Тақырыбы: Өлең – өнер
пернесі
Мақсаты: Қадір Мырза Әлі шығармашылығын
насихаттау, ақынның өмір жолы туралы ақпараттармен
танысу,оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің
құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге
үйрету.
1 -
жүргізуші:
Биік, биік
самғаған,
Сұңқар болғым
келеді.
Бір бәйгеден
қалмаған,
Тұлпар болғым келеді, - деп
ақын ағамыз жырлап өтті.
2-
жүргізуші:
Кемеңгерлер мықты ғой
иілмеген,
Кім бар бірақ ажалға
күйінбеген.
Есті жырлар бітуге тиісті
ғой,
Есте қалар әдемі түйінменен, -
деп бүгінгі әдеби кешімізді бастаймыз.
1-жүргізуші: Ақын 1935 жылы 5 қазанда Орал
облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік
университетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын сол
кезде жаңадан ашылған «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы
редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы,
бас редактордың орынбасары, 1968 – 1973 жылдары «Жазушы» баспасында
қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, «Балауса» баспасының
редакторы, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының
кеңесшісі болған.
2-жүргізуші: Ақындық туралы Қадір атамыз
былай дейді: «Дарын иесінің ақын болып қалыптасуы ең алдымен өз
ауылы, өз қара шаңырағынан» - деген екен. Ендеше ақынның туған
жерге, елге арналған өлеңдеріне кезек
берейік.
Өлеңдері («Шамырқану», «Бұл
жерде», «Қазына») мәнерлеп оқылады.
1-жүргізуші: Иә, ақын түйінінде үлкен
шындық бар. Өзгелер сияқты Қадірдің қадірін оқырман қауым бірден
ұғынды. Қадір атамыз сүйікті оқырманына халқының қазақы
қасиеттерін, тектілігін, тазалығын ту еткен туындылар ұсынған
болатын.
Халқымыздың сүйікті әніне
айналған «Өз елім» әні орындалады.
2-жүргізуші: Дәл осы сәтте Қадір атамыздың
мына жұмбақ өлеңі есіме түсіп отыр, айтып
берейінші:
Көзіме түсті
апамның
Көзіндегі
жасына.
«Белгісі не
қапаның?»
Деп келдім мен
қасына
Сұрамақпын,
білмекпін
Жанына не
батқанын.
Пияз турап жатқанын, - деп
Қадір атамыз да түрлі тақырыптарға балаларға арнап өлеңдер жазған
болатын, ендеше соларды қабыл алыңыздар.
Ақынның балаларға арналған
бір топ өлеңдері оқылады.
1-жүргізуші: Қадір Мырза Әли «Данышпан»,
«Бұлбұл бағы», «Күміс қоңырау» атты 40- тан астам жыр жинақтары мен
200- ге жуық ән мәтіндерін жазған. Оның әндері халық арасына көп
тараған. Солардың бірі - «Қазақ осы» әні болатын, ендеше әнді
тыңдайық.
Ән: «Қазақ
осы»
2-жүргізуші:
Баланың да
тірегі,
Дананың да
тірегі,
Шашылмасын
ешқашан
Аналардың
жүрегі!
Қуаныштың
ағайын,
Қоңырауын
қағайын.
Ағартпасын
тентектер
Бір ананың
самайын!
Жамандардың
мақсұты
Жұрттың аузын
қақсыту
Нағыз – бақыт
ананың
Ақтау дер ем ақ
сүтін.
1-жүргізуші: Ақынның әр өлеңін оқыған сайын
қанаттанасың, рухтанасың, жігерленесің. Бірде бала, бірде дана
боласың, сүйсінесің, тамсанасың, күй тартқандай боласың,
халқымыздың болмысы көз алдыңа келеді.
Ендеше ақынның ана туралы
өлеңін мәнерлеп оқуға кезек береміз.
2-жүргізуші:
Анасыз бір жоқ
күнің
Әжесіз жоқ бір
күнің
Ұсынамыз бүгін
біз
Сізге сұлу шоқ гүлін, - дей
отыра, келесі кезекті ақынның өлеңіне жазылған
«Асыл әжем» әніне
береміз.
1-жүргізуші: «Бабамыздың шоқ басқан
табанымен, бірдей екен жақсысы жаманымен: бір жаманы – тынымсыз
көше берген, бір жақсысы – қимаған даланы кең; Бір жаманы – жел
сөзге ерген екен, бір жақсысы – тілге ерік берген екен; бір жаманы
– кетпенге орашолақ, бір жақсысы – найзагер, мерген екен; Бір
жаманы – кешігіп әліппе ашқан, бір жақсысы – күйлері көбік шашқан;
бір жаманы – қыздарын малға сатып, бір жақсысы – сүйгенін алып
қашқан; Бір жаманы – шаруасын маңдытпаған, бір жақсысы – қулықпен
жанды ұтпаған; бір жаманы – үйленіп жеңгесіне, бір жақсысы –
жесірін қаңғытпаған; Тату – тәтті көршілер шыр бұзбаған, бірге
тоңып суықта, бір мұздаған; Бір жаманы – сонда да үй салмаған, бір
жақсысы – абақты тұрғызбаған!..»
Міне, бұл – бір жағынан,
осыған дейін әр қырынан суретте көрсетілген дала шындығын, енді
бірде ойша байыптаудан туған жиынтық – синтез болса, екінші
жағынан, байтақ далада ғасырлар бойы ғұмыр кешкен бүтін бір
халықтың бір алуан мінез – құлқы екені даусыз. Сөзімізді ұзарта
бермей, тұжыра түсу үшін біз «Бұлбұл бағын араламай - ақ», «Ақ
отауға» кірмей, «Жерұйыққа» бармай – ақ, бірден ақынның өлеңдеріне
құлақ түрсек.
Ақын өлеңдері мәнерлеп
оқылады. («Не сұмдық», «Үш ұрық», «Себеп пен салдар»,
«Күдік»)
2-жүргізуші: Қадір атамыз балаларға арнап
көптеген жұмбақтар, жаңылтпаштар,санамақтар жазған. Ендеше қазір
барлығымыз жұмбақтар шешіп көрелік.
-
Дос үйіне түстің
бе?
Түгел соның үстінде.
(дастархан)
-
Қайнаған шілде де оған
суық,
Ыссыға төзбегенді тығам қуып.
(тоңазытқыш)
-
Бояуларым қашып
кетті,
Көк қағазды басып
кетті,
Қатарларын тізіп
алды
Арттарында ізі қалды.
(кемпірқосақ)
-
Екі езуі құлағына
жетеді,
Тамақ жесе ызың – ызың етеді.
(ара)
-
Жоқ өзінде бас
та,
Қас та, мойын
да
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(сызғыш)
1-жүргіуші: Ақынның бір өлеңінде даланаң
күлкісі, қайғысы мен көз жасы, бір өлең әні мен сазы болса, енді
бір өлең мұңы мен зары, бір өлең күші мен ірілігі болса, бір өлеңі
әлсіздігі мен күйкілігі секілді өзара өріліп, тұтасып, кете барады.
Жоқ кете бармайды, ақын өзі суреттеп отырған шындық, құбылыстардан
қызық – қызық ойлар, философиялық байыптаулар, парасатты түйін –
тұжырымдар қорытып отырады. Оған көз жеткізе түсу үшін ақынның тіл
туралы өлеңдеріне кезекті береміз.
Тіл туралы өлеңдері
мәнерлеп оқылады.
2-жүргізуші:
Күншілдер
өледі,
Көңіліне от
қарып.
Батырлар
өлдеі,
Борышын
атқарып.
Бұзықтар
өледі,
Пышаққа
құлшынып.
Сұлулар
өледі,
Құшақта
тұншығып.
Арғымақ
өледі,
Артында шаң
қалып.
Ақындар
өледі,
Бәріне таң
қалып
– деп өзі жырлағандай Қадір
ағамыз бүкіл қазақ халқын маржан жырларымен таңдандырып,
тамсандырып кетті. Ендігі кезекті ақынның «Атамекен» әніне
береміз.
Хор: «Атамекен»
әні.
1-жүргізуші: Қадір атамызды әлі әріп
танымаған бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдіріксіз көре
алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі. Мұндай даусыз даңқ,
танымалдықтың сыры – Қадір талантының қарапайымдылығында. Қадір
жырлары ешқашан ұмытылмай ұрпақтан – ұрпаққа насихаттала
бермек.