400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дауыссыз дыбыстар

Материал туралы қысқаша түсінік
Берілген сабақ жоспары қазақ тілі мұғалімдеріне арналған.Функционалдық сауаттылыққа байланысты алған білімдерін өмірде қолдануға арналған.Ақпарат құралдары арқылы оқушыларға дауыссыз дыбыстар, соның ішінде Қатаң,Ұяң,Үнді дауыссыз дыбыстардың тақырыбының ережесін,оның жасалу жолын,түрлерін, жазу кезіндегі қолданысын меңгерту. Тақырып бойынша алған білімдерін ауызша, (өмірде пайдалана білуін) қалыптастыру. Осы тақырып бойынша оқулықта берілген жаттығу жұмыстары мен тапсырмаларды өз бетімен орындай білуге дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:

Қазақ тілі

Сыныбы:

5 сынып

Уақыты:

18.02.2017

Сабақтың тақырыбы:

«Дауыссыз дыбыстар»Қатаң,Ұяң,Үнді..

Құзіреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттер:
а)ақпараттық

ә)коммуникативтік
б)проблеманы шешу



Ақпарат құралдары арқылы оқушыларға дауыссыз дыбыстар, соның ішінде Қатаң,Ұяң,Үнді дауыссыз дыбыстардың тақырыбының ережесін,оның жасалу жолын,түрлерін, жазу кезіндегі қолданысын меңгерту.

Тақырып бойынша алған білімдерін ауызша, (өмірде пайдалана білуін) қалыптастыру.
Осы тақырып бойынша оқулықта берілген жаттығу жұмыстары мен тапсырмаларды өз бетімен орындай білуге дағдыландыру.


Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:

Сөздік,фонетикалық,практикалық әдіс, көрнекілік.

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:


Білім беруді ізгілендіру, дамыта оқыту технологиясы

Көрнекілігі:

Оқулық (5 сынып.Қосымова Г. Дәулетбекова Ж.), слайд,интербелсенді тақта


Сабақтың барысы


Мұғалімнің қызметі


Оқушының қызметі


Күтілетін нәтиже

Ұйымдастыру бөлімі


Мұғалім сынып бөлмесінің тазалығын қадағалайды.Оқушылармен амандасып,оларды тексеріп шыққан соң,зейіндерін сабаққа аударады.



Мұғаліммен амандасады.Кезекші қызметін атқарады. Құрал-жабдықтарын шығарады.

Амандасу арқылы мұғалім мен оқушы арасында сыйластық ,

ізеттілік қарым-қатынасы орнайды.








Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен тақырып «Қысаң дауыстылардың жазылуы» атты тақырып бойынша 259-жаттығуды орындау. Е дыбысынан басталатын бірнеше жер-су атын тауып жазыңдар.

Үлгі :Ертіс,Екібастұз,Еділ....


259-жаттығу.

Ертіс,Екібастұз,Еділ,Енесей,Екатеринбург.




Үй тапсырмасын тексеру арқылы оқушының өткен материалды қалай меңгергені байқалады.


Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды меңгертуге дайындық

  1. (Қымыз,қи,тый) осы берілген 3 сөздің құрамындағы дауыссыз дыбыстардың қандай түрі кездеседі?

Қ-қатаң,дауыссыз.

М-үнді,дауыссыз.

З-ұяң,дауыссыз.

Т-қатаң,дауыссыз.


Олар Қатаң,Ұяң,Үнді болып үшке бөлінеді.

Өткен материалды қайталау арқылы оқушы мұғалім көмегімен жаңа материалдың тақырыбын өзі ашады.


Жаңа материалды меңгерту

-Міне оқушылар,сұрақтарға жауап беру арқылы сіздер жаңа материалдың тақырыбын аша білдіңіздер.

Дауыссы дыбыстар-өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстар.

Дауыссы дыбыстар мыналар:б,в,г,ғ,ж,,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,ч,ш,щ,h,(у).

Дауыссыз дыбыстардың айтқанда,өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып,салдыр пайда болады.Сондықтан дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе үн өте аз болады.

Қатаң(салдыр басым)

Ұяң

Үнді (үн басым)

п,ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,ц,ч,h

б,в,г,ғ,д,з,ж.

р,л,й,у.м,н,ң.



267-жаттығу. Мына сияқты сөйлемдер құрастырыңдар.

Үлгілер:Таудың табиғаты тамаша,Талғат,Таңат,Тұрарбек,Темір төртеуі тау табиғатын тамашалап,таңқурай терді.




268-жаттығу. Мына өлең шумақтарындағы һ,ч дыбыстары бар сөздер қандай сөздер?Мағыналық жағынан талдау жасаңдар.


Кітапқұмар Қаһарман,

Таппаған соң шаһардан,

Аттай қалап «Қаһарды»

Сұрап алдық Гауһардан.


Чех баласы-нар-талап

Чемоданын арқалап,

Үймеге келіп ақырын,

Чемпион болды батырың.



\



















Оразды ойлаушы ек.

Орнықты ойлы деп.

Олай боп шықпады-

Орынсыз ойыны көп.





Қаһарман-батыр,ержүрек.

Шаһардан-үлкен,әсем ғимарат.

Қаһарды-ашу...

Гауһардан-асыл тас.

Чех-ұлт.

Чемодан-сөмке.

Чемпион-жеңімпаз.







Оқушы жаңа материалдың тақырыбын тыңдап,берілген жаттығулардан осы тақырыпты бекіте алады.














Бұл жаттығуларды орындау арқылы, оқушылар дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажырата алады.





Жаңа материлды бекіту тапсырмалары

265- жаттығу. Төменде берілген жұмбақтардың шешуі болатын дыбыстарға сипаттама беріңдер.Өздерің осы тәрізді жұмбақтар шығарып көріңдер.

1.Жаңада жоқ,

Ескіде бар.

Танада жоқ,

Ешкіде бар.

2.Ләззатта бар,

Жанатта жоқ.

Азатта бар,

Қанатта жоқ.

3.Тарақта бар,

Шашта жоқ.

Тамақта бар,

Аста жоқ.

4.Өмірде жоқ,

Өңірде бар.

Ауырда жоқ,

Жеңілде бар.


«Адасқан әріптер»сергіту сәті.Берілген сөздерді орын-орнына қойып тауып жазу.

1)іткпа

2)ақатң

3)суасзыды

4)пріә

5)быдсы

1)(Е)

2)(З)

3)(Т)

4)(Ң)




















1.кітап

2.қатаң

3,дауыссыз

4.әріп

5.дыбыс


Оқушылар осы тапсырманы орындау арқылы қатаң,ұяң,үнді тақырыбын,білімде-рін бекіте алады.


Үйге тапсырма





Тапсырмалар:

1)Дауыссыздан басталып дауыссызға аяқталатын жұмбақ жасырыңдар(өз ойларыңнан).

2) Қатаң,ұяң,үнді дауыссыздарын басталатын көркем шығармалардың тақырыбын теріп жазыңдар.

270-жаттығу.Мәтінді оқыңдар және оған ат қойыңдар.

1. Мәтіннен қатаң дыбыстан басталатын сөздерді теріп жазыңдар.қарамен жазылған сөздердің қандай мағында қолданылып тұрғанын айтыңдар.

2.Құлжаның сыртқы кейпін суреттейтін сөйлемдерді тауып оқыңдар.



Оқушылар үйге берілген тапсырманы тыңдап,жазып алады.Сұрақтары болса қояды.



1.


2.Керқұла атты Кендебай.(ертегі)Толағай (Ә.Тәжібаев)Қараш-қараш(М.Әуезов).




1.Қошан,келіп,кезеңге,кезеніп,кірісті,Құлжа,қоладан,құйғандай,қалпы,күнге,төсеп,тұр,тым,кербез,тұрысының,салтанатты,қыбырлағандай,соң,солай,қарай,көз,тікті,топ,көрді,кезде,сақшыдай,қалт,күзетте,қарағандай,құлама,төмен,секірді,сұрғылт,кесек,келеді,шаңқ,қатты,түсті,тұрып,қиғаш,қарай,қалды,сауалына,сүзе,құлайды,кете,сондықтан,қасиеті,сонда.

2.дүрбісін-

Қоладан құйғандай-

Кербез-

Көз тікті-

Сақшыдай-


Үйге тапсырмасын орындау арқылы оқушы өз бетімен жұмыстанады,ізде

неді.

Қорытынды,бағалау

Оқушылар,сабағымыз аяқталды.
-Сау болыңыздар!




Оқушылар бағаларын қойдырады.Мұғалім қорытындысын тыңдайды.



Сабақ қорытындыланады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
975
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі