олардың ертегілерінде дөңгелек кай кейіпкер болатындығын анықтап алу керек. Дөңгелектер әртүрлі, сондыктан кейіпкерлер әртүрлі болуы ке­рек. Балалардың дөнгелектерінің түстерін ауыстыру арқылы ойынды бірнеше рет өткізуге болады.

Қалыптасатын когнитивті процестер: саналык, елестету, талдау, жинактау, бағалау.

4. Музыка мен өнертапқыштық әрекетінің аралас тәсілдіріне арналған «Жыл мезгілі» ойыны.

Балаларға жазылған әуенді тыңдатамыз, П.И.Чайковскийдың «Жыл мезгілдері» шығармасын (басқа да оркестрмен ойналатын әуендерді) пайдалануға болады. Осы әуенмен балалар қимыл-қозғалыс жасап өздеріне ыңғайлы қалыпта (кілемде отырып, орындықта отырып және т.б.) суретті салуды бастайды.

Ең бастысы әуеннің сипатын түстер арқылы жүйелілікпен жеткізу. Әуенді қандай түстермен жеткізетіндігіне көңіл бөлу керек. Қандай түстерді пайдаланатындығына көңіл қою, жылы түстер ме, әлде суық түстерді қолдана ма және не үшін?

Қалыnmacamын когнитивті процестер: елестету, қиял, эмоциялык, көрсету, тану, қолдану өздігімен жұмыс жасау, бағалау.

5. Табиғи материалдарды қолдануға арналған «Құрғақ жапырақтар композициясы».

Педагогтың мақсаты: баланың елестетуі мен қиялын дамыту, жаңа үлгі құру.

Балалардың мақсаты: жапырақтарды әшекейлеп панно жасауды үйрену.

Материалдар: жасыл, сары, қызыл кептірілген жапырақтар, қapa парақ, желім.

Педагогтың баламен қарым-қатынасы: Тәрбиеші жапырақтардың түсуі туралы әнді тындатады немесе өздері айтады. Сосын сұрайды: «Күз әдемі болады ма? Неге? Қалай ойлайсындар, ағаштардан жапырақтардың түсуі жақсы ма, әлде жаман ба? Күздің сүлулығы бізбен ұзак, уақыт қалуы үшін не істеуге болады?»

Балалар: «Жапырақтарды жинап кептіру». Құрғақ жапырақтардан әдемі панно кілем жасауға болады. Жапырактардың, өзі де сән беріп тұрады: оны қатты қағазға жинатып бөлмеге панно жасауға болады.

Қалыптасатын когнитивті процестер: тану, түсіну, шығармашылық елестету, қиял, өзіндік жұмыс, талдау, бағалау.

Қорытындылай келгенде, дарынды балалармен жұмыс мазмұны адам ресурстарын дұрыс пайдалану, елдің, интеллектуалдың күшін арттыруға қосқан мол үлес болары анық.

Дарынды бала — бұл болашақта жаңа технологияларды шығарушы, әділ саясаткер, сенімді дәрігер, шебер музыкант, қайталанбас суретші, бұл еркіндікті сүйетін, жауапты, рухы биік адам, бұл ұлттық құндылық.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
02.06.2018
514
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі