Каспий өңірі Болашақ
колледжінің 3-курс студенті
Бесінбай
Шұғыла
НОО-21с/о
тобы
Дегелек
құсы
Отпан таудың
басында,
Дегелек деген бір құс
бар.
Аспанда жүріп,
ысқырса,
Мың орда жылан
басылған.
(Қ.Күржіманұлы)
Мақсаты: Дегелек құсы туралы жан-жақты
қарастыру,аңыз-әңгімелерін жинақтап,
талдау
Міндеті: Құстың орналасу аймағын,
маңызын, қорегін т.б зерттеу жүргізу
Өзектілігі: Дегелектің тарихын, қоршаған
ортаға маңыздылығын көрсетіп, таныту
Жаңалығы: Қазіргі таңда Дегелекті кейбір
зерттеушілер «ләйлік» деп жазады, қазақ халқы оны «дегелек» деп
атайды. Қазақстанда дегелектің 2 түрі: ақ дегелек және қара
дегелек. Олардың санының жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға
алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына»
енгізілген.
І.
Кіріспе
Табиғатта адамға өзінің күнделікті
іс-әрекетімен пайда келтіретін өзгеше боп жаратылған тіршілік иесі
бар. Ол- құстар. Өмірімізді құссыз елестету қиын. Көл де, көк те,
тау да, орман да, жазық дала да құсымен сәнді. Ал құстардың адамға
тигізер пайдасы ұшан-теңіз.Орманға, қоршаған ортаға пайдасы өте
көп. Мысалы, «Аққуды атпа, киесі атады» деп аққу мылтық кеземейтін
болған. Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» повесінде аққуға
оқ атудың қандай зобалаң, оңбаған іс екені баяндалады. Аққудың
киесі ұрған ананың тағдыры
баяндалады.
Сондай-ақ халқымыз бүркітті
кербез, паң, тәкаппар құс санайды. Құс патшасы бүркіт деп білген.
Сондықтан аспанмен, көкпен теңеп, «дала сермеңдесі», «көк
тәңірісі», «мұзбалақ», «аспан перісі», «қанаттылар ханы» деп
қастерлеген. Осы құстар секілді танымал болмаса да, адам өмірі
маңызы бар «дегелек» атты құсты қарастыратын
боламыз.
ІІ.Негізгі
бөлім
Дегелек (лат. Ciconia) - саны
тұрақты сирек кездесетін түр.
Сидамсирақтылар отрядына
жататын құс. Дене тұрқы 100 см шамасыңда, қанатының ұзындығы 52-59
см, құлашы 200 см-ге жуык, салмағы 3-4 кг. Сирақтары, тұмсығы,
көзінің айналасындағы жалаңаш тері қызғылт келеді. Түсі жасылқара,
бауыры ақ. Мойынын созып, сирақтарын жинамай ұшады. Жартасқа салған
ұясын бірнеше жыл бойы пайдаланады. Талшіліктен құрастырып, түбіне
мүк төсейтін ұясының биіктігі 40 см, 2-5 жұмыртқа салып, 35 тәулік
басады. Қосмекенділермен, балықпен, су жәңдіктерімен, ұсақ
сүтқоректілермен қоректенеді.
Қазақстан аймағының орманды,
таулы аймақтарда таралған, кейде тіпті ағашы жоқ жартасты тауды да,
жазықты да мекендейді. негізгі мекендейтін жерлері -
Алтай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань таулары, Отпан таудың биік
жерлерінде.
Дегелек құсын зерттеп, талдау
барысында Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама
басқармасының «Маңғыстау облысының мемлекеттік мұрағаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып қайқан болатынбыз.
Энциклопедиялар мен архивтік құжаттарды қарау кезінде мынадай
мәліметтерді алдық. «Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің
басшысы» Қыздарбаева Лаззат Избасаровна архив бөлімін танысытырып,
қалай жұмыс істейді,қандай жұмыстар атқарады деген сұрақтарға
егжей-тегжейлі жауап беріп өтті.
Ал «Архивтік құжаттарды
пайдалану және жариялау бөлімінің басшысы» Бегарысова Мадина
Мырзаханқызы Дегелек туралы қосымша мәліметтер айтып, соған қатысты
кітаптарды ұсынды.
Дегелектер (лат. Ciconia) —
дегелектәрізділер отрядына жататын құстардың бір
тұқымдасы.
Дегелекті кейбір зерттеушілер
«ләйлік» деп жазады, қазақ халқы оны «дегелек» деп атайды.
Қазақстанда дегелектің 2 түрі: ақ дегелек және қара дегелек.
Олардың санының жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып,
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Есенғали Раушановтың Досымның
әңгімесі шығармасында:
-Дегелек, шынында, әдемі құс.
Өзбектер оны ләйлек дейді екен. Оңтүстік қазақтары болса бірде
ләйлек, бірде дегелек дей береді. Әсіресе шығыстан алаулап күн
шығып келе жатқанда ұясының үстінде тұрып қос қанатын екі жаққа
жайып жіберіп, мойнын арқасына қайырып алып тұрады-ау бір. Керемет
сурет.-деп дегелектің әдемі екендігін сипаттап
тұр.
ІІІ.
Қорытынды
Көк аспан құстардың мекені,
аспанды құссыз елестету мүмкін емес. Олар тамаша әуендерімен
айналаны әсем әнге бөлейді, адамдарға керемет көңіл – күй сыйлайды.
Осындай кішкентай ғана тіршілік иелерінің адамға да біршама пайдасы
бар. Олар бау - бақша, егістік жерлердегі жәндіктерді жеп табиғатқа
пайдасын тигізеді. Сондықтан құстарды қорғау және егістікті бау -
бақшалы жерлерге тарту үшін қолдан жасанды ұялар салу, ағаштарды
көбірек егу керек.
Сонда құстар біздің жерден
алатын азық - түлік өнімдерімізді құрттардың құртуынан,
жәндіктердің жеуінен құтқарады екен. Біздің күнделікті жеп отырған
азық – түлігіміздің мол болуы – құстардың арқасында. Сондықтан
қолымыздан келгенше құстарға оңтайлы жағдай жасап, күтім
көрсетуіміз керек.
Қорыта келе, қоршаған
ортамыздың қорғаушысы, көріктісі болған құстар әрқашанда адамның
назарында болатыны анық. Құстар табиғатқа сән береді, пайда
келтіреді, өзіннің әсем әуендерімен айналаны құлпыртады, адамның да
көңіл күйіне әсер етеді. Сондықтан құстарды қорғау, қамқор болу –
біздердің басты парызымыз деп білемін.
IV.Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.https://www.google.com/search?gs_ssp=eJzj4tDP1TfIKslKN2D04ruw5cLWC5uBeDcQ7wIAlcgN8Q&q=%D0%
2.Маңғыстау облысы ауыл
шаруашылығы энциклопедиясы 2015-768 бет
3.Маңғыстау энциклопедиясы
2015 ж
4.Құстар.Мектеп энциклопкдиясы
Алматы:Атамұра 2010-253 бет