Тәрбие сабақ 11 «А»
сынып
«Балаға берілген дұрыс
тәрбие - бұл бақытты қарттық, ал нашар тәрбие - біздің болашақтағы
сорымыз, біздің көз жасымыз»
А.С.
Макаренко
Тәрбие сабақ тақырыбы: «Дәстүр мен жаңашылдық
негізі - отбасы»
Мақсаты: Болашақта баламен жұмыс істеу
міндетін белгілеу, ата - аналармен бетпе-бет кездесе отырып, бала
тәрбиесі туралы пікір алысу. Бала тәрбиесі де ата - ананың алатын
орнының ерекше екенін түсіндіру. Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу
мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Жақын адамдарына пайда келтіру мен отбасында
өмір сүру қажеттіліктерін
қалыптастыру. Отбасы құндылығын түсіну қабілетін
қалыптастыру.
Отбасы мүшелерінің міндеттерін
орынд ауға байланысты
қолданылатын
біліктіліктер мен дағдыларды
қалыптастыру.
Көрнекілігі:
Қанатты сөздер,
жағдаят жазылған үлестірмелі
қағаздар,т.б.
Сабақтың
әдіс-тәсілі: Әңгіме, сұрақ-жауап, пікір –
сайыс,т.б.
Сабақтың
барысы:
I.
Ұйымдастыру
а)
сәлемдесу;
б) кезекші арқылы
түгелдеу;
б) сабаққа зейінін
аудару.
II. Жаңа
сабақ
Дәйексөз.
«Күннен жылу
тарайды,
Анадан мейірім
тарайды».
Дәстүр мен жаңашылдық – қоғам мен отбасы даму
барысында сабақтастық пен жаңғыртуды, мұрагерлік пен қайта жасауды,
бұрынғы мен соңғының байланысын білдіретін
ұғым. Дәстүрге ғасырлар бойы қалыптасып, сұрыпталған
әдет-ғұрыптар, жол-жобалар көзқарас түсініктер жатады.
Жаңашылдық - өткен
өмірдің, кешегі күннің тәжірибесі мен жемістерінің ішінде
мән-мағынасы бай, дәрежесі жоғары заман талабына жауап беретін,
бұрынғы-соңғының шеңберінен шығып, болашаққа кең жол ашатын аса
маңызды ізденіс-әрекеттер. Ол
жалпы өркениеттің дамуына әсер етеді, осы жолда
туып, орнығады.Оқушыларды отбасының бірлігін сақтап, ата - ананың
алдындағы парызын өтеуге, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке,
инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.
Отбасы - адамзат бесігін
тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы - ата - анасы». Бұлар
балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің
жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды. Себебі, отбасы -
таным бесігі, отбасы - үлгі - өнеге бастауы. Ата - ананың үйдегі
қарым - қатынасы, киім киісі, мінез - құлқы бәрі - бәрі балаға
үлгі. Өйткені, «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала
өседі», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Бала отбасында «Әкеден
– ақыл, анадан - мейір алады». «Әке - асқар тау болса, ана -
бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ». Осы бір үш сөз
әке, ана, бала - отбасы ошағының үш тағаны іспеттес. Бала тәрбиесі
- бесіктен. Ертеде бір кісі балалы болып, баласы 6 айға толғанда
бір данышпаннан баласын тәрбиелеуді қашан, қалай бастайтынын
сұрапты. Сонда әлгі данышпан «Егер балаң 6 айлық болса, онда сен
тәрбиені бастауға 6 ай кешігіпсің» деген екен.
Сондықтан да әрбір ата - ана баласына кішкентай күнінен бастап
еңбекпен тапқан нанның тәтті екенін ұғындырып, баланың артық
қылығын бақылауға алып, бос уақытына назар аударып, барлық жағдайды
жылы сөзбен түсіндіріп отыру керек.Әкең-қазақ, шешең-қазақ,
қарағым,
Сен де ұлысың мынау дархан
даланың
Әр халықта ұлттық намыс деген
бар,
Тарқалмасын қызықтың шағы
қызған
Жана берсін бақ артып
бағыңыздан
Құрметпен ұсындық сізге
сөзді
Ақтарылып көріңіз ағыңыздан дей
келе
Отбасы - мемлекеттің негізгі
буыны.
Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ
ұрпақтың еліне, Отанына деген
сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен
қалыптасады.
«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді»
демекші білім бесігі мектептен,
тәрбие бесігі отбасынан бастау
алады.
Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен
аялаған ана. Ата-анаға үлкенге
қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ
сүтін өтеу-біздің борышымыз.
Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы.
Адам баласы
шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол
ортаның ыстық-суығына
бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер
жетеді.
Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен
еразаматқа жүктеледі.
Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел ананың тікелей
міндеті.
Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын
құдіретті ана емес пе?
Сол құдірет иесінің алдында бәріміз бас июге
тиіспіз.
Сіздерге балалық жүректен мың да бір
алғыс.
Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас
ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана
сөз бар.
Ата-ана- отбасының негізгі діңгегі, бастапқы
дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше
әспеттелген. Әсіресе тіршіліктің қайнар көзі, махабаттың шуақ күні,
мейірімнің кәусәр бұлағы-Ана есіміне қатыссыз дүниеде қаситетті
ештеңе жоқ.Сондықтан ананы ардақтаимайтын халық та жоқ. Халықтың
халықтығының басты нышаны-туған елінің тілін үйретіп, сазына
қандыратын да ана.
Ана жанын ана болсаң
ұғарсың.
Алдыңдағы ол бір биік құзар
шың,
Балаң үшін биіктен де
құларсың.
Ана мейірі күн
көзімен пара-пар.
Тұла бойға қуат болып
таралар.
Өміріме шуақ шашып
әрқашан
Көп жасаңдар, ақ ниетті
аналар!
Әке деген-биік шыңы
адамның,
Әке деген- тірегі ғой
ғаламның.
Әке деген-бойыңда аққан қаның
да,
Шыққан тегің, ол негізің, жаның
да.
Не десең де әке жолы бір
бөлек,
Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр
демеп.
Нағыз әке ақылгөй де асқар
жан,
Барлық ұрпақ әкелерден
басталған.
Әжемнің саясында ержетіп
мен,
Аялы ақ бесікке
тербетілгем.
Әжемдей ақ ниетті абзал
жанды
Таппаспын айналсам да жер
бетінен.
Жүрегімде әжемнің әжімі
бар,
Жүрегімде достардың әзілі
бар,
Жүрегімде өмірдің қызығы
бар,
Жүрегімде жанымның азығы
бар.
Ержетіп есейгенде
балапаны
Арайлап атады екен дала
таңы.
Иіскеп, маңдайымнан
сипалайтын
Қ ымбат қой әжелердің
алақаны.
Жаңашылдық - өткен өмірдің,
кешегі күннің тәжірибесі мен жемістерінің ішінде мән-мағынасы бай,
дәрежесі жоғары заман талабына жауап беретін, бұрынғы-соңғының
шеңберінен шығып, болашаққа кең жол ашатын аса маңызды
ізденіс-әрекеттер.
Ата ана туралы дана сөздерді
тыңдайық...
1. Адам жеміске, ата- ана жеміс ағашына
ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей ата- анаңды аялап
бақсаң ,армандарың
орындалады
2.Ұл- қыз ата- анасын үлкендерді қуанышқа
бөлеп, бақытқа кенелтем десе,алдымен әдепті болу керек. Өз
жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса ата- ананың ұл- қызы болып
өседі.
3.Әдепті , адал ұл қыздардың міндеті ата-
аналарының тірісінде көрсеткен қызыметімен бітпейді. Ата -аналарын
дүниеден қайтқанда да жиі есіне
алады.
4. Сәби шағыңда олар өзіңді қалай бағып қақса,
қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап күту
керек.
5. Ата- анаңның көңілін еш ренжітуші болма,
олардың жүрегіне қайғы түсіруші
болма.
6.Ата- анасын ұмытқан бала- опасыздың опасызы
,рақымсыздың рақымсызы.
7.Ата- ананың қадірін білмеген халық қадірін
білмейді.
Отбасы. Бала. Мектеп. Бір - бірінен
ажырағысыз үш ұғым. Отбасы бар жерде бала бар, бала бар жерде
мектеп бар. Мектеп пен ата - ананың міндеті әр балаға бақыт, қуаныш
сыйлау.
Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала
отбасында алады. Отбасы - әр бала үшін алтын
бесік. Бала отбасы
аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы
жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды,
адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық,
үлкендермен және кішілермен қандай қарым - қатынаста болу сияқты
тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді.
III.Қорытынды
сұрақтар
-
«Әке көрген оқ жонар, шеше
көрген тон пішер» дегенді қалай
түсінесің?
-
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге
қарап қыз өсер» дейтін қазақ қыз балаларының тәрбиесіне байланысты
ма? Әлде ұлдарға...
-
Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі
жайында не білеміз?
-
.«Дәстүрге арқа сүйемегеннің көсегесі
көгермейді» дегенді қалай
түсінесің?
-
«Дәстүр мен жаңашылдық негізі -
отбасы» ... ( сенің
пікірің...)
Ситуациялық сұрақтар қоры:(
ата –аналарға беріп жіберемін)
1. «Ура, анашым, мен бес алдым!»- деп бірінші сыныптың оқушысы
өзінің қуанышын жасыра алмай үйге жүгіре басып кірді. Бірақ жылдар
өте келе мұндай қуанышты сөздер сирей бастайды. Неліктен?
2. Мектепте озат, үлгілі оқушы үй шаруашылығымен айналысқаннан гөрі
бос отырғанды жақсы көреді, ештеңе істегісі келмейді. Оны қалай
қызықтыруға болады? Сіздің пікіріңіз?
3. Қызы мектептен келіп анасына: «Сізге маңызды бір нәрсе айтқым
келеді»- десе, анасы: «Сенсіз де басым ауырып тұр, мазамды алма»-
депті. Сіз қалай жауап берер едіңіз?
4. Балаңыз үйге мектептен уақытынан кеш келді. Қалай қарсы
аласыз?
5. Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтіндіңіз. Ол: «Ән тыңдап
отырмын» - деп барудан бас тартты. Сіздің әрекетіңіз?
6. Балаңызға үй шаруасымен айналысуды тапсырдыңыз. Бірақ ол оқитын
сабағы көп екенін айтып жасағысы келмеді. Сіздің әрекетіңіз?
7. Сіз шаршап, өзіңізді нашар сезініп тұрсыз. Сіздің балаңызға
достары қонаққа келетінін естідіңіз. Сол сәттегі әрекетіңіз?
8. Сіз балаңыздың кез келген ортада көп өтірік айтатынын
байқадыңыз. Қандай әрекет қыласыз?
9. Сіздің балаңыз соңғы кезде мұғалімдер туралы жағымсыз пікірді
көп айтады. Сіз бұл жағдайда не істер едіңіз?
10. Балаңыздың досы сізге ұнамайды. Сіз бұл достыққа өзіңіздің
тарапыңыздан әсер етесіз бе?
11. Сіз балаңыздың күнде сабаққа барғысы келмей, көңіл - күйі
төмендеп жүргенін байқадыңыз. Онда тәрбиенің қай түрін
пайдаланасыз?
12. Жоғарғы сыныпта оқитын ұлыңыздың темекіге әуестеніп жүргенін
білдіңіз. Оны дұрыс жолға қалай саласыз?
13. Бала мектептен қатты ашуланып келді. Себебін сұрадыңыз, бала
сынып жетекшісіне ренжіп келгенін айтып шағымданды. Сіздің
әрекетіңіз?
14. 9 - сыныпта оқитын кенже ұлыңыз немесе қызыңыз сыныптасының
туған күніне сұранды. Бірақ сіз ондай мерекелерді мектеп оқушысына
үйде тойлауға болмайтынын естіп жүрсіз. Қайтесіз? Рұқсат бересіз
бе, әлде?
Адамның жеке басының алғашқы
қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы
алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да
туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып,
мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат
сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның
бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен
қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам.
Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге
болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта.
Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың
тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір
мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін
атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса,
босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары
сөзсіз.
Тәрбие — отбасынан басталады,
сондықтан болашақ ел ертеңі жас ұрпақтың еліне, Отанына деген
сүйіспеншілігі алдымен жанұяда, ата-ананың ықпалымен қалыптасады.
Отбасындағы әрбір адамның туыстық қатынасқа байланысты міндеттері,
парыздары бар. Отбасының, жанұяның екі тірегі- әлпештеген әке мен
аялаған ана.
Қорытындылай келгенде, отбасының
қоғам мен мемлекет тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын қажеті
сан қырлы. «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі – Отанды
сүю, өмірге құштарлық, сұлулықты тану бала кезден жанұяда
басталатыны баршаға аян.«Дәстүрге арқа сүйемегеннің көсегесі
көгермейді» деген атамыз. Жанұя- адам баласының өсіп өнер, қаз
тұрар, қанат жаяр алтын бесігі. Өз жанұяларыңды құрметтеп,
сыйлаңдар.
Халқымыздың аяулы ұлы,
зиялы азаматы Бауыржан Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да
қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын
бесікке бөлеген, бесігі жоқ елден қорқам. Дәмді, дәстүрді
сыйламайтын баладан қорқам » деген екен. Ендеше, бүгін біздің
қорқынышымыз жоқ. Алдымызда өнегелі, үлгілі, өнерпаз отбасылары бар
екендігімізге көзіміз жетіп отыр. Бала тәрбиесі баршамызға ортақ
өміріміздегі ең маңызды іс болғандықтан бірлесе тәрбиелейік! – деп
қорытамын.
IY. Үйге
тапсырма:
«Дәстүр мен жаңашылдық негізі -
отбасы» шағын эссе
жазу.