Материалдар / Дауыс ырғағы арқылы басқа адамның көңіл-күйін тану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дауыс ырғағы арқылы басқа адамның көңіл-күйін тану

Материал туралы қысқаша түсінік
Мимика және пантомимиканы дамыту пәніне арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2021
1786
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Пән атауы: Мимика және пантомимиканы

дамыту

Мектеп: Есік қаласының облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Каимова Ж.Т


Сынып: 7


Қатысқандар:


Қатыспағандар

Сабақтың тақырыбы

Дауыс ырғағы арқылы басқа адамның көңіл-күйін тану

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.4.1.2 интонация бойынша басқа адамның көңіл-

күйі мен сезімін анықтау (әңгімелерді оқу,фильм

көру,сюжетті ойнау кезінде)

Сабақтың мақсаты

Барлығы: адамның дауыс ырғағы арқылы басқа адамның көңіл күйін,сезімін анықтайды

Көпшілігі: Әңгімедегі немесе фильмдегі кейіпкердің дауыс ырғағын ажырата алады.

Кейбірі: Сюжетті әңгімедегі белгілі бір кейіпкердің дауыс ырғағын келтіре алады

Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Білу,түсіну,қолдану

Бағалау критерийі

1.Адамның дауыс ырғағын анықтайды.

2. Бір-бірін интонация арқылы көңіл-күйін ажыратады.

3. Әртістік қабілетті дамыту арқылы,өз рөлін қысылмай ойнайды.

Тілдік мақсаттар


Дауыс ырғағы интонация intonation


Лексика мен терминологиясы

Интонация(лат. іntono) – сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты әуені. Интонация — сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм-мелодикалық бейнесі.

Құндылықтарға баулу




Ұлттық құндылықтарымыздың туын биік ұстап оқушыларымызды қасиетті халқымыздың тәлімгерлік үлгісімен тәрбиелеу ең маңызды міндетіміз.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті


Алдыңғы білім


7.4.1.1сезім реңктері мен эмоциональді жай-күйлерлерді жеткізуге жаттығуларды орындау:

үрей/шошу; өтініш/жалыныш; қуаныш/ шаттану;

немқұрайлық/сабырлық;





Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы

3 мин






Саралау

Кесте

5 мин

Сәлемдесу: Оқушылар бір біріне жылы лебіздер айтып сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастырады.

«Көңіл күй» ойыны

Ақ параққа көңіл күйлерін смайлик арқылы салады

« Эмоцияны тану» әдісі

Оқушылар өткен тақырып бойынша білімдерін түйіндейді Берілген суреттен өтініш/жалыныш; қуаныш/ шаттану;

немқұрайлық/сабырлық эмоцияларын мимикамен көрсетеді


















































Суреттер

Сабақтың ортасы

(30 мин)


Диалог




20 мин









Сергіту сәті

2 мин















6-7 мин





1-тапсырма

Жұмыс түрі: Жұппен

Дауыс ырғағын жаттықтыру

«Мен әртіспін» ойыны

«Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көріп,дауыс ырғағын, қимылдарын салып рөлге кіріп ойнау



Дескриптор:Фильмді көреді,Қожаның дауыс ырғағын және қимылын салып рөлге енеді.

Жұптар 1-1 бағалайды.

ҚБ: Шапалақ әдісі









«Менімен бірге қайтала» жаттығуы.

Мақсаты: ақпаратты жеткізіп және қабылдаудың жетістігіне әсер ететін факторларды дамыту.

Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Көңілді музыка қойылып, оқушылар билейді. Билеу келесі тәртіп бойынша жүргізіледі: біріншіден әрқайсылары қандай да бір қимылдар жасайды, ал жүргізуші қолымен шапалақ соққанда оң жақтағы көршінің қимылын орындайды. Егер де қатысушылар мұқият орындаса, әрқайсыларының қимылы шеңберден айналып өтіп «авторға» қайтып келеді.



2-тапсырма

Эмоцияны тап ойынын ойнайтын боламыз!

Ойынның мақсаты: эмоцияларды тануға, оларды көрсетуге тәрбиелеу.

Ойынның шарты: оқушылар бір-бірлеп шығып , үстелден әртүрлі эмоциялар жазылған карточкаларды қарамай таңдайды.

Оқушы алған эмоциясын басқа оқушыларға сомдап көрсетеді, бірақ атауын атамайды. Қалған оқушылар интонациясына, бет-жүзінің кқрінісіне қарап табу тиіс.

Дескриптор: Им-ишара,іс -қимыл арықылы эмоцияны таниды.

ҚБ:1-1 стикерлер арқылы бағалаймын.









Бейнеролик «Менің атым Қожа»



















































Карточкалар










Сабақтың соңы

5мин

Қорытынды:

-Адамның көңіл күйі дауыс ырғағына үлкен әсерін тигізеді

- Көңіл күй қасыңдағы адамдарға байланысты болады

- Әртістік шеберлікке баулиды

Бекіту : Бағдаршам әдісі

Жасыл түсті шеңбер «бұл тақырып маған өте қызық болды,себебі: ».

Сары түсті шеңбер «маған қызық болмады, себебі .».

Қызыл түсті шеңбер «мен түсінбедім,себебі ».














Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Сабақтың басында саралаудың жіктеу тәсілімен топқа бөлінеді.

Сабақтың ортасында тапсырмалар дерек көздер қорытынды тәсілдерін қолданамын.

Жұптық жұмыс жасаған кезде кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс жасайды немесе көмек қажет болады бір біріне көмектеседі сол себепті саралаудың қарқын тәсілін топтық тапсырмада қолданамын.



Саралаудың бағалау тәсілін қолданып

тапсырманың орындау барысында оқушылар өзін өзі бағалап отырады.

Жұппен жұмыс жасаған кезде саралаудың диалог және қолдау көрсету әдісін қолданамын.оқушылардың . Себебі ойлануына нақты жауап алуына қолдау көрсетіп ынталандыруына қолдау көрсетемін.






1. Критерийлермен бағалау қолданылды. Тапсырмаға сай дескрипторлар беріледі, оқушылар дескриптор көмегімен 1-1 немесе өзін-өзі, жұптар бір-бірін бағалауын қадағалаймын.

2.Оқушылардың ілгерілеуіне қолдау көрсету мақсатында мынандай қалыптастырушы бағалау түрлерін қолданамын:

1.Әртістік шеберлікті балалар бірін-бірі бағалайды.

2.Стикерлер арқылы бағалау.

3 Бағдаршам әдісі арқылы бағалау,

Бағалау нәтижесінде оқушылар өз оқу жетістіктерін бақылап қандай жетістіке жеткенін және алдыға қарай қарай дамитынын көрсетуге мүмкіндік алады.




Бейнероликті көргенде арақашықтықты сақтау


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!