Материалдар / Дәстүрлі емес материалдарм жұмыс жасау арқылыбілім оқушылардың қызығушылығын арттыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дәстүрлі емес материалдарм жұмыс жасау арқылыбілім оқушылардың қызығушылығын арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәстүрлі емес материалдармен танысып жұмыс жасау арқылы оқушылар қызығушылығын ояту жолдары. Осы жұмыстар арқылы оқушы шығармашылығын шыңдап жетістікке жету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2020
365
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Төребекова РиммаКөпбергенқызы

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ақши ауылы

М.Төлегенов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі



Дәстүрлі емес материалдармен жұмыс жасау арқылы білім алушылардың қызығушылығын арттыру.

Бір заттан екінші бейнені көре білу

өнер адамының ерекше қасиеті.

Сапалы білім берумен қатар оқушыларды пәнге қызықтыра білу , сондай-ақ жаңашылдыққа бастар жол таңдау қажет. Шығармашылық ойлау қабілеті жоғары оқушы әр істе де сол қабілетін пайдалана алады. Біздің басты міндетіміз- жаңа заман ғылымының мол жетістіктерінен хабардар, мәдени дүниетанымы , көзқарасы қалыптасқан бәсекеге қабілетті жас ұрпақ дайындау. Эстетикалық тәлім – тәрбие олардың бойындағы осы айтылған қабілеттерді дамытуға көп көмегін тигізеді.

Адамда әсемдікті сезіну қабілеттерін қалай оятуға болады? Бала шығармашылыққа қабілетті болып өсуі үшін нендей нәрселер қажет? Бұл сұрақ мемлекет, қоғам алдында өз азаматтарын биік деңгейдегі мәдениетті , рухани бай елдер қатарында көру үшін әрдайым алдан шығады. Оқушылардың әсемдікке қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыруда , эстетикалық талғамын жетілдіруде негізгі жауапкершілік ұстаздарға жүктеледі. Осы орайда дәстүрлі емес материалдармен жұмыс жасау білім алушылардың көркемеңбек пәніне деген қызығушылығын оятуда. Менің ұстаздық етіп жүріп байқағаным , әр білім алушының бойындағы түрлі қабілеттер жақсы өнерді көре жүріп шыңдалады. Қазіргі техниканың дамыған заманында оқушыларды өнерге қызықтыра білу үшін көп ізденіс керек.

Дәстүрлі емес материалдардың ішінде менің үш жылдан бері пайдаланып келе жатқаным балық сүйектері.Осы бір қажетсіз заттардан керемет өнер туындылары дүниеге келген сайын өзімнің де оқушыларымның да құлшынысы артуда. Осы жұмыстарды жасай отырып 2018 жылы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының қолдауымен «Сәндік қолданбалы өнертүрі- балық сүйегінен панно жасау әдістемесі.» тақырыбындағы әдістемелік құралым басылып жарық көрді. Дидактикалық материалдарды қамтитын бұл әдістемелік құрал негізгі деректер бойынша қызықты эмоциялық жағынан оқушының ғана емес, мұғалімнің көңіл- күйіне жағымды әсер ететініне , оқушы бойындағы жасырын қабілеттерді ашатынына , туған өлкенің табиғатын аялауға тәрбиелейтініне , еліміздің көркемөнер мәдениеті бойынша жаңа деректерді балалармен бірге іздеуге , тануға мүмкіндік береді.

Сол себептен құрметті әріптестер менің бұл әдістемелік құралым арқылы қыз балалар арасында сүйек өңдеу әдісін қолданып, өз шаруашылығымыздың өнімдерін қалдықсыз іске жаратып үйренеміз. Ер балалар арасында малдың сүйегінен ойып, түрліше өңдеп бұйымдар жасау қолға алынып жатыр қазірде , ал, қыз балалар арасында балық сүйегінен әдемі панно, әшекей бұйымдар жасауға да болатынын біреу білсе біреу білмес.

Балық сүйегінен панно жасау өте қызықты жұмыс. Балық сүйектерін пайдалана отырып дайындалған панно күнделікті тұрмысымызда қолданатын бөлмелерді безендіруде әсем рең беретін бұйым болып табылады. Мұндай картиналарды сый –кәдеге ұсынуға болады. Сәндік қолданбалы өнер ішінде балық сүйектерін қолданып бұйым жасау күрделі емес және 1-6 сынып оқушыларына жұмыс жасатуға ыңғайлы қолжетімді өнер түрі деп атауға болады.

Балық сүйектерін таңдай отырып түрлі жан-жануарлар мен аң-құстардың бейнесін құрастыруға болады. Жапсырмалау әдісімен түрлі балық сүйектерін үйлестіре отырып әдемі паннолар дайындау бастауыш сынып оқушыларының қиялын ұштап , пәнге қызығушылығын арттырады. Бұйым жасау барысында тек қайнатылған балық сүйектері қолданылады.

Балық сүйектерін жұмысқа дайындау жолдары:

  • Қайнап піскен балықтың сүйектерін ажыратып алады;

  • Сүйектерді ас содасы қосылған салқын суға салып тағы 10 минут қайнату қажет;

  • Сүйектерді қырып, тіс шеткасымен тазалау керек;

  • Таза салқын сумен шайып, кептіреді.

Ескертулер

Панно жасауға тек қайнатылған балық сүйектерін қолданған жөн;

Балық сүйектерін түссіз лакпен бояған дұрыс,сонда табиғи қалпын сақтайды;

Балалар боялған сүйектермен жұмыс жасағанды ұнатады, ол кезде алдын ала бояп қойған дұрыс;

Жапсырып болған соң сүйекті бояса, матаны (фонды) бүлдіруі мүмкін;

Сүйектердің пішінін өзгертпей қолданған шынай бейне болып табылады;

Балықтың қабыршақтарын, құйрығы мен қанаттарын пісірмей кептіріп қолдануға болады;

Өз қиялыңа қарай ағаш бұтақтарын, жіп, сым, моншақтар, дән-қабықтар т.б қосып қолданып көркемдеуге болады;

Қайшы, желімді пайдаланған кезде қауіпсіздік ережесін еске ұстаған жөн.


Балық сүйектерінен панно жасау технологиясы

  1. Қажетті заттарды дайындау;

  2. Эскизді балық сүйектеріне қарай таңдау;

  3. Үлгі бойынша орналастырып көру;

  4. Боялған сүйектермен жұмыс жасайтын болсаң бояп дайындау;

  5. Қылқалам арқылы желімді жағып,реттілікпен жапсыру;

  6. Жапсыру жұмыстары аяқталған соң рамкалау.

Әдістемелік құралда жаңа технологияларды қолданудың әдіс –тәсілдері мен оқытуды құзіреттендіру мен ақпараттандырудың негізі қарастырылған.

«Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген екен дана халқым. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, бірге өмір сүріп келе жатқан ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, өмір сынынан екшеленіп, сыналып, електен өтіп бүгінгі өмірге жеткен сан өнері, салт-дәстүр, наным-сенім, ырым-тыйымдарды адамгершілік тәрбиесінде пайдаланып келген халық педагогикасы бүгінде өз маңыздылығын жойған жоқ.

Әдістемелік құралда қарастырылған тиімді ұсынымдар:

Біріншіден бүгінгі заман ағымына сай өнер түрлерін үйрете отырып, панноны сәнді бұйым ретінде бағалы өнер туындысы деп қарауды ұсынамын. Және сыйлықтық бұйым жасай отырып, оқушынын пәнге қызығушылығын арттыру , кәсіпке баулу, кәсіптік бағыт беру тұрғысынан қарастырылған.

Екіншіден, оқушыларға сәндік бұйым жасау туралы оқытып үйрету барысында көрнекілік, ауызша баяндау әдістерін қолданған. Осы орайда зерттеу жұмыстары кезінде Қазақстандағы сүйек өңдеуші шеберлер туралы мәліметтер мен сүйек өңдеу тарихын кеңінен зерттеп көптеген мәліметтер жинақталған.

Үшіншіден, нәтижеде оқушылардың сәндік қолданбалы өнердің бір түрі балық сүйегінен бұйым жасауды үйрету барысында олардың эстетикалық талғамын қалыптастыруға, қызығушылық қабілетін арттыруға, қиял, ой-өрісін қамти отырып, өнерге деген құрмет сезімдерін оятады. Практикалық іс-әрекет барысында қажетті құрал-жабдықтарды дайындау, оларды бояуды, материалды үнемді, дұрыс пайдалануды, құрал-жабдықтармен дұрыс жұмыс жасауды және қауіпсіздік ережесін сақтауды , өзінің жұмысына талдау жасауды, жұмысты ұқыпты жасау үйретіледі. Әдістемелік құралда қосымша бөлімінде сүйектен жасалған бұйым түрлерінің , оның түрі нобайлар, жұмыстың жасалу барысындағы суреттері көрсетілген.

Қазақстанның сәндік қолданбалы өнері-біздің мәдениетіміздің құрамды бөлігі. Оны дамыта отырып, жаңашылдыққа ұмтылу әлем халықтары шеберлерінің өнегелі істерін жас ұрпақтарға насихаттау, қолөнер бұйымдарының сапасын арттыра беру аса құрметті және иглікті іс болмақ.

Және де осы өнерді дамыта отырып, жүйелі еңбек етудің арқасында өзімнің және оқушыларымның жеткен жетістіктерімен де бөліскім келеді.

2018-2019 оқу жылында «Балық сүйегінен панно жасау» тқырыбында 5 сыныпқа арналған авторлық бағдарлама жасап Ырғыз аудандық білім бөлімінің бұйрығымен бекітіліп , жұмыс жасап келемін. Осы балық сүйегін қолданып жасалған туындыларды аудандық , облыстық , республикалық байқауларға қатыстырып өзім де , оқушыларым да жүлделі орындар иелендік.

2018-2019 оқу жылында аудандық «Зерде» шығармашылық жобалар байқауында оқушым А.Қайыржан І орын иеленсе , 2019-2020 оқу жылында аудандық «Зерде» шығармашылық жобалар байқауында оқушысы К.Қуанышбайқызы ІІ орын иеленді. Дарынды оқушым Н.Қорқытқызы 2018-2019 оқу жылында облыстық «Шебердің қолы ортақ» қолөнер байқауында ІІ орын иеленді.2019-2020 оқу жылында ұйымдастырылған Кіші ғылым академиясының ғылыми жобалар байқауынан К.Қуанышбайқызы ІІІ орын иеленді.

2018-2019 оқу жылында облыстық «Шебердің қолы ортақ» қолөнер байқауында ІІІ орын , «Үздік қосымша білім беру ұйымы педагогы-2019» байқауында осы балық сүйектерінен мастер класс ұйымдастырып, ІІІ орын иелендім, «Мәңгілік елдің мәдени мұрасы» атты облыстық халық шығармашылық фестивалінде ІІ орын иелніп марапатталдым. 2020 жылдың маусым айында қашықтықтан өткізілген халықаралық «Алаш стар» байқауынан Қайыржан А І орын иеленді. оқушы қатыстырып жүлделі орын иеленгені үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталдым.

Бүгінгі қоғам – жаңа қоғам. Бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі жолдан жаңа арнаға түсу біршама қиындық тудыратындығын өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Ғасырлар бойы халқымыз өз ұрпағын ізгілікке, өз елін сүюге баулып келеді. Қазақтың көркем қолөнері-өзінің төл тума бітім-қасиеттерімен көркемдік мән мағнасымен халқымыздың уақыт тезінен өткен асыл қазынасы. Кез келген елдің өркениетінің , мәдениетінің ,мемлекетінің гүлденуі өскелең ұрпақтың еркін ойлау қабілетінің, шығармашылығын, кәсіби біліктілігін ,білімділігін талап етеді. Осы орайда біздің ұрпақтарымыздың түрлі өнер туындыларымен өркендеу жолында , түрлі өнерімен әлемді таңдандырар шебер болып қалыптасуына осындай кенжелеп қалған өнерді үйрету дұрыс деп есептеймін.

«Мәңгілік елдің мәдени мұрасы» атты облыстық халық шығармашылық фестивалінде



«Үздік қосымша білім беру педагогы» байқауында

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!