Д
арынды оқушыны айқындау және
дамытудың тиімді жолдары
С. Т. Коккозова –Технология
пәні мұғалімі
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен
қаласы,
«Зәки Ахметов атындағы №16
орта мектебі»КММ
Егеменді елдің ертеңі оқу
білімнің тереңдігімен өлшенеді.
Қазақстан Республикасының 2030
жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында білім беруді
инновацияландыруға сай икемдеу үшін білім беру жүйесін
ақпараттындыру, жаңа талапқа сай дамыту талабы қойылып
отыр.
Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың
«Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды
ұрпақтың орны мүлде бөлек»,- деген дана сөзіне
сүйеніп, осы талапқа сай бүгінгі таңда
білім беруде жеке тұлғаны дамыту, дана және дара ойлай алатын
дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдарын айқындау
қажет.
Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңы «Әр баланың жеке қабілетіне қарай
интелектуалды дамуы жеке адамның дарындылығын дамыту
» мәселесін енгізіп отыр.
Мектеп – білім берудегі бар
мүмкіншілікті қамтамасыз ететін білім ошағы.Бүгінгі білім берудегі
тәжірибе оқушылардың әртүрлілігін көрсетіп отыр. Дарынды баланы
іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін ауадай қажет. Менің
алдымдағы басты назар аударатын негізгі міндеттердің бірі – дарынды
балаларды анықтап, оларға адамгершілік қасиеттерді дарыту,
шығармашылыққа үйрете отырып, терең біліммен
қаруландыру. Әрбір баланың бойында
табиғат берер ерекше қабілеті, дарындылығы болады. «Бұлақ көрсең
көзін аш» -дегендей, осындай баланың бойындағы дарындылық
қабілетін дамыту көбінесе мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне
байланысты екендігі айдан анық.
Баланың дарындылығын анықтап,
олармен жұмыс жасау қалай жүзеге асырылуы
керек?
Оқу үрдісінде оқушының
дарындылығын анықтауда өз іс-тәжірибемде төмендегідей әдіс-
тәсілдерді қолданамын.Бір қарағанда балалардың барлығы біркелкі
оқитын сияқты болып көрінеді. Баланың дарындылығын айқындау үшін
ж
ан-жақты ұзақ уақыт зерттеу қажет.Баланы танымай әр жаққа тартқылау
оның шын дарындылығын жойып, психикасының бұзылуына қатты әсер
етеді. Оларды қазіргі заман талабына сай жан-жақты
білімді, өз бетімен білім алуға талаптанатын, өзінің ой-тұжырымы
бар етіп тәрбиелеу үшін,
жұмыс жоспарын
жасаймын.
1.Дарынды баланы іздеп табу
және іріктеу.
2.Дарынды балалармен жүйелі
түрде сабақтан тыс жұмыстар жүргізу.
3.Проблемалық оқыту әдістерін
пайдалана отырып оқыту.
4. Өз бетінше зерттеу, ізденіс
жұмыстарын ұйымдастыру, дамыту. Шаталовтың әдіс-тәсілдерін
пайдалана отырып оқыту.
5.Жан-жақты сайыстарда, ғылыми
зердеде, көрмелерде шығармашылық жұмыстарының нәтижесін
көрсету.
Менің ізденістерім-жаңа
технологиялар. Жаңа технологияларды оқу – тәрбие жұмысындағы
негізгі мақсатым – оқушының барынша көп білуі емес, оның өзіне
қажетті білімді біліп, табуға үйренуі, оқу, кәсіптік, тұрмыс
мәселесін кез-келген жаңдайда шешіп, іс-әрекет жасай алатын болуы
керек.
Баланың дарындылығының, тұрақтылығын байқаған
соң, іскерлікке, өнерге бейімдеп тапсырмалар беріп, баланың өзіне
жұмысты орындауға тапсырма беремін.Ұлттық қолөнерді мектеп
қабырғасынан меңгертіп, оқушылармен «Шебер қолдар», «Алтын ине»
атты қолөнер үйірмесін өткізем. Үйірмеде үйренген істерінің
нәтижесін көрсетіп жүрген дарынды , көркіне ісі сай, шебер
оқушыларым Кабдешова Д, Сапаргалиева
А.
Баласының қолөнеоге деген қызығушылық
көзқарасын ата-ана тарапынан қолдап отырса нұр үстіне нұр. Бұл
күндері дарынды оқушыны белгілі кәсіпке баулитын кәсіпкерлікке
даярлайтын аса қажетті оқу пәні-
технология.
Ал менің ұстаздық мақсатым жасөспірімге білім
берумен қатар, дарынды балаларды айқындау, қабілетін дамыту.Сөзімді
қорытындылай келіп болашақта Қазақстанды әлемге бәсекеге барынша
қабілетті 50 елдің қатарына қосатын құдіретті күш-білімге тән,
өнерлі дарынды оқушы тәрбиелеу басты ұстаздық міндетім
демекпін.