Материалдар / Даун синдромы бар балалардың үй жағдайында танымдық процестерін дамыту.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Даун синдромы бар балалардың үй жағдайында танымдық процестерін дамыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерте жастан көмек беру және түзету Ерте көмек даун синдромы бар балалардың даму мүмкіндігін жоғарлатады. Өмірінің бірінші жылындағы ерте диагностика мен көмек қозғалыс қызметтерін дамыту үшін өте маңызды. Диагностиканы ерте жүргізудің бір ерекшелігі –емдік гимнастикалар көмегімен баланың қозғалыс қабілеттерін осы көмекке қарағанда біршама ерте меңгереді. Сондықтан да баланың жақсы дамуына ата-аналар өздерінің де үлкен үлестерін қосулары керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Ақпан 2022
610
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Даун синдромы бар балалардың үй жағдайында танымдық процестерін дамыту.

Даун синдромы – бұл аурудың негізінде 21 –ші хромосомадағы трисомия (екі хромосоманың орнына үш хромосоманың болуы) жатады. Нәтижесінде организмдегі барлық жасушалардың ішінде 46 хромосоманың орнына 47 хромосома болады. Аурудың басты белгілері: ақыл-ой кемістігі мен туа біткен даму ақаулары болып табылады.

Даун синдромына ағылшын дәрігері Джон Лэнгдон Даун психикалық бұзылыстың формасы ретінде алғаш рет 1862 жылы сипаттама беріп,1866 жылы өзінің баяндамасын жарыққа шығарып, бүкіл елге әйгілі болды. Дегенмен, 1959 жылы ғана хромосомындағы бұзылыстар мен жатырішілік аурудың өзара ара жігін ажыратып көрсеткен француз генетик – ғалымы Жером Лежен болды.

Даун синдромы бар балалардың сөйлеу тілі және танымдық процесстері өте баяу дамиды. Балалар сөздерді 1,5 жас шамасында түсіне бастағанмен де жауаптары тек уілмен, ашуланумен ғана тоқталады. Олар «жоқ» деген сөзді тыңдаудан бас тартып, жер тепкілеп, үн – түнсіз, еш қозғалыссызда отыра береді. Балалардың уілдеуі қалыпты жағдайдағы балалар сияқты болғанменде сөйлеуі тым кеш болады. Алғашқы сөздері 2 жаста пайда болуы мүмкін. Қалыпты жағдайдағы балалардың алғашқы сөзі көбінесе «мама, папа, ата немесе әже» сияқты жақын адамдарының атын атап жатса, бұл балалар бір затты немесе басқа бір естіген есімді алғаш атауы көп кездескен. Балалар алғаш сөйлей бастағанда білетін сөздерін араластырып айтады мысалы: «маапа, атапа т.б». Қалыпты жағдайдағы балалар 1-1,3 жаста сөздік қорында оннан аса сөз болса, Даун синдромы бар балаларда 5 жасында жиырмаға жуық қана сөз болады.

Даун синдромы бар балалар қырсық, шыдамсыз, бір беткей болып келеді. 2-3 жасында балалар тамақтану уақытысы кештеу болса немесе жуынған кезде шыдамсызданып, ашуланып сол кезде бір затты тістеп, жыртып немесе жылап отырып алады. Даун синдромы бар балалар мақтағанды жақсы көреді. Мақтаған уақытта ғана үлкендердің бұйрығын орындайды. Өзі жүре бастаған уақытта 2-2,5 жаста балаларға өз киімін әкелуді немесе бір нәрсені алып беруді ұсынғанда олар мақтауды талап етіп тұрады.


 Ерте жастан көмек беру және түзету

Ерте көмек даун синдромы бар балалардың даму мүмкіндігін жоғарлатады.

Өмірінің бірінші жылындағы ерте диагностика мен көмек қозғалыс қызметтерін дамыту үшін өте маңызды. Диагностиканы ерте жүргізудің бір ерекшелігі –емдік гимнастикалар көмегімен баланың қозғалыс қабілеттерін осы көмекке қарағанда біршама ерте меңгереді. Сондықтан да баланың жақсы дамуына ата-аналар өздерінің де үлкен үлестерін қосулары керек. Баланың жақсы дамуы үшін яғни танымдық процесстерінің жақсы дамуы үшін жасалатын жұмыстарды тек арнайы мекемелерде ғана емес үй жағдайында да жалғастыруға болады.

Ол үшін үй жағдайында ойналатын бірлескен ойындар ерекше маңызды. Саусақтар мен жаттығу ойындары, тізеге дейін биіктікке секіру, тақпақтар (қимыл- қозғалысты) балалалардың қызығушылығын арттырады. Олардың сөйлесу тілінің дамуына және әлеуметтік статустың дамуына мүмкіндік береді. Бұл балаларға өте көп ойыншықтар қажет. Ойыншықтар- белсенді әрекетке ынталандырады. Баланың мүмкіндігін және таным процесін жетілдіреді. Суретті кітапшалар балалар әндері жеңіл шумақтар қарапайым ойын материалдары көмектеседі. Бұл Даун синдромы бар балалардың тілінің дамыту үшін өте маңызды. Олар таныс суреттерді танып, қарауға және олардың атын ататуға тырысады.


Үй жағдайында орындауға болатын жаттығулар.

«Сорттау». Екі топқа жататын, тек бір ғана белгісі бойынша ерекшеленетін заттар қолданылады.

«Үлкен және кіші» ойыны. Үлкен адам оларға қонаққа Маша есімді қуыршақ келгенін және машаға арнап моншақ жасап беруін өтінеді. Үлкен моншақты жіпке өткіземіз, содан соң кішкентай моншақты өткіземіз. Бұл ойын түстерді айыру үшін ұсынылуы мүмкін, мысалы, тек қана көк түсті моншақтарды алып, ал сары түсті моншақтарды қорапта қалдыруға болады. Үлкен адам өзінің сөз қорында: «әр түрлі», «дәл сондай», «бірдей» деген сөздерді қолдану керек.

«Сыңарын табу» ойыны. Әр түрлі сыңарын табудың нұсқалары қолданылады: сыңар ойыншықтар, сыңар суреттер, дәл сол ойыншық бейнеленген ойыншық. Ең алдымен баланы жанына таңдау жасау қажеттілігінсіз бірдей ойыншық немесе суретті қоюды үйретеді. Содан соң үлкен адам өзінің алдына 2 -3-5 суреттерді қояды және баланың да алдында сондай суреттер жатады. Үлкен адам суретті көрсетіп: «Менде доп бар. Ал сенде доп барма? Менің добымның жанына қой» деп айтады.

«Мұнара соғамыз» ойыны. Үлкен адам мен бала текшелерден мұнара соғады. Үлкен адам баланың өзіне жасап, тәжірибе жинауына мүмкіндік береді. Мысалы, мұнара құламас үшін, ең төменінде ең үлкен текше орналасу керек, жоғарылаған сайын текшелер кішірейе береді, ал ең жоғарысында ең кіші текше орналасады. Текшелерді салыстыру үшін оларды бір біріне жанастыру қажет.

«Үй соғамыз» ойыны. Әр түрлі текшелерден (текше, кірпіш, үшбұрыш) үй соғамыз. Алдымен үлкен адам бала мұны бірігіп жасайды, кейін балаға өздігінен жасауға мүмкіндік береді.

«Үлкендігін ажырату». Бұл үшін: алмалы – салмалы стақандарды, матрешканы, пирамиданы, әр түрлі үлкендіктегі ойыншықтарды қолдануға болады.

«Қай доп үлкенірек?» ойыны. Әр түрлі көлемдегі доптар қажет болады. Үлкен адам алдымен баладан ең үлкен допты , содан соң кішісін, соңында ең кішкентай допты әкелуін өтінеді. Міндетті түрде заттың көлемін білдіретін «ең үлкен», «кішірек», «үлкен», «ең кішкентай» және т.б. сөздерді қолдану қажет.

«Бағдаршам» ойыны. Үлкен адам мен балақай көшеден өтеді. Бағдаршам – қызыл, сары, жасыл түстері бар дөңгелектер: Қызыл – жол қауіпті! Сары – тоқта! Ал жасыл – өте бер! Үлкен адам балаға түстерді айырудың түрлі нұсқаларын ұсынады. Мысалы, тек қана қызыл текшелерді алу, шұлықтарды, стақандарды және т.б. Үнемі түстерді білдіретін сөздерді қолдану қажет.

Күнделікті өмірде, ойында, серуендеп жүргенде «бір», «екі» (өтініш: «Өтінемін, бір алма берші»; «Серуенге бір доп алып шық» және т.б.) деген сан есімдерді қолданамыз. Баланың бөлмесіне әрбір әріпте суреті бар музыкалық алфавит іліп қойыңыз. Белгілі бір уақыт аралығында соның жанына келіп ойнап тұрыңыз: «Көлік қайда? Дұрыс! Бұл М әріпі. Жарайсың!» Әріптер жазылған, ал біз оларды дыбыстаймыз, сондықтан балаға тек дыбыстап айтамыз: «м», «п», «с», т.б.

Түсіндіре отырып сурет салу. Үлкен адам баланың көзінше түсіндіре отырып сурет салады.  Баланың суретінен де бастауға болады.  Мысалы, бала таяқшалар салады, үлкен адам оларды түзетіп: «Бұл қоршау, ал қоршаудың арғы жағына тауық жасырынып қалыпты, мынау тауықтың аяқтары, олар екеу, барлық құстарда екі аяқ болады. Ал жоғарыдағы тауықтың басын көріп тұрсың ба? Ол: ко – ко – ко деп айқайлайды. Ол кімге айғайлап жатыр? Ол балапандарын шақырып жатыр, сондықтан олар аналарына жүгіріп келе жатыр».

Арнайы сурешілік білімнің қажеті жоқ, бұл сызбалық суреттер де болуы мүмкін, бірақ мұндай жұмыстардың пайдасы өте зор  - баланың сөйлеу қабілеті дамиды, себебі сіз суретті сала отырып оны түсіндіріп отырасыз, ойлау қабілеті дамиды, баланың көз алдына оқиғалар тізбегі келеді, баланың назары ауады, ал ары қарай не болады? Әрине, есте сақтау қабілеті дамиды, себебі, жұмысты аяқтап болған соң суретке қайта оралып баламен айтылған оқиғаны қайта өтіп шығуға болады.


Ата-ана әр қашан мына ережені есте сақтау керек.

Аз нәрсенің өзі бала үшін көп болады !

Баланың бір нәрсені көріп, оны қолына ұстап қарағаны, қозғағаны, оның дамуына ықпал етеді. Себебі бұндай балаларда жаңа ойыншықтарға қызықпайтын, қызығушылық қабілеті болмайтындары да болады.

Әрбір ойынды ойнаған сәтте оны ұзаққа созудың қажеті жоқ. Себебі эмоциялық (қабілеті) іс-әрекет бұл балаларда сақталған (жылау,қуану,күлу және т.б ) Бірақ бұл балаларда тез ауытқушылық алаңдаушылық , әлеуметтік стимулдың тапшылығы,сөздік қоры өте аз болады.Сол себептен бұндай балалармен жұмыс істеген де, осының бәрін ескеру қажет .



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!