Дефектолог - ХХІ ғасырдың мамандығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дефектолог - ХХІ ғасырдың мамандығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Дефектолог - ХХІ ғасырдың мамандығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дефектолог - ХХІ ғасырдың мамандығы

  Дефектология (латынша defectus-кемшілік,  греше λόγος –ілім, ғылым)-дамуында психикалық, дене кемшіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтары туралы ғылым. Дефектологияға арнаулы педагогиканың бірнеше бөлімдері (сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика и логопедия) және арнаулы психология (сурдопсихология, тифлопсихология, олигофренопсихолгия и логопсихология) кіреді. Сонымен бірге дефектология психикалық дамуы тежелген балалардың тәрбиесі мен оқуы, эмоциональды-еріктік кемшіліктері, тірек-қозғалыс аппараттары, күрделі құрылымдық кемшіліктері, психофизикалық даму проблемаларын зерттеумен де айналысады. Дефектологияның ғылым ретіндегі әлеуметтік ортадағы рөлі өте зор. Ал дефектолог-дефектология саласының маманы. Кең мағынада алғанда дамуында ауытқушылығы бар балаларды әлеуметтендіру, тәрбиелеу, оқыту, үйрету маманы. Тар мағынада-түзетуші педагог. Дефектолог мамандығы педагогика және медицинамен бірлікте қызмет атқарады.  Оның жұмысының мақсаты-аталған балаларды мүмкіндігінше дамыту, әлеуметтік, оқу, тұрмыс, кәсіби және басқа салаларға бейімдеу. Қоғам дамуының әр кезеңінде дамуында кемшілігі бар балалардың болғандығын деректер дәлелдейді. Қазір де бұл маман өте тапшы. Бала оқытудың, бала тәрбиелеудің, баламен жұмыс істеудің қызығынан гөрі шыжығы басымырақ екені белгілі. Ал кемтар балалармен жұмыс жасаудың ауыртпалығы қандай

екені айтпаса да түсінікті. 
– Қазақ жерінде кемтар балалардың саны күн сайын артып отырғанына жүрегім сыздайды. Әртүрлі дәрежедегі кемтар балаларға арналған арнайы мектептер мен кәсіби дефектолог мамандардың жетіспеушілігіне алаңдаймын.

Қазіргі жас ұрпақ біздің болашағымыз. Бұл жас ұрпақтың ішінде қарапайым балалар да, даму мүмкіндігі шектеулі балалар да бар.Ендеше бұл балаларды бөлмей, бәріне бір көзқараспен қарап,олардың болашағына жол ашуға көмектесейік. Әрине бұны жеңіл деп айта алмаймын. Бірақ бір сәт даму мүмкіндігі шектеулі балалардың орнында болып көрейікші, бізге қандай ауыр болса,оларға бізден аса ауыр. Сондықтан,даму мүмкіндігі шектеулі балалардың, мүгедек балардың толық көлемде өмір сүруі үшін біздің еңбектенуіміз керек. Қазіргі уақытта даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасаудағы өзекті мәселе  болып жатыр. Мүмкіндігі шектеулі балаларды теңдікке, тең құқылыққа ынтыландыру қорына ие.

Барлық бала тең дәрежеде және өз мүмкіндігінше білім алуы тиіс. Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік – тұрмыстық өмірге бейімделуін толық қалыптастырып, қоғам өміріне толыққанды енуіне мүмкіндік беретін адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруымыз керек. Балаға аяушылық, мүсіркеушілік факторлары керек емес,ол балаларға адамгершілік, еңбексүйгіштік, өмірге құщтарлық, қоршаған ортаны сүю,адамдарға өшпенділікпен емес,махаббатпен қарап,тіл табыса алуға үйретуіміз қажет. Басқа дені сау балалар қол жеткізе алатын мүмкіндік ол балалардың да қолынан келетінін баса түсіндіруіміз қажет. Ал осы жағдайларды басты назарға алып, түзету көмегін беретін дефектолог-мұғалім жалпы білім беретін мектептің мұғалімдеріне нұсқаушы болуы керек. Сондықтан да мұғалім – дефектолог мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыптасуына,өз бетімен өмір сүруіне бағыт – бағдар беруі тиіс. Алдымен баланың даму ерекшелігін анықтайтын тесттер арқылы ойының, қиялы мен зейінінің тұрақтылығын анықтау қажет. Ол үшін жалпы білім беретін мектептер ПМПК қорытындысы бойынша көрсетілген, баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен тәрбиелеуі және оқытуы тиіс. 

Дефектологтың мақсаты:

1. Мүмкіндігі шектеулі балаларға уақтылы көмек көрсету.

2. Оқушылардың дүниетанымдық деңгейін байыту, қоршаған орта 

құбылыстары мен заттар туралы түсініктерін қалыптастыру.

3. Көмек берудің әдістері мен түрлерін қолдануы жайында ата- аналармен

байланыста болу.

 Міндеті:

1. Дамуында ауытқушылығы бар  балаларды оқыту, тәрбиелеу, түзеу

жөніндегі шешімдерді жас ерекшелігіне  байланысты қолдану.

2. Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте коррекциялық көмек көрсету.

Күтілетін нәтиже:

1. Психофизиологиялық  мүмкіндігі дамиды.

2. Оқудағы қиындықтары жойылады, өз ойларын жеткізе алады.

3. Әлеуметтік – адамгершілік  қасиеттері дамиды, жағымды мінез- құлық қалыптасады. Өмірге құштарлығы артады.

    Бұл балалар үшін білім мазмұнын дидактикалық ойындар,түрлі көрнекі құралдар арқылы қалыптастыру өте маңызды болып  саналады. Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратын да ойын әрекеті болып саналады. Қай ғалымды алмайық өздерінің ойын туралы еңбектерінде: «Ойын баланың жетекші әрекеті» деген сипаттама береді, өйткені ойын баланы ақыл-ой жағынан да, дене жағынан да алға жетелеп, дамытады, баланың ойын өрбітіп, бойын өсіреді. Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен ұйымдастырылған ойын түрлері, балалардың сөйлеу тілінің қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Қорыта айтқанда жас нәрестенің дені сау болса, отбасына зор қуаныш пен бақыт әкеледі. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін тәрбиелі, дені сау азаматтарды көп болып тәрбиелеуіміз керек.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.00.2023
302
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі