Материалдар / Дарынды оқушылар қабілетінің дамыуын психолог қызметі арқылы анықтау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дарынды оқушылар қабілетінің дамыуын психолог қызметі арқылы анықтау

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ тақырыбы: Қазақстан сәулет өнерінің көне ескерткіштері. Шет ел сәулет өнерінің көне ескерткіштері. 6 сынып Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Қазақстан мен шет ел жеріндегі сәулет өнерінде маңызды орын алатын белгілі ғимараттар мен кесенелер жайлы мәліметтер беру, жобалық суреттер салдыру. ә) Дамытушылық: Озық тапсырмалармен қатар сабақтың барысын кеңейту, жаңа ақпараттық технологияларды пйадалана отырып, жұмыс жасау, ойлау қабілеттерін арттыру, дамыту. б) Тәрбиелілік: Адамгершілік қасиетке баулу, ұқыптылыққа, тазалыққа жетелеуді оқушыларға жете түсіндіру. Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, сәулет өнері шығармалары бей
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2019
3910
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ тақырыбы: Қазақстан сәулет өнерінің көне ескерткіштері. Шет ел сәулет өнерінің көне ескерткіштері. 6 сынып Сабақтың мақсаты: а) Білімділік:   Қазақстан мен шет ел жеріндегі сәулет өнерінде  маңызды орын алатын белгілі ғимараттар мен кесенелер жайлы мәліметтер беру, жобалық суреттер салдыру. ә) Дамытушылық: Озық тапсырмалармен қатар сабақтың барысын кеңейту, жаңа ақпараттық технологияларды пйадалана отырып, жұмыс жасау, ойлау қабілеттерін арттыру, дамыту. б) Тәрбиелілік:  Адамгершілік қасиетке баулу, ұқыптылыққа, тазалыққа жетелеуді оқушыларға жете түсіндіру. Сабақтың көрнекілігі:  Дидактикалық материалдар, сәулет өнері шығармалары бейнеленген фотосуреттер, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа. Сабақтың өту барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2.Үйге берілген тапсырманы тексеру. 3.Жаңа тақырыпты түсіндіру. 4.Тапсырмаларды орындау. 5.Сабақты бекіту. 6.Үйге тапсырма. Сабақтың барысы: Ұшы-қиыры жоқ Ұлы далада сұлулықты, табиғатпен тамаша үйлесімділікті бойына сіңірген дала адамы мәдениет пен өнердің тамаша үлгілерін де жасады. Бұған Айша бибі, Қожа Ахмет Йасауи, Арыстан баб кесенелері сияқты көне дәуір мұралары дәлел бола алады. Өткен сыныптарда сендер бейнелеу өнері сабақтарында орта ғасырлардағы Қазақстанның сәулет өнері ескерткіштері - Айша бибі, Бабаджа қатын, Қарахан, Қожа Ахмет Йасауи кесенелерімен танысқандықтан, енді Арыстан баб мешіт-кесенесіне нақтырақ тоқталамыз. Ортағасырлық әйгілі сәулет өнері ескерткіші - Арыстан баб кесенесі көне Отырар жеріне жақын орналасқан. Аңыз бойынша Арыстан баб Қожа Ахмет Йасауидің алғашқы ұстазы болған. Кесене қабірінің басына салынған. Кесене бірнеше рет бүліншілікке ұшырап, XX ғасырдың басында соңғы жөндеуден өтті. Ол күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Оның тік бұрышты формасы және күмбезді төбесі бір-бірімен жарасымдылықта әсем көрінеді. Намаз оқитын залы, кітапханасы және күзетші бөлмесі мен қажылар тұратын үйлері бар. Алдыңғы бөлмеде Арыстан бабтың үш шәкірті, ал ішкі бөлмеде өзінің сағанасы жатыр. Үйдің көрнекті фасады оңтүстікке қаратылып, симметриялы композиция құрған. Арыстан баб кесенесінің сәулеттік жобаларын ойлап табуда берілген жаңа түр - оның композициясының фронталды болуы - оның порталына сәулетті өң кіргізіп түрады. Қазақстанның түкпір-түкпірінде сақталған ескі тұрғын үйлер арқылы халқымыздың өткендегі өмірін, өнері мен мәдениетін зерттеп білуге болады. Сәулет өнері ескерткіштеріндегі өрнектер. Қазақстанның көптеген сәулет ескерткіштері ою-өрнектермен безендірілген. Баба ата, Алаша хан, Бабаджа қатын, Қарахан, Айша бибі және Қожа Ахмет Йасауи кесенелеріндегі өрнектер - сәулет өнеріндегі шеберліктің тамаша үлгісі. Бабаджа қатын мен Қарахан кесенелерінің кіреберісі ғана кірпішті өрнектермен көмкерілген. Айша бибі кесенесі терракоталық қаптауышпен тұтас көмкеріліп, әр алуан геометриялық және өсімдік тәрізді өрнектермен безендірілген. Алаша хан кесенесі де өзіндік көркем сәулет элементтерімен ерекшеленеді. Берік текшелері өрнекті плиталармен қапталған жолақтармен жиектелген. Кіреберіс қабырғаларының орталық бөлігі геометриялық және өсімдік тәрізді өрнектермен әшекейленген; артқы және бүйір қабырғалары геометриялық өрнектермен, ромб тәрізді фигуралармен қапталған. Сәулет өнеріндегі әйгілі ескерткіштердің бірі - Қожа Ахмет Йасауи кесенесінде ағаш, сүйек оймыштау, тас пен металды көркем өңдеу тәсілдері қолданылған. Аркасы, терезе мен есіктері өсімдік тәрізді өрнектермен сәнделген. Қабір күмбезі де әсем безендірілген. «Әлемнің жеті кереметі». Ежелгі заманда даңқы жер жарған ғажап құрылыстар мен мүсіндер осылай аталып келеді. Адам баласының ақылы мен қолынан туған осынау тамаша ескерткіштердің, өкінішке қарай, біздің заманымызға тек біреуі ғана жеткен. Ол - пирамидалар, яғни ежелгі Египет патшалары - перғауындардың (фараондардың) тастан қаланған сағаналары (табытханалары). Египеттің астанасы Каирден оңтүстікке қарай қатарласа шөгіп жатқан ақшаңқан және сарғылт таулар көрінеді. Бұл төбесі сүйірленіп келген жасанды таулар, яғни пирамидалар. Ең үлкені Хеопс перғауынның пирамидасы, оның биіктігі 147 м, бұдан 5000 жылдай бұрын салынған. Хефрен пирамидасы бұдан 2 метрдей аласа. Бұл перғауынға таудай мазар жеткіліксіз болып көрінгенде, ол пирамиданы үлкен жартастан қашап жасалған тас мүсінге күзеттіріп қойыңдар деп жарлық еткен. Оның басы адам бейнесінде, денесі арыстан тұлғалы. Ол Сфинкс деп аталады. Адамдай данышпан, арыстандай айбатты Сфинкс бейнесі жоққа сенгіш ырымшыл жандардың зәресін алған, сондықтан жұрт оны үрей атасы деп кеткен. Әлемнің ендігі бір кереметі - Семирамиданың аспалы бағы, ол ежелгі Шығыстың ең үлкен әрі дәулетті қаласы - Вавилонда болған. Ел аузындағы аңызға қарағанда бұл бақты патшайым Семирамида салдырса керек. Ал шындығында ол біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасырда II Навуходоносор патшаның жарлығы бойынша салынған. Ол өз сарайын алты қабат үйдің биіктігіндей етіп қолдан көтерілген жасанды алаң үстіне салдырады. Сарай алаңына көтерілетін алты тепкішек айнала кірпіштен өрілген аркалар тізбегімен (аркада) көркемделіп, топырақ төселген әр тепкішекке жайқалған бақ орнатылған. Толып жатқан қауға байлаған орасан зор шығырды күні-түні айналдырып, аспалы баққа Евфрат өзенінен су шығарған.



Кіші Азияның Эфес қаласындағы гректің әйел пірі Артемиданың ғибадатханасы әлемнің үшінші кереметі деп есептелген. Ол кілең мәрмәр тастан жасалған. 120 жыл бойы салынып, жаңа заманға дейінгі 500 жыл шамасында аяқталған. Ғибадатхана көз тартарлықтай әдемі, ішінде бағалы заттар мол болған. Сондықтан атағы жер жүзіне жайылып кетеді. Біздің заманымыздан бұрынғы 356 жылы Герострат деген біреу атын шығармақ болып, ғибадатхананы өртейді. Ақыры оның есімі ақылға сыймайтын тағылығымен мәңгілікке ел аузында қалады Грекияның оңтүстігінде олимпиадалық ойындар орталығы - Олимпиядағы ғибадатханада ежелгі гректердің сиынатын құдайларының бірі Зевстің мүсін бейнесі болған. Олимпия Зевсінің бұл мүсінін бұдан 2000 жылдай бұрын, біздің заманымызға дейінгі V ғасырда ұлы мүсінші Фидий жасаған. Бұл - төртінші керемет. Биіктігі 14 м Зевс мүсіні піл сүйегі, қара емен, асыл тастармен әшекейленген алтын таққа отырғызылған. Басында осынау құдіретті тәңірдің рақымшылдығын білдіретін зәйтүн ағашының өрілген бұтағына ұқсас алтын шеңбері болған. Мүсіннің басы, иығы, екі қолы, кеудесі піл сүйегінен ойып жасалған. Зевстің (мүсіні піл сүйегі) сол жақ иығына жамылған шекпені, шашы мен сақалы алтыннан құйылған. Фидий Зевске адамға тән кескін-келбет берген. Оның бет бейнесінен сұстылықпен қатар мейірімділік те аңғарылатын болған. Мүсін енді болмаса жымия езу тартып, орнынан кең кеудесін кере түрегелетіндей әсер тудырған. Кіші Азияда Карий патшалығы деп аталатын шағын мемлекеттің астанасы Галикарнаста (қазіргі Түркияның Бодрум қаласы) бесінші керемет болған. Бұл - Мавсол патшаның мавзолейі. Оны біздің заманымыздан бұрынғы IV ғасырдың орта шенінде патшаның жесірі - патшайым Артемисия салдырған. Мавзолейдің ақ мәрмәр тастан бедерлі белдеу тартылған тұғырына мәрмәр бағаналар тізбегімен нақышталған негізгі қабырға орнатылған. Оның төбесі сүйірленіп келген. Мәрмәрдан пирамида іспетті жасалған кесене төбесінің ұшар басында төрт арғымақ жегілген екі доңғалақты күймеге мінген Мавсол мен Артемисияның мәрмәр мүсіндері болған (Мавсол мен Артемисияның мүсіндері, сол сияқты мавзолейдің басқа да әшекейлері осы күнде Лондондағы Британ мұражайында сақтаулы).  Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырда Родос аралында сол кезеңдегі ең биік мүсін ескерткіш - Родос алыбы тұрғызылды. Теңіз бен қала қақпасының аралығындағы сауда алаңында биіктігі 36 м жас жігіттің қола мүсіні орнатылған. Осынау алып жас жігіт екі аяғын алшайта керіп, қалаға жау жолатпас қаһарлы сақшыдай алысқа көз тігіп тұрған. Басында күн шапағын бейнелеген тәжі болған. Арал тұрғындары күн тәңірі Гелиосты өздерінің қамқоршысы деп білген, сондықтан да мүсін басына тәж кигізген. Бәрің білетін «фара» (үлкен шам) атауы әлемнің жетінші кереметі. Ніл өзенінің сағасындағы Фарос аралында, Александрия қаласының қасында, жаңа заманнан бұрынғы 280 жыл шамасында ежелгі дүниенің үлкен шамшырағы (маяк) орнатылған. Бұл үш қабат мұнараның биіктігі 135 м болған. Оның үстінде жан-жағы ашық, тас күркеде лапылдап от жанып тұрған, ол кемелерге жол көрсеткен.Алайда уақыт пен сұрапыл апаттар, адамның қатыгездігі бұл ғажайып құрылыстарды сақтап қала алмады. Семирамиданың аспалы бақтары Евфрат өзенінің тасуынан бұзылған. Артемида ғибадатханасы бір рет қалпына келтіріліп, қайта қираған. Зевс мүсіні өртеніп кеткен. XV ғасырда крест жорықшылары мавзолейді бұзып, қамал салған. Алып мүсін қатты жер сілкіну болған кезде құлап қалған. Александрия маягының тағдыры да осылай аяқталған. Тек қана бізге келіп жеткен пирамидалар болды. Осынау алып таулардан замана, дәуір қаймығады деп тегін айтылмаса керек.

    Әлемнің өзге де кереметтері. Әлем кереметтерінің алғашқы тізімі б.з.д. II ғасырда, ал екіншісі жақында ғана - 2007 жылдың 7 шілдесінде жасалды. Оған енгендер:

  1. Мачу-Пикчу инктер қаласы, Перу.

  2. Чичен-Ица ацтектер қаласы, Мексика.

  3. Рио-де-Жанейродағы Христостың мүсіні, Бразилия.

  4. Рим Колизейі, Италия.

  5. Петр тасты қаласы, Иордания.

  6. Аградағы Тәж-Махал кесенесі, Үндістан.

  7. Ұлы Қытай қақпасы.

    Мына суретте ең үлкен масштабтағы сәулетті ғимараттардың бірі, аса зор амфитеатр - ежелгі Римнің архитектуралық ескерткіші болып табылатын Колизей бейнеленген. Колизей - біріншіден, мерекелік, екіншіден, аксүйектер мен қарапайым халық үшін пайдаланылатын орын. Ортадағы арена эллипс түрінде жасалған. Бұл айнала шеңберге қарағанда көрермен халайықтың дыбысты біркелкі естуіне мүмкіндік береді. Колизей амфитеатры мерекеге жиналған үлкен қауымға арналып алып тастан жасалған ара ұясының сәулеттік көркем бейнесін көз алдыңа елестетеді. Оның кіру және шығу есіктері көрерменді жылдам өткізіп жіберуге мүмкіндіктер береді. Колизей амфитеатрына елу мың көрермен сыятын болған. «Әлем кереметтері» мұнымен тоқтамайды. Олар: Кельн соборы, Эйфель мұнарасы, Василий Блаженный соборы, Парфенон храмы, Пиза мұнарасы, Қожа Ахмет Йасауи кесенесі және т.б. Мысалы, Парфенон храмы Афины қаласының жебеушісі - әйел құдай Афина Парфеностың құрметіне тұрғызылған. Ол осы күнге дейін антиктік Грекияның ұлылық символы мен мақтанышы болып отыр. Ал атақты Пиза мұнарасы - Пиза қаласындағы (Италия) қоңыраулы собор. Құрылымдық ақауына байланысты мұнара қисайып тұр. Ол дүние жүзіне «құлағалы тұрған мұнара» атағымен белгілі. Үйге тапсырма беру: Қазақстанның ежелгі сәулет ескерткіштері мен шет ел сәулет ескерткіштері бар суреттерді газет-журналдардан қиып, жина.



























Сабақ тақырыбы: «Сәулет өнері»
Сабақ мақсаты: Бейнелеу өнерінің күрделі саласының бірі - Сәулет өнері. Осы өнер бағытын тануда оқушыны дәстүрлі өнерге айналған жанрды танып білуге үйрету.
Сәулет өнерін танып білуде оқушы білімін жан - жақты арттыру.
Сурет салу жұмысы барысында оқушыны таза жұмыс орындау қабілетін дамыту.
Сабақ түрі: Жаңа тақырып
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, суреттер көрсету арқылы сипаттап түсіндіру, интерактивті тақта.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу
Құрал - жабдық тексеру
Үй жұмысын тексеру
Жаңа сабақ
Сәулет өнері «архитектура» деп те аталады. Ол латын және грек тілінде «бас құрылысшы» деген мағынаны береді. Біздің түсінігімізде сәулет өнері (архитектура) күнделікті адамдар өмірі үшін салынған ғимараттар. мысалы: тұрғын үйлер, қоғамдық және тұрмысқа қажетті құрылыстар, мемориалдық ескерткіштер.
Сәулет өнері төмендегідей типтерге бөлінеді.
Тұрмыстық - қалалық және ауылдық үйлер, сарайлар;
Кәсіби - фабрика, зауыт құрылыстары, электр торабы орталықтары, гидротехникалар, теңіз порты, вокзал, метро және т. б.
Шаруашылық - қоймалар, гораж, автотұрақтар.
Қоғамдық - оқу - ағарту, білім үйлері, театр, мәдени демалыс үйлері, мұражайлар, көрме залдары, стадион, мемориалдық ескерткіштер және т. б.
Сәулет өнері кеңістік мәселесін шеше отырып қоршаған ортаны эстетикалық жағынан да меңгертеді. Сәулеттік бейнедегі көркемдік ғимараттар өз функциясынан алыстамайды, ол ғимараттың кімге арналып салынғанын көрсетеді.
Мысал ретінде «Әлемнің жеті кереметін» алатын болсақ сәулет өнерінің ғажаптығын көрсетеді. Ежелгі заманда даңқы жер жарған ғажап құрылыстар мен мүсіндер осылай аталып келеді.
Әлемнің 1 - ші кереметі деп Египетте Каир қаласында орналасқан ең үлкен үш пирамида Хеопс, Хефрена, Микенна пирамидаларын айтады. Бұл кәзіргі таңға жетіп отырған жеті кереметтің бірі.
2 - ші керемет ол Семирамиданың аспалы бағы; ежелгі шығыстың ең үлкен, әрі дәулетті қаласы вавилонда болған деседі. Бұл сол замандағы патша Навуходоносор патшаның сүйікті әйелі не арнап салдырғаны болатын, биіктігі 6 - қабат үйдің биіктігіндей болған.
3 - ші кереметкіші Азиядағы Эфес қаласында орналасқан әйел пірі грек Артемида ның ғибадатқанасын айтады.
4 - ші кереметі деп Грецияның оңтүстігінде олимпиялық ойындар орталығы - Олимпиядағы ғибадатханада ежелгі гректің сыйынатын құдайларының бірі Зевстің үлкен мүсіні болған.
5 - ші Кіші Азияда Карий патшалығы деп аталатын шағын мемлекеттің астанасы Галикарнаста (казіргі Түркияның Бодрум қаласы) бесінші керемет Мавсол патшаның мавзолейі болған.
6 - шы Родос алыбы деп аталады. Бұл әлемдегі ең үлкен мүсін болған, биіктігі 36 метр биік, қоладан жасалған жас жігіт мүсіні.
7 - ші кереметі деп Александрия маягі (түнгі бағдаршам), бұл Ніл өзенінің сағасындағы Фарос аралында, Александрия қаласында орналасқан.
«Әлемнің жеті кереметі» деп есептелетін мүсіндер мен құрылыстар, пирамидалардан басқасы құрып біткені мен, олардың атағы ғасырлар бойы өмір сүреді. әсем әдемілігімен жұрттың бәрін таңқалдырған, адам баласының қолынан шыққан небір тамаша туындыларды дүниенің сегізінші кереметі деп мадақтау - ежелден қалыптасқан ұғым. Әр елде салынған түрлі сәулет ғимаратын немесе т. б. заттарын сегізінші кереметке теңейді.
Ал біздіңі елде сол сегізінші кереметке теңейтін бір ғимарат бар, ол Қожа Ахмет Иассауи кесенесі Түркістан қаласында орналасқан. Оны ұлы ғұлама, екінші Аристотель деп атайтын – Қожа Ахмет Иассауйге арнап, сол бір заманда Ақсақ Темір салдырған екен.
Практикалық жұмыс: Тақта бетіне плакатқа салынып ілінген Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің суретін түрлі - түсті бояумен салу.
Бекіту: 1 - қандай сәулет өнерінің түрлерін білесіңдер?
2 - Әлемнің жеті кереметі дегеніміз не?
3 - Қожа Ахмет Иассауи кесенесін салғызған кім және қайда орналасқан?
Бағалау: Аяқталған жұмыстарды тексеріп бағалау
Қорытынды: Үйге тапсырма; ескі мавзолей кесенелер суретін тауып салып келу.

























Сабақтың тақырыбы:

Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары.

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

СЫНЫП: 5


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

5.2.5.1-Өсімдік шаруашылығы мен жеміс-көкөніс түрлерінің негізгі бағыттарын зерделеу және сипаттау.

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут


Сәлемдесу.

Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отрады.



Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл гүлім-ай» би

Сынып реттілігін қадағалау.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

1-топ:

«Бақыт» вагоны

2-топ:

«Сүйіспеншілік» вагоны

3-топ:

«Жарқын өмір» вагоны

«Қызыл гүлім-ай» би билету.

Жаңа білім

10 минут





Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары.

«Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)






Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут




Қолдану

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.

Түсіндіру.

Топтық, жеке жұмыс жүргізу.

Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары.

Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер,

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу


Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Ой қорытыу

БББ кестесі

Білгенім

Білдім

Білгім келеді









Таақырып бойынша түйген білімдерін жазады.

Бағалау


5 минут






Кері байланыс

3 минут

«Білім қоржыны» кері байланыс

Picture 5


Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.

Үйге тапсырма: Жұмысты аяқтау.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!