Материалдар / Дарынды оқушылармен жұмыс жүйесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дарынды оқушылармен жұмыс жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты-олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Дарынды балалармен жұмыс істеу дарындылықты айқындаудан басталады. Ол үшін алдымен бала бойындағы қабілеттілікті, бейімділікті тани білуіміз қажет. Ғылыми зерттеулерде баланың әр кезіндегі қабілеті, белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі жас кезінен белгілі бола бастайтыны дәлелденген. Бейімділік – бұл адамның белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оянып келе жатқан қабілетінің алғашқы белгісі. Ал қабілет – іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті.Қабілет әр адамда әр түрлі деңгейде болады. Іс-әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттің түрін дарындылық деп атайды.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

82 «Дарын» мамандандырылған лицейі

Директордың бастауыш сыныптар бойынша орынбасары

Ерназар Шынар Қаржаубайқызы

Дарынды оқушылармен жұмыс жүйесі


Дарынды бала дегеніміз кім?

Өз қатарларынан әлдеқайда дамыған, ерекше зейіні бар, белгілі бір іс-әрекет бойынша асқан қабілеттілік танытып, жоғары жетістіктерімен дараланатын бала.

Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты-олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру.

Дарынды балалармен жұмыс істеу дарындылықты айқындаудан басталады. Ол үшін алдымен бала бойындағы қабілеттілікті, бейімділікті тани білуіміз қажет. Ғылыми зерттеулерде  баланың әр кезіндегі қабілеті, белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі жас кезінен белгілі бола бастайтыны дәлелденген.

Бейімділік – бұл адамның белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оянып келе жатқан қабілетінің алғашқы белгісі. Ал қабілет – іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті.Қабілет әр адамда әр түрлі деңгейде болады. Іс-әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттің түрін дарындылық  деп атайды.   

Дарындылық – табиғаттан берілетін ерекше қабілет. Өмір сүретін орта, берілетін білім мен тәрбие осы ерекше қабілеттің одан әрі дамуына көмектеседі немесе оны мүлде өшіреді. Дарындылық – көпқырлы. Ағылшын ғалымы Ж.Рензуллидің анықтамасы бойынша: «Дарындылық – бала бойындағы интелектуалдық қабілеттің, шығармашылық қабілеттің және табандылықтың болуы». Дарындылықты анықтау – өте күрделі процесс. Ол психологиялық – педагогикалық шаралар арқылы жеке тұлғаның болашақтағы табыстарын үздіксіз бақылау мақсатында жүргізіледі.

Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданамыз:

- баланың отбасы жағдайын зерттеу;

- шығармашылық қабілетін анықтау;

- сауалнамалар, психодиагностикалық тренингтерді өткізу;

- ата-анасымен әңгімелесу;

- пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына,пікірсайыс ойындарына қатыстыру;

Дарындылық үш бағытта анықталады: интелектуалды дарындылық, шығармашылық дарындылық,  лидерлік дарындылық.

Интелектуалды дарындылық баланың ойының ұшқырлығымен ерекше есте сақтау қабілетімен, байқағыштығымен айқындалады. Интелектуалды дарындылығы бар бала қиналмай-ақ және талаптанып оқиды, өз ойын жүйелі жеткізе алады. Ол әр істе өз біліміне сенімді болады. Оны қиын тапсырмалар қызықтырады.

Шығармашылық дарындылық баланың өз қызығушылығы, өмірлік позициясымен айқындалады. Ол көбіне тәуелсіз, өзі әрекет жасайды және ісінің нәтижесін көре алады. Нақты жағдайлардың шешімін таба біледі, көркем өнер оқулары мен ойындарға бейім келеді.

Лидерлік дарындылыққа жаңа жағдайларға жылдам қалыптасу, өзге балалардың оны таңдауы, ойындар мен шараларды басқара алуы, үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынасқа оңай түсуі, жауапкершілік сезімнің басымдығы тән.

Интелектуалды дарынды баланың бойынан табылатын асыл қасиеттердің, өмірге құштарлық, биік ізгіліктің бәрінің кілті – мыңды жығатын білімінде.

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген ұлы Абай ақын. Бұл сөздер еш уақытта өз мәнін жоймақ емес. Баланың бойындағы күш қуаты жеткілікті, шын дарынды екеніне сендіру – ұстаз бойындағы құдіретті күш, өйткені сенім үлкен жеңіске жетелейді.

Көрнекті психолог Л.С.Выготский «баланың кешегі күнгі дамуына емес, ертеңгі күнгі дамуына қарау керек деп ескертеді». Бала дамуының дербестік, шығармашылық таным әрекеті, логикалық ойлау дәрежесі сияқты негізгі белгілерін біліп, жеке дара жұмыстар жүргізу арқылы белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге болады. Баланың оқуы мен психикалық дамуының бастапқы негіздері бастауыш сыныптарда қалыптасатындықтан, әр тұлғаның бойындағы қабілет, дарынды ашу арқылы оның мүмкіндігін дамыту керек.

Дарынды оқушыға сенім білдіре отырып жүйелі жұмыс жасау,баланы үнемі ізденіске жетелейді. Баланың жетістігін мақтай отырып,өз ісінің нәтижелі болуына және оны талдап анализ жасауына ықпал жасау керек.

Дарындылық ұстанымы

  • Сен « білугеміндеттісің» демей, « Сенің қолыңнан келеді!» ұстанымы;

  • Белгілі жағдайдан, белгісіздікке бет бұрыс жасау қағидасы;

  • Іс –әрекет нәтижесіне емес, сол нәтижеге жету барысындағы қуаныш!

  • Баланың қиялын ұштай отырып, сұрақ қоя білуге үйрету!

  • «Қателеспейтін адам болмайды» қағидасына үйрету!

  • Болашаққа бейімдеу;

  • Дамыта оқыту;

  • Жеке ғана емес, әлеуметтік ойлау қабілетін дамыту!

Дарынды баламен жұмыс жасауда мектеп ұстаздары мынандай жұмыс түрлерін қолданады:
1. Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты икемді және ұтқыр жоспар құрады;

  1. Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасайды;

  2. Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал етеді;

  3. Баланың қызығушылығына әрі табиғатына қарай зерттеу жұмыстарына баулиды;

  4. Пәндік олимпиадалық жұмыстарға дайындайды;

  5. Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттарға, пікір – сайыс яғни интеллектуалды ойындарға дайындайды.

Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда ұстаздар мынандай мәселелерге баса назар аударады:
1. Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге;
2. Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;
3. Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға - пәндік олимпиада, зерттеу жұмыстарында, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге.
Біздің лицейімізде де әр оқушының қабілет, бейімділігін анықтауда жан-жақты жұмыс жасап, нәтижесіне қарай оқушы белгілі бір бағытта дамытып, дарындылығын ашу жүйелі жолға қойылған. Мектеп психологы, ата-ана, мұғалімдер бірлесе отырып, сауалнамалар алып, психодиагностикалық зерттеулер жүргізіп, оқушының шығармашылық қабілетін анықтап, сол бағытта дамытушылық жұмыстар жүргізеді. Пән олимпиадасын 2-сыныптан бастап жүргізіп, 4-сыныпта болатын пәндік олимпиада резервтерін анықтап алып, кестеге сай, жүйелі дайындап отырады. Олимпиадалық резерв мектебіндегі оқушылардың жыл сайынғы жетістігіне мониторинг жүргізіліп, әдістемелік отырыста қаралып, алдағы жұмыстар жоспары жасалады.

«Зерде» зерттеу жұмысына оқушы таңдағанда да дарындылықты анықтаудың нәтижесіндегі бала бейімділігін басты назарға аламыз. «Сүйіп істеген іс шаршатпайды» дегендей бала өзі қызығатын нәрсені ғана соңына дейін жеткізіп, мақсатты түрде жұмыс жасап, нәтижеге қол жеткізеді

Бала қаншалықты дарынды болса да, оны оқыту керек екенін ұмытпау қажет. Оларды тұрақтылыққа, еңбек етуге, өз бетімен шешім қабылдауға үйрету керек. Дарынды бала қысымды, шеттетуді, айқай-шуды көтермейді.

Таланттарын дамыту үшін дарынды балалар өз уақытын еркін жүмсап, кеңейтілген оқу жоспарымен оқытылу керек. Бала өз мүғалімі жағынан назар аудару мен индивидуалды қолдау көрсетуді сезуі қажет. Бұл жерде нені емес,  қалай оқыту маңызды болып табылады.

Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.

Әрбір ұстаздың дана халқымыздың «Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағатты сөзін басты назарда ұстап, дарынды баланы тани білуі, дұрыс бағыт бағдар беріп, қолдап, дамытуы шарт.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!