Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Дарынды оқушылармен жұмыс жүйесі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
“Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Көктал орта мектебі” ММ
Дарынды балалармен жұмыс:
жоғары санатты тарих пәні мұғалімі Ислямова Н. М тәжірибесінен
2015-2016 оқу жылы.
1.Дарынды балалармен жұмыс:
жоғары санатты тарих пәні мұғалімі
Ислямова Н. М тәжірибесінен:
шығармашылық есеп ……….…………………………………………………3
2. 9 сынып оқушыларына арналған дидактикалық
материал………………………………………………………………………….11
Дарынды балалармен жұмыс. Жоғары санатты тарих пәні мұғалімі Ислямова Н. М тәжірибесінен.
Кез келген қоғам дарынды адамдарды қажет етеді, демек қоғамның міндеті барлық өкілдерінің қабілеттерін анықтап дамытуға жағдай жасап беру. Өкінішке орай кез келген адам өз қабілеттерін жүзеге асыра алмайды. Осы жағдайда көп нәрсе мектеппен отбасына байланысты болады. Отбасынының міндеті баласының уақытылы қабілеттерін көру, мектептің міндеті – сол балаға қолдау жасап, қабілеттерін дамыта отырып сол қабілеттерінің жүзеге асыруына мүмкіндік беру.
Бастауыш сыныптың өзінде мектеп оқулығымен ғана жұмыс жасауды қанағат тұтпайтын оқушыларды кездестіруге болады олар қосымша арнайы әдебиеттерді, сөздіктерді оқып, әртүрлі салада білімдерін жетілдіреді. Сондықтан осындай балаларды мектепте анықтау маңызды, өйткені сол балаларды ғылым жолына шығаруға, сөйтіп толық қабілеттерін ашуға көмектесуге болады.
Замануи мектептің оқу үрдісіндегі дәстүрлі әдіс - тәсілдерді қолдануда белгілі қайшылықтар пайда болды: қалыптасқан оқу – тәрбие үрдісінің мазмұны, әдістері мен формалары мен өзінің қабілеттерін дамытуға талпынған дарынды оқушылардың арасындағы қайшылық (әсіресе жоғары сынып оқушылар арасында). Демек, таңдалған тақырыптың өзектелігі тәжірибе талаптары мұқтаждығымен белгіленеді себебі, мектеп өздігінен жаңа білім алатын және оны жие өзгеріп тұратын заманда қолдана және бейімделе білетін тұлғаларды ұшыру керек.
Мақсаты: тарих және қоғамтану пәндерін оқытқанда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.
Өз жұмысымда мен П. Я. Гальпериннің ой қимылының кезең кезең қалыптасу концепциясын Л. С. Выготскийдің “баланың жақын интеллектуалды даму ” теориясын, Л. В. Занковтың “дамытушылық оқыту теориясының” қағидаларын, психологиялық ғылымдарынының докторы И. С. Якиманскийдің жеке тұлғаға бағытталған оқыту идеяларын. Сондай – ақ Н. К. Винокуровтың, В. А. Онищук, Ю. К. Бабанскийдің негізгі идеяларын өз тәжірибемде пайдаланамын. Аталған авторлар оқытудың негізгісі – ол тұлғаның және оның шығармашылық потенциалының мақсатты интенсивті дамуы деп санайды.
Жұмыстың жаңалығы: тарих және қоғамтану сабақтарында дарынды оқушылардың креативті қабілеттерінің дамуына жүйе жасау, алған білімдерін, тәжірибелерін гуманитарлық пәндерге құю.
Жүйелілік - дарынды балалармен
жұмыс жасау барысында нақты құрастырылған құрылымда
көрінеді. Ол әдістер мен құрылымы бар сабақтарда оқушының
дарындылығын дамытуға сондай- ақ сабақтан тыс сабақтарда
оқушылардың білімдерін, білік, дағдыларын тереңдету үшін
қолданылады. .
Тәжірибе технологиясы
Сабақтар жүйесі.
-
Жеке қолдау (деңгейлік дифференциация) маңыздылығын анықтау
-
Дарынды балаларды анықтау мақсатында оқушыларды диагностикалау
-
Дарынды балалармен жұмыс
-
Сабақтан тыс жұмыстар
-
Дамытушылық бағыттағы тапсырмалар
-
Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар
-
Өздігінен тапсырмалар орындауға арналған тапсырмалар
-
Факультативтік курстар
-
Жеке кеңестер
Дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жас ерекшеліктерін ескере отыра жүргізіледі де бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады: 1 кезең: 5-8 сынып оқушылары Негізгі мақсаты: Интеллектуаллды, оқу - информациялық және арнайы білік пен дағдыларды қалыптастыру. Оқыту сабақ, факультативтік курстар, шығармашылық сайыстар және сыныптан тыс сабақтар арқылы жүргізіледі (шығармалар сайысы, олимпиадалар,викториналар т. б ) |
|
|
|
|
2 кезең: 9 сынып оқушылары Бұл кезең өте маңызды. Жас ерекшеліктерінің психологиясының көрсеткіштеріне сәйкес, 13-14 жастағы оқушылардың бойында нақты – образдық ойлаудан абстракты- логикалық ойлауға ауысады. |
|
Негізгі мақсаты:Интеллектуаллды және шығармашылық аяларын дамыту. Сабақ және сабақтан тыс үрдісінде жоғары нәтиже көрсететін оқушылар арасынан дарынды балаларды анықтау. Бұл кезеңде аса үлкен рөл реферат жазу болып табылады, себебі реферат жазу оқушыларды ғылыми – зерттеу жұмыс жасауға бағыттап оқушыны өздігінен жұмыс жасауға бейімдейді.
.
3 кезең: 10-11 сынып оқушылары
Негізгі мақсаты: дарынды оқушыларды кәсіби жағынан өзін тануға итермелеу.Сабақтың түрлері: сабақтың белссенді формалары(семинарлар, тақырыптық сынақтар, ұжымдық рефераттарды қорғау, лекция – дискуссия, лекция кеңестер,жеке, топтық жұмыстар, шығармашылық, ғылыми- зерттеу жұмыстары т. б)
Дарынды балалармен жұмыс жасау барысында келесі әдістемелік тәсілдер мен түрлі формалар қолданамын:
-
Түсініктермен жұмыс. Бұл жұмыс түрі өте маңызды, себебі түсінік- логикалық ойдың көрінісі, жалпылаудың жоғары деңгейі болып табылады. Оқушылардың ой – санасын дамыту үшін арнайы тапсырмаларды пайдалану жөн.
“Логикалық байланыс” тапсырмасы. Оқушыға өзара байланысқан пікір мен қорытынды тексті береді. Ой қорыту жартылай қисынды, ал бірқатар жағдайда жалған болады. Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс анықталу қажет.
“Жалпы түсініктерді анықтау” тапсырмасы. Оның әдістемесі 5 сөзден құралған логикалық жағынан белгілі бір жалпылау сөзбен байланысқан ортақ түсініктерді жинақтау, соның ішінен жақын байланысатын 2 сөзді табу керек.
“Түсініктерді алып тастау” тапсырмасы. Оқушыларға 5 сөз оқылады, соның ішінде 4-еуі ортақ түсінікпен байланысқан. Аталған түсінікке қатысы жоқ сөзді табу керек.
“Ортақ және айырмашылығы бар” тапсырмасы. Оқушылар оқиғаларды, түсінктерді,құбылыстарды, персоналарды салыстырады.
.”Қателескен мұғалім” тапсырмасы. Мұғалім тарихи құжаттарды оқығанда, дәлелдемелерде, т.б әдейі қателіктер жібереді. Оқушылар үнемі қателерді жөндеуге дайын болу шарт, осы кезде оқушылар өз пікірлерін дәлелдеме келтіру керек.
“Аналог іздеу” тапсырмасы. Мұғалім белгілі бір оқиға немесе түсінікті айтады, ал оқушылар бұрын оқығандарынан аналогын тауып, жауаптарын дәлелдейді.
Түсініктермен жұмыс ұйымдастыру барысында деңгейлік дифференцияция туралы ұмытпау керек. Мысалы:7 сыныптағы күшті оқушыларына оқулықтағы терминдерден басқа күрделі терминдермен жұмыс жасатады ( мысалы:руаралық идеалдар,авторитарлық,сословиялық құқық т. б).
-Танымдық – дамытушылық сұрақтарын шешу қызметі. Танымдық- дамытушылық сұрақтар оқушыларға зерттеушілер тәрізді қысқа, бірақ қызықты өткенге саяхат жасауға мүмкіндік береді. Мәселені талқылау барысында оқушылар салыстыру, сәйкестендіру, анализдау, өз пікірін дәлелдеу, өзінің және өзгенің қателіктерін табу, қорытынды жасау дағдылары дамыйды.
Мысалы:
Бір күні А. В. Суворов австриялық одақтасы Кабурский ханзадасын 25 мың біріктірілген орыс – австриялық әскерімен 100 мың әскері бар түрік әскеріне шабуыл жасауға әрең көндірді. Ханзада соғыстың сәтті болуына күмәнданып, күнде А. В. Суворовты кезекті жиынға шақыра береді.Осындай шақырудан Суворов әбден жалықты. Шайқас қарсаңындағы 1- ші күні хандазадан келген
адамға”Суворов кешкі тамақтандыруда” деп жауап беріледі, екінші күні “құдайға құлшылық етуде” делінді. Ал үшінші рет қандай жауап қайтарылды? (“Суворов ұйықтап жатыр” деп жауап берілді, шын мәнінде Суворов ұйықтап жатқан емес, ол ағаштан түрік лагерін бақылап тұрған екен )
Ортағасырлық иллюстрациялық миниатюраларында жеке түсініктер белгілі символами белгіленеді. Дәл солай Киев Русінде шеберлер жасаған. Мысалы: бір мұнараның бейнесі- бір қала халқын, бір сарбаз- бір әскер бейнеленген т.б. Қалай ойлайсыңдар, қандай белгі арқылы мемлекетті көрсеткен?(кіняздің бейнесі мемлекетті білдірген). Бұл В. В. Сухова, А. Ю. Морозова, Э. Н. Абдулаевалардың дамытушылық технологияларының элементтерін қолдану болып табылады.
-
Тесттілеу. Алдымызда отырған кім екенін анықтайтын тесттерді пайдаланамын- феноменалды еске сақтау қабілетіне ие оқушы ма, әлде үлкен интеллектуалды мүмкіндігі бар, күрделі мәселелерді шеше білетін, шығармашылық және тапқырлыққа ие оқушы ма екенін анықтайтын тесттерді қолданамын. Осындай тесттер методикасын педагогика және дидактика саласындағы маман В. П. Беспалько құрастырған. Осы методикаға сәйкес ұсынылған сұрақтар мен тапсырмалар күрделігі жоғары 5 деңгейден тұрады.
-
Өзіндік жұмыс. Бұл жағдайда оқушылар өз бетімен жұмыс жасауы маңызды: сөз есептерін құрастыру (мысалы, 5 сыныпта “Тарихтағы жыл санау” тақырыбында фактілерді жүйелеу, оқиғаларының себептері мен зардаптарының анықтау), жадынамаларды пайдалана отыра лекция жазу (8-9 сыныптар) Мысалы:
- Лекция тақырыбын және жоспарын жаз
- тезистер құрастыр да, қорытындылар шығар
- жазуларында қиын терминдерді белгіле, мағыналарын түсіндір
- керек даталар көзден тыс қалмасын
- лекция конспектісін оқулықтағы мәліметтермен толықтыр
- лекция алдында мұғалім құрастырған сұрақтарға жауап дайында
Егер лекция оқушылардың мәліметтермен толықтырылса, сыныпқа рецензия беруге ұсынылады. Алдын ала дайындалған көрнекіліктерді пайдалану өте тиімді болады, онда оқушылар керекті жазулар жазады, солай сынып оқушыларының зейінің тек жазбаларына тіремей, оқиғаларының қисының саналы түрде түсінуге итермелейді.
-
Оқушылардың болжамдық біліктілігінің дамуы бойынша жұмыс.
Бұл жағдайда қоғамдық модель құрастыруға бағытталған, тарихи дамуының баламасын түсіне білу үшін топтық және семинарлық сабақтар жүргізген жөн. Мысалы 8 сыныптағы “Бүлік заманы – жіберіп алған мүмкіндіктер заманы” атты тақырыбында оқушыларға тарихи дәлелдердің негізінде әлеуметтік – қоғамдық дамуының заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
-
Практикалық – лабораториялық жұмыстар өткізу. Лабораториялық әдіс оқушылардың жасын және дайындығын, ой дамуын ескере отыра жұмысты жеке ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сондай – ақ жоғары сынып оқушыларының еңбек жемісін көтереді, материалды талқылап, өздігінен қорытынды шығаруға үйретеді, тарихи сананы қалыптастырады.
Дарынды балалармен жұмыс жасауда оқуда жеке даму траекториясы бойынша көтерілуге жағдай жасайтын сыныптан тыс сабақтарының мағызы зор, үйірмелер, факультативтік курстар, пән апталықтары. Олар
оқушыларға жоғары және алдын ала тәртіпте жұмыс жасауға көмектесіп ғана қоймай, оқу үрдісіндегі оқушының орнын анықтайды.
Дарынды балалармен жұмыс жоспарына сәйкес сыныптан тыс уақытта оқушылармен тарихи материалдарды меңгеруде жеке жұмыстар атқарылады, олармен бірге интеллектуалды ойындардың жаңаша түрлерін өткіземін (“Білімділер мен алғырлар”,”Брейнг - ринг”, “Не? Қашан? Қайда?” т. б). Бұл жұмыс келесі ерекшеліктері атап кетуге болады:
-
Ойынға дайындалар кезде оқушылар өздігінен және терең тарихи материалдарды үлкен мөлшерде меңгере алады (басқа жағдайда аталған материалды меңгеруге көп уақыт жібереді )
-
бейресми түрлі жастағы ұжымдар қалыптасады
-
тарихты меңгеруге деген берік және үнемі қызығушылық қалыптасады.
-
Сабақ пен сабақтан тыс қызметінің байланысы нығаяды.
Факультативтік курстарда 10-11 сынып оқушылары өз бетімен, шығармашылықпен жұмыс жасау алгоритмдарымен жан – жақты меңгере алады, даулы сұрақтарды шешуге мүмкіндік алады. Дарынды балалармен жұмыста маңызды рөл тарихи кештерге тиесілі. Бұл жағдайда оқушылар сценарийлер құрастыруға қатысып,көремендерге дайын материалды ұсына алады.
.
Жұмыс жоспары
№ |
Жұмыс түрі |
Оқушы аты - жөні |
Жұмыс мазмұны |
мерзімі |
нәтиже |
1 |
Практикум |
Адуллаев Мирас Даирова Динара Абдухалиева Мариям |
Текстермен, құжаттармен, реферат жазу үшін өздігінен жұмыс жасау үшін түрлі алгоритмдерді меңгеру |
қыркүйек |
|
2 |
Сабақтар |
Абдухалиева Бидагүл Досмаилова Айжан Даурембеков Думан |
Абдуллаев, Суховтің дамытушылық оқыту жүйесі бойынша дидактикалық материалдармен жұмыс жасау |
|
|
3 |
Сабақтар |
Абдуллаев Мирас Абдухалиева Мариям |
Тесттермен жұмыс,жоғары күрделігі бар тапсырмалармен жұмыс |
Жыл бойы |
|
4 |
Жеке кеңестер |
Ермагамбетова Гульмира Абдухалиева Бидагуль |
Өткен жылғы Олимпиадалық тапсырмаларды орындау (аудандық, облыстық, республикалық) |
1 тоқсан бойы |
|
5 |
Жеке кеңестер |
Досмаилова Айжан Абдухалиева Мариям |
Тарих пәні бойынша олимпиадаға дайындық |
Қыркүйек қазан |
|
6 |
Практикум |
Абдуллаев Мирас Ермагамбетова Гульмира |
Кроссвордтар, тесттер, тапсырмаларды құрастыру |
қазан |
|
7 |
мұражайда жұмыс |
Абдухалиева Бидагуль Досмаилова Айжан |
Соғыс ардагерлерінің, құдаланғандар тізіміндерін меңгеру, |
қазан |
|
8 |
құжаттармен жеке жұмыс |
Абдуллаев Мирас АбдухалиеваМариям |
Бар құжаттармен жұмыс. Тапсырмаларды орындау үшін Ғылыми әдебиеттермен жұмыс |
Қыркүйек қазан |
|
9 |
Жеке кеңестер |
Досмаилова Айжан Жусупова Лунара |
Дайындаған материалды талқылау, рецензиялау. |
Қараша желтоқсан |
|
10 |
Әдебиеттермен жеке жұмыс (тарихи көздері) |
Жусупова Лунара Абдуллаев Мирас |
Меңгерліп жатқан кезең бойынша тарихи құжаттарды талқылау |
Қыркүйек желтоқсан |
|
11 |
Ғылыми әдебиеттермен өздігінен жұмыс |
Кажетов Мирас Даурембеков Думан |
Энциклопедиялармен жұмыс |
қаңтар |
|
12 |
Практикалық жұмыстар |
Абдуллаев Мирас Абдухалиева Мариям |
Смирнов тапсырмаларын шешу |
ақпан |
|
13 |
Ғылыми текстермен жұмыс |
Досмаилова Айжан Ермагамбетова Гульмира |
Қазақ халқының этногенегі мәселесін меңгеру |
наурыз |
|
14 |
Ғылыми текстермен жұмыс |
Абдуллаев Мирас Абдухалиева Мариям |
Қазақ хандығының құрылуы туралы тақырыптарды меңгеру |
сәуір |
|
15 |
Практикалық жұмыс |
Досмаилова Айжан Жусупова Лунара |
Тесттілеу “ежелгі заман тарихы” бойынша |
сәуір |
|
16 |
Мәтінмен жұмыс |
Жусупова Лунара Абдуллаев Мирас Абдухалиева мариям |
Бекмаханов Е “19 ғасырдың 20 ж.ж. Қазақстан ” еңбегін меңгеру. |
Мамыр |
|
17 |
Олимпиадалар |
Абдухалиева Мариям |
Мектепшілік олимпиадаға қатысу |
Жоспар бойынша |
|
18 |
Олимпиадалар |
Абдухалиева Мариям |
Аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадаларға және шығармашылық сайыстарға қатысу |
Жоспар бойынша |
|
Тәжірибенің нәтижелілігі.
-
Оқушылар еркін терминологиялармен қолдана алады, өз сөздерімен терминдерді түсіндіре алады, сөйлемдерде терминдерді пайдана алады.
-
Білім стандарттарын проблемалық және қалыпсыз жағдайда қолдана алады.
-
Жұмысты тиімді жасайды,өзін бақылау дағдыларына ие болады
-
Өз бетімен білімдерін жетілдіреді, өз пікірің айта алады
-
Мектеп курсынан тыс пән бойынша қосымша білім алуға құштарлығы өседі.
Дарынды балалармен жүйелі жұмыс жасау нәтижелері
1. Аудандық олимпиадалар нәтижелері
жылы, пәні |
Оқушының аты – жөні, сыныбы |
нәтиже |
2008 жыл Қазақстан тарихы |
Дузенова Айнура – 11 сынып |
2 место |
2009 жыл Қазақстан тарихы |
Құсайнов Ардак- 11 сынып |
3 место |
2010 жыл Қазақстан тарихы |
Мінайдаров Жәнібек– 10 класс |
2 место |
2015 жыл |
Даирова Динара – 11 сынып |
1 место, облыстық олимпиаданың қатысушысы |
2. Оқушылардың ғылыми қауымдастығы |
||
2010ж. – Қазақстан тарихы |
Айтқалиева Жібек – 10 сынып |
Облыстық кезеңнің қатысушысы (НОУ) |
2011ж. – Қазақстан тарихы |
Абдухалиева Сәбина – 10 сынып |
3 орын (НОУ) |
2012ж. – Қазақстан тарихы |
Даирова Динара- 10 сынып |
3 орын , облыстық кезеңнің қатысушысы |
2013ж- Қазақстан тарихы |
Искакова Диана – 11 сынып |
2 место (НОУ), облыстық кезеңінің қатысушысы |
Республикалық олимпиадалар (қашықтық) |
||
2015жыл Құқықтану |
Мулдагазинов Арман- 8 сынып |
Регион бойынша үздік нәтиже |
2015 жыл Қазақстан тарихы |
Даирова Динара- 11 сынып |
1 тур жеңімпазы |
Халықаралық сайыстар |
||
2015 жыл Қазақстан тарихы |
Абдуллаев Мирас- 9 сынып |
Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған оқушылар форумына іріктеу бойынша шақырылған құрметті қатысушысы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|